Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 184 "Ұлан ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайларды беру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 463 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 8926-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлан аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 184 "Ұлан ауданы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайларды беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5069 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Ескендірова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады