Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 777 "Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4888 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданының әкімі | Е. Ихсанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық мәслихаты