Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 777 "Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 35 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 7117-07 болып тіркелді

      Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 777 "Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4888 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөрлі ауданының әкімі Е. Ихсанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады