Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөрді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 777 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 4888 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автокөлік туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 100 (жүз) теңге көлемінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 10.02.2023 № 35 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Бөрлі ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автокөлік тасымалдау тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

      4. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Халелов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөрлі аудандық мәслихатының хатшысы
__________________А.Куликешев
15 тамыз 2017 жыл

  Аудан әкімдігінің
2017 жылғы 15 тамыздағы
№777 қаулысына қосымша

Марш-рут №

Маршрут атауы

Қосылған құн салығымен қоса теңгемен берілген тариф

№4

"Ақсай – Бөрлі"

240

№5

"Ақсай – Қанай"

290

№7

"Ақсай – Пугачев" (Аралтал арқылы)

130

№9

"Ақсай – Березов"

240

№11

"Ақсай – Киров"

480

№12

"Ақсай – Жаңаталап"

480

№13

"Ақсай – Бестау"

320

№14

"Ақсай – Успенов"

480

№15

"Ақсай – Григорьев"

240

№17

"Ақсай – Тихонов"

480

№18

"Ақсай – Ақбұлақ"

400

№20

"Ақсай – Облав"

480

№21

"Ақсай – Александров"

480

№23

"Ақсай – Приурал"

480

№24

"Ақсай – Ақсу"

400

№25

"Ақсай – Қарашығанақ" (Жарсуат, Димирово арқылы)

560


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады