Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Жәнібек ауданы әкімінің "Жәнібек ауданының Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы" 2022 жылғы 5 сәуірдегі №1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ж. Абдолов |