Жәнібек ауданының Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27433 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 20.04.2023 № 6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Жәнібек ауданының Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Абдолов Жаксылык Каримуллинович тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жәнібек ауданының әкімі А. Сафималиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады