Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 28-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 қаңтарда № 7109 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Казталов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 22 қарашадағы №16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4973 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Мулдашев

  2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 28-6 шешіміне қосымша

Казталов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

118

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

128

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1293,3

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы: м3-текше метр.

Об утверждении тарифов на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Казталовскому району

Решение Казталовского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 17 января 2023 года № 28-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 января 2023 года № 7109

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 3 статьи 365 Экологического кодекса Республики Казахстан, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" Казталовский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить тарифы для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Казталовскому району согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Казталовского районного маслихата от 22 ноября 2017 года №16-6 "Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Казталовскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4973).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Мулдашев

  Приложение к решению
от 17 января 2023 года № 28-6

Тарифы для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Казталовскому району

Наименование

Расчетная единица

Тенге (Без налога на добавленную стоимость)

Домовладения благоустроенные

в месяц с 1-го жителя

118

Домовладения неблагоустроенные

в месяц с 1-го жителя

128

Годовой тариф на единицу (объем)

1 м3

1293,3

      Расшифровка аббревиатуры: м3- метр кубический