Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Казталов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 22 қарашадағы №16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4973 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мулдашев |
2023 жылғы 17 қаңтардағы № 28-6 шешіміне қосымша |
Казталов ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 118 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 128 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1293,3 |
Аббревиатураның ажыратып жазылуы: м3-текше метр.