Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 16-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 4973 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 28-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 17.01.2023 № 28-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Ихсанов
      Мәслихат хатшысы Е.Газизов

  Казталов аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 22 қарашадағы
№16-6 шешімімен бекітілген

Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері

Объект

Есеп айырысу бірлігі

Баға теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

112,5

2.

Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер

тұрғын/айына

112,5

3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен

1 м³

178,9

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады