ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Егер дұрыс жауаптардың саны бөлек санау кезінде тест тапсырмалары бойынша мүмкін болатын жүз (100) пайыздың кемінде жетпіс (70) пайызын және ахуалдық тапсырмалар бойынша мүмкін болатын жүз (100) пайыздың кемінде елу (50) пайызын құраса, кандидат әр пән бойынша біліктілік емтиханынан өткен болып есептеледі.".
2. Жоғары аудитолық палатаның Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
Н. Годунова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі