БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18.МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарауды және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды дайындауын білдіреді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.";
26-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26-5. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінімге БИЖ ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің мәлімделген құнын растайтын есептемелер қоса беріледі ("Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығына және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарына сәйкес).";
50-қосымша алып тасталсын.
2. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоспарланатын және іске асырылатын МЖӘ жобалары туралы, оның ішінде МЖӘ веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібіне және МЖӘ жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібіне сәйкес МЖӘ веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
5. Конкурстық рәсімдер үшін МЖӘ веб-порталында ақпаратты орналастыруды республикалық МЖӘ жобалары бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар не жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жергілікті салалық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Жоспарланған МЖӘ жобасы туралы мүдделерін білдіруді сұрау үшін МЖӘ дамыту орталығы республикалық МЖӘ жобалары бойынша салалық орталық мемлекеттік органдардан не жергілікті МЖӘ жобалары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан ұсынылған деректер негізінде ақпаратты МЖӘ-нің веб-порталында орналастырады.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның не ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған конкурстық құжаттаманы тиісті саланың уәкілетті органы салалық сараптауға тиіс.
Конкурстық құжаттаманы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруға қойылатын талап конкурстық құжаттаманың барлық қажетті келісулерден және сараптамаларынан өткен кезде, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы МЖӘ веб-порталында орналастырған кезде қолданылады.
Конкурстық құжаттамаға салалық сараптаманы республикалық МЖӘ жобалары бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар не жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жергілікті салалық мемлекеттік органдар енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Сараптама нәтижелері бойынша салалық қорытынды осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және МЖӘ веб-порталында орналастырылады.
Жергілікті салалық мемлекеттік органдар тиісті саланың орталық мемлекеттік органдарына құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша салалық қорытындының көшірмесін мәлімет үшін жібереді.
МЖӘ жобасының орындылығы, іске асыру мерзімдері, көлемі, құны және іске асыру тетігі, МЖӘ жобасы бойынша түпкілікті және тікелей нәтижелерге қол жеткізу бойынша танылған жағдайда, оң салалық қорытынды, кері жағдайда – теріс салалық қорытынды дайындалады.
Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ол салалық сараптамаға жіберілуі тиіс.
Салалық қорытындыға салалық орталық не жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға тиісті бұйрықты қоса бере отырып, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып қол қояды және МЖӘ веб-порталы арқылы ұсынылады.
Ақпараттандыру саласындағы МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.
Егер МЖӘ жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда көрсетілген салалық мемлекеттік органдар салалық сараптама үшін осы тармақтың талаптарына сәйкес дайындалатын конкурстық құжаттаманың тиісті салалық сараптамалар қорытындыларын қосымша ұсынады.";
60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Жекеше әріптестердің мемлекеттік функцияларды іске асыруын қамтамасыз етуді көздейтін республикалық жобалар бойынша конкурстық құжаттама МЖӘ веб-порталы арқылы монополияға қарсы органға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде келісуге жіберіледі.
Конкурстық құжаттама қарауға қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей, монополияға қарсы орган МЖӘ веб-порталы арқылы конкурстық құжаттаманы келісу немесе негіздемелерді көрсете отырып, келісуден бас тарту туралы хат жібереді.
61. Конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ веб-порталы арқылы республикалық не жергілікті МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.";
64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісу мерзімі, егер жоба техникалық тұрғыдан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды, ал қалған жобалар бойынша келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісуді МЖӘ веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
Келісуден бас тартқан жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіспеу себептерін не конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптарды көрсетеді.";
65. Конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ веб-порталы арқылы конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.
Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жаңа редакцияда жазылған конкурстық құжаттамаға тиісті салыстырма кесте қоса беріледі.";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Конкурсты ұйымдастырушы МЖӘ веб-порталынан жүктеу арқылы әлеуетті жекеше әріптестерге ұсыну үшін МЖӘ веб-порталында конкурстық құжаттаманы орналастырады. Конкурстық құжаттаманы жүктеген әлеуетті жекеше әріптестердің деректері автоматты режимде МЖӘ веб-порталында МЖӘ жобасы бойынша конкурстық құжаттаманы алғандар журналында тіркеледі.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Әлеуетті жекеше әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – біліктілік пакеті) МЖӘ веб-порталындағы жеке кабинетте орналастыру арқылы жібереді.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Конкурстық өтінімдер конкурстық құжаттамада айқындалған тәртіппен оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін МЖӘ веб-порталы арқылы енгізіледі.";
225-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қолданылу мерзімі өткеннен кейін МЖӘ шарты, оған қосымша келісім (қосымша келісімдер) (бар болса) "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) сәйкес мұрағатқа беріледі.";
254, 255 және 256-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"254. МЖӘ жобаларын басқару сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп, сондай-ақ МЖӘ жобаларын басқару жөніндегі өңірлердің рейтингі (бұдан әрі – Өңірлердің рейтингі) МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалаудың нәтижесі болып табылады.
МЖӘ дамыту орталығы МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау шеңберінде, қажет болған жағдайда МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық есеп дайындайды.
МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау есебінің құрылымы мыналардан:
тұжырымдары мен ұсынымдары бар МЖӘ жобаларын бағалау жөніндегі жиынтық ақпараттан;
есептің жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді көрсететін негізгі бөлігінен тұрады. Негізгі есепте МЖӘ жобасының атауын, құнын, мақсатын, іске асыру кезеңін, мемлекеттік және жекеше әріптестердің атауын қамтитын әрбір МЖӘ жобасы бойынша қысқаша ақпарат қамтылады;
салыстырма кестені (қажет болған жағдайда) қоса бере отырып, МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдардан тұрады.
255. Өңірлердегі МЖӘ жобаларын басқару сапасының рейтингін (бұдан әрі – Сапа рейтингі) қалыптастыру осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес есептелінеді.
256. Өңірлердің рейтингі әрбір өңірдің позициялары көрсетілген, МЖӘ даму деңгейі бойынша реттелген өңірлердің тізбесін білдіреді.
Рейтингтегі өңірдің позициясы деп 1-ден (бір) 20-ға (жиырма) дейінгі мәнді қабылдайтын және өңірдегі МЖӘ-нің басқа өңірлерге қатысты даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіш түсініледі.
Өңірлер арасында позицияларды бөлу Сапа рейтингінің мәні бойынша оларды саралау негізінде басқа өңірлерге қатысты Сапа рейтингінің мәні неғұрлым жоғары өңірлерге жоғары орындар беріле отырып жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 256-1, 256-2 және 256-3-тармақтармен толықтырылсын:
"256-1. Өңірлердегі Сапа рейтингінің мәні мынадай өлшемшарттарды бағалау негізінде айқындалады:
мемлекеттік міндеттемелер есебінен жекеше әріптес инвестицияларының өтелу индексі – пайдалану сатысындағы жобалар бойынша жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының жалпы көлемінің өңірдің жобалары бойынша мемлекеттік әріптеспен бірлесіп қаржыландырудың бөлінген сомасы ескеріле отырып, мемлекеттік міндеттемелердің жиынтық көлеміне арақатынасы;
өңірдің МЖӘ жобалары бойынша МЖӘ дамыту орталығына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаларды іске асыру мониторингі бойынша ақпарат берудің уақтылығы;
өңірдің іске асырылатын МЖӘ жобалары бойынша құжаттар топтамасын ұсыну.
256-2. МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалаудың нәтижелерін МЖӘ дамыту орталығы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жылына екі рет:
1) мыналар:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу;
инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру көзделетін МЖӘ жобалары бойынша 30 мамырға дейін.
2) мыналар:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу;
мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;
қолжетімділігі үшін ақы;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беру;
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
бюджеттен төленетін басқа да төлемдер көзделетін МЖӘ жобалары бойынша 30 қарашаға дейін жібереді.
256-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган МЖӘ даму орталығының есебі келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мынадай мүдделі тараптарға:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тізілімге, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша деректерді енгізу үшін МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына МЖӘ жобаларын іске асыру кезіндегі тәуекелдер бойынша, оның ішінде іске асыру мерзімдері бойынша ұсынымдары бар ақпаратты жібереді.";
12-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Техникалық тапсырмада:
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – МЖӘ) мақсаты;
техникалық ұсыныстар қанағаттандырылуы тиіс МЖӘ объектісінің міндетті сипаттамаларының сипаттамасы;
әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстарды ұсынуының талаптары мен нысаны;
Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттарының техникалық ұсыныстарын әзірлеу кезінде қолдану туралы талап (олар болған кезде);
техникалық ұсыныстарды ұсыну мерзімі;
әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары, біліктілік топтамасын беру тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 15-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібінде:
4-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ведомствоаралық жобалау тобын құру туралы, сондай-ақ оның құрамын тиісті шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өзгерту туралы шешім;
2) уәкілетті тұлғалардың жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылық білдіру туралы сұрау салуды орналастыруы;
3) қорытынды шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық құжаттамаға салалық қорытынды;";
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесінде:
37-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару сапасының рейтингін қалыптастыруды есептеу
1. Өңірлердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын басқару сапасының көрсеткішін есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:
Ri – i-ші өңір үшін МЖӘ даму деңгейінің көрсеткіші, (баллмен);
PIi – жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының мемлекеттік міндеттемелер есебінен өтелу индексі үшін балл, i-ші өңір;
Mi. – і-ші өңірдің мониторингін уақтылы ұсынғаны үшін балл;
Di – і-ші өңірдің жобалары бойынша құжаттар топтамасын ұсынғаны үшін балл;
ni – i-ші өңірдегі жобалардың жалпы саны.
1) Жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының мемлекеттік міндеттемелер есебінен өтелу индексі үшін балл мынадай формула бойынша айқындалады:
І – жоба бойынша жекеше әріптестің инвестиция сомасы;
GO – жоба бойынша мемлекеттік міндеттеме сомасы;
BpI – инвестицияның өтелу индексі үшін базалық балл;
n – МЖӘ жобаларының саны.
2) і-ші өңірдің мониторингтерін уақтылы ұсынғаны үшін балл мынадай формула бойынша айқындалады:
M₁ – Қағидаларға сәйкес белгіленген мерзімде берілген мониторинг саны (есепті жылдан кейінгі 20 ақпанға дейін);
Bpm₁ – M₁ үшін базалық балл;
M₂ – белгіленген мерзімнен кейін берілген мониторинг саны (есепті жылдан кейінгі 20 ақпаннан кейін);
Bpm₂ – M₂ үшін базалық балл;
M₃ – ұсынылмаған мониторинг саны;
Bpm₃ – M₃ үшін базалық балл;
n – МЖӘ жобаларының саны.
3) і-ші өңірдің жобалары бойынша ұсынылған құжаттар топтамасы үшін балл мынадай формула бойынша айқындалады:
D1 – жобалар бойынша сұратылған құжаттардың толық топтамасының ұсынылған саны;
Bpd1 - D1 үшін базалық балл;
D₂ – жобалар бойынша сұралатын құжаттардың толық емес топтамасының ұсынылған саны;
Bpd₂ - D2 үшін базалық балл;
D3 – жобалар бойынша толық ұсынылмаған құжаттар топтамасының саны;
Bpdз – D3 үшін базалық балл;
n – МЖӘ жобаларының саны.
2. Өлшемшарттардың мәндерін бағалау мынадай мәліметтер негізінде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік міндеттемелер есебінен жекеше әріптес инвестицияларының өтелу индексі: жекеше әріптес инвестициясының және мемлекеттік міндеттеменің сомасы МЖӘ жобалары бойынша жасалған Шарттар негізінде айқындалады;
2) жобаларды іске асыру мониторингінің нәтижелерін ұсынудың уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың ресми ілеспе хаттары негізінде МЖӘ дамыту орталығының атына жобалардың мониторингін ұсына отырып айқындалады;
3) МЖӘ жобалары бойынша құжаттар топтамасын ұсыну: жергілікті атқарушы органдардың ресми ілеспе хаттары негізінде МЖӘ дамыту орталығының атына сұратылған құжаттар топтамасы ұсыныла отырып айқындалады. Ұсынылатын құжаттың саны мен атауын МЖӘ дамыту орталығы айқындайды.
3. МЖӘ даму деңгейінің көрсеткіштерін бағалаудың әрбір өлшемшарты үшін базалық балл 1-кестеге сәйкес айқындалады.
1-кесте
Бағалау өлшемшарттары бойынша базалық балл
Р/с | Өлшемшарт атауы | Әрбір өлшемшарт бірлігі үшін базалық балл |
1 | Жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының мемлекеттік міндеттемелер есебінен өтелу индексі (PIi) | 50 |
2 | Мониторингті уақтылы ұсыну: | |
2.1 | белгіленген мерзімде ұсынылған (M1) | 20 |
2.2 | белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған (M2) | 10 |
2.3 | ұсынылмаған (M3) | -20 |
3 | Ұсынылған құжаттар топтамасы | |
3.1 | құжаттардың толық топтамасы ұсынылды (D1) | 30 |
3.2 | ұсынылған құжаттар топтамасы толық емес (D2) | 20 |
3.3 | ұсынылмаған (D3) | -30 |