Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13598 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін айқындайды.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібі мыналарды:
жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беруді;
жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждалғаннан кейін аффинирленген алтын құймалары етіп алуды қамтиды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары – бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған және құрамында 99,99 (тоқсан тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыздан кем емес алтын бар, ҚР СТ 2049 "Алтынның өлшеуіш құймалары. Техникалық талаптар" Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес келетін құймалар түріндегі аффинирленген алтын;
2) аффинирленген алтынның стандартты құймалары – бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін алынған және Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы өнім беру" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген алтын сапасының халықаралық стандартына сәйкес келетін құймалар түріндегі аффинирленген алтын;
3) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемі – уәкілетті органнан және оның аумақтық бөлімшелерінен алынған, жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және аффинирленген алтын құймаларын алу үшін аффинаждауға берілуі тиіс бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының көлемі;
4) өзге аффинирленген бағалы металдар – аффинирленген алтынды қоспағанда, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемін аффинаждағаннан кейін алынған, ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін стандартты және (немесе) өлшеуіш құймалар және (немесе) түйіршіктер және олармен қатар жүретін сынамалар түрінде ұсынылған аффинирленген бағалы металдар;
5) өндірістік қалдықтар – бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждағаннан кейін пайда болған шлак, шлам және басқа да жанама өнімдер;
6) сынақтар – аффинирленген бағалы металдың сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені;
7) уәкілетті орган – функцияларына республикалық меншікке айналдырылған (келіп түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмысын ұйымдастыру кіретін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі орталық атқарушы органның ведомствосы.
2-тарау. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру тәртібі
3. Ұлттық Банк жыл сайын 20 наурызға (қоса алғанда) дейін ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша уәкілетті орган бойынша және оның аумақтық бөлімшелері бойынша мыналарды:
аффинирленген алтын құймаларын алу үшін аффинаждауға берілуге тиіс бағалы металл сынықтарының жалпы массасын және бағалы металл сынықтарындағы бағалы металдың құрамын;
аффинирленген алтын құймаларын алу үшін аффинаждауға берілуге тиіс бағалы металл қалдықтарының жалпы массасын есептейді.
4. Аффинаждалғаннан кейін массасы 11025 грамнан кем емес (ықтимал технологиялық шығындарды ескере отырып) аффинирленген алтынның стандартты құймаларының партиясын алуға жеткілікті бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемі болған кезде, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 5 сәуірден (қоса алғанда) кешіктірмей бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемін келісу үшін уәкілетті органның атына ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемі туралы мәліметтерді жазбаша нысанда жібереді.
5. Уәкілетті орган Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемі туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер) келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке аффинирленген алтын құймаларының және аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынаманың құнын аударуға арналған банктік шоттың деректемелерін көрсете отырып, оларды аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемін келісу не Мәліметтерде алшақтықтар бар болған жағдайда келісуден бас тарту туралы жазбаша нысанда жауап ұсынады.
Уәкілетті орган бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждауға беру үшін олардың жиынтық көлемін келісуден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жояды және уәкілетті органның атына Мәліметтерді қайта жібереді не бас тарту себептерін жоюдың мүмкін еместігі туралы жазбаша нысанда негіздеме береді.
Уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер не бас тарту себептерін жоюдың мүмкін еместігі туралы негіздемелер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждауға беру үшін олардың жиынтық көлемін келісу туралы жауап жібереді.
6. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша аффинаждалғаннан кейін массасы 11025 грамнан кем емес (ықтимал технологиялық шығындарды ескере отырып) аффинирленген алтынның стандартты құймаларының партиясын алуға жеткілікті бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемі болмаған кезде Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 5 сәуірден (қоса алғанда) кешіктірмей уәкілетті органның атына ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждауға беруге жеткілікті жиынтық көлемінің болмауы туралы ақпарат жібереді.
7. Ұлттық Банк күнтізбелік жылғы 1 қарашадан кешіктірмей бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының келісілген жиынтық көлемін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына сәйкес таңдалған, бағалы металдарды аффинаждауды жүзеге асыратын, бағалы металдарды өндіретін субъектімен (бұдан әрі – бағалы металдарды өндіретін субъекті) жасалатын аффинаждау жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға береді.
Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемін беру бағалы металдарды өндіретін субъектінің аумағында Ұлттық Банк өкілдерінің және бағалы металдарды өндіретін субъектінің қатысуымен аффинаждау жұмыстарын орындауға арналған шартқа сәйкес жүргізіледі.
3-тарау. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары аффинаждалғаннан кейін аффинирленген алтынды алу тәртібі
8. Бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары аффинаждалғаннан кейін бағалы металдарды өндіретін субъекті аффинирленген алтынды, өзге аффинирленген бағалы металдарды, өндірістік қалдықтарды тиеп-жөнелту және жеткізу мерзімдерін Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығымен (филиал) келіседі.
Аффинирленген алтынды, өзге аффинирленген бағалы металдарды, өндірістік қалдықтарды қабылдау Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиал) аумағында Ұлттық Банк өкілдерінің және бағалы металдарды өндіретін субъектінің қатысуымен аффинаждау жұмыстарын орындауға арналған шартқа сәйкес қабылдау-өткізу актісінің негізінде жүргізіледі.
9. Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиал) аккредиттелген тәуелсіз зертханасы аффинирленген алтын құймаларына, сондай-ақ химиялық құрамы бойынша аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынамалардағы өзге де аффинирленген бағалы металдарға және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген өлшемдерді орындау әдістемелеріне сәйкес сынақтар жүргізу арқылы өзге де аффинирленген бағалы металдарға тексеру жүргізеді.
Егер аффинирленген алтын құймаларының, сондай-ақ өзге аффинирленген бағалы металдардың химиялық құрамы бойынша сынақтардың нәтижелері Қағидалардың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін растамаса, Ұлттық Банк бағалы металдарды өндіретін субъектіге шағым жібереді.
Бағалы металдар өндіретін субъекті сынақ нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бағалы металдарды өндіретін субъект бірлескен сынақтар жүргізуге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілін жібереді. Бірлескен сынақтардың нәтижелері түпкілікті болып табылады және сынақ хаттамасында көрсетіледі.
10. Ұлттық Банк жүргізілген сынақтардың қорытындысы бойынша аффинирленген алтын құймаларының, сондай-ақ өзге де аффинирленген бағалы металдардың Қағидалардың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігі расталған күннен немесе бағалы металдарды өндіретін субъекті шағымда көрсетілген сәйкессіздіктерді жойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде:
1) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығасылар (бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждау жұмыстарын орындауға, сондай-ақ құндылықтарды инкассациялауға жұмсалған шығындарды қоса алғанда) сомасын есептейді және уәкілетті органның атына мынадай:
осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген шығасылардың есептелген сомасы туралы;
аффинирленген алтын құймаларының, аффинирленген алтын құймалары партиясымен қатар жүретін сынамалардың, өзге де аффинирленген бағалы металдардың және өндірістік қалдықтардың (бар болса) саны мен жалпы массасы туралы;
Ұлттық Банктен өзге де аффинирленген бағалы металдарды, өндірістік қалдықтарды (бар болса) қабылдау қажеттілігі туралы, сондай-ақ аффинирленген алтын құймаларының, өзге де аффинирленген бағалы металдардың, аффинирленген алтын құймалары партиясымен қатар жүретін сынамалардың және өзге де аффинирленген бағалы металдардың сапасына сынақтар жүргізуге байланысты нақты залалдар туралы ақпаратты жібереді;
2) Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне аффинирленген алтын құймаларын және аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынаманы есепке алады;
3) Қағидалардың 5-тармағына немесе осы тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган көрсеткен банктік шотқа осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығасыларды шегергенде, аффинирленген алтын құймаларының және аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынаманың құнын аударады.
Аффинирленген алтын құймаларының және аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынаманың құнын аударуға арналған банктік шоттың деректемелері өзгерген жағдайда, уәкілетті орган Ұлттық Банкті осындай өзгеріс болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктен Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құндылықтарды беру актісі бойынша өзге аффинирленген бағалы металдар мен өндірістік қалдықтарды алады.
11. Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алынатын аффинирленген алтын құймалары мен аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынаманың құны аталған аффинирленген алтын құймаларын Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алған күні Ұлттық Банк белгілеген теңгенің Америка Құрама Штаттарының долларына қатысты ресми бағамын және аталған аффинирленген алтын құймалары мен аффинирленген алтын құймаларының партиясымен қатар жүретін сынаманы Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтеріне есепке алған күні Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) алтынға белгіленген таңғы фиксингті (баға белгілеуді) пайдалана отырып айқындалады.
Нысан
Аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру үшін бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының жиынтық көлемі туралы мәліметтер ______ жылғы _________ жағдай бойынша
р/с № | Уәкілетті органның (аумақтық бөлімшенің) атауы | Құндылықтардың атауы | Жалпы массасы, грамм | Химиялық таза массасы граммен (бар болса) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
… |
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы)
№________ дана Бекітемін __________________________ лауазымы ____________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) ____ жылғы "____" __________ |
№ ____ құндылықтарды беру актісі
Құндылықтардың атауы: ___________________ шоттың атауы
Иесі: ___________________
иесінің атауы
Беру үшін негіздеме:__________________ №______________ ________
құжаттың атауы құжаттың нөмірі күні
Нақты берілді:
Құндылықтардың саны, дана: ___________________
цифрлармен (жазбаша)
Орын саны, дана: _____________________
цифрлармен (жазбаша)
Лигатуралық массасы, грамм: _______________________
цифрлармен (жазбаша)
Химиялық таза массасы, грамм: _____________________
цифрлармен (жазбаша)
Химиялық таза массасы, унция: ____________________
цифрлармен (жазбаша)
Жалпы массасы, грамм: ____________________
цифрлармен (жазбаша)
Орам түрі | Саны | Бедерлердің сипаттамасы | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | |||
2. | |||
3. | |||
… |
Иесінің өкілі: _______________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Құндылықтарды алу кезінде ___________ №_______ сенімхат ұсынылды
күні нөмірі
Берілген құндылықтар иесінің ______________________ _________________
иесінің атауы шот атауы
шотынан есептен шығарылды
Қалдық*: _________________ құрайды
Құжат бойынша: __________________
құжаттың атауы
№ _____________ ________:
нөмірі күні
Саны: _____________________
цифрлармен (жазбаша)
Жалпы (лигатуралық**) массасы, грамм:_____________________
цифрлармен (жазбаша)
Химиялық таза массасы, грамм: __________________
цифрлармен (жазбаша)
Берді:
__________________ ______________________________________ __________
лауазымы тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
__________________ ______________________________________ __________
лауазымы тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Қабылдады:
Иесінің өкілі:
__________________ ______________________________________ __________
лауазымы тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Құндылықтардың берілгенін растаймыз:
__________________ ______________________________________ __________
лауазымы тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
__________________ ______________________________________ __________
лауазымы тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
__________________ ______________________________________ __________
лауазымы тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Акт 2 (екі) данада жасалды: 1 (біріншісі) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына), 2 (екіншісі) – иесіне, 1 (бірінші) дананың көшірмесі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) есепке алу бөлімшесіне ұсынылады.
Есептік № ____________ ___________
есептік нөмір күні
Орындаушы:____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
Ескертпе:
* сақтауда тұрған құндылықтардың қалдығы болған жағдайда көрсетіледі;
** лигатуралық масса құйма және түйіршік түріндегі бағалы металдар, сондай-ақ Доре қорытпасы, катод алтыны, сынықтар, қорытпа түріндегі техникалық мақсаттағы өнім үшін көрсетіледі, ал жалпы масса қондырмалары бар бұйымдар үшін көрсетіледі.