Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 37 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 наурызда № 34165 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) туралы ереженің 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Жоғары аудиторлық палата ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 6-НҚ және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 51, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 76, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 20 бірлескен нормативтік қаулысының және бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13679 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен нормативтік қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мүшесіне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен нормативтік қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Д. Малахов
     
      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали
     
      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының Төрағасы
Н. Годунова

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2024 жылғы 12 наурыздағы
№ 37,
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2024 жылғы 1 наурыздағы
№ 1,
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 41 мен
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 4-НҚ Нормативтік қаулымен
бұйрықпен бірлесіп
бекітілген

Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) мемлекеттік аудит материалдарын (бұдан әрі – мемлекеттік аудит материалдары) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – қылмыстық қудалау органдары) беру кезінде Жоғары аудиторлық палатаның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура), қылмыстық қудалау органдарының өзара іс-қимыл рәсімін регламенттейді.

      2. Қағидалардың мақсаты азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде қажетті шараларды қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Қағидалар жіберілетін мемлекеттік аудит материалдарының және олар бойынша қабылданған процестік шешімдердің анықтығы мен заңдылығы қағидаттарына негізделеді.

      4. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын қылмыстық қудалау органдарына беруіне:

      1) Жоғары аудиторлық палата анықтаған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын бұзушылықтар (бұдан әрі – бұзушылықтар) бойынша нұсқамаларды мемлекеттік аудит объектісінің орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

      Аудиторлық іс-шаралармен мүдделері қозғалған мемлекеттік аудит объектісі, кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды беру дауларды реттеудің сот тәртібі сақталғаннан кейін жүзеге асырылады;

      2) заңдарда белгіленген құзыреттер шегіндегі негіздер бойынша қылмыстық қудалау органдарының және Бас прокуратураның сұрау салуы.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қамтитын, сұратылатын мемлекеттік аудит материалдары прокурордың санкцияланған сұрау салуы, не сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстық қудалау органдарының қаулысы негізінде, сондай-ақ Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі – АЕК) енгізілген материалдар шеңберіндегі сұрау салулар негізінде беріледі.

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚПК) 180-бабының 1-бөлігінде санамаланған себептер негіз болып табылады.

      5. Қылмыстық қудалау органдарының және прокуратураның аумақтық органдарының сұрау салулары Жоғары аудиторлық палатаға қылмыстық қудалау органдарының және Бас прокуратураның орталық аппараттары арқылы жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік аудит материалдарын беру тәртібі

      6. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нұсқамалар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған, шағымдану үшін мерзімдер сақталған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін ҚПК-нің 181-бабы 3-бөлігінің талаптары сақтала отырып, прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органдарына беріледі. Нұсқамаларға шағым жасалған жағдайда материалдар дауларды реттеудің сот тәртібінен кейін беріледі.

      7. Мемлекеттік аудит материалдарын беру "Документолог" электронды құжат айналымының жүйесімен (бұдан әрі – БҚА) жіберу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар мемлекеттік аудит материалдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып жіберіледі. Мемлекеттік аудит материалдарының көлемі үлкен болған жағдайда ілеспе хатқа қосымшаларды тек қағаз жеткізгіштерде жіберуге рұқсат етіледі.

      8. Жүйеленген, Жоғары аудиторлық палатаның мөрімен куәландырылған мемлекеттік аудит материалдарын беру тізімдеме бойынша жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік аудит материалдары:

      1) Жоғары аудиторлық палата қаулысының (нұсқамасының) көшірмесін;

      2) нұсқаманың орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны туралы еске салу хатының көшірмесін;

      3) аудит қорытындыларына шағымдану жөніндегі құжаттарды қоса бере отырып, сот актілерінің көшірмелерін (дауларды реттеудің сот тәртібі жағдайларында);

      4) Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық қорытындысынан бұзушылықтар фактісіне қатысты үзіндіні;

      5) аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын, онда тіркелген бұзушылық фактілерін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, аудиторлық есептің көшірмесін;

      6) мемлекеттік аудит объектісі қарсылықтарының, түсіндірмелерінің және оларға Жоғары аудиторлық палата жауабының (олар болған жағдайда) көшірмелерін қамтиды.

      10. Анықталған фактіге қатысты құжаттардың аудиторлық есепке қоса тіркелмеуі орын алған жағдайда, олардың көшірмелері берілетін мемлекеттік аудит материалдарына қоса тіркеледі.

      11. Жоғары аудиторлық палата қылмыстық қудалау органдары және Бас прокуратура сұратқан мемлекеттік аудит материалдарын ҚПК-нің 34-бабының талаптарына сәйкес жазбаша сұрау салу келіп түскен және оның БҚА-да тіркелген кезінен бастап үш күн мерзімде жібереді.

      12. Алынған мемлекеттік аудит материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, оларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу жөнінде шаралар қабылдана отырып, қылмыстық қудалау органдары АЕК-ке енгізеді.

      13. Алынған мемлекеттік аудит материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған не оларды СДТБТ-да тіркеу үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай материалдар өзге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жіберілмей, қайтарудың негіздері мен себептерін көрсете отырып, қосымша тексеруді жүзеге асыру үшін оларды қылмыстық қудалау органдары Жоғары аудиторлық палатаға прокуратура органдары арқылы қайтарады.

      14. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын қадағалауды жүзеге асыру үшін қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ Бас прокуратура бақылауға қоюы тиіс.

      15. Жоғары аудиторлық палатаның тіркелген мемлекеттік аудит материалдары бойынша процестік шешімді қылмыстық қудалау органдары не олардың аумақтық бөлімшелері қабылдайды.

      16. Қылмыстық қудалау органдары Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын АЕК-де, ал одан әрі СДТБТ-да тіркегеннен кейін ҚПК-нің 179 және 180-баптарының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды.

      17. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит материалдары бойынша қабылданған шешім туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      18. Бас прокуратура, қылмыстық қудалау органдары өз бастамасы тәртібімен сұратылатын мемлекеттік аудит материалдары бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер туралы Жоғары аудиторлық палатаға хабарлайды.

      19. Қағидалардың 17-тармағына сәйкес:

      қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар фактілерді дербес тіркеу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін мемлекеттік аудит материалдарынан бөліп алу;

      Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит материалдарын басқа да сотқа дейінгі іс жүргізуге қосу жағдайлары хабардар етілуі тиіс.

      20. Жоғары аудиторлық палатаның қылмыстық қудалау органдарына берген мемлекеттік аудит материалдары бойынша, Бас прокуратураның, қылмыстық қудалау органдарының өз бастамасы тәртібімен сұрататын материалдар бойынша ақпарат Қағидаларға қосымшаға сәйкес жасалады (бұдан әрі – кесте).

      21. Кесте жобасын оларды АЕК-де және СДТБТ-да тіркеу және қабылданған процестік шешімдер туралы Бас прокуратураның, қылмыстық қудалау органдарының барлық қолда бар хабарламаларын көрсете отырып Жоғары аудиторлық палата қалыптастырады және есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей қылмыстық қудалау органдарына бір мезгілде жібереді.

      22. Кесте жобасына алдыңғы салыстырып тексеру актілерін жасау кезінде өткен жылдардың түпкілікті процестік шешім қабылданбаған не мұндайды қадағалаушы прокурор жойған материалдары енгізіледі.

      23. Қылмыстық қудалау органдары кесте жобасын кесте жобасы толтырылған күнгі жағдай бойынша материалдарды тіркеу және олардың қозғалысы, қабылданған шешімдер, соның ішінде процестік шешімдер туралы мәліметтермен толықтырады.

      24. Кестеде мемлекеттік аудит материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы, оның ішінде өтелген залал сомалары туралы деректер (бюджетке өтелген, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтірілген және (немесе) есепке алу бойынша көрсетілген кезде) көрсетіледі.

      25. Қылмыстық қудалау органдары кесте жобасын қажетті мәліметтермен толықтырғаннан кейін есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Жоғары аудиторлық палатаға жинақтау үшін және Бас прокуратураға келісу үшін жібереді.

      26. Бас прокуратура кесте жобасы келіп түскен кезден бастап он бес күнтізбелік күн ішінде оның толықтығы мен анықтығына, соның ішінде СДТБТ-ның дерекқорын пайдалана отырып тексеру жүргізеді, сондай-ақ оны процестік шешімдердің заңдылығын тексеру нәтижелері туралы мәліметтермен толықтырады.

      27. Бас прокуратура кестенің пысықталған жобасын есепті айдан кейінгі айдың 30-нан кешіктірмей қол қою үшін Жоғары аудиторлық палатаға жібереді.

      28. Кестеге Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен Жоғары аудиторлық палатамен өзара іс-қимыл жасауға жауапты болып белгіленген Бас прокуратураның, қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары қол қояды.

      29. Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың ауыстырылғаны туралы Жоғары аудиторлық палата алдын ала хабардар етіледі.

      30. Кестеде көрсетілуі тиіс мәліметтердің толықтығы қамтамасыз етілмеген жағдайда, жоба үш жұмыс күні ішінде кемшілікке жол берген тиісті орган тарапынан пысықтауға жатады.

      31. Қайта келісу көрсетілген кемшіліктер жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  Сыртқы мемлекеттік аудитті
және қаржылық бақылауды
жүргізу кезінде анықталған
құқық бұзушылықтар бойынша
мемлекеттік аудит
материалдарын беру
қағидаларына
қосымша

      Нысан

Қылмыстық қудалау органдарына берілген _______ жылғы мемлекеттік аудит материалдары бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – ЖАП) толтырады

ЖАП-тың қаулысы (нұсқамасы) (қабылданған күні, нөмірі, толық атауы)

Тексерілген мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Материалдарды жіберуге бастамашы (ЖАП, БП, СЖҚІА және ҚМА)

Бұзушылық фактісінің сипаттамасы

Берілетін бұзушылық фактісі бойынша сома (миллион теңге)

Берілетін бұзушылық фактісі сомасынан аудит барысында өтелгені (миллион теңге)

Материалдарды берудің шығыс № мен күні

___________жылы жіберілген материалдар









      кестенің жалғасы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – БП), Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – СЖҚІА) және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) толтырады

Материалдарды алудың кіріс № және күні

Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі – АЕК) ақпаратты енгізу № және күні

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – СДТБТ) № және күні

Материалдарды беру қағидаларының 14-тармақшасына сәйкес қабылданған өзге де шешімдер

Сотқа дейінгі іс жүргізу тіркелген адамдардың атқаратын лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің баптары бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің сотқа жіберілген күні

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған күні

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақталатын негіздер бойынша тоқтатылған күні

Іс жүргізілуде (иә/жоқ)











      кестенің жалғасы


Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚПК) 45-бабы тармақтарының тәртібімен сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексеру мерзімдерінің тоқтатылған күні және негізі

Анықталған залал сомасы (миллион теңге)

Өтелген залал сомасы (миллион теңге)

Қадағалаушы прокурордың қабылдаған шешімі

кінәлілерді өзге де жауаптылыққа тарту үшін мемлекеттік аудит материалдарын уәкілетті органдарға беру (хат деректемелері және кімге жіберілді) 11-бағаннан

оның ішінде

ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1) тармағы бойынша

ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 2) тармағы бойынша

ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5) тармағы бойынша

ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 7) тармағы бойынша

өзге де негіздер бойынша

әкімшілік жауаптылыққа

тәртіптік жауаптылыққа

___________жылы жіберілген материалдар













Об утверждении Правил передачи материалов государственного аудита по выявленным правонарушениям при проведении внешнего государственного аудита и финансового контроля

Совместное нормативное постановление Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан от 9 февраля 2024 года № 4-НҚ и приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 21 февраля 2024 года № 41, Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 1 марта 2024 года № 1 и Генерального Прокурора Республики Казахстан от 12 марта 2024 года № 37. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 марта 2024 года № 34165.

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 14 Положения о Высшей аудиторской палате Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата), утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 5, Высшая аудиторская палата ПОСТАНОВЛЯЕТ и Генеральная прокуратура Республики Казахстан, Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба), Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу ПРИКАЗЫВАЮТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи материалов государственного аудита по выявленным правонарушениям при проведении внешнего государственного аудита и финансового контроля.

      2. Признать утратившим силу совместное нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 6-НҚ и приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 30 марта 2016 года № 51, Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 76, Председателя Национального бюро по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан от 26 февраля 2016 года № 20 "Об утверждении Правил передачи материалов государственного аудита по выявленным правонарушениям при проведении внешнего государственного аудита и финансового контроля" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13679).

      3. Юридическому департаменту Высшей аудиторской палаты в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного нормативного постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного нормативного постановления и приказа на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного нормативного постановления и приказа возложить на члена Высшей аудиторской палаты, обеспечивающего взаимодействие с правоохранительными и специальными государственными органами, заместителя Генерального прокурора Республики Казахстан, заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба), заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

      5. Настоящее совместное нормативное постановление и приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
__________ Б. Асылов
      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
__________ Д. Малахов
      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
__________ А. Жұмағали
      Председатель Высшей
аудиторской палаты
Республики Казахстан
__________ Н. Годунова

  Утверждены
совместным нормативным
постановлением и приказом
Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
от 12 марта 2024 года № 37,
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по финансовому мониторингу
от 1 марта 2024 года № 1,
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
от 21 февраля 2024 года № 41 и
Председатель Высшей
аудиторской палаты
Республики Казахстан
от 9 февраля 2024 года № 4-НҚ

Правила передачи материалов государственного аудита по выявленным правонарушениям
при проведении внешнего государственного аудита и финансового контроля

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила передачи материалов государственного аудита по выявленным правонарушениям при проведении внешнего государственного аудита и финансового контроля (далее – Правила) регламентируют процедуру взаимодействия Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата), Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Генеральная прокуратура), Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) и Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу (далее – органы уголовного преследования) при передаче материалов государственного аудита Высшей аудиторской палаты (далее – материалы государственного аудита) по выявленным правонарушениям при проведении внешнего государственного аудита и финансового контроля в органы уголовного преследования.

      2. Целью Правил является защита прав, свобод и законных интересов граждан, собственности, прав и законных интересов организаций, охраняемых законом интересов общества и государства, обеспечение необходимых мер по привлечению виновных лиц к ответственности.

      3. Правила основаны на принципах достоверности и законности направляемых материалов государственного аудита и принятых по ним процессуальных решений.

      4. Основаниями для передачи материалов государственного аудита Высшей аудиторской палаты в органы уголовного преследования являются:

      1) неисполнение или ненадлежащее исполнение объектом государственного аудита предписаний по выявленным нарушениям Высшей аудиторской палаты, содержащих признаки уголовных правонарушений (далее – нарушения).

      При обжаловании результатов государственного аудита и финансового контроля объектом государственного аудита, субъектами предпринимательства и иными лицами, интересы которых затронуты аудиторскими мероприятиями, передача материалов с признаками уголовного правонарушения, осуществляется после соблюдения судебного порядка урегулирования споров;

      2) запросы органов уголовного преследования и Генеральной прокуратуры, по основаниям в пределах установленных законами компетенций.

      Запрашиваемые материалы государственного аудита, содержащие информацию о субъектах частного предпринимательства, передаются на основании запроса, санкционированного прокурором, либо постановления органов уголовного преследования в рамках досудебного расследования, а также на основании запросов в рамках материалов, внесенных в Книгу учета информации (далее – КУИ).

      3) поводы, перечисленные в части 1 статьи 180 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – УПК).

      5. Запросы территориальных органов уголовного преследования и прокуратуры направляются в Высшую аудиторскую палату через центральные аппараты органов уголовного преследования и Генеральной прокуратуры.

Глава 2. Порядок передачи материалов государственного аудита

      6. При неисполнении или ненадлежащем исполнении предписаний по итогам государственного аудита, соблюдении сроков для обжалования материалы с признаками уголовного правонарушения с соответствующими аудиторскими доказательствами для принятия процессуального решения передаются в органы уголовного преследования через органы прокуратуры, с соблюдением требований части 3 статьи 181 УПК. В случае обжалования предписаний, материалы передаются после судебного порядка урегулирования споров.

      7. Передача материалов государственного аудита осуществляется посредством направления через систему электронного документооборота "Документолог" (далее – ОДО). Материалы государственного аудита, содержащие сведения, составляющие государственные секреты, направляются с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о государственных секретах. В случае большого объема материалов государственного аудита допускается направление приложений к сопроводительному письму только на бумажных носителях.

      8. Передача систематизированных, заверенных печатью Высшей аудиторской палаты материалов государственного аудита осуществляется по описи.

      9. Материалы государственного аудита содержат:

      1) копию постановления (предписания) Высшей аудиторской палаты;

      2) копию письма-напоминания о неисполнении или не надлежащем исполнении предписания;

      3) копии судебных актов, с приложением документов по обжалованию итогов аудита (в случаях судебного порядка урегулирования споров);

      4) извлечение из аудиторского заключения Высшей аудиторской палаты, относящееся к факту нарушения;

      5) копию аудиторского отчета с приобщенными документами, подтверждающими зафиксированные в нем факты нарушений, которые являются неотъемлемой частью аудиторского отчета;

      6) копии возражений, пояснений объекта государственного аудита и ответа Высшей аудиторской палаты на них (при их наличии).

      10. При наличии не приобщенных к аудиторскому отчету документов, относящихся к выявленному факту, их копии приобщаются к передаваемым материалам государственного аудита.

      11. Материалы государственного аудита, запрашиваемые органами уголовного преследования и Генеральной прокуратурой, направляются Высшей аудиторской палатой в соответствии с требованиями статьи 34 УПК в трехдневный срок с момента поступления письменного запроса и регистрации его в ОДО.

      12. В случае наличия в полученных материалах государственного аудита признаков уголовного правонарушения, они вносятся органами уголовного преследования в КУИ, с принятием мер по их регистрации в Едином реестре досудебных расследований (далее – ЕРДР).

      13. В случае отсутствия в полученных материалах государственного аудита признаков уголовного правонарушения, либо недостаточности оснований для их регистрации в ЕРДР, они возвращаются органами уголовного преследования в Высшую аудиторскую палату через органы прокуратуры, без перенаправления таких материалов в иные органы государственного аудита и финансового контроля, для осуществления дополнительной проверки, с указанием оснований и причин возврата.

      14. Материалы государственного аудита Высшей аудиторской палаты подлежат постановке на контроль органами уголовного преследования, а также Генеральной прокуратурой для осуществления надзора.

      15. Процессуальное решение по зарегистрированным материалам государственного аудита Высшей аудиторской палаты принимается органами уголовного преследования, либо их территориальными подразделениями.

      16. Органы уголовного преследования после регистрации материалов государственного аудита Высшей аудиторской палаты в КУИ, а в дальнейшем в ЕРДР, начинают досудебное расследование в соответствии с требованиями статей 179 и 180 УПК.

      17. О принятом по материалам государственного аудита решении в течении трех рабочих дней уведомляется Высшая аудиторская палата.

      18. Генеральная прокуратура, органы уголовного преследования информируют Высшую аудиторскую палату о начатых досудебных расследованиях по материалам государственного аудита, запрашиваемым в порядке собственной инициативы.

      19. В соответствии с пунктом 17 Правил уведомлению также подлежат:

      случаи выделения из материалов государственного аудита фактов с признаками уголовного правонарушения для самостоятельной регистрации и производства досудебного расследования;

      приобщение материалов государственного аудита Высшей аудиторской палаты к другим досудебным производствам.

      20. Информация по материалам государственного аудита, переданным Высшей аудиторской палатой в органы уголовного преследования, по материалам, запрашиваемым Генеральной прокуратурой, органами уголовного преследования в порядке собственной инициативы, составляется в соответствии с приложением к Правилам (далее – таблица).

      21. Проект таблицы формируется Высшей аудиторской палатой с отражением всех имеющихся уведомлений Генеральной прокуратуры, органов уголовного преследования об их регистрации в КУИ и ЕРДР и принятых процессуальных решениях и направляется одновременно в органы уголовного преследования не позднее 5 числа месяца, следующего за отчетным полугодием.

      22. В проект таблицы включаются материалы прошлых лет, по которым на момент составления предыдущих актов сверок не было принято окончательного процессуального решения либо таковое отменено надзирающим прокурором.

      23. Органами уголовного преследования проект таблицы дополняется сведениями о регистрации и движении материалов, принятых решениях, в том числе процессуальных, по состоянию на дату заполнения проекта таблицы.

      24. В таблице указываются данные о принятии мер по материалам государственного аудита, в том числе о суммах возмещенного ущерба (при возмещении в бюджет, восстановлении путем выполнения работ, оказании услуг, поставке товаров и (или) отражении по учету).

      25. После дополнения необходимыми сведениями проект таблицы не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным, направляется органами уголовного преследования в Высшую аудиторскую палату для свода и в Генеральную прокуратуру, для согласования.

      26. Генеральная прокуратура в течение пятнадцати календарных дней с момента поступления проекта таблицы проводит проверку его полноты и достоверности, в том числе с использованием базы данных ЕРДР, а также дополняет его сведениями о результатах проверки законности процессуальных решений.

      27. Отработанный проект таблицы направляется Генеральной прокуратурой в Высшую аудиторскую палату для подписания не позднее 30 числа месяца, следующего за отчетным.

      28. Таблица подписываются членом Высшей аудиторской палаты, заместителями первых руководителей Генеральной прокуратуры, органов уголовного преследования, определенными решением первого руководителя соответствующего государственного органа ответственными по взаимодействию с Высшей аудиторской палатой.

      29. О замене указанных в пункте 28 Правил должностных лиц заблаговременно уведомляется Высшая аудиторская палата.

      30. В случае необеспечения полноты сведений, которые должны быть отражены в таблице, проект подлежит доработке в течение трех рабочих дней со стороны соответствующего органа, допустившего недостаток.

      31. Повторное согласование осуществляется в течение трех рабочих дней со дня устранения указанных недостатков.

  Приложение
к правилам передачи материалов
государственного аудита
по выявленным правонарушениям
при проведении внешнего
государственного аудита
и финансового контроля
  Форма

Информация по материалам государственного аудита, переданным в органы уголовного преследования за __________ год

Заполняется Высшей аудиторской палатой (далее – ВАП)

Постановление (предписание) ВАП (дата, номер принятия, полное наименование)

наименование проверенного объекта государственного аудита

Инициатор направления материалов (ВАП, ГП, АПК и АФМ)

Описание факта нарушения

Сумма по передаваемому факту нарушения (миллионов тенге)

Из суммы передаваемого факта нарушения возмещено в ходе аудита (миллионов тенге)

исходящий № и дата передачи материалов

Материалы, направленные за _______год









      продолжение таблицы

заполняется Генеральной прокуратурой Республики Казахстан (далее – ГП), Агентством Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) (далее – АПК) и Агентством Республики Казахстан по финансовому мониторингу (далее – АФМ)

входящий № и дата получения материалов

№ внесения информации в Книгу учета информации (далее – КУИ) и дата

№ Единого реестра досудебного расследования (далее – ЕРДР) и дата

иные решения принятые согласно пункта 14 Правила передачи материалов

Занимаемая должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии) лиц в отношении которых зарегистрировано досудебное производство

Дата направления досудебного производства в суд по статьям Уголовного кодекса Республики Казахстан

Дата прекращения досудебного производства по не реабилитирующим основаниям

Дата прекращения досудебного производства по реабилитирующим основаниям

Находится в производстве (да/нет)











      продолжение таблицы


Дата и основания прерывания сроков расследования досудебного производства в порядке пунктов статьи 45 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – УПК)

Сумма установленного ущерба (миллионов тенге)

Сумма возмещенного ущерба (миллионов тенге)

Принятое решение надзирающего прокурора

передача материалов государственного аудита в уполномоченные органы для привлечения виновных к иной ответственности (реквизиты письма и кому адресован) из 11 графы

из них

по пункта 1) части 7 статьи 45 УПК

по пункта 2) части 7 статьи 45 УПК

по пункта 5) части 7 статьи 45 УПК

по пункта 7) части 7 статьи 45 УПК

по иным основаниям

к административной ответственности

к дисциплинарной ответственности

Материалы, направленные за _______год