"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Этносаралық қатынастар саласындағы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшлік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 139-НҚ бұйрығына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректердің нысаны: ww.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер".
Нысанның индексі: 1-ЭҚМ.
Кезеңділігі: тоқсандық
Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: этносаралық саладағы реттеуді жүзеге асыратын Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері, "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемелері.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін. Этносаралық қатынастар саласындағы есептік тоқсан сайынғы мәліметтер "Documentolog Business" электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қағаз және электрондық тасығышта.
кесте
Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер
Жол коды | Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірлігі | Барлығы |
А | Б | 1 | 2 |
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңестері жөніндегі мәліметтер | |||
1 | Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңестерінің жалпы саны | саны | |
2 | Аналар кеңестері мүшелерінің саны | адам | |
3 | Өткізілген іс-шаралардың саны | іс-шара | |
4 | Іс-шараларға қатысушылардың саны | адам | |
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жөніндегі мәліметтер | |||
1 | Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің жалпы саны | саны | |
2 | Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің саны | адам | |
3 | Ақсақалдар кеңесі іске асырған іс-шаралардың саны | іс-шара | |
4 | Ақсақалдар кеңесінің іс-шараларына қатысушылардың саны (халықты қамту) | адам | |
3. Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубтары жөніндегі мәліметтер | |||
1 | Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубтарының жалпы саны | саны | |
2 | Мүшелерінің саны | адам | |
3 | Өткізілген іс-шаралардың саны | іс-шара | |
4 | Іс-шараларға қатысушылардың саны | адам | |
4. Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастықтары жөніндегі мәліметтер | |||
1 | Кәсіпкерлер қауымдастықтарының жалпы саны | саны | |
2 | Мүшелерінің саны | адам | |
3 | Өткізілген іс-шаралардың саны | іс-шара | |
4 | Іс-шараларға қатысушылардың саны | адам | |
5. Этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары жөніндегі мәліметтер | |||
1 | Этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары өткізген семинар-тренингтердің жалпы саны | саны | |
2 | Семинар-тренингтерге қатысушылардың саны | адам | |
3 | Этносаралық негіздегі оқиғалар мен жанжалдарды реттеу, оларды алдын ала ескерту мәселелері жөнінде жүргізілген консультациялардың саны | саны | |
6. Этномәдени бірлестіктер жөніндегі мәліметтер | |||
1 | Этномәдени бірлестіктердің жалпы саны | саны | |
2 | Аккредиттелген этномәдени бірлестіктердің саны | саны | |
3 | Аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізген іс-шаралардың саны | іс-шара | |
4 | Аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізген іс-шараларға қатысушылардың саны | адам |
Атауы _____________________________ Мекенжайы ________________________
___________________________________ ___________________________________
Телефоны _____________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________________________
Орындаушы ___________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
"Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңестері жөніндегі мәліметтер:
1-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы аналар кеңестерінің жалпы саны көрсетіледі.
1-бөлімнің 2-жолында аналар кеңестеріндегі мүшелерінің саны көрсетіледі.
1-бөлімнің 3-жолында аналар кеңестері өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.
1-бөлімнің 4-жолында аналар кеңестері өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны көрсетіледі.
2-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жөніндегі мәліметтер.
2-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы Ақсақалдар кеңесінің жалпы саны көрсетіледі.
2-бөлімнің 2-жолында Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің саны көрсетіледі.
2-бөлімнің 3-жолында Ақсақалдар кеңесі іске асырған (өткізген) іс-шаралардың саны көрсетіледі.
2-бөлімнің 4-жолында Ақсақалдар кеңесі өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны (халықты қамту) көрсетіледі.
3-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубтары жөніндегі мәліметтер.
3-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы журналистер клубтарының жалпы саны көрсетіледі.
3-бөлімнің 2-жолында журналистер клубтарына мүшелердің саны көрсетіледі.
3-бөлімнің 3-жолында журналистер клубтары өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.
3-бөлімнің 4-жолында журналистер клубтары өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны көрсетіледі.
4-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастықтары жөніндегі мәліметтер.
4-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шыкмент қалаларындағы және облыстардағы кәсіпкерлер қауымдастықтарының жалпы саны көрсетіледі.
4-бөлімнің 2-жолында кәсіпкерлер қауымдастықтарындағы мүшелерінің саны көрсетіледі.
4-бөлімнің 3-жолында кәсіпкерлер қауымдастықтары өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.
4-бөлімнің 4-жолында кәсіпкерлер қауымдастықтары өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны көрсетіледі.
5-бөлімде этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары жөніндегі мәліметтер.
5-бөлімнің 1-жолында этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары өткізген семинар-тренингтердің жалпы саны көрсетіледі.
5-бөлімнің 2-жолында семинар-тренингтерге барған қатысушылардың саны көрсетіледі.
5-бөлімнің 3-жолында этносаралық негіздегі оқиғалар мен жанжалдарды реттеу, оларды алдын ала ескерту мәселелері бойынша жүргізілген консультациялардың саны көрсетіледі.
6-бөлімде этномәдени бірлестіктер жөніндегі мәліметтер.
6-бөлімнің 1-жолында Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы этномәдени бірлестіктердің жалпы саны көрсетіледі.
6-бөлімнің 2-жолында Қазақстан Халқы Ассамблеясының аккредиттелген этномәдени бірлестіктерінің саны көрсетіледі.
6-бөлімнің 3-жолында аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.
6-бөлімнің 4-жолында аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың саны көрсетіледі.