"Этносаралық қатынастар саласындағы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 139-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 сәуірде № 34243 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Этносаралық қатынастар саласындағы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшлік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 139-НҚ бұйрығына
қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.

      Әкімшілік деректердің нысаны: ww.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер".

      Нысанның индексі: 1-ЭҚМ.

      Кезеңділігі: тоқсандық

      Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: этносаралық саладағы реттеуді жүзеге асыратын Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері, "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемелері.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін. Этносаралық қатынастар саласындағы есептік тоқсан сайынғы мәліметтер "Documentolog Business" электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қағаз және электрондық тасығышта.

      кесте

Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Барлығы

А

Б

1

2

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңестері жөніндегі мәліметтер

1

Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңестерінің жалпы саны

саны


2

Аналар кеңестері мүшелерінің саны

адам


3

Өткізілген іс-шаралардың саны

іс-шара


4

Іс-шараларға қатысушылардың саны

адам


2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жөніндегі мәліметтер

1

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің жалпы саны

саны


2

Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің саны

адам


3

Ақсақалдар кеңесі іске асырған іс-шаралардың саны

іс-шара


4

Ақсақалдар кеңесінің іс-шараларына қатысушылардың саны (халықты қамту)

адам


3. Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубтары жөніндегі мәліметтер

1

Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубтарының жалпы саны

саны


2

Мүшелерінің саны

адам


3

Өткізілген іс-шаралардың саны

іс-шара


4

Іс-шараларға қатысушылардың саны

адам


4. Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастықтары жөніндегі мәліметтер

1

Кәсіпкерлер қауымдастықтарының жалпы саны

саны


2

Мүшелерінің саны

адам


3

Өткізілген іс-шаралардың саны

іс-шара


4

Іс-шараларға қатысушылардың саны

адам


5. Этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары жөніндегі мәліметтер

1

Этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары өткізген семинар-тренингтердің жалпы саны

саны


2

Семинар-тренингтерге қатысушылардың саны

адам


3

Этносаралық негіздегі оқиғалар мен жанжалдарды реттеу, оларды алдын ала ескерту мәселелері жөнінде жүргізілген консультациялардың саны

саны


6. Этномәдени бірлестіктер жөніндегі мәліметтер

1

Этномәдени бірлестіктердің жалпы саны

саны


2

Аккредиттелген этномәдени бірлестіктердің саны

саны


3

Аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізген іс-шаралардың саны

іс-шара


4

Аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізген іс-шараларға қатысушылардың саны

адам


      Атауы _____________________________ Мекенжайы ________________________

      ___________________________________ ___________________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы __________________________________________

      Орындаушы ___________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

  "Этносаралық қатынастар
саласындағы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Этносаралық қатынастар саласындағы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар кеңестері жөніндегі мәліметтер:

      1-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы аналар кеңестерінің жалпы саны көрсетіледі.

      1-бөлімнің 2-жолында аналар кеңестеріндегі мүшелерінің саны көрсетіледі.

      1-бөлімнің 3-жолында аналар кеңестері өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.

      1-бөлімнің 4-жолында аналар кеңестері өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны көрсетіледі.

      2-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жөніндегі мәліметтер.

      2-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы Ақсақалдар кеңесінің жалпы саны көрсетіледі.

      2-бөлімнің 2-жолында Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің саны көрсетіледі.

      2-бөлімнің 3-жолында Ақсақалдар кеңесі іске асырған (өткізген) іс-шаралардың саны көрсетіледі.

      2-бөлімнің 4-жолында Ақсақалдар кеңесі өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны (халықты қамту) көрсетіледі.

      3-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубтары жөніндегі мәліметтер.

      3-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы журналистер клубтарының жалпы саны көрсетіледі.

      3-бөлімнің 2-жолында журналистер клубтарына мүшелердің саны көрсетіледі.

      3-бөлімнің 3-жолында журналистер клубтары өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.

      3-бөлімнің 4-жолында журналистер клубтары өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны көрсетіледі.

      4-бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастықтары жөніндегі мәліметтер.

      4-бөлімнің 1-жолында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана, Алматы, Шыкмент қалаларындағы және облыстардағы кәсіпкерлер қауымдастықтарының жалпы саны көрсетіледі.

      4-бөлімнің 2-жолында кәсіпкерлер қауымдастықтарындағы мүшелерінің саны көрсетіледі.

      4-бөлімнің 3-жолында кәсіпкерлер қауымдастықтары өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.

      4-бөлімнің 4-жолында кәсіпкерлер қауымдастықтары өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың жалпы саны көрсетіледі.

      5-бөлімде этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары жөніндегі мәліметтер.

      5-бөлімнің 1-жолында этносаралық қатынастар саласындағы өңірлік медиация орталықтары өткізген семинар-тренингтердің жалпы саны көрсетіледі.

      5-бөлімнің 2-жолында семинар-тренингтерге барған қатысушылардың саны көрсетіледі.

      5-бөлімнің 3-жолында этносаралық негіздегі оқиғалар мен жанжалдарды реттеу, оларды алдын ала ескерту мәселелері бойынша жүргізілген консультациялардың саны көрсетіледі.

      6-бөлімде этномәдени бірлестіктер жөніндегі мәліметтер.

      6-бөлімнің 1-жолында Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыстардағы этномәдени бірлестіктердің жалпы саны көрсетіледі.

      6-бөлімнің 2-жолында Қазақстан Халқы Ассамблеясының аккредиттелген этномәдени бірлестіктерінің саны көрсетіледі.

      6-бөлімнің 3-жолында аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізген іс-шаралардың саны көрсетіледі.

      6-бөлімнің 4-жолында аккредиттелген этномәдени бірлестіктер өткізетін іс-шараларға барған қатысушылардың саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады