"Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34407 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32343 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Паспорт "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету қол жетімділігі шектеулі күзетілетін аймақтарды, бақыланатын аймақтарды белгілеу және қорғау, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету, ТТО объектісінің күзетілетін аймағында орналасқан жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күзету, сондай-ақ бақыланатын аймақтарға өтетін қызметкерлерді, келушілерді, жолаушыларды, қол жүгін, багажды бақылау және тексеру жөніндегі іс-шараларды қамтиды. объектінің аймақтары нақтыланады.

      ТТО теміржол инфрақұрылымы объектілеріне мыналар жатады:

      1) Компанияның әкімшілік ғимараты;

      2) "сыныптан тыс" теміржол вокзалдары;

      3) "1" сыныпты теміржол вокзалдары;

      4) "2" сыныпты теміржол вокзалдары;

      5) "3" сыныпты теміржол вокзалдары.

      Вокзалдардың сыныптылығы "Теміржол вокзалдарының сыныбын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10300 болып тіркелген) айқындалады.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. "2" және "3" сыныпты теміржол вокзалдары құлақтандыру жүйесімен, резервтік электрмен жабдықтау құралымен, телевизиялық күзет жүйесімен, байланыс құралымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 апреля 2023 года 267 "Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 21 мая 2024 года № 181. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2024 года № 34407

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 октября 2023 года № 267 "Об утверждении Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32343) следующие изменения:

      в Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в сфере железнодорожного транспорта, утвержденных указанным приказом:

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Паспорт разрабатывается в соответствии с совместным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 июня 2023 года № 481 и Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 июня 2023 года № 51/қе "Об утверждении типового паспорта антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32950).";

      пункт 68 изложить в следующей редакции:

      "68. Обеспечение антитеррористической защищенности объектов УТО включает в себя мероприятия по установлению и защите охраняемых зон ограниченного доступа, контролируемых зон, обеспечению пропускного и внутриобъектового режимов, охране оборудования, зданий и сооружений, расположенных в охраняемой зоне объекта УТО, а также контролю и досмотру работников, посетителей, пассажиров, ручной клади, багажа, проходящих в контролируемые зоны объекта УТО.

      К объектам УТО железнодорожной инфраструктуры относятся:

      1) административное зданием Компании;

      2) железнодорожные вокзалы "внеклассные";

      3) железнодорожные вокзалы "1" класса;

      4) железнодорожные вокзалы "2" класса;

      5) железнодорожные вокзалы "3" класса.

      Классность вокзалов определяется приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 31 "Об утверждении Методики определения класса железнодорожных вокзалов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10300).";

      пункт 72 изложить в следующей редакции:

      "72. Железнодорожные вокзалы "2" и "3" класса оснащаются системой оповещения, средством резервного электроснабжения, системой охранной телевизионной, средством связи, системой контроля и управления доступом.".

      2. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
М. Карабаев

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан