"Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34412 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17520 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) стипендиялық бағдарламалардың Операторы болып табылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комиссия осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген Оператор ұсынған құжаттарды қарастырады және осы Қағидалардың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес өлшемшарттар негізінде стипендиаттардың негізгі және резервтік тізімдерін құрастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 октября 2018 года № 548 "Об утверждении Правил отбора претендентов для участия в стипендиальных программах"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 мая 2024 года № 240. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 мая 2024 года № 34412

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан 8 октября 2018 года № 548 "Об утверждении Правил отбора претендентов для участия в стипендиальных программах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17520) следующие изменения:

      в Правилах отбора претендентов для участия в стипендиальных программах, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Оператором стипендиальных программ является акционерное общество "Центр международных программ" (далее – Оператор).";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Комиссия рассматривает представленные Оператором документы, указанные в пунктах 8, 9 и 10 настоящих Правил, и составляет основной и резервные списки стипендиатов на основе критериев согласно приложениям 2, 3 и 4 настоящих Правил.".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек