"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 24) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.09.2023 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз түріндегі және электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығымен бекітілген |
Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 18.09.2023 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 24) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардың білім алуы үшін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
2) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар - Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс аймақтарда тұратын этникалық қазақтар;
4) оқу үлгерімінің орташа балы (GPA - Grade Point Average (Грейд Пойнт Эверейдж)) - аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
5) стипендия - білім алушыларға олардың тамақтануына, тұруына және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығыстарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
6) стипендиялық бағдарламалар - қазақстандық ЖЖОКБҰ-да шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын бағдарламалар.
2-тарау. Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу тәртібі
3. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) стипендиялық бағдарламалардың Операторы болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.05.2024 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Оператор өзінің порталында үміткерлерден құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы хабарландыруды құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын орналастырады.
5. Стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылғы 30 наурыз бен 31 мамыр аралығында.
6. Оператор стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдауды Оператордың порталы арқылы онлайн-режимде жүзеге асырады.
7. Үміткер, егер ол осы деңгейлердің әрқайсысында бірінші рет білім алатын болса, стипендиялық бағдарлама бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады.
8. Үміткер Оператор порталы арқылы бакалавриат даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, оның ішінде "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес босқын куәлігі;
2) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы. Бакалавриатқа түсушілер үшін – орта білім туралы құжаттың орташа балы - кем дегенде "жақсы" (босқын куәлігі бар тұлғалардан басқа). Олар болмаған жағдайда үміткер оқитын ұйымның анықтамасы, қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса ағымдағы кезеңдегі бағалары туралы мәліметтер ұсынылады;
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;
4) үміткер оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыным хаты;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса).
9. Үміткер Оператор порталы арқылы магистратура даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр немесе маман дипломының орташа балы кемінде 3.0 (4.0-ден) GPA немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы;
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;
4) үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыным хат;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса);
8) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл - кемінде 46,
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл - кемінде 453,
International English Language Tests System Аcademic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик (IELTS Academic (АЙЛТС Академик), шекті балл - кемінде 5.5;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі),
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун ниво В2) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес),
Diplome d’Etudes en Langue français - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue français - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), B2 деңгейі),
Test de connaissance du français - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 400 ұпай.
Қытай тілін меңгеру бойынша HSK – Hanyu Shuiping Kaushi (Эйч эс кей – Ханьюй Шуйпин Каоши), 4-деңгейден төмен емес.
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тұрғылықты елінде үміткер таңдаған тілі білім берудің алдыңғы деңгейлерінде ресми немесе оқыту тілі болып табылатын, оқу орнын бітіру мерзімі 5 жылдан аспайтын тұлғалар үшін талап етілмейді.
10. Үміткер Оператор порталы арқылы докторантура даярлау бағыты бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) транскрипті және қосымшасы бар (бар болса) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы (бакалавр немесе маман дипломының орта балы кемінде 3.0 (4.0-ден) GPA немесе оның білім беру мекемелерінде алынған баламасы;
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі уәждемелік эссе;
4) үміткер оқыған білім беру ұйымынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыным хат;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
7) қазақстандық ЖЖОКБҰ-дан шақыру хат (бар болса);
8) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл - кемінде 46,
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл - кемінде 453,
International English Language Tests System Аcademic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик (IELTS Academic (АЙЛТС Академик), шекті балл - кемінде 5.5;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі),
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун ниво В2) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B2 деңгейден төмен емес),
Diplome d’Etudes en Langue français - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі),
Diplome Approfondi de Langue français - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), B2 деңгейі),
Test de connaissance du français - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 400 ұпай.
Қытай тілін меңгеру бойынша HSK – Hanyu Shuiping Kaushi (Эйч эс кей – Ханьюй Шуйпин Каоши), 4-деңгейден төмен емес.
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тұрғылықты елінде үміткер таңдаған тілі білім берудің алдыңғы деңгейлерінде ресми немесе оқыту тілі болып табылатын, оқу орнын бітіру мерзімі 5 жылдан аспайтын тұлғалар үшін талап етілмейді;
9) диссертациялық зерттеу тақырыбына оқу тіліндегі негіздеме (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде).
11. Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіне үміткерлерді іріктеу кезінде білімі туралы құжатты бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
12. Тұлғаларды оқуға қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) сәйкес шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат нострификация рәсімінен өтеді.
13. Үміткерлер ұсынған құжаттарды олар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Оператор осы Қағидалардың 8 немесе 9 немесе 10-тармақтарында көрсетілген құжаттардың болуы тұрғысынан тексереді.
14. Осы Қағидалардың 8 немесе 9 немесе 10-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде үміткерлер бейімделу әлеуетін анықтау үшін онлайн-тестілеуге рұқсат алады.
Осы Қағидалардың 8 немесе 9 немесе 10-тармақтарында көрсетілген құжаттар сәйкес келмеген жағдайда үміткерге құжаттарды тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауапты ұсына отырып хабарлама жіберіледі.
Бұл ретте, үміткерге осы Қағидаларға толық сәйкес келген жағдайда стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін қайта тіркеуден өту мүмкіндігі беріледі.
15. Оператор өтініш берушінің бейімделу әлеуетін анықтау үшін онлайн тестілеуден (бұдан әрі – онлайн-тестілеу) өтуге сілтеме жібереді.
Онлайн тестілеу 80 сұрақты қамтиды, өту уақыты – 120 минут, өту мерзімі – онлайн тестілеуге рұқсат алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн.
Онлайн-тестілеу нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Онлайн тестілеу нәтижесі порталда "Тестілеу" бөлімінде атауы, тест түрі, ұпайы, өткізілген уақыты, жеткізу күні көрсетіледі.
16. Онлайн-әңгімелесуге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес онлайн-тестілеуде стресске төзімділіктің орташа немесе жоғары деңгейін алған үміткер жіберіледі.
Онлайн-әңгімелесу үміткер одан әрі оқу үшін таңдаған тілді меңгерудің жалпы деңгейін, таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша үміткерді оқыту мақсаттарын анықтау және үміткер туралы деректерді нақтылау үшін жүргізіледі.
Онлайн-тестілеуден өткеннен кейін Оператор үміткерге күні мен уақыты көрсетілген онлайн-әңгімелесуді өткізу бойынша хатты үміткер көрсеткен поштаға жібереді.
Осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес стреске төзімділіктің орта немесе жоғары деңгейімен баға алған үміткерлер онлайн-әңгімелесуге жіберіледі.
Онлайн-әңгімелесу оператор порталында "Вебинар", сондай-ақ бейнеконференц-байланысы арқылы өткізіледі.
Онлайн-әңгімелесу нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Онлайн-әңгімелесу үміткер құжаттарды тапсырған кезде одан әрі оқу үшін таңдалған тілде жүргізіледі. Құжаттарды тапсыру кезеңінде тілді таңдау кезінде үміткердің қателігі анықталған жағдайда, онлайн-әңгімелесу онлайн-әңгімелесудің басында өзі таңдаған тілде жүргізіледі.
17. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаларға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен стипендиаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
18. Комиссия ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның төрағасы жетекшілік ететін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның вице-министрі болып табылады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады. Комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және күнтізбелік жылдың 30 шілдеге дейін өткізіледі.
19. Комиссия осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген Оператор ұсынған құжаттарды қарастырады және осы Қағидалардың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес өлшемшарттар негізінде стипендиаттардың негізгі және резервтік тізімдерін құрастырады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.05.2024 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуде үміткерлердің балдары тең болған жағдайда, орта білімді растайтын құжаттың үлгерімінің орташа балы ескеріледі.
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуде үміткерлердің балдары тең болған жағдайда, шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA ескеріледі.
21. Комиссияның шешімі негізінде стипендиаттардың тізімі күнтізбелік жылғы 1 тамызға дейін ЖЖОКБҰ жіберіледі және Оператор порталында орналастырылады.
ЖЖОКБҰ күнтізбелік жылғы 5 тамызға дейін стипендиаттарға іріктеу нәтижелері туралы электрондық хабарлама жібереді.
22. ЖЖОКБҰ күнтізбелік жылғы 20 тамызға дейін білім беру бағдарламасын және оқу мерзімін көрсете отырып, шетел азаматтарын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды қабылдау туралы бұйрық шығарады.
23. Стипендиат стипендиядан бас тартқан жағдайда, оны ауыстыруды Оператор резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес стипендиат электрондық хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде стипендиат тарапынан ЖЖОКБҰ-мен кері байланыс болмаған жағдайда ЖЖОКБҰ стипендиатты білім алушылар тізімінен шығарады, оны ауыстыруды резервтік тізімнің кезектілігіне сәйкес Оператор жүзеге асырады.
Стипендиялық бағдарламаларға қатысуға үміткерлерді іріктеу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтініш
Аты (name) | Азаматтығы | ||
Тегі (surname) | Паспорт нөмірі | ||
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Кім берді | ||
Туған күні | Қашан берілді | ||
Туған жері | Аяқталу мерзімі | ||
Тұрақты мекен-жайы | |||
Телефон | |||
Жұмыс орны | |||
Бұрынғы оқу орнының атауы, оның орналасқан жері |
Бұрынғы білім деңгейі туралы мәліметтер:
Менің білімім бар:
орта білім
жоғары білім (бакалавр)
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистр)
Бұрын оқыған шет тілі / оның деңгейі:
Ағылшын тілі,
Неміс тілі,
Француз тілі,
Басқа _________________________.
А1. Beginner
А2. Elementary
B1. Intermediate
B2. Upper intermediate
C1. Advanced
C2. Proficiency
Оқуға қабылдауыңызды сұраймын:
Білім деңгейі | Бакалавриат Магистратура Докторантура |
Мамандығы |
______________ (Үміткердің қолы)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өзімнің жеке деректерімді өңдеуге келісемін.
Стипендиялық бағдарламаларға қатысуға үміткерлерді іріктеу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіне үміткерлерді іріктеу өлшемшарттары Білім туралы құжатты бағалау
GPA | 4-3.75 | 3.74-3.50 | 3.49-3.25 | 3.24-3.00 |
Балдары | 100-95 | 94-88 | 87-81 | 80-75 |
Орташа балл | 5.0-4.75 | 4.74-4.50 | 4.49-4.25 | 4.24-4.00 |
Берілген балл | 20 | 15 | 10 | 5 |
Жалпы баллы |
Стипендиялық бағдарламаларға қатысуға үміткерлерді іріктеу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Бейімделу әлеуетін анықтау үшін онлайн тестілеу нәтижелерін бағалау
Көрсеткіштер | Жоғары стресс тұрақтылық | Орташа стресс тұрақтылық | Төмен стресс тұрақтылық | ||
Тестілеу нәтижесі | 0-30 балл | 31-60 балл | 61-85 балл | 86-110 балл | 111-160 балл |
Берілген балл | 20 | 15 | 10 | 5 | 0 |
Жалпы балл |
Стипендиялық бағдарламаларға қатысуға үміткерлерді іріктеу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Онлайн әңгімелесу нәтижелерін бағалау
Көрсеткіштер | Жауаптардың толықтығы, мамандықты білуі | Дәлелдер, дәлелдерді дәлелдеу, негіздеу және қорытындылар | ||
Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | |
5 | 5 | |||
4 | 4 | |||
3 | 3 | |||
2 | 2 | |||
1 | 1 | |||
Бағасы |
Мотивациялық эссені бағалау
Көрсеткіштер | Жауаптардың толықтығы | Дәлелдер, дәлелдерді дәлелдеу, негіздеу және қорытындылар | Автордың дербестігі және жеке ұстанымы | Семантикалық тұтастық, сөйлеу үйлесімділігі және баяндау реттілігі | ||||||
Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | |||
5 | 5 | 5 | 5 | |||||||
4 | 4 | 4 | 4 | |||||||
3 | 3 | 3 | 3 | |||||||
2 | 2 | 2 | 2 | |||||||
1 | 1 | 1 | 1 | |||||||
Бағасы |
Диссертациялық зерттеу тақырыбының негізделуін бағалау (докторантураға түсушілер үшін)
Көрсеткіштер | Зерттеу тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңалық дәрежесі | Зерттеу тақырыбының негізділік дәрежесі, міндеттері | Зерттеудің практикалық маңыздылығы | Басылымдардың болуы | ||||
Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | Балл | Сарапшы бағасы | |
5 | 5 | 5 | 5 | |||||
4 | 4 | 4 | 4 | |||||
3 | 3 | 3 | 3 | |||||
2 | 2 | 2 | 2 | |||||
1 | 1 | 1 | 1 | |||||
Бағасы |