БҰЙЫРАМЫН:
1. "Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17520 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cтипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) стипендиялық бағдарламалардың Операторы болып табылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комиссия осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында көрсетілген Оператор ұсынған құжаттарды қарастырады және осы Қағидалардың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес өлшемшарттар негізінде стипендиаттардың негізгі және резервтік тізімдерін құрастырады.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |