Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 маусымда № 75/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 маусымда № 34454 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12-тармағының бесінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 249-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 75/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12-тармағының бесінші бөлігіне (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 15-тармағының 249-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін (бұдан әрі – білім алушылар) әскери, арнаулы оқу орындарынан (бұдан әрі – ӘАОО) немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу тәртібін анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК), білім алушы және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасында жасалған халықаралық шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес көзделген тәртіпте білім алушы шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген жағдайда кадр бөлімшелері:

      курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық шығарады;

      магистранттар мен докторанттар үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыныс жібереді.

      Білім алушыны шет мемлекеттердің білім беру ұйымынан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарылғаннан кейін кадр бөлімшесі "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" ҰҚК Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 85 қе бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15917 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қе бұйрық) көзделген тәртіппен оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебін дайындайды.

      3. Білім алушыны ӘАОО-дан шығарып жіберу:

      1) үлгермеушілік бойынша;

      2) теріс себептер бойынша;

      3) өз еркі бойынша;

      4) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты;

      5) қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан кезде жүргізіледі.

      4. ӘАОО-дан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан оны оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеуді талап ететін негіздер бойынша оқудан шығарып жіберуге жататын білім алушымен кадр қызметіне жетекшілік ететін ӘАОО бастығының орынбасары ӘАОО-дан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан оқудан шығарып жіберу кезінде оны оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу жөніндегі міндеттемелердің болуы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.

      5. Өткізілген әңгімелесудің барысы мен нәтижелері туралы мәліметтер әңгімелесу парағы түрінде ресімделеді.

      Әңгімелесу парағы еркін нысанда, білім алушының жеке ісіне қоса тіркелетін бір данада жасалады, оған әңгімелесуді жүргізген адам және оқудан шығарылуға жататын білім алушы қол қояды.

      6. ӘАОО-дан шығарылғандарға транскрипт (академиялық анықтама) беріледі.

      7. ӘАОО-дан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілгендер, егер олар әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген болса, тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қою үшін жіберіледі және одан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жалпы негіздерде әскери қызметке шақырылады.

      ӘАОО кадр бөлімшелері ҰҚК Кадрлар департаментіне білім алушыны ӘАОО-дан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      8. ӘАОО-да немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында білім алушыны оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу № 85 қе бұйрығында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      9. ӘАОО-ға қайта қабылдау "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 39-бабында және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13121 болып тіркелген) көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Үлгермеушілігі бойынша ӘАОО-дан шығарып жіберу тәртібі

      10. Білім алушыны ӘАОО-дан шығарып жіберу "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттесттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 8/ҚБП бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13116 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 8/ҚБП бұйрық) белгіленген мерзімде жойылмаған академиялық берешегі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      11. Білім алушының академиялық берешегін жою мерзімдерін ӘАОО оқу-әдістемелік бөлімшесі пәндер бойынша академиялық берешекті жою кестесіне сәйкес белгілейді.

      12. Білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы шешімді № 8/ҚБП бұйрығында көзделген негіздерді басшылыққа ала отырып, оқу жұмысына жетекшілік ететін ӘАОО бастығының орынбасарымен келісілген оқу-әдістемелік бөлімше бастығының ұсынымы (баянаты) негізінде ӘАОО бастығы қабылдайды.

      13. Баянатқа білім алушымен академиялық берешек туындаған сәттен бастап жүргізілген әңгімелесу парақтары және № 8/ҚБП бұйрығына сәйкес әзірленетін ӘАОО академиялық берешегін жою кестесіне сәйкес академиялық берешекті жою қажеттігі туралы ол қол қойған хабарламалар қоса беріледі.

      Сонымен бірге академиялық берешекті жою қажеттігі туралы хабарлама еркін нысанда жасалады.

      14. Оқу-әдістемелік бөлімшенің бастығы ӘАОО бастығына білім алушыны оқудан шығарып жіберу үшін негіздер басталған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оқушыны оқудан шығарып жіберу туралы ұсыным (баянат) енгізеді.

      15. ӘАОО кадр бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:

      курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық шығарады;

      магистранттар мен докторанттар үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыныс жібереді.

      Білім алушылардың жеке істері ӘАОО кадр бөлімшелерінде білім алушы ӘАОО-дан шығарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.

3-тарау. Теріс себептер бойынша ӘАОО-дан шығару тәртібі

      16. Білім алушыны ӘАОО-дан теріс себептермен шығарып жіберу туралы шешімді ӘАОО бастығы тәрбие жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ӘАОО бастығының орынбасарымен келісілген оқу бөлімшесі басшысының дәлелді баянаты негізінде қабылдайды.

      Баянатқа қызметтік тергеп-тексеру материалдары қоса беріледі.

      17. Білім алушыны ӘАОО-дан теріс себептермен шығарып жіберу ҰҚО қызметкерлері үшін Заңының 51-бабының 14-тармағында және ҰҚО әскери қызметшілері үшін "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

      18. Теріс себептер бойынша білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда ӘАОО кадр бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде білім алушыны жұмыстан шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық шығарады.

      Білім алушылардың жеке істері ӘАОО кадр бөлімшелерінде білім алушы ӘАОО-дан шығарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.

4-тарау. Өз бастамасы бойынша ӘАОО-дан оқудан шығарып жіберу тәртібі

      19. Білім алушыны өз еркі бойынша оқудан шығарып жіберу туралы шешімді ӘАОО бастығы оқудан шығарып жіберу себептерін көрсете отырып, ӘАОО бастығының атына білім алушының баянаты негізінде қабылдайды.

      20. ӘАОО бастығы кадр бөлімшесіне екі жұмыс күні ішінде баянатта баяндалған фактілерді тексеру үшін білім алушымен әңгіме жүргізуді тапсырады.

      21. ӘАОО кадр бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:

      курсанттар (тыңдаушылар) үшін – шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық шығарады;

      магистранттар мен докторанттар үшін – органның тиісті кадр бөлімшесіне лауазымынан босату және ол жіберілген бөлімше бастығының қарамағына қабылдау туралы ұсыным жібереді.

      Білім алушылардың жеке істері ӘАОО кадр бөлімшелерінде білім алушы ӘАОО-дан шығарылған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады.

      22. ӘАОО-дан шығарылған магистранттар мен докторанттар осы тарауда көзделген негіз бойынша олар жіберілген бөлімшелерге қайтарылады.

5-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты ӘАОО-дан шығарып жіберу тәртібі

      23. Білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы шешімді ӘАОО бастығы білім алушының ӘАОО бастығының атына жазылған баянаты негізінде қабылдайды, оған Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының түпнұсқасы немесе көшірмесі қоса беріледі.

      Білім алушыға Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының көшірмесі ұсынылған жағдайда кадр бөлімшесі ұсынылған көшірмені түпнұсқамен салыстырады.

      24. Білім алушыны ӘАОО-дан шығарып жіберу, оны ҰҚО-дағы қызметтен шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау ӘАОО бастығының бұйрығымен Заң 51-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

6-тарау. Қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан кезде ӘАОО-дан шығарып жіберу тәртібі

      25. Қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан кезде, білім алушыны оқудан шығарып жіберу туралы шешімді ӘАОО бастығы білім алушы ӘАОО бастығының атына қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тарту себептерін көрсеткен баянаты негізінде қабылдайды.

      26. ӘАОО бастығының тапсырмасы бойынша кадр бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде оны жұмыстан шығару және жеке құрам тізімінен алып тастау туралы бұйрық дайындайды.

Об утверждении Правил отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 июня 2024 года № 75/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июня 2024 года № 34454

      В соответствии с частью пятой пункта 12 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах Республики Казахстан" и подпунктом 249-1) пункта 15 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств.

      2. Департаменту кадров Комитета национальной безопасности Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. С настоящим приказом ознакомить сотрудников, военнослужащих и работников органов национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

  Утверждены приказом
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 4 июня 2024 года № 75/қе

Правила отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан из военных, специальных учебных заведений или организаций образования иностранных государств (далее – Правила) разработаны в соответствии с частью пятой пункта 12 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах" (далее – Закон), подпунктом 249-1) пункта 15 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, и определяют порядок отчисления сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан (далее – обучающийся) из военных, специальных учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан (далее – ВСУЗ) или организаций образования иностранных государств.

      2. В случае отчисления обучающегося из организации образования иностранных государств в порядке, предусмотренном в соответствии с международными договорами (контрактами), заключенными между Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ), обучающимся и организациями образования иностранных государств, кадровое подразделение:

      для курсантов (слушателей) – готовит приказ об увольнении и исключении из списков личного состава;

      для магистрантов и докторантов – направляет в соответствующее кадровое подразделение органа представление об освобождении от должности и зачислении в распоряжение начальника подразделения, откуда он был направлен.

      После издания приказа об отчислении обучающегося из организаций образования иностранных государств кадровое подразделение готовит сводный расчет фактических затрат, затраченных на обучение в порядке предусмотренном приказом Председателя КНБ от 27 сентября 2017 года № 85 нс "Об утверждении Правил возмещения государству денег, затраченных на обучение военнослужащих в военных, специальных учебных заведениях органов национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15917) (далее - Приказ № 85 нс).

      3. Отчисление обучающегося из ВСУЗ производится:

      1) по неуспеваемости;

      2) по отрицательным мотивам;

      3) по собственной инициативе;

      4) в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан;

      5) при отказе заключить контракт о прохождении службы.

      4. С обучающимся, подлежащим отчислению из ВСУЗ или организаций образования иностранных государств по основаниям, требующим возмещения государству денег, затраченных на его обучение, заместитель начальника ВСУЗ, курирующий кадровую деятельность, проводит беседу с целью разъяснения требований законодательства Республики Казахстан о наличии обязательств при отчислении из ВСУЗ или организаций образования иностранных государств по возмещению государству денег, затраченных на его обучение.

      5. Сведения о ходе и результатах состоявшейся беседы оформляются в виде листа беседы.

      Лист беседы составляется в произвольной форме, подписывается лицом, проводившим беседу, и обучающимся, подлежащим отчислению, в одном экземпляре, который приобщается в его личное дело.

      6. Отчисленным из ВСУЗ выдается транскрипт (академическая справка).

      7. Отчисленные из ВСУЗ или организаций образования иностранных государств, если они не выслужили установленного срока воинской службы по призыву, направляются для постановки на воинский учет по месту жительства и в дальнейшем призываются на воинскую службу на общих основаниях, в порядке, предусмотренном законодательством и нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      Кадровые подразделения ВСУЗ информируют Департамент кадров КНБ об отчислении обучающегося из ВСУЗ или организаций образования иностранных государств в течение пяти рабочих дней со дня издания приказа.

      8. Возмещение государству денег, затраченных на обучение обучающегося в ВСУЗ или организациях образования иностранных государств, осуществляется в порядке, предусмотренном Приказом № 85 нс.

      9. Восстановление в ВСУЗ осуществляется в порядке, предусмотренном статьей 39 Закона "О воинской службе и статусе военнослужащих" и приказом Председателя КНБ от 13 января 2016 года № 3 "Об утверждении Правил перевода и восстановления в военные, специальные учебные заведения органов национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13121).

Глава 2. Порядок отчисления из ВСУЗ по неуспеваемости

      10. Отчисление обучающегося из ВСУЗ осуществляется в случае академической задолженности, не ликвидированной в сроки, установленные приказом Председателя КНБ от 13 января 2016 года № 8/ДСП "Об утверждении Правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся военных, специальных учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13116) (далее – Приказ № 8/ДСП).

      11. Сроки ликвидации академической задолженности обучающегося устанавливаются учебно-методическим подразделением ВСУЗ в соответствии с графиком ликвидации академической задолженности по дисциплинам.

      12. Решение об отчислении обучающегося принимает начальник ВСУЗ на основании представления (рапорта) начальника учебно-методического подразделения, согласованного с заместителем начальника ВСУЗ, курирующего учебную работу, руководствуясь основаниями, предусмотренными Приказом № 8/ДСП.

      13. К рапорту прилагаются листы беседы с обучающимся, которые проводились с момента возникновения академической задолженности, и подписанные им уведомления о необходимости ликвидировать академическую задолженность согласно графику ликвидации академической задолженности ВСУЗ, разрабатываемому в соответствии с Приказом № 8/ДСП.

      При этом уведомление о необходимости ликвидировать академическую задолженность составляется в произвольной форме.

      14. Начальник учебно-методического подразделения вносит представление (рапорт) начальнику ВСУЗ об отчислении обучающегося не позднее трех рабочих дней с момента наступления оснований для отчисления обучающегося.

      15. Кадровое подразделение ВСУЗ в течение двух рабочих дней:

      для курсантов (слушателей) – издает приказ об увольнении и исключении из списков личного состава;

      для магистрантов и докторантов – направляет в соответствующее кадровое подразделение органа представление об освобождении от должности и зачислении в распоряжение начальника подразделения, откуда он был направлен.

      Личные дела обучающихся хранятся в кадровых подразделениях ВСУЗ в течение одного года с момента увольнения обучающегося из ВСУЗ.

Глава 3. Порядок увольнения из ВСУЗ по отрицательным мотивам

      16. Решение об отчислении обучающегося из ВСУЗ по отрицательным мотивам принимается начальником ВСУЗ на основании мотивированного рапорта руководителя учебного подразделения, согласованного с заместителем начальника ВСУЗ, курирующим вопросы воспитательной работы.

      К рапорту прилагаются материалы служебного расследования.

      17. Отчисление обучающегося из ВСУЗ по отрицательным мотивам осуществляется в случаях, предусмотренных пунктом 14 статьи 51 Закона для сотрудников ОНБ и пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" для военнослужащих ОНБ.

      18. В случае принятия решения об отчислении обучающегося по отрицательным мотивам кадровое подразделение ВСУЗ в течение двух рабочих дней издает приказ об увольнении и исключении обучающегося из списков личного состава.

      Личные дела обучающихся хранятся в кадровых подразделениях ВСУЗ в течение одного года с момента увольнения обучающегося из ВСУЗ.

Глава 4. Порядок отчисления из ВСУЗ по собственной инициативе

      19. Решение об отчислении обучающегося по собственной инициативе принимает начальник ВСУЗ на основании рапорта обучающегося на имя начальника ВСУЗ с указанием причин отчисления.

      20. Начальник ВСУЗ поручает кадровому подразделению в течение двух рабочих дней провести беседу с обучающимся для проверки фактов, изложенных в рапорте.

      21. Кадровое подразделение ВСУЗ в течение двух рабочих дней:

      для курсантов (слушателей) – издает приказ об увольнении и исключении из списков личного состава;

      для магистрантов и докторантов – направляет в соответствующее кадровое подразделение органа представление об освобождении от должности и зачислении в распоряжение начальника подразделения, откуда он был направлен.

      Личные дела обучающихся хранятся в кадровых подразделениях ВСУЗ в течение одного года с момента увольнения обучающегося из ВСУЗ.

      22. Магистранты и докторанты, отчисленные из ВСУЗ по основанию, предусмотренному настоящей главой, возвращаются в подразделения, откуда они направлены.

Глава 5. Порядок отчисления из ВСУЗ в связи с прекращением гражданства Республики Казахстан

      23. Решение об отчислении обучающегося принимает начальник ВСУЗ на основании рапорта обучающегося на имя начальника ВСУЗ, к которому прилагается подлинник или копия Указа Президента Республики Казахстан о прекращении гражданства Республики Казахстан.

      В случае предоставления обучающимся копии Указа Президента Республики Казахстан о прекращении гражданства Республики Казахстан, кадровое подразделение сверяет предоставленную копию с подлинником.

      24. Отчисление обучающегося из ВСУЗ, его увольнение со службы в ОНБ и исключение из списков личного состава производятся приказом начальника ВСУЗ в порядке, предусмотренном пунктом 10 статьи 51 Закона.

Глава 6. Порядок отчисления из ВСУЗ при отказе заключить контракт о прохождении службы

      25. Решение об отчислении обучающегося при отказе заключить контракт о прохождении службы принимает начальник ВСУЗ на основании рапорта обучающегося на имя начальника ВСУЗ, в котором обучающийся излагает причины своего отказа от заключения контракта о прохождении службы.

      26. По поручению начальника ВСУЗ кадровое подразделение в течение трех рабочих дней готовит приказ об увольнении и исключении его из списков личного состава.