ПРИКАЗЫВАЮ:
1. "Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Оператор астықтың резервтік қорын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есепті ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 6 маусымдағы № 189 бұйрығына қосымша |
|
Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларға қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 1-ЗЗ
Жиілігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20______жылғы_____тоқсан
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: астық нарығы жөніндегі оператор
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде
Тоқсанның соңына
№ | Астық қабылдау кәсіпорнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Астық қабылдау кәсіпорнының атауы | Астық қабылдау кәсіпорнының мекенжайы | Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды | Астық көлемі, тонна |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Атауы_____________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________
Телефоны__________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы_________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________
(қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
"Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
4. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
5. 2-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. 3-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі.
7. 4-бағанда астық қабылдау кәсіпорнының мекенжайы көрсетіледі.
8. 5-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды көрсетіледі.
9. 6-бағанда астық қабылдау кәсіпорнында сақталатын астық көлемі тоннамен көрсетіледі.