"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 19 маусымдағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 маусымда № 34523 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31915 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 235-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілікті беру тәртібін айқындайды.";

      6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 702 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не өз құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындысы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Алдын ала тізбеге енгізілген орта білім беру объектісінің сипаттамалары өзгерген не оны Алдын ала тізбеден алып тастау қажет болған кезде ЖАО уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бұрын бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған және азаматтық-құқықтық мәмілелері аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген объектілерді қоспағанда, құрылысы Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілері бойынша басқа көздер есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. ЖАО тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Уәкілетті органға әрбір жоба бөлінісінде қаражатты игеру (құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға арналған шығыстар бөлінісінде), орындалған жұмыстардың көлемі, объектінің дайындығы, объектіні пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі, құрылған уақытша жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қор шотының қаражатын пайдалану туралы есепті ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Е. Оспан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 150 бұйрығына
қосымша
  Білім беру инфрақұрылымын
қолдау қорының қаражатын
бөлу, жұмсау, мониторингтеу
және есептілігі қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Уәкілетті органға ұсынылады.

      Әкімшілік деректер нысаны www.edu.gov.kz интернет-ресурсындаа орналастырылған

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп

      Есепті кезең: ______тоқсан _______жыл

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 – (ИО)

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде

№ п/п

Инвести циялық жобаның атауы

Техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының № және қорытынды күні

Құры лыс тың смета лық құны (мың теңге)

Өнім беру шімен жасал ған шарт тың №, күні, айы, жылы

Шарт бой ынша құны (мың теңге)

Өнім беруші

Өнім бе рушінің бизнес сәйкес тіндіру нөмірі

Қор қара жатын үнемдеу (мың теңге)

Оның ішінде:

Төленген міндет
темелер сомасы (мың теңге)

Шарт бойынша төленбе ген міндетте мелердің қалдығы (мың теңге)

% нысан ның дайындығы

қор дың қа ра жа ты есебі нен

жергілікті бюд жет есебінен

мемле кеттік сатып алу нәтиже лері бойын ша үнемдеу (мың теңге)

басқалай үнемдеу (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















      Әкім (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана)

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы

      функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның

      басшысы ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны

      Қаржы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын

      жергілікті атқарушы органның басшысы

      ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны

      Ескертпе: "Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

  "Білім беру инфрақұрылымын
қолдау жөніндегі жергілікті
атқарушы орган шотының
қаражатын пайдалану туралы
есеп" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы орган шотының қаражатын пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      Индексі: 1 – (Білім беру инфрақұрылымы)

      Жиілігі: тоқсан сайын

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме жергілікті атқарушы органдардың білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотының қаражатын пайдалану туралы есебін жасауға және ұсынуға арналған.

      2. Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен толтырылады.

      3. Есепке облыс әкімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның басшысы және қаржы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын басшы қол қояды. Есеп уәкілетті органға электрондық нұсқада ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      4. 1-бағанда инвестициялық жобаның реттік нөмірі көрсетіледі;

      5. 2-бағанда инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;

      6. 3-бағанда техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының № және қорытынды күні көрсетіледі;

      7. 4-бағанда құрылыстың сметалық құны көрсетіледі;

      8. 5-бағанда өнім берушілермен жасалған шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

      9. 6-бағанда қор қаражаты есебінен шарт бойынша құны көрсетіледі;

      10. 7-бағанда жергілікті бюджет есебінен шарт бойынша құны көрсетіледі;

      11. 8-бағанда өнім берушінің атауы көрсетіледі;

      12. 9-бағанда өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      13. 10-бағанда қаражаттың үнемделуі көрсетіледі;

      14. 11-бағанда Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу көрсетіледі;

      15. 12- бағанда өзге де үнемдеу көрсетіледі;

      16. 13-бағанда төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

      17. 14-бағанда шарт бойынша төленбеген міндеттемелердің қалдығы көрсетіледі;

      18. 15-бағанда орта білім беру объектісінің дайындық пайызы көрсетіледі.

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 17 февраля 2023 года № 38 "Об утверждении Правил распределения, расходования, мониторинга и отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования"

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 19 июня 2024 года № 150. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2024 года № 34523

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 17 февраля 2023 года № 38 "Об утверждении Правил распределения, расходования, мониторинга и отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31915) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 235-21) пункта 15 Положения о Министерстве просвещения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах распределения, расходования, мониторинга и отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила распределения, расходования, мониторинга и отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и подпунктом 235-21) пункта 15 Положения о Министерстве просвещения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581, и определяют порядок распределения, расходования, мониторинга и предоставления отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования.";

      подпункт 7) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "7) экспертного заключения по техническому обследованию надежности и устойчивости зданий и сооружений выданного экспертом, имеющим соответствующий аттестат на право осуществления технического обследования надежности и устойчивости зданий и сооружений, либо аккредитованной организацией, имеющей в своем составе аттестованных экспертов в cоответствии с Правилами осуществления технического обследования надежности и устойчивости зданий и сооружений, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 702 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12425).";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. При изменении характеристик объекта среднего образования, включенного в Предварительный перечень, либо необходимости его исключения из Предварительного перечня, МИО в письменной форме уведомляет Уполномоченный орган.";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. По объектам среднего образования, строительство которых финансируется за счет средств Фонда, финансирование за счет других источников не допускается, за исключением объектов по которым гражданско-правовые сделки ранее финансировались за счет средств бюджета и зарегистрированы в территориальных подразделениях казначейства.";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. МИО ежеквартально, в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом, представляют Уполномоченному органу отчет об использовании средств счета Фонда по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам с приложением пояснительной записки, содержащей информацию об освоении средств (в разрезе расходов на строительно-монтажные работы, управление проектом, авторский и технический надзор), объемах выполненных работ, о готовности объекта, планируемом сроке ввода объекта в эксплуатацию, количестве созданных временных рабочих мест в разрезе каждого проекта.";

      приложение 2 к указанному приказу изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департамент по развитию инфраструктуры Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
Е. Оспан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 19 июня 2024 года № 150
  Приложение 2 к Правилам
распределения, расходования,
мониторинга и отчетности
средств Фонда поддержки
инфраструктуры образования
  Форма

      Представляется: в уполномоченный орган.

      Форма административных данных размещена на интернет – ресурсе: www.edu.gov.kz

Форма предназначенная для сбора административных данных

Отчет об использовании средств счета местного исполнительного органа по поддержке инфраструктуры образования

      Отчетный период: ______квартал _______год

      Индекс формы административных данных: 1 – (ИО)

      Периодичность: ежеквартальная

      Круг лиц, представляющих информацию: местные исполнительные органы

      Срок представления формы административных данных: – ежеквартально, в срок до 5 числа месяца, следующего за отчетным периодом

№ п/п

Наимено вание инвестици онного проекта

№ и дата заклю чения комп лексной вневе домственной экспертизы технико- экономи ческого обоснова ния и проектно-сметной документации

Сметная стоимость строи тельства (тысяч тенге)

№ и дата заклю ченного догово ра с постав щиком

Стоимость по договору (тысяч тенге)

Пос тав щик

Биз нес- иден тифи кацион ный номер постав щика

Экономия сред ств Фонда (тысяч тенге)

в том числе:

Сумма опла чен ных обяза тель ств (тысяч тенге)

Остаток не опла ченных обяза тельств по до говору (тысяч тенге)

% готов ности объекта

за счет средств Фонда

за счет сред ств местного бюджета

эконо мия по результатам государ ствен ных закупок (тысяч тенге)

прочая экономия (тысяч тенге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15































      Аким (области, города республиканского значения, столицы)
_________________________________________________________________________
                  (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Место печати

      Руководитель местного исполнительного органа,
осуществляющего функции в сфере архитектуры,
градостроительства и строительства ___________________________________________
                        (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Место печати

      Руководитель местного исполнительного органа,
осуществляющего функции в сфере финансов ____________________________________
                        (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Место печати

      Примечание: Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет об использовании средств счета местного исполнительного органа по поддержке инфраструктуры образования", приведено в приложении к настоящей Форме.

  Приложение к форме,
предназначенной для сбора
административных данных
"Отчет об использовании
средств счета местного
исполнительного органа по
поддержке инфраструктуры
образования"

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет об использовании средств счета местного исполнительного органа по поддержке инфраструктуры образования"

      Индекс: 1 – (Инфраструктура образования)

      Периодичность: ежеквартальная

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных предназначено для составления и представления местными исполнительными органами, отчета об использовании средств счета местного исполнительного органа по поддержке инфраструктуры образования.

      2. Все показатели в стоимостном выражении заполняются в тысячах тенге без десятичного знака.

      3. Отчет подписывается акимом области, руководителем местного исполнительного органа, осуществляющего функции в сфере архитектуры, градостроительства и строительства и руководителем осуществляющим функции в сфере финансов. Отчет представляется в уполномоченный орган в электронном варианте.

Глава 2. Пояснение по заполнению формы

      4. в графе 1 указывается порядковый номер инвестиционного проекта;

      5. в графе 2 указывается наименование инвестиционного проекта;

      6. в графе 3 указывается номер и дата заключения комплексной вневедомственной экспертизы инвестиционного проекта технико-экономического обоснования и проектно-сметной документации;

      7. в графе 4 указывается сметная стоимость строительства;

      8. в графе 5 указывается номер и дата заключенного договора с поставщиками;

      9. в графе 6 указывается стоимость по договору за счет средств Фонда;

      10. в графе 7 указывается стоимость по договору за счет средств местного бюджета;

      11. в графе 8 указывается наименование поставщика;

      12. в графе 9 указывается бизнес-идентификационный номер поставщика;

      13. в графе 10 указывается экономия средств;

      14. в графе 11 указывается экономия по результатам государственных закупок;

      15. в графе 12 указывается прочая экономия;

      16. в графе 13 указывается сумма оплаченных обязательств;

      17. в графе 14 указывается остаток не оплаченных обязательств по договору;

      18. в графе 15 указывается процент готовности объекта среднего образования.