Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а 2024 жылғы 21 маусымдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34560 болып тіркелді

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 - бабы 3-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрі айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 214 Бұйрыққа
қосымша

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін айқындау

Порт және порттық құрылысжайларға қойылатын талаптардың атауы

Жедел ден қою шарасы

Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі

1.

Порт құрылысжайларын кезектi қарап-тексеру туралы актiнің болуы.

Порт құрылысжайын (айлағын) пайдалануды тоқтата тұру

Күнтізбелік 30 күн

2.

Порт құрылысжайларын кезектен тыс қарап-тексеру туралы актiнің болуы.

Күнтізбелік 30 күн

3.

Теңіз порты паспортының болуы.

Күнтізбелік 90 күн

4.

Порт құрылысжайлары паспортының болуы.

Күнтізбелік 90 күн

5.

Кемелер мұнай айлақтары ауданында және танкерлер тұратын жерде тұрған кезде ұшқын сөндiргiш қорғанышпен қамтамасыз етпеу.

Күнтізбелік 90 күн

6.

Рейдтік айлақ құрылыcжайларын (арқандап байлау палдары мен бөшкелер) пайдалану кезінде арқандап байлау кемелерінен түсетін жүктеме нормаларын сақтау. Кемелерді кеменің немесе құрылысжайдың корпусына зақым келтірудің нақты қатерін болдырмайтын жарамды құрылғылары бар құрылысжайларға кемелерді арқандап байлау.

Күнтізбелік 90 күн

7.

Теңіз портында өңделетін кемелердің типіне байланысты құрамында мұнай мен зиянды заттар бар қалдықтар мен қоспаларды, тазартылмаған сарқынды суларды, қоқысты, сондай-ақ құрамында зиянды заттар бар жуу және балласт суларын кемелерден қабылдауға арналған қабылдау порт құрылысжайларының болуы.

Күнтізбелік 90 күн


Об определении перечня требований, нарушение которых влечет применение мер оперативного реагирования, а также определение в отношении конкретных нарушений требований конкретного вида меры оперативного реагирования с указанием срока действия данной меры (при необходимости)

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 21 июня 2024 года № 214. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июня 2024 года № 34560

      В соответствии с подпунктом 23-1) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить перечень требований, нарушение которых влечет применение мер оперативного реагирования, а также определение в отношении конкретных нарушений требований конкретного вида меры оперативного реагирования с указанием срока действия данной меры (при необходимости) согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от 21 июня 2024 года № 214

Перечень требований, нарушение которых влечет применение мер оперативного реагирования, а также определение в отношении конкретных нарушений требований конкретного вида меры оперативного реагирования с указанием срока действия данной меры (при необходимости)

Наименование требований к портам и портовым сооружениям

Мера оперативного реагирования

Срок действие меры оперативного реагирования

1.

Наличие акта об очередном обследовании портовых сооружений.

Приостановление эксплуатации портового сооружения (причала)

30 календарных дней

2.

Наличие акта о внеочередном обследовании портовых сооружений.

30 календарных дней

3.

Наличие паспорта морского порта.

90 календарных дней

4.

Наличие паспорта портовых сооружений.

90 календарных дней

5.

Обеспечение судна искрогасительной защитой при его стоянке в районе нефтепричалов и мест стоянки танкеров.

90 календарных дней

6.

Соблюдение при эксплуатации рейдовых причальных сооружений (швартовные палы и бочки) норм нагрузок от швартующихся судов. Швартование судов к сооружениям, имеющим исправные отбойные устройства, предотвращающие реальную угрозу повреждения корпусу судна или сооружения.

90 календарных дней

7.

Наличие в морском порту, в зависимости от типа обрабатываемых судов, приемных портовых сооружений для приема с судов остатков и смесей, содержащих нефть и вредные вещества, неочищенных сточных вод, мусора, а также содержащих вредные вещества промывочных и балластных вод.

90 календарных дней