"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 - бабы 3-тармағының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 21 маусымдағы № 214 Бұйрыққа қосымша |
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін айқындау
№ | Порт және порттық құрылысжайларға қойылатын талаптардың атауы | Жедел ден қою шарасы | Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі |
1. | Порт құрылысжайларын кезектi қарап-тексеру туралы актiнің болуы. | Порт құрылысжайын (айлағын) пайдалануды тоқтата тұру | Күнтізбелік 30 күн |
2. | Порт құрылысжайларын кезектен тыс қарап-тексеру туралы актiнің болуы. | Күнтізбелік 30 күн | |
3. | Теңіз порты паспортының болуы. | Күнтізбелік 90 күн | |
4. | Порт құрылысжайлары паспортының болуы. | Күнтізбелік 90 күн | |
5. | Кемелер мұнай айлақтары ауданында және танкерлер тұратын жерде тұрған кезде ұшқын сөндiргiш қорғанышпен қамтамасыз етпеу. | Күнтізбелік 90 күн | |
6. | Рейдтік айлақ құрылыcжайларын (арқандап байлау палдары мен бөшкелер) пайдалану кезінде арқандап байлау кемелерінен түсетін жүктеме нормаларын сақтау. Кемелерді кеменің немесе құрылысжайдың корпусына зақым келтірудің нақты қатерін болдырмайтын жарамды құрылғылары бар құрылысжайларға кемелерді арқандап байлау. | Күнтізбелік 90 күн | |
7. | Теңіз портында өңделетін кемелердің типіне байланысты құрамында мұнай мен зиянды заттар бар қалдықтар мен қоспаларды, тазартылмаған сарқынды суларды, қоқысты, сондай-ақ құрамында зиянды заттар бар жуу және балласт суларын кемелерден қабылдауға арналған қабылдау порт құрылысжайларының болуы. | Күнтізбелік 90 күн |