БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17604 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы:
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 83-бабы 2-тармағының талаптарын сақтау мақсатында Палата заң консультанттары палатасының мүшелігіне кіру үшін үміткердің құжаттарын қабылдау кезінде заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылған заң консультанттары палаталары мүшелерінің тізілімін тексереді."
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Л. Мерсалимова |