"Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2024 жылғы 27 маусымдағы № 549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34646 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17604 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы:

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 83-бабы 2-тармағының талаптарын сақтау мақсатында Палата заң консультанттары палатасының мүшелігіне кіру үшін үміткердің құжаттарын қабылдау кезінде заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылған заң консультанттары палаталары мүшелерінің тізілімін тексереді."

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Л. Мерсалимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады