Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34654 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттык экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттiгi

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі
  2024 жылғы 28 маусымдағы
  № 38 Бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-114/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабының 13-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі мен темекі бұйымдарының барлық маркаларында, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарда, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарда никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулер нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-246/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21776 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарда:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды (бұдан әрі – темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар) темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластанудың көрші үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін есікпен немесе осыған ұқсас құрылғымен жабдықталған жеке үй-жайларда орналастырады.

      Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды кабиналар түрінде орналастыруға жол беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда көрінетін жерлерде жазбалар және (немесе) пиктограммалар түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар, тамақты, қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға тыйым салынатыны туралы ақпарат орналастырылады, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынудың зияны туралы ақпараттық материал ұсынылады.".

      3. "Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе, тұтынудың электрондық жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтар құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 110-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері анықталсын.";

      көрсетілген бұйрықпен айқындалған Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі, тұтынудың электрондық жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтардағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларында:

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Темекі шегуге арналған орындар "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-246/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21776 болып тіркелген) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.".

      5. "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тамақтану объектілерінде Кодекстің 110-бабы 7-тармағының, "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-246/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21776 болып тіркелген) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін жабдықталған арнайы бөлінген орындар көзделеді.".

  Тізбеге 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрінің
  2020 жылғы 6 қазандағы
  № ҚР ДСМ-114/2020 бұйрығымен
  бекітілген

Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары

      1. Осы Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың темекі және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағығы никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында өткен он екі ай ішінде өздері шығарған немесе шығаруға ниеттенген, сатқан немесе өзге де түрде таратқан темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер ұсынады.

      3. Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертхананы көрсете отырып, темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағығы никотиннің анықталған құрамы және никотиннің шекті жол берілетін деңгейі туралы деректерден тұрады.

      4. Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда ұсынылады.

  Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидаларына
  қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп"

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-никотин

      Кезеңділік: жылдық

      Есепті кезең: ________________20____жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды өндірушілер және импорттаушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: әр жылдың 1 ақпанына дейін

      Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы

р/с

Темекі бұйымы түрінің атауы

Темекі өнімінің атауы

Никотиннің сандық құрамы (мг/сиг)

Никотиннің рұқсат етілетін шекті деңгейі (мг/сиг)

1

2

3

4

5






      Ескертпе: мг/сиг- миллиграмм/ сигаретке

      Атауы ___________________________ Мекенжайы ____________________

      ________________________________ ________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер cубектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)


  "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" (нысанның индексі: 1 - никотин және кезеңділігі: жылдық) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың барлық маркаларындағы никотиннің рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін регламенттейді.

      2. Нысанды темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өндірушілері мен импорттаушылары толтырады.

      3. Толтырылған Нысанды темекі бұйымдарын өндірушілер мен импорттаушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы адам өзінің тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қол қояды.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

      6. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) никотин – темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;

      2) никотиннің шекті рұқсат етілген деңгейі – бір сигареттің түтініндегі никотиннің мөлшері (сүзгісі бар немесе сүзгісі жоқ) 1,0 мг/сиг аспауы тиіс;

      3) сигарет – сигарет қағазымен оралған кесілген шикізаттан тұратын шегілетін темекі бұйымының түрі;

      4) темекі бұйымы – шегу үшін пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;

      5) темекі бұйымының түрі – тұтыну қасиеттері мен тұтыну тәсілі бойынша ұқсас шегілетін немесе шегілмейтін темекі бұйымдарының жиынтығы.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1) 1-бағанда "№" реттік нөмірі бойынша толтырылады;

      2) 2-бағанда темекі бұйымы түрінің атауы (мысалы: сигареттер) көрсетіледі;

      3) 3-бағанда темекі бұйымының берілген атауы (мысалы: "Rothmans") көрсетіледі;

      4) 4-бағанда темекі бұйымындағы никотиннің сандық құрамы (мг/сиг) көрсетіледі;

      5) 5-бағанда никотиннің рұқсат етілетін шекті деңгейі (мг/сиг) көрсетіледі.

  Тізбеге 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрінің
  2020 жылғы 15 желтоқсандағы
  № ҚР ДСМ-277/2020
  бұйрығына 3-қосымша

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Бұйымдардың түрлері

Никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3

Шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар

1,0*

10*

Темекіні қыздыруға арналған жүйе

1,0*

10*

      * – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.

      Ескертпе: мг/см3- миллиграмм/текше сантиметр.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июня 2024 года № 38. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 июня 2024 года № 34654

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить перечень некоторых приказов Министра здравоохранения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Альназарова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 28 июня 2024 года № 38

Перечень некоторых приказов Министра здравоохранения Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 октября 2020 года № ҚР ДСМ-114/2020 "Об утверждении Правил представления отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, электронных систем потребления и жидкостей для них" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21373) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил представления отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 13 статьи 110 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила представления отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком.";

      Правила представления отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, электронных систем потребления и жидкостей для них, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему перечню.

      2. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-246/2020 "Об утверждении требований к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака, электронных систем потребления и жидкостей для них" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21776) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении требований к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 7 статьи 110 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака.";

      в Требованиях к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака, электронных систем потребления и жидкостей для них, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака";

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие требования к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака, разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 110 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения.

      2. Места, выделенные специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака (далее – Места, выделенные специально для потребления табачных изделий) размещают в отдельных помещениях, оборудованных дверью или аналогичным устройством, препятствующим проникновению загрязнения, выделяемого в процессе потребления табачных изделий в смежные помещения.

      Места, выделенные специально для потребления табачных изделий, допускается размещать в виде кабинок.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В местах, выделенных специально для потребления табачных изделий, на видных местах размещается информация о вреде потребления табачных изделий, о запрете потребления напитков, еды, табака для кальяна и кальянной смеси в виде надписей и (или) пиктограмм, предоставляется информационный материал о вреде потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака.".

      3. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-277/2020 "Об определении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в курительных табачных изделиях, в том числе изделиях с нагреваемым табаком, табаком для кальяна, кальянной смеси, системе для нагрева табака, электронных системах потребления и жидкостей для них" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21815) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об определении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в курительных табачных изделиях, в том числе изделиях с нагреваемым табаком, табаком для кальяна, кальянной смеси, системе для нагрева табака";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 8 статьи 110 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      подпункт 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "3) предельно допустимые уровни содержания никотина и смолистых веществ в изделиях с нагреваемым табаком, в системе для нагрева табака, согласно приложению 3 к настоящему приказу.";

      предельно допустимые уровни содержания никотина и смолистых веществ в изделиях с нагреваемым табаком, в системе для нагрева табака, в электронных системах потребления и жидкостей для них, определенные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему перечню.

      4. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № ҚР ДСМ-72 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к зданиям и сооружениям производственного назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 23852) следующее изменение:

      в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к зданиям и сооружениям производственного назначения", утвержденных указанным приказом:

      пункт 106 изложить в следующей редакции:

      "106. Места для курения оборудуются в соответствии с требованиями к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-246/2020 "Об утверждении требований к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21776).".

      5. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 февраля 2022 года № ҚР ДСМ-16 "Об утверждении Cанитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам общественного питания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26866) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 113) пункта 15 Положения о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Санитарных правилах "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам общественного питания", утвержденных указанным приказом:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. На объектах питания предусматриваются оборудованные места, выделенные специально для потребления табачных изделий, в том изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака, в соответствии с требованиями пункта 7 статьи 110 Кодекса, приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-246/2020 "Об утверждении требований к оборудованию мест, выделенных специально для потребления табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, систем для нагрева табака" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21776), и государственных нормативов в области архитектуры, градостроительства и строительства.".

  Приложение 1 к Перечню
  Утверждены приказом
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 6 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-114/2020

Правила представления отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком

      1. Настоящие Правила отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком (далее – Правила) определяют порядок предоставления производителями, импортерами табака и табачных изделий отчетов о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком.

      2. Производитель, импортер табачных изделий ежегодно до 1 февраля следующего года представляют отчеты о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, которые они выпускали или намерены выпускать, продавали или распространяли иным образом в предшествующие двенадцать месяцев на территории Республики Казахстан.

      3. Отчет о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, состоит из данных о выявленном содержании никотина и предельно допустимом уровне никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, с указанием аккредитованной лаборатории, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об аккредитации в области оценки соответствия".

      4. Отчеты о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком, представляются на бумажном и (или) электронном носителях согласно приложению к настоящим Правилам.

  Приложение к Правилам
представления отчетов
о результатах лабораторных
исследований по предельно
допустимому содержанию
никотина во всех марках
табака и табачных изделий,
в том числе изделий
с нагреваемым табаком
  Форма,
предназначенная для сбора
административных данных

      Представляется: в Министерство здравоохранения Республики Казахстан
Форма административных данных размещена на интернет – ресурсе: www.gov.kz
Наименование формы административных данных: "Отчет о результатах
лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во
всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком"
Индекс формы административных данных: 1 – никотин
Периодичность: годовая
Отчетный период: ______________20___года
Круг лиц, представляющих информацию: производители и импортеры табака
и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком
Срок представления формы административных данных: до 1 февраля каждого года
Предельно допустимое содержание никотина во всех марках табака и табачных
изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком

№ п/п

Наименование вида табачного изделия

Наименование табачной продукции

Количественное содержание никотина (мг/сиг)

Предельно допустимый уровень никотина(мг/сиг)

1

2

3

4

5






      Примечание: мг/сиг-миллиграмм/сигарету.
Наименование ______________________ Адрес ______________________
___________________________________ ____________________________
Телефон ________________________________________________________
Адрес электронной почты _________________________________________
Исполнитель________________________________________ ____________
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
___________________________________________________ ____________
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами
частного предпринимательства)
_______________________

  Приложение к форме,
предназначенной для сбора
административных данных
"Отчет о результатах
лабораторных исследований
по предельно допустимому
содержанию никотина во всех
марках табака и табачных
изделий, в том числе изделий
с нагреваемым табаком"

Пояснение по заполнению формы административных данных
"Отчет о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому
содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий,
в том числе изделий с нагреваемым табаком"
(индекс: 1 - никотин и периодичность формы: годовая)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком" регламентирует порядок заполнения формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина во всех марках табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком" (далее – Форма).

      2. Форма заполняется производителями и импортерами табака и табачных изделий, в том числе изделий с нагреваемым табаком.

      3. Заполненная Форма предоставляется в Министерство здравоохранения Республики Казахстан производителями и импортерами табачных изделий до 1 февраля следующего за отчетным года.

      4. Форма подписывается руководителем, либо лицом, исполняющим его обязанности, с указанием его фамилии и инициалов, а также даты заполнения.

      5. Форма заполняется на казахском и русском языках.

      6. Термины и определения, используемые в форме административных данных:

      1) никотин – алкалоид, содержащийся в табачных листьях и табачном дыме;

      2) предельно допустимый уровень никотина – содержание никотина в дыме одной сигареты (с фильтром или без фильтра) не может превышать 1,0 мг/сиг;

      3) сигарета – вид курительного табачного изделия, состоящего из резаного сырья, обернутого сигаретной бумагой;

      4) табачное изделие – продукт, полностью или частично изготовленный из табачного листа и (или) других частей табачного растения в качестве сырья, приготовленный таким образом, чтобы использовать его для курения;

      5) вид табачного изделия – совокупность курительных или некурительных табачных изделий, сходных по потребительским свойствам и способу потребления.

Глава 2. Пояснение по заполнению Формы

      1) в графе 1 заполняется номер по порядку "№";

      2) в графе 2 указывается наименование вида табачного изделия (например: сигареты);

      3) в графе 3 указывается наименование табачной продукции, присвоенное (например: "Rothmans");

      4) в графе 4 указывается количественное содержание никотина в табачном изделии (мг/сиг);

      5) в графе 5 указывается предельно допустимый уровень никотина (мг/сиг).

  Приложение 2 к Перечню
  Приложение 3 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 15 декабря 2020 года
№ ҚР ДСМ-277/2020

Предельно допустимые уровни содержания никотина и смолистых веществ в изделиях с нагреваемым табаком, системе для нагрева табака

Виды изделий

Предельно допустимый уровень содержания никотина мг/см3

Предельно допустимый уровень содержания смолистых веществ мг/см3

Изделия с нагреваемым табаком

1,0*

10*

Система для нагрева табака

1,0*

10*

      * – значение показателя определяется после введения в действие стандарта, определяющего соответствующий метод определения, с учетом метрологических характеристик указанного метода определения и имеющихся научных исследований.

      Примечание: мг/см3 - миллиграмм/кубический сантиметр.