БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережеде:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына, реттеушілік саясаттың консультативтік құжатына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына сараптама кеңестерінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба), реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сараптама кеңесінің жұмыс органы*:
1) сараптама кеңесі отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
2) сараптама қорытындысын алу үшін, оның ішінде осы жобаларды және реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын мүдделі мемлекеттік органдармен кейіннен әрбір келісу кезінде тиісті жобаны және реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы сараптама кеңесіне және Ұлттық палатаға хабарлама жібереді және жобалар мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырады;
3) жобалар мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша сараптама кеңесі мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
4) сараптама кеңесінің отырысына енгізілетін жобалар мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
5) сараптама кеңесі отырысының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;
6) сараптама кеңесі өткізілгенге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама кеңесінің мүшелеріне сараптама кеңесінің өткізілетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;
7) сараптама кеңесі отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптама кеңесінің мүшелеріне хаттама көшірмесін жолдайды.
*Ескертпе:
Сараптамалық қорытынды алу үшін тиісті жоба мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптама кеңесіне және Ұлттық палатаға жіберуді және осы жоба мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды, сараптама кеңесінің хаттамасын жіберуді, сондай-ақ сараптама кеңесінің отырысына шығарылатын жобалар мен реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыруды әзірлеуші жұмыс органының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыруы мүмкін.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Нормативтік-құқықтық актіні, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актінің жобасын, реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп қабылдаған жағдайда, сараптамалық қорытынды алу үшін сараптама кеңестеріне және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын тиісті бірлескен нормативтік құқықтық акт жобасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актінің жобасын, реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің бірлескен жобасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актінің жобасын және реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды осы нормативтік құқықтық актіні, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актінің жобасын және реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеуге бастамашылық жасаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жобаларды қарауды сараптама кеңесі осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны сараптама кеңесінің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асыруы мүмкін.
Егер сараптама кеңесі мүшелерінің бірі сараптама кеңесінің отырысын өткізуді талап еткен жағдайда, мұндай отырысты өткізу міндетті болып табылады.
Сараптама кеңесі отырысының қорытындылары сараптама кеңесі отырысының шешімі бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілуі мүмкін.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптама қорытындысы сараптама кеңесі мүшесінің және Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының реттеушілік саясаттың консультативтік құжатына, қабылданғанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актінің жобасына, оның ішінде тиісті жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейіннен әрбір келісу кезінде мiндеттi қосымша болып табылады.
Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |