"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19262 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 154 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 27 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31990 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті