Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.06.2024 № 675 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 24.02.2023 № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Мыналар:
1) алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 24.02.2023 № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 24.02.2023 № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор |
Н. Ермекбаев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Дәленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
2019 жылғы "___" _______________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 24.02.2023 № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Заңды тұлғаларға қатысты ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 24.02.2023 № 154 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2023 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________
__________________________________________________________________
Тағайындау туралы акт _____________________________________________
__________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________
__________________________________________________________________
Заңды тұлғаның БСН-ы ______________________________________________
Орналасқан жердің мекенжайы _______________________________________
__________________________________________________________________
Р/с № | Талаптардың тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1. | 1 қыркүйекке дейін 15 – 16 жастағы азаматтардың тізімін ұсыну. | ||
2. | 1 желтоқсанға дейін келесі жылы әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге және әскери есепке қойылуға тиісті азаматтардың тізімін ұсыну. | ||
3. | 15 қаңтарға дейін жұмыскерлердің (студенттердің), оның ішінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында броньдалғандардың саны туралы мәліметтерді ұсыну. | ||
4. | Бірінші басшының әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді броньдауға жауапты лауазымды адамды тағайындау туралы бұйрығының бар болуы. | ||
5. | Белгіленген нысанға сәйкес персоналдың жеке карточкасы картотекасының бар болуы. | ||
6. | Белгіленген нысанға сәйкес мерзімді әскери қызметке дайындауға жататын жасөспірімдер тізімінің бар болуы. | ||
7. | Әскери билетті салыстырып тексеруге қабылдау кезінде қолхаттың бар болуы. | ||
8. | Жергілікті әскери басқару органына шақырылатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу кітабының бар болуы. | ||
9. | Белгіленген нысанға сәйкес әскери міндеттілерді әскери есепке қоюдың және броньдаудың жай-күйін тексеру журналының бар болуы. | ||
10. | Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктердің бар болуы. | ||
11. | Броньдауға жататын әскери міндеттілер тізімінің бар болуы. | ||
12. | Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді табыс ету іс-шаралары жоспарының бар болуы. | ||
13. | Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді беруге арналған ведомостар бланкілерінің бар болуы. | ||
14. | Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу және сақтау кітабының бар болуы. | ||
15. | Бақылау субъектісіндегі қатаң есептілік бланкілерін есепке алудың (саны, нөмірлері) жергілікті әскери басқару органындағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алуға (саны, нөмірлері) сәйкес келуі. | ||
16. | Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінде әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімінің бар болуы. | ||
17. | Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінде әскери міндеттілерді бастапқы есепке алу карточкаларының бар болуы. |
Лауазымды адам (дар) _____________________________ ___________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
Бақылау субъектісінің басшысы _____________________ ___________________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))