"Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 154 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 27 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 31990 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 675 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 51 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.06.2024 № 675 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасы

      Бас прокуратурасыныңҚұқықтық

      статистика жәнеарнайыесепке

      алужөніндегікомитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 27 мен
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 24 ақпандағы
№ 154 бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 602 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 12 тамыздағы
№ 72 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

      Заңды тұлғаларға қатысты ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      __________________________________________________________________

      Тағайындау туралы акт _____________________________________________

      __________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________

      __________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның БСН-ы ______________________________________________

      Орналасқан жердің мекенжайы _______________________________________

      __________________________________________________________________

Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1.

1 қыркүйекке дейін 15 – 16 жастағы азаматтардың тізімін ұсыну.



2.

1 желтоқсанға дейін келесі жылы әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге және әскери есепке қойылуға тиісті азаматтардың тізімін ұсыну.



3.

15 қаңтарға дейін жұмыскерлердің (студенттердің), оның ішінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында броньдалғандардың саны туралы мәліметтерді ұсыну.



4.

Бірінші басшының әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді броньдауға жауапты лауазымды адамды тағайындау туралы бұйрығының бар болуы.



5.

Белгіленген нысанға сәйкес персоналдың жеке карточкасы картотекасының бар болуы.



6.

Белгіленген нысанға сәйкес мерзімді әскери қызметке дайындауға жататын жасөспірімдер тізімінің бар болуы.



7.

Әскери билетті салыстырып тексеруге қабылдау кезінде қолхаттың бар болуы.



8.

Жергілікті әскери басқару органына шақырылатын әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу кітабының бар болуы.



9.

Белгіленген нысанға сәйкес әскери міндеттілерді әскери есепке қоюдың және броньдаудың жай-күйін тексеру журналының бар болуы.



10.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктердің бар болуы.



11.

Броньдауға жататын әскери міндеттілер тізімінің бар болуы.



12.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді табыс ету іс-шаралары жоспарының бар болуы.



13.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы куәліктерді беруге арналған ведомостар бланкілерінің бар болуы.



14.

Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу және сақтау кітабының бар болуы.



15.

Бақылау субъектісіндегі қатаң есептілік бланкілерін есепке алудың (саны, нөмірлері) жергілікті әскери басқару органындағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алуға (саны, нөмірлері) сәйкес келуі.



16.

Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінде әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар тізімінің бар болуы.



17.

Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінде әскери міндеттілерді бастапқы есепке алу карточкаларының бар болуы.



      Лауазымды адам (дар) _____________________________ ___________________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      Бақылау субъектісінің басшысы _____________________ ___________________

                                    (лауазымы)                   (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады