БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 770 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакция жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін нақтылайды және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) № 3 әзірлік:
іздестіруші әуе кемесі, автомобиль және іздестіру-құтқару құралдары қолдануға дайын және белгіленген орында (әуеайлақта, тұрақта немесе гаражда) болады;
ұшқыш, техникалық және құтқарушы парашюттік-десанттық топтың және жерүсті іздестіру-құтқару командасының жеке құрамы сабақта, жұмыста немесе демалуда болады;
іздестіруші әуе кемесінің ұшып шығуы, жерүсті іздестіру-құтқару командасының шығуы жазда – 30 минуттан, қыста 45 минуттан кеш емес;
№ 3 әзірлікте тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда – 2 сағат 30 минутты және қыста – 3 сағатты құрайды;
демалу уақытында, жұмыстан тыс уақытта ұшып шығу уақыты 2 сағат 30 минуттан кеш емес.";
Нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Нұсқаулыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2024 жылғы 30 шілдедегі № 798 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Жеке тану карточкасы
Жеке тану карточкасы | 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болса) | 2. Жеке нөмірі | ||
Түсіндірме: 7-11, 15, 20-24-тармақтарды әскери қызметші өзі толтырады. | 3. Әскери атағы | |||
4. Әуе кемесінің түрі | 5. Ұлты | 6. Туған күні | 7. Ерекше белгі (денедегі қал, тыртық) | |
8. Қан тобы | 9. Бойы | 10. Көзінің түсі | 11. Шашының түсі | |
12. Толтырылған күн (жыл, ай, күн) | 13. Соңғы тексерілген күн | 14. Әскери бөлімше (әскери бөлім, эскадрилья) нөмірі | ||
15. Қолтаңбасы | ||||
16. Жоғалып кеткен (парашютпен секірген, мәжбүрлі қонған) күні, қашан | 17. Орны (болжамды координатасы) | 18. Іздестіру туралы белгі | 19. Басқа да қосымша дерек |
Әскери қызметшінің өмірбаянынан тән ерекшелік
20. | 21. |
22. | 23. |
24. Қосымша деректер (әскери қызметші өзі көрсете алады).
Карточканың негізгі арналуы: іздестіру-құтқару жұмысы кезінде агентураның араласуын болдырмау үшін.
Пайдалану: қарсылас аумағында жауынгерлік міндетті орындайтын әрбір ұшақ (тікұшақ) экипажының мүшесі толтырады. Іздестіру-құтқару жұмысы кезінде сенімді тану үшін әскери қызметшінің жеке басы туралы ақпаратты қамтиды.
Ескертпе:
1.20, 21, 22, 23-тармақтарда әскери қызметшінің тек өзі жақсы білетін және тек өзіне және жақын отбасы мүшелеріне тән қосымша мәліметтер енгізіледі және ол өзгертілмейді (достарының, алыс туыстарының аты, үй жануарының аты, жеке автомобилінің маркасы).
2.Карточка әскери қызметшінің жеке ісінде сақталады (№ 1 дана), қызметтен шығару немесе ұшу жұмысынан шығару кезінде жеке ісінімен жойылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2024 жылғы 30 шілдедегі № 798 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша |
Тікұшақты қондыру үшін алаң таңдау және дайындау
Тікұшақты қондыру үшін алаң таңдау және дайындау кезінде Тікұшақты ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарын басшылыққа алу қажет.
Тікұшақ үшін қону алаңы үшін жергілікті жердің қатты топырақты тегіс учаскесі (шабындық, егістік, орман алқабы); қысқы уақытта одан басқа қатқан көл және өзен пайдаланылады.
Алаң таңдау кезінде (Ми-8 (17,171) тікұшағының қонуы және ұшып шығуы үшін ең аз алаң көлемі кестеде келтірілген):
алаң шегінде кедергінің болуы;
алаңның беткі қабатындағы топырақ жай-күйі;
қонуды және ұшып шығуды күрделендіретін заттың болуы (негізгі винт айналысымен көтерілетін тас, түбір, бұта, заттар және басқаруды және қозғалтқыш жұмысын күрделендіретін заттар) ескеріледі.
Тікұшақтың қону (ұшып шығу) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қону алаңының шаңы су себумен басылады, ал қыста қардан тазартылады.
Жоғарыда көрсетілген элементтерді бағалағаннан және алаң тікұшақты қабылдауға дайындаудың қажетті жұмысы орындалғаннан кейін алаңды жабдықтау қажет, ол:
алаң шегін белгілеуді;
тікұшақ жерге қонатын жерді белгілеуді;
жел бағытын айқындау үшін конусты жабдықтауды қамтиды.
Алаң шегі әрбір 50 метр сайын жазда ақ түсті, қыста қара түсті жалаушамен, түнде қызыл түсті шаммен белгіленеді.
Тікұшақтың қонатын жеру бір-бірінен 15 метр аралықта белгіленетін жалаушамен белгіленеді. Бірнеше тікұшақ қонған кезде қону қақпасы арасындағы аралық – 75 метр. Түнде жалауша орнына ақ түсті шам орнатылады немесе құты жағылады.
Қону және ұшу кезінде жел бағытын айқындау үшін алаңда конус жабдықталады. Конус қара (қызғылт сары) және ақ түсті матадан жасалады, диаметрі 40 – 45 сантиметр дөңгелек металл шеңберге бекітіледі. Конусы бар шеңбер қадаға жел бағытына байланысты еркін айналатындай есеппен бекітіледі. Конус алаңнан 50 – 100 метр аралықта ашық жерге орнатылады және қонуға беттейтін және ұшып шығатын тікұшаққа кедергі жасамауға тиіс. Жел бағытын айқындау үшін сонымен қатар түтін құтысы, от түтіні пайдаланылады, бұл ретте түтін тікұшақтың жақын ұшып келуіне және қонуына кедергі келтірмеуі қажет.
Ми-8 (17,171) тікұшағының қонуы және ұшып шығуы үшін ең аз көлемді алаң
Топ құрамы | Алаң көлемі (ені х ұзындығы), метр | |||
Беттеу кезінде кедергісіз | Алаң шегінде биіктігі 25 метр кедергі бар | |||
Күндіз | Түнде | Күндіз | Түнде | |
Жеке тікұшақ | 30х30 | 50х80 | 75х100 | 100х200 |
Жұппен | 100х120 | 130х150 | 180х300 | 200х320 |