Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 770 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қазанда № 19447 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.07.2024 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 770 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін нақтылайды және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.07.2024 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету апат туралы сенімді хабардар етуге, іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын қолданудың жоғары тиімділігіне, ұшқыш құрамының авариялық жағдайлардағы іс-қимылдарға әзірлігіне және автономды өмір сүру жағдайларында төзімділікке қол жеткізуіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтиды.

      3. Мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету:

      1) мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды;

      2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының және ұшуды басқару органдарының кезекшілігін ұйымдастыруды;

      3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері туралы хабарларды қабылдау мен беруді ұйымдастыруды;

      4) ұшқыш құрамын арнайы даярлауды;

      5) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының іс-қимылдарын;

      6) құрлыққа мәжбүрлі түрде қонғаннан немесе парашютпен жерге түскеннен кейінгі әуе кемесі экипажының іс-қимылдарын;

      7) суға мәжбүрлі түрде қонған немесе парашютпен суға түскен кездегі әуе кемесі экипажының іс-қимылдарын;

      8) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды;

      9) авариялық хабардар етуді;

      10) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын;

      11) апатқа ұшырағандарды іздестіру кезіндегі іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажын;

      12) апатқа ұшырағандарға көмек көрсету және эвакуациялау кезіндегі іздестіру-құтқару тікұшағы экипажының іс-қимылдарын;

      13) құтқарушы парашюттік-десанттық топтардың және жерүсті іздестіру-құтқару командаларының жеке құрамын жұмысқа даярлауды;

      14) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқаруды.

      4. Қазақстан Республикасының іздестіру-құтқару аудандары шегінде апатқа ұшыраған мемлекеттік авиацияның әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын іздестіруді және құтқаруды жүргізу кезіндегі қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік авиацияның жедел органы мемлекеттік авиацияның басқару пункті базасында құрылатын Мемлекеттік авиацияның қосалқы үйлестіру орталығы (бұдан әрі – МА ҚҮО) болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жауапты аудандар белгіленеді, онда Қағидаларға сәйкес іздестіру-құтқару жұмыстарының үйлестірушілері тағайындалады.

      6. Іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау, авариялар, апаттар және зілзала кезінде көмек көрсету үшін әуе кемесінің шұғыл ұшуына шешімді мемлекеттік авиацияны басқару органдары қабылдайды.

      Әуе кеңістігін пайдалануға сұрау салуды алысымен дереу рұқсат беріледі.

      7. Апат сигналын алған кезде, сондай-ақ олардың әзірлігін тексеру кезінде кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелеріне және жерүсті іздестіру-құтқару командаларының шығуына команда беру құқығы:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысына;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметінің директорына;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысына;

      5) мемлекеттік авиация басқару органдарының іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің бастықтарына;

      6) МА ҚҮО жедел кезекшісіне;

      7) жауапкершілік ауданындағы іздеу және құтқару үйлестірушісіне;

      8) кезекші авиациялық іздестіру-құтқару құралдарының орналасу әуеайлағының командалық пунктіне;

      9) авиациялық бөлімдердің командалық пунктіне (ұшуды басқару пунктіне);

      10) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары тағайындалған командирлерге (бастықтарға) беріледі.

      Кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің әзірлігін тексеру кезінде олардың ұшуы алдын ала МА ҚҮО-мен және аудандық әуе қозғалысын басқару орталығымен келісіледі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 21.09.2020 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Іздестіру-құтқару әуе кемелерінің экипаждарын, құтқарушы паршюттік-десанттық топтарды, жерүсті іздестіру-құтқару командаларын арнайы даярлау және олардың іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігі авиациялық бөлімдердің командирлеріне (әскери институттың бастығына), қарамағында әуе кемелері бар тиісті уәкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелерге жүктеледі.

2-тарау. Мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      9. Әуеайлақ ауданында апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру авиациялық бөлімдерден (әскери институттан), олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан, осы әуеайлақта орналасқан мемлекеттік мекемелердің күштері мен құралдарын тарта отырып, әуеайлақтың аға авиациялық бастығына жүктеледі.

      10. Теңіз акваториясы мен ішкі су тоғандары ауданында апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқаруды ұйымдастыру кезекші теңіздік іздестіру-құтқару күштерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, корабльдер (кемелер) командирлеріне (капитандарына) жүктеледі.

      11. Әуе кемесінің апатқа ұшырауы кезінде жауапкершілік ауданындағы іздестіру-құтқару жұмыстарының басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарының үйлестірушісі болып табылады, ал ұзақ іздестіру кезінде және ерекше жағдайларда (зілзала, көп орынды әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын, теңіз және өзен кемелерінің командалары мен жолаушыларын, корабльдердің жеке құрамын құтқару кезінде) бір немесе бірнеше уәкілетті органның, мемлекеттік мекеменің, ұйымның күштері мен құралдарын тарту қажет болғанда, іздестіру-құтқару жұмыстарының үйлестірушісі Қағидаларға сәйкес тағайындалады.

      12. Авиациялық бөлімдердің командирлері (әскери институттың бастығы), сондай-ақ ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету ауданында орналасқан мемлекеттік авиацияның ұшу бөлімшелері бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысына бағынады.

      Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарына кезекші іздестіру күштері мен құралдарын бөлу мемлекеттік авиацияның ұшу бөлімшелері бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен келісілген кестемен айқындалады.

      13. Іздестіру-құтқару жұмыстарын медициналық қамтамасыз етуді авиациялық бөлімдер медицина қызметтерінің бастықтары ұйымдастырады. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипаждары мен жолаушыларына медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге басшылық жасауды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуші авиациялық бөлімнің, ұйымның медицина қызметінің бастығы, ал олар болмаған жағдайда жақын гарнизонның медицина қызметінің бастығы жүзеге асырады. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипаж мүшелері мен жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетуді кезекші іздестіру-құтқару күштерінің құрамына кіретін құтқарушы парашюттік-десанттық топтар мен жерүсті іздестіру-құтқару командаларының медициналық персоналы жүзеге асырады.

3-тарау. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының және ұшуды басқару органдарының кезекшілігін ұйымдастыру

      14. Апатқа ұшырағандарды іздестіру мен құтқаруды қамтамасыз ету үшін:

      1) мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімдері бөлетін әуе кемелері;

      2) қажет болған кезде авариялық-құтқару құралдары, ұшуды орындау кезеңінде мемлекеттік авиацияның барлық әуеайлақтарындағы іздестіру-құтқару әуе кемелері;

      3) уәкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелердің басқару пункттері есептоптары;

      4) апатқа ұшыраған әуе және теңіз кемелерінің экипаждары беретін апат сигналдарын бірге қабылдау және пеленгілеу үшін уәкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелердің радиотехникалық құралдары іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігі ұйымдастырылады.

      15. Іздестіру-құтқару әуе кемелерінің экипаждары Қағидаларға және осы Нұсқаулыққа сәйкес кезекшілік атқарады.

      Кезекшілікке бөлінетін іздестіру-құтқару әуе кемелері Қағидаларға сәйкес құтқару мүлкінің және керек-жарағының жиынтығымен жабдықталады.

      16. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық әуеайлақтар мен авиациялық полигондарда құрамына инженерлік-техникалық құрамның 8 – 10 адамы (оның ішінде, медицина қызметкері мен радист) кіретін штаттық және штаттан тыс жерүсті іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару командалары құрылады. Жерүсті іздестіру-құтқару командалары авиациялық бөлім командирінің (әскери институт бастығының) бұйрығымен тағайындалады. Жерүсті іздестіру-құтқару командаларын іздестіру-құтқару жұмыстары ауданына жеткізу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік немесе арнайы іздестіру техникасы бөлінеді. Олар елді мекендерден қашықта ұзақ болған кезде жүріп өту мүмкіндігі жоғары көліктік-тұрмыстық автомобиль бөлінеді. Автомобиль жеке құрамды орналастыруға арналған бөлікпен және жерүсті іздестіру-құтқару командаларының мүлкіне арналған бөлікпен жабдықталады.

      Жерүсті іздестіру-құтқару командалары Қағидаларға сәйкес құтқару мүлкімен және керек-жарағымен жабдықталады.

      17. Іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарының құрамына әртүрлі климаттық- географиялық жағдайларда күндіз және түнде парашютпен секіруге даярланған авариялық бөлімнің жеке құрамынан және іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің жеке құрамынан тұратын штаттық және штаттан тыс құтқарушы парашюттік-десанттық топтар кіреді. Штаттан тыс құтқарушы парашюттік-десанттық тобы авиациялық бөлім командирінің (әскери институт бастығының) бұйрығымен тағайындалады. Мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке 2-3 парашютші, оның ішінде медициналық қызметкер тағайындалады. Құтқарушы парашюттік-десанттық топ кезекшілік атқару кезінде әуе кемесі іздестіру-құтқару экипажының командиріне, ұшу жетекшісіне бағынады, ал десантталғаннан кейін қалыптасқан жағдайға сәйкес әрекет етеді. Құтқарушы парашюттік-десанттық топтардың жетекшілері авиациялық бөлім командирінің (әскери институт бастығының) шешімімен тағайындалады.

      Құтқарушы парашюттік-десанттық топ ұшуды жүргізу кезеңінде, сондай-ақ әуеайлақ "қосалқы" болып табылған жағдайда (басқа авиациялық бөлімдер үшін) кезекшілік атқарады. Құтқарушы парашюттік-десанттық топтар жеке құрамының қажетті даярлық деңгейін ұстау үшін ай сайын парашютпен оқу-жаттығу секірулерін іс жүзінде орындаумен жаттықтырулар өткізіледі.

      Құтқарушы парашюттік-десанттық топтың жеке құрамы тиісті даярлықтан өткен соң парашют-тандеммен ("тандем" типті арнайы мақсаттағы парашютпен) қажет болған кезде апатқа ұшырағандарға медициналық қызметкерды (кез келген басқа маманды) немесе жүкті жеткізуді жүргізеді.

      Құтқарушы парашюттік-десанттық топтар Қағидаларға сәйкес құтқару мүлкімен және керек-жарағымен жабдықталады.

      Ұшу және қону, сондай-ақ аймақтарда ұшуды орындау теңіздің немесе су тоғандарының үстімен жүргізілетін әуеайлақтарда бортында құтқарушылары бар құтқару катерлерімен (немесе басқа кемелермен) қамтамасыз етіледі.

      18. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін:

      1) әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдар азаматтық ұйымдарының жерүсті және жүзу көлік құралдары;

      2) көзбен шолу және эвакуациялау жұмыстарын орындау үшін арнайы іздестіру-құтқару жабдығы жоқ әскери бөлімдер мен авиакомпаниялардың әуе кемелері;

      3) әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдар азаматтық мекемелерінің жеке құрамы қосымша тартылады.

      19. Мемлекеттік мекеменің ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша кезекшілікті атқаруға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге даярланған 3-ші және одан жоғары сыныпты ұшқыштар (штурмандар) тартылады.

      Таныс емес және белгіленбеген алаңдарға қонуды орындауға, құрлық пен су бетінде қалықтап тұру режимінен құтқарушыларды түсіруге және апатқа ұшырағандарды көтеруге тиісті рұқсаты бар тікұшақтар экипаждары тартылады.

      Кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің экипаждары:

      1) апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен табуды жүзеге асырады;

      2) апатқа ұшырағандармен радиобайланысты орнатады, олардың нақты жай-күйін және әуе кемесінің жай-күйін анықтайды;

      3) апатқа ұшырағандарға оларға көмек көрсетуге қабілетті күштер мен құралдарды алып барады;

      4) құтқарушы парашюттік-десанттық топтарды десант етіп түсіреді, авариялық-құтқару мүлкі мен керек-жарағын дәлдеп тастайды;

      5) әуеден қону алаңын таңдайды, оның қонуға және ұшып шығуға жарамдылығын айқындайды;

      6) апатқа ұшырағандарды құрлық пен су бетінде қалықтап тұру режимінен эвакуациялайды;

      7) апатқа ұшырағандарға жақын жердегі елді мекенге, жолға, өзенге немесе эвакуациялау ыңғайлы болатын орынға шығу үшін нысана көрсетеді;

      8) апатқа ұшыраған адамдарды әуе кемесінен алып шығады және оларға алғашқы медициналық көмек көрсетеді;

      9) зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне эвакуациялайды;

      10) апатқа ұшыраған әуе кемесіндегі өртті оқшаулайды және сөндіреді;

      11) командалық пунктке іздеу мен құтқару барысы мен нәтижелері туралы баяндайды.

      20. МА ҚҮО кезекші ауысымы ұшуға және ұшып өтуге өтінімдер негізінде бір тәулікке іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігін нақтылайды және жоспарын жасайды, Авиацияның жұмыс жоспарына (бір тәулікке) қосымша болып табылатын жоспарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің бастығы келіседі.

      21. Кезекшілік жоспарында:

      1) бөлінген іздестіру-құтқару тікұшақтары мен ұшақтарының саны мен типі, олардың ведомстволық тиесілігі;

      2) орналасу әуеайлағы;

      3) экипаждар командирлерінің тегі мен шақыру белгілері;

      4) ұшып шығу және қону, іздестіру-құтқару жұмыстарын көзбен шолып жүргізу үшін ауа райының минимумы;

      5) экипаждарға рұқсат етілген іздестіру-құтқару жұмыстарының негізгі түрлері;

      6) күндіз және түнде ауа райының минимумы кезінде экипаждардың соңғы ұшқан күні;

      7) даярланған құтқарушы парашюттік-десанттық топтардың болуы, олардың жер бетінің әртүрлі төсемдеріне десантталуға рұқсатының бар болуы;

      8) жерүсті іздестіру-құтқару командасы туралы мәліметтер;

      9) теңіздегі іздестіру-құтқару күштері мен құралдары туралы мәліметтер (қажет болған кезде);

      10) кезекші күштер мен құралдарды шақыру схемасы көрсетіледі.

      22. Жоспарды бекіткеннен кейін МА ҚҮО есептобы әуе қозғалысын басқару органдары мен мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарына жақын тұрған кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының саны мен орналасуы туралы мәліметтерді жеткізеді, олар осы әуеайлақтардағы жоспарлы ұшу кестелеріне енгізіледі және ұшу алды даярлығында ұшқыш құрамына жеткізіледі.

      Іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету аймағындағы кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары туралы мәліметтер олардың сұрау салуы бойынша мүдделі уәкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелердің командалық (диспетчерлік) пункттеріне жеткізіледі.

      23. Авиациялық бөлімдердің (әскери институттың) командалық пункттерінде алдағы тәулікке (ұшу күніне) бөлінген кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары туралы мәліметтер түсірілетін (кесте түрінде) мемлекеттік авиацияның ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі карта-планшеті жүргізіледі. Әуе қозғалысын басқару орталықтарында әуе кеңістігін пайдалану жоспарларына мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету үшін бөлінген әуе кемелері туралы мәліметтер енгізіледі.

      24. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің мынадай 3 деңгейі белгіленеді:

      1) № 1 әзірлік:

      іздестіруші әуе кемелері дереу ұшуға әзір, қозғалтқыштары сынақтан өткізілген, жерүсті электрмен қоректендіру көздері қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және дереу пайдалануға әзір;

      ұшқыш құрамы, құтқарушы парашюттік-десанттық топ әуе кемесінде, ал техникалық құрам – әуе кемесі жанында;

      экипажға міндет қойылған және қажет болған кезде ұшуда радио арқылы нақтыланады, экипаж командирі ұшуды басқару пунктімен радиобайланыста;

      жерүсті іздестіру-құтқару командасы тапсырманы орындау үшін дереу шығуға дайын;

      тікұшақтардың ұшып шығуы мен жерүсті іздестіру-құтқару командасының шығуы – 10 минуттан кешіктірмей;

      ұшақтың ұшып шығуы – команда берілгеннен кейін 15 минуттан кейін;

      2) № 2 әзірлік:

      іздестіруші әуе кемелері ұшуға әзір, қозғалтқыштары сынақтан өткізілген, авариялық-құтқару мүлкі бортта және пайдалануға әзір;

      ұшқыш және техникалық құрам, құтқарушы парашюттік-десанттық топ әуе кемесіне жақын арнайы бөлінген орында;

      экипажға ұшуды ұйымдастыру және іздестіру әдісі бойынша нұсқаулар берілді;

      іздестіру жөніндегі тапсырма ұшар алдында және қажет болған кезде ұшуда нақтыланады;

      жерүсті іздестіру-құтқару командасының жеке құрамы авиациялық бөлім командирі айқындаған орында, жерүсті іздестіру-құтқару командасының мүлкі мен керек-жарақ жиналған және тапсырманы орындауға шығуға дайындалған көлік құралдарына тиелген, көлік құралдарының болу орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген;

      тікұшақтардың ұшуы мен жерүсті іздестіру-құтқару командасының шығуы – команда берілгеннен кейін кешіктірмей 20 минуттан кейін;

      ұшақтың ұшып шығуы – команда берілгеннен кейін 30 минуттан кейін;

      3) № 3 әзірлік:

      іздестіруші әуе кемесі, автомобиль және іздестіру-құтқару құралдары қолдануға дайын және белгіленген орында (әуеайлақта, тұрақта немесе гаражда) болады;

      ұшқыш, техникалық және құтқарушы парашюттік-десанттық топтың және жерүсті іздестіру-құтқару командасының жеке құрамы сабақта, жұмыста немесе демалуда болады;

      іздестіруші әуе кемесінің ұшып шығуы, жерүсті іздестіру-құтқару командасының шығуы жазда – 30 минуттан, қыста 45 минуттан кеш емес;

      № 3 әзірлікте тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда – 2 сағат 30 минутты және қыста – 3 сағатты құрайды;

      демалу уақытында, жұмыстан тыс уақытта ұшып шығу уақыты 2 сағат 30 минуттан кеш емес.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 30.07.2024 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Іздестіруші әуе кемелерінің экипаждарының әзірлікке ауысу уақыты:

      № 3 әзірліктен № 2 әзірлікке – 10 минут (демалу жағдайынан, жұмыстан тыс уақытта – 2 сағат 10 минут);

      № 3 әзірліктен № 1 әзірлікке – 20 минут (демалу жағдайынан, жұмыстан тыс уақытта – 2 сағат 20 минут);

      № 2 әзірліктен № 1 әзірлікке – 10 минут.

      26. Іздестіруші әуе кемелері экипаждарының болу уақыты:

      № 1 әзірлікте – 2 сағаттан аспайды;

      № 2 әзірлікте – тәулік бойы (2 тәуліктен аспайды);

      № 2 әзірлікте кезекшілік атқару кезінде, № 3 әзірлікке ауысумен тек ұшу кезеңінде – 7 тәулік;

      № 3 әзірлікте – 15 тәуліктен аспайды.

      27. Ұшуды жүргізу, әуе кемелерінің ұшып өтуі кезеңінде және әуеайлақ қосалқы болған жағдайларда мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету үшін бөлінген іздестіру-құтқару әуе кемелерінің экипаждары, жерүсті іздестіру-құтқару тобы, құтқарушы парашюттік-десанттық топ № 2 әзірлікте болады. Оларды № 1 әзірлікке ауыстыру авариялық жағдай туындаған кезде жүргізіледі.

      28. № 1 және № 2 әзірліктегі кезекші іздестіру-құтқару ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждарын, құтқарушы парашюттік-десанттық топтың жеке құрамын іздестіру-құтқару міндеттерін орындауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.

      Кезекшілікке бөлінген іздестіру-құтқару әуе кемесін және экипажын апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушыларын және экипажын іздестіру мен құтқару мақсатынан басқа, мыналар:

      1) іздестіру-құтқару әуе кеме экипажының жауапкершілік аумағында жаттығу мақсатындағы ұшу;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету;

      3) іздестіруге ұшып шығуға белгіленген мерзімдерін сақтаған жағдайда, орналасқан әуеайлақ ауданындағы өндірістік қызмет үшін қолдануға рұқсат етіледі.

      29. Өздерінің іздестіру-құтқару әуе кемелері жоқ әуеайлақтарда мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша тәулік бойы кезекшілік атқару үшін авиациялық бөлімдерінен іздестіру-құтқару әуе кемелерінің экипаждары іссапарға жіберіледі. Олардың кезекшілікке даярлығы және әзірлігін бақылауды экипаждар іссапарға жіберілген бөлімдердің командирлері жүзеге асырады.

      30. Мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі кезекшілік үшін басқа әуеайлаққа келген соң экипаж командирі аға авиация бастығына өзін таныстырады, кезекшілікті атқаруға әзір екені туралы баяндайды және нұсқау беруден өтеді. Одан әрі экипажды ұшуға даярлауды және әзірлігін бақылауды ол қарамағына келген әскери бөлімнің командирі жүзеге асырады.

      31. Кезекші күштер мен құралдар бөлінетін немесе бағынатын авиациялық бөлімнің командирлері (әскери институт бастығы) олардың уақытылы бөлінуін, оларды даярлауды және барлық қауіпсіздік шараларын сақтаумен нормативтермен белгіленген уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуін қамтамасыз етеді.

      32. Әуедегі және жерүсті іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының авариялық-құтқару мүлкімен, керек-жарағымен және жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлікпен жабдықталуын іздестіру күштері орналасқан әскери бөлім (әскери институт, бөлімше) жүзеге асырады. Әуе кемесі мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша кезекшілік үшін басқа әуеайлаққа келген жағдайда авариялық-құтқару мүлкімен жабдықтау әуе кемесі келген әскери бөлімге (әскери институтқа, бөлімшеге) жүктеледі.

      Іздестіру-құтқару әуе кемелерін, құтқарушы парашюттік-десанттық топты авариялық-құтқару мүлкімен жабдықтауды авиациялық бөлім (әскери институт) іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің бастығы жүзеге асырады.

      Жерүсті іздестіру-құтқару командасын авариялық-құтқару мүлкімен жабдықтауды авиациялық бөлім (әскери институт) жерүсті іздестіру-құтқару командасының бастығы жүзеге асырады, авариялық-құтқару мүлкі жерүсті іздестіру-құтқару командасының автомобилінде сақталады.

4-тарау. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері туралы хабарламаларды қабылдау мен беруді ұйымдастыру

      33. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің экипаждары мен жолаушыларын уақытылы табу және оларға көмек көрсету үшін бірыңғай халықаралық "SOS" ("Апатқа ұшырадым") сигналы белгіленген. Сигналдың жеделдігі мен қауіптілік туралы ескерту авиациялық "Щ-кодта" (әуе кемесінің экипажымен әуе қозғалысына қызмет көрсету органдардың диспетчерлері арасындағы байланыс үшін кодтық белгілеу мен қысқарту) көрсетілген. Қазақстан Республикасының аумағында апат туралы ақпарат қабылдау үшін радиоқұралдар кезекшілігі ұйымдастырылады.

      34. Радиоқұралдар кезекшілігі:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметі, радиотехникалық бөлімдерінің байланыс және радиопеленгілеу тораптарында ұшуды радиобайланыспен және радиожарық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының регламенттерінде көрсетілген қысқа радиотолқындарда, радиопеленгілеу жиіліктерінде – тәулік бойы;

      2) 2182 кГц, 4182 кГц (теңіз қызметтері) және 8364 кГц, 12546 кГц авариялық жиіліктерінде МА ҚҮО-дан команда бойынша – апат туралы хабарлама алынғаннан кейін;

      3) мемлекеттік авиацияның, оның ішінде қосалқы ретінде бөлінген әуеайлақтарында 121,5 МГц жиілігінде ультрақысқа толқынды радиопеленгаторларда – ұшуды жүргізу кезеңінде;

      4) жауынгерлік қызмет аудандарындағы және теңізге шығатын жерлердегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің құтқарушы корабльдері мен кемелерінде авариялық жиіліктерде (орташа толқынды және қысқа толқынды диапазондарда) апат сигналдарын қабылдау –тәулік бойы (Халықаралық радиобайланыс регламентіне сәйкес), ал 121,5 МГц жиілікте – ұшуды жоспарлайтын ұйымдардың өтінімдері бойынша;

      5) 121,5 МГц жиілікте аудандық әуе қозғалысын басқару орталықтарында – тәулік бойы.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 21.09.2020 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Апат сигналдары бортта бар барлық байланыс және хабардар ету құралдарымен беріледі:

      1) УҚТ және ҚТ-радиостанциялармен (телефон режимінде);

      2) байланыстырушы ҚТ-радиостанциялармен (телефон режимінде);

      3) тану аппаратурасымен беріледі.

      Сигналдар әуе кемесі командирінің нұсқауымен беріледі.

      36. Апат туралы хабарламаларды беру алғашқыда бортында авариялық жағдай қалыптасқан әуе кемесімен байланыс болған қолданыстағы ұшуды басқару арналарымен жүзеге асырылады және ортақ байланыс арналары және 121,5 (243), (406,025) МГц, 2182, 4182, 8364, 12546 кГц авариялық желілерінде пеленгілеу арқылы, сондай-ақ "Бәріне, бәріне..." деген сөзбен тану жүйесі арқылы қайталанады.

      37. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері туралы хабарламаларды қабылдау мен беруді ұйымдастыру, радиобайланыс жүргізу кезіндегі іс-қимылдар тәртібі Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      38. Ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының барлық түрінің есептоптары олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан, әуе кемесінің апатқа ұшырауы туралы хабарлама алынған кезде дереу әуе кемесін табу, оның координаттарын айқындау, олармен радиобайланыс орнату, апаттың сипатын және экипаж командирінің одан әрі іс-қимылдар туралы шешімін анықтау үшін радиотехникалық құралдарды іске қосады. Алынған ақпаратты ұшуды басқару пунктіне немесе өзінің командиріне (бастығына) баяндайды.

      39. Әуеайлақтағы ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының іздестіру-құтқару жұмыстарымен уақтылы қамтамасыз етуге әзір болуы авиациялық бөлімнің (әскери институттың) байланыс бастығына жүктеледі.

      Әуеайлақтағы ұшудың барлық байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажына көмек көрсету үшін дереу қолдану апат туралы хабарламаны қабылдаған ұшу жетекшісіне (әуе кемесін қабылдау және ұшыру жөніндегі кезекшіге) жүктеледі.

      40. Байланыстың телефон арналарын ұсыну, сондай-ақ апатқа ұшыраған әуе кемесіне, оның экипажы мен жолаушыларына көмек көрсету туралы жеделхаттарды қабылдау және беру бірінші кезекте жүргізіледі. Апат туралы хабарламамен байланысты радиоалмасу басқа хабарламаларға қарағанда басымдыққа ие.

      41. Егер апатты ескерту жөнінде қабылданған шаралардың нәтижесінде экипаж әуеайлаққа дейін одан әрі ұшу қауіпсіздігіне сенімді болса, басқару пунктіне қауіптің сейілгені туралы хабарламаны беру қажет.

5-тарау. Ұшқыш құрамын арнайы даярлау

      42 Мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшқыш кұрамы авариялық-құтқару даярлығы және әуе кемесі бортында әртүрлі физикалық-географиялық және климаттық жағдайларда апат жағдайы туындағанда жолаушыларға көмек көрсету жөніндегі арнаулы бағдарлама бойынша даярлықтан өтеді, экипажбенжолаушыларды міндетті түрде мұндай жағдайларда борттағы жеке және авариялық-құтқару құралдарын қолдану ережелерімен таныстыруы қажет.

      Құтқару парашютінсіз (аспалы жүйелерді кимей) ұшуға тек бейбіт уақытта жолаушыларды тасымалдау кезінде әуе кемелерінде және құтқару парашюттері көзделмеген әуе кемелерінде орындауға жол беріледі.

      Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзумен ұшуды орындауға жол берілмейді.

      43. Құтқару даярлығы мемлекеттік авиацияның барлық ұшқыш құрамы үшін міндетті болып табылады және мыналарды қамтиды:

      1) теориялық даярлықты:

      тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелерінің құралдарын зерделеу;

      ұшқыш құрамының ұшуда әуе кемесін мәжбүрлі тастап кету бойынша әрекет етуді зерделеу;

      ұшқыш құрамының әуе кемесінің әуеайлақтан тыс жерде мәжбүрлі қонғаннан кейін немесе парашютпен жерге түскеннен кейін әрекет етуді зерделеу;

      тәсілдерді және апат орнынан эвакуациялау кезінде әрекет етуді зерделеу;

      2) практикалық даярлықты:

      әуе кемесін мәжбүрлі тастап кету бойынша жаттығулар;

      авариялық радиостанциялар көмегімен радиобайланыс жүргізу жөніндегі жаттығулар;

      өзіне және өзара көмек көрсету жөніндегі жаттығулар;

      аман қалу қағидаларын және апат орнынан эвакуациялау тәсілдерін пысықтаумен кешенді жаттығулар;

      ұшуға жіберуге сынақ жаттығулары.

      Мемлекеттік авиацияның ұшқыш құрамы құтқару және парашюттік даярлық дағдыларын ұдайы шынықтырады.

      44. Мемлекеттік авиацияның ұшқыш құрамымен сабақтар және жаттығулар өткізу үшін инженерлік-авиациялық қызмет, штурмандық және медициналық қызмет мамандары, байланыс мамандары тартылады және мыналарды қамтиды:

      1) ұшқыш құрамымен әуе кемесі кабинасын мәжбүрлі тастап кету жөніндегі жаттығуларды буын және одан жоғарыр командирі өткізеді;

      2) ұшқыш құрамымен, ұшуды басқару тобының жеке құрамымен және командалық пункт есебімен мәжбүрлі тастап кету жөніндегі жаттығуларды эскадрилья және одан жоғары командир орынбасары немесе ұшу жетекшісі өткізеді;

      3) авариялық жағдайларда радиобайланыс жүргізу жөніндегі жаттығуларды байланыс бастығы өткізеді;

      4) жергілікті жерде бейімделу жөніндегі жаттығуларды бөлім штурманы өткізеді;

      5) өзіне және өзара көмек көрсету жөнідегі жаттығуларды медициналық қызмет бастығы өткізеді;

      6) пиротехникалық сигналдық құралдарды қолдануда жаттығуларды авиациялық қару-жарақ қызметінің бастығы өткізеді.

      45. Әуе кемесін авариялық тастап кету құралдары бойынша, алып жүрілетін авариялық қосалқы қор заттарын пайдалану бойынша, парашютпен жерге түскеннен кейін әрекет ету бойынша сынақ жаттығулары мен білімін тексеру жылына екі рет:

      1) авиациялық бөлім (әскери институт) іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет бастығы – авиациялық бөлім командиріне дейінгіні қоса алғандағы ұшқыш құрамымен;

      2) мемлекеттік авиация басқару органдары іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің аға офицері немесе бастығы – авиациялық бөлім (әскери институт) командирінен бастап барлық мемлекеттік авиация басшы ұшқыш құрамына дейін жүргізіледі.

      46. Ұшқыш құрамын аман қалуға даярлау кәсіби тұрғыдан қалыптасудың барлық кезеңінде (әскери институтта, оқу-жаттығу авиациялық орталықтарда, авиациялық бөлімдерде) жүргізіледі және:

      1) мәжбүрлі қонғаннан кейін немесе парашютпен жерге (су бетіне) түскеннен кейін әрекет етуді пысықтауды;

      2) аман қалу мүдделерінде құтқару құралдары мен тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын, арнайы жабдық пен қолда бар құралдарды қолданудағы практикалық дағдыларды жетілдіруді;

      3) бейбіт және соғыс уақытында адам жоқ жерлерде аман қалу үшін қажетті әрекет етуді оқытып-үйретуді;

      4) құрлықта және су бетінде апатқа ұшырағандарды эвакуациялау тәсілдерін пысықтауды қамтиды.

      47. Аман қалу мәселелері бойынша ұшқыш құрамы:

      1) ұшу аудандарының климаттық-географиялық ерекшеліктерін;

      2) аман қалу жағдайларында адамға кері әсер ететін табиғи ортаның факторларын;

      3) адам жоқ жерлерге мәжбүрлі қонғаннан кейін және әртүрлі климаттық-географиялық аймақтарда аман қалудың негізгі қағидаттарын, әрекет ету және топ құрамында немесе жеке аман қалуды ұйымдастыру жүйелілігін;

      4) Алып жүрілетін авариялық қорлар құрамын және олардың жиынтығы заттарын пайдалану қағидаларын;

      5) авиациялық құтқару-жүзу құралдарының, авариялық радиостанциялардың және құтқарушы әуе кемесі бортына эвакуациялау құралдарының құрылымы мен пайдалану қағидаларын зерделейді;

      6) қарсылас бақылайтын аумақта аман қалу кезін мыналарды зерделеу қажет:

      экстремалды жағдайдан туындаған стрестік ахуалға төзу;

      авариялық радиобайланыс құралдарын, іздестіруші әуе кемелерімен штаттық сонымен қатар қолға түскен құралдармен ақпарат алмасу үшін көрнекі сигналдарын беру құралдарын қолдану;

      зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;

      алып жүрілетін авариялық қор заттарын, құтқару-жүзу құралдарын, аман қалу жағдайларындағы өмірді және жұмысқа қабілетін сақтап қалу үшін жабдықтар мен қолда бар құралдарды тиімді пайдалану;

      сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғану, уақытша лагерь жасау, жергілікті жер ресурстарынан су мен тағам табуды;

      өзі тұрған жерде бейімделу мен айқындау;

      әртүрлі климаттық-географиялық аймақтарға өту;

      құтқару әуе кемесі бортында эвакуациялау құралдарын қолдану.

      48. Авиациялық бөлімдерде (әскери институтта) аман қалуға даярлауды ұшу аудандарының климаттық-географиялық аймақтарына сәйкес жүргізу қажет. Қалған климаттық аймақтар бойынша ұсыным сипатындағы мәліметтер беріледі.

      49. Ұшқыш құрамын аман қалуға даярлау міндеттерін табысты шешу:

      1) жергілікті жерлерде (суда) авариялық-құтқару құралдарын қолданумен арнайы жаттықтыруларды үнемі жүргізумен;

      2) ұшқыш құрамының ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету және аман қалу жөніндегі жабдықталған оқу базасының бар болуымен;

      3) ұшқыш құрамын оқытып-үйрету үшін медицина қызметінің, дене шынықтыру, барлау және басқа да қызметтердің мамандарын тартумен қол жеткізіледі.

      50. Мәжбүрлі жерге қону (суға қону) кезінде тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін әуе кемелері экипаждарының мүшелері алып жүрілетін авариялық қорлар мен қолда бар құралдарды пайдаланады.

      Алып жүрілетін авариялық қорлар парашюттер ранецтерінде (парашюттік жүйелерде), катапульттеу креслоларының отырғыштарында немесе экипаж мүшелерінің жарақтарында (киім-кешегінде) орналастырылады.

      Егер апатқа ұшырағандарды эвакуациялау қиындап кетсе, әуе кемесі экипажының мүшелері мен жолаушыларының тіршілік әрекетін қолдау үшін құтқару жарақтарын, мүлікті және арнайы жүктерді парашюттік-десанттық тәсілмен десанттау жасалады.

6-тарау. Апатқа ұшырайтын немесе ұшыраған әуе кемесі экипажының әрекет етуі

      51. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипаждары мен жолаушыларына уақтылы көмек көрсету бортта авариялық-құтқару құралдарының бар болуына және экипажда оларды пайдаланудағы мықты дағдылардың болуына байланысты, олар осы құралдарды практикалық қолдану бойынша сабақтар мен жаттықтыруларды жүйелі түрде өткізумен қол жеткізіледі.

      Әуе кемелері тізбесі әуе кемелерінің түріне және ұшу ауданына байланысты болатын борттық апаттық-құтқару құралдарымен жарақтандырылады.

      52. Әуеде авариялық жағдай туындаған кезде әуе кемесінің командирі әуеде бірінші кезекте жолаушылардың және экипаж мүшелерінің өмірін сақтап қалуға әрекет етумен пәрменділікпен етеді.

      53. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық авариялық жағдайларда әуе кемесінің экипажы бір уақытта "Апат" сигналын қосумен "Апатқа ұшыраудамын" сигналын береді.

      54. Мәжбүрлі қонуға шешім қабылдау кезінде әуе кемесінің командирі тікелей басшылық жасауды жүзеге асыратын командалық пунктке (әуе қозғалысын басқарудың аудандық орталығына), (ал мүмкін болмаған кезде – ең жақын тұрған әуе қозғалысын басқару органына) қону орны мен уақытын хабарлайды. Штурман (ұшқыш-штурман) барлық экипаж мүшелеріне әуе кемесінің тұрған жерін, жел бағыты мен жылдамдығын, жақын әуеайлаққа немесе елді мекенге дейінгі бағыт пен арақашықтықты, ал теңіз бетінде – жағалауға дейінгі бағыт пен арақашықтықты хабарлайды.

      55. Әуе кемесінің командирі әуе кемесінен парашютпен және (немесе) катапульттеумен кетуге шешім қабылдағаннан кейін мынадай әрекет етуді жүзеге асырады:

      1) мүмкіндігінше әуе кемесін экипаж мүшелері жерге түскен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және әуе кемесі құлаған кезде тұрғындарға залал келтірмейтін ауданға шығарады;

      2) жерге түскеннен кейін экипаж мүшелерінің жиналатын орнын айқындайды;

      3) әуе кемесін тастап кетуге команда береді.

      Ұшуда әуе кемесін тастап кетерде экипаж борттағы автоматты түрде апат туралы сигнал беретін құралды қосулы қалдырады. Экипаж мүшелері әуе кемесін тастап кету кезінде әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық (экипажға нұсқаулығы) талаптарына сәйкес әрекет етеді.

7-тарау. Әуе кемесі экипажының мәжбүрлі қонғаннан кейін және парашютпен құрлыққа түскеннен кейін әрекет етуі

      57. Әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі қонған әуе кемесі экипажы:

      1) әуе кемесінен жолаушыларды және зардап шеккен экипаж мүшелерін қауіпсіз жерге (кемінде 100 м) дереу эвакуациялайды;

      2) әуе кемесін тастап кетерде мүмкіндігінше топтық және жеке авариялық-құтқару құралдары мен парашюттерді өзімен бірге алады;

      3) зардап шеккен экипаж мүшелері мен жолаушыларға медициналық көмек көрсетеді;

      4) авариялық радиостанцияларды жұмысқа даярлайды және апат туралы хабар береді;

      5) көрнекі дабылдама құралдарын дереу қолдануға дайындайды;

      6) өзінің тұрған жерін нақтылайды;

      7) жақын әуеайлақпен немесе елді мекенмен байланыс орнату бойынша шаралар қабылдайды;

      8) іздестіру-құтқару тікұшағының қонуы үшін алаңды таңдайды және дайындайды.

      Әуе кемесі мәжбүрлі қонған жердегі барлық жұмысқа экипаж командирі басшылық жасайды.

      58. Әуе кемесін оның жай-күйін айқындау үшін қарап тексереді. Жасырын өрт ошақтарының бар болуына және отын багының және оқ-дәрілердің жарылу мүмкіндігіне назар аударады. Отынның немесе майдың ағуы байқалса, ағуды тоқтатуға немесе аварияға ұшырағандардың мұқтаждығы үшін ағып жатқан жанар-жағар май материалдарын жинауға (сигнал беру оттарын жағуға, жылыну мен жарық беруге) шаралар қабылдау қажет. Өрт шыққан жағдайда оны борттағы және қолда бар құралдар көмегімен өшіреді.

      59. Парашютпен жерге түскеннен кейін экипаж мүшелері командир көрсеткен жерге өзімен бірге алып жүрілетін авариялық қорды және парашюттерді алып келеді.

      Экипаж мүшелері жерге қонған кезде бір-бірін көрмейтін жағдайларда (орманда, тауда, түнде) авариялық-құтқару радиостанцияларын, дыбыстық сигналдарды, пиротехникалық және қолда бар құралдарды экипажды жинау пайдалану қажет.

      Егер жиын орнына барлық экипаж мүшелерінің барлығы келмесе, командир оларды іздестіруге шаралар қабылдайды.

      60. Жағдайды бағалағаннан кейін экипаж командирі одан әрі әрекет етуге шешім қабылдайды.

      Жерге түскен (жиналған) жерде қалған орында болады. Бұл іздестіруді жеңілдетеді және адамдарды сыртқы ортаның әсер етуінен қорғау бойынша анағұрлым тиімді шаралар қабылдауға, құтқарушылар келгенге дейін олардың күші мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

      61. Мәжбүрлі қонған жерде қалуға шешім:

      1) экипаж апат сигналын немесе оқиға орны туралы хабарламаны әуеде немесе қонғаннан кейін берген;

      2) егер жерге түсу орны айқындалмаған, жергілікті жер таныс емес және өту қиын (тау, орман, терең сай, батпақ, қалың қар) болған;

      3) жақын елді мекеннің бағыты және оның қашықтығы белгісіз болған;

      4) егер экипаждың көп жолаушылары мен мүшелері алған жарақаттарынан дербес қозғала алмаған;

      5) жергілікті жер ашық болған жағдайларда қабылданады.

      62. Мәжбүрлі қонған жерде қалу шешімін қабылдай отырып, әуе кемесінің командирі (экипаж мүшесі):

      1) іздестіру ұшақтары (тікұшақтары) және жердегі іздестіру-құтқару командалары экипаждарына уақтылы сигнал беру мақсатында тәулік бойы әуеге және қоршаған жерге қадағалау орнатады;

      2) жараланғандар мен сырқаттанғандарға күтімді ұйымдастырады;

      3) қолда бар жарақ пен мүлікті, су және тағам қорларын есепке алады және оларды жұмсау нормаларын белгілейді;

      4) адамдар үшін бүркемелеулер жасауды ұйымдастырады;

      5) жергілікті жердің мүмкіндіктерін пайдаланып тағам және су табуды ұйымдастырады (аңшылық, балық аулау, жеміс, саңырауқұлақ, өсімдік жинау);

      6) сырқаттану мен улану профилактикалық іс-шараларын жүргізеді.

      63. Мәжбүрлі қонған жерден кету туралы шешім:

      1) егер елді мекен орналасқан жері белгілі болса, оған дейінгі арақашықтық жақын болса және экипаж мүшелері мен жолаушылардың денсаулық жағдайы тәуліктің жарық мезгілінде жүруге мүмкіндік берсе;

      2) егер экипаж мүшелері парашютпен түсіп келе жатқанда жақын жерде соқпақты, жолды, өзен немесе тұрғынжайды байқаса;

      3) өміріне тікелей қатер төнген жағдайда;

      4) егер әуе кемесін және ондағы адамдарды қалың ағаштардан анықтау қиын болса, ал дабылдама құралдары болмаса;

      5) егер үш тәулік бойы байланыс және көмек болмаса қабылданады.

      64. Мәжбүрлі қонған жерден кету туралы шешім қабылдап, әуе кемесінің командирі:

      1) міндеттерді бөледі;

      2) маршрут бағытын айқындайды, қажет болған кезде оны картаға салады, өту кезеңдері бойынша уақытты есептейді;

      3) адам жоқ жерлерде дербес тіршілік етуді қамтамасыз ету үшін өзімен бірге алу қажет болған мүлік пен жабдықты таңдайды және дайындайды;

      4) іздестіру әуе кемесі пайда болған кезде оларды шұғыл пайдалану үшін дабылдама құралдары мен байланыс құралдарын дайындайды және жолдарды дайындайды;

      5) зардап шеккендерді тасымалдауға немесе дербес жүруге дайындайды (зембіл, балдақтар, сүретпелер жасайды);

      6) экипаж мүшелері мен жолаушылар арасында азық пен суды бөледі;

      7) оқиға болған жерде маршрут бағытын, кеткен уақытын, адамдардың денсаулық жағдайын көрсетумен қағаз қалдырады;

      8) оқиға болған жерде қозғалыс бағытын белгілейді (жебе қою, ағаштарға белгі соғу).

      65. Өз орындарын белгілеу үшін алып жүрілетін авариялық қорда және әуе кемесі бортында бар авариялық радиостанциялар мен сигнал беру құралдарынан басқа, экипаж қолда бар материалдарды (парашют матасын, қаптарды, ағаш бөлшектерін, тастарды, күлді, отынды) қолданады.

      66. Іздестіру-құтқару әуе кемесі мен апатқа ұшырағандар арасында ақпарат алмасу үшін авариялық радиостанциялар болмаған немесе істен шыққан кезде көрнекі белгілері, әуе кемесінің эволюциясы және сигнал беру зымырандары пайдаланылады.

      Көрнекі белгілер мен сигналдар, көрнекі дабылдама құралдары және оларды қолдану жөніндегі ұсынымдар Қағидаларға 9-қосымшада келтірілген.

8-тарау. Әуе кемесі экипажының мәжбүрлі суға қонған немесе парашютпен сулы жерге түскен кезде әрекет етуі

      67. Мәжбүрлі суға қону немесе сулы жерге парашютпен әуе кемесін тастау туралы шешімді экипаж командирі:

      1) әуе кемесінің бортында авариялық жағдайдың дамуы және оның ықтимал нәтижесі;

      2) әуе кемесінің түрі мен жарақталуы;

      3) су бетінің жағдайы мен жел жылдамдығы;

      4) әуе кемесі экипажының арнайы даярлығы және жабдықталуы факторларын ескере отырып қабылдайды.

      68. Мәжбүрлі қону алдында әуе кемесі экипажының командирі:

      1) пайдалану үшін жеке және топтық жүзу құралдарын, алып жүрілетін және борттағы авариялық қорларды, авариялық радиобайланыс құралдарын және басқа да қажетті жабдықтар мен құралдарды дайындау;

      2) әрбір жолаушы мен экипаж мүшесіне құтқару кеудешесін (белдігін) кию, бірақ оған әуе кемесі ішінде ауа толтырмау;

      3) байлау белбеулерін тағу командаларын береді.

      Экипаж командирі негізгі және қосалқы люктерді (шығу орнын) ашу тәртібін көрсетеді.

      Экипаж мүшелері ӘК-ны ұшып пайдалану жөніндегі нұсқаулық (экипажға нұсқаулық) талаптарына сәйкес әрекет етеді.

      69. Су бетіне мәжбүрлі қонған әуе кемесін тастап кету экипаж командирінің бұйрығымен глиссирлеу аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

      70. Әуе кемесін су бетінде тастап кету кезінде экипаж:

      1) есіктер мен люктерді ашады, суға құтқару-жүзу құралдарын түсіреді;

      2) жүзу құралдарына бірінші кезекте жараланғандар мен жолаушыларды түсіреді;

      3) жүзу құралдарына су, азық-түлік және жабдық қорын тиейді;

      4) барлық экипаж мүшелерінің бар болуын тексереді және оларды жүзу құралдарына жібереді;

      5) әуе кемесінен қауіпсіз орынға (кемінде 100 м) жүзіп өтеді;

      6) салдар мен қайықтарды жақындатып жинайды және оларды ұзындығы 12 метр арқандармен (3 салдан, қайықтан) бір-біріне байлайды.

      71. Жүзу құралдарында болған кезде әуе кемесі экипажының командирі:

      1) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      2) авариялық радиостанциялар мен радиобуйларды іске қосады, сондай-ақ көрнекі дабылдама құралдарын қолдануды дайындайды;

      3) өзінің тұрған жерін айқындайды және картада әуе кемесі түскен жерді белгілейді;

      4) ауыз су мен тамақ қорларын есептейді және қажет болған кезде оларды тұтынудың тәуліктік нормасын белгілейді;

      5) теңізде, әуеге және жүзу құралдарын қадағалау бойынша кезекшілік ұйымдастырады;

      6) әуе кемесі, корабльдер және теңіз кемелері пайда болған кезде олармен радиобайланысты орнатуға, қолда бар пиротехникалық және жарық - техникалық құралдармен белгі беруге шаралар қабылдайды.

      72. Әуе кемесін парашютпен тастау кезінде түсу кезеңінде жүзу құралдарын пайдалануға дайындау, ал суға түскен сәтте ағыспен алып кетуді болдырмау үшін ілмек жүйесін (жіптері бар күмбез) шешу және қайыққа (салға) міну, одан кейін парашютті жинап, қайықты (салды) судан тазарту, қайықта барлық қолда бар заттарды бекіту және авариялық радиостанцияны қосу қажет.

      Апат ауданында әуе кемесі, корабльдер немесе басқа да кемелер пайда болған кезде пиротехникалық, сигнал беру құралдарын, сондай-ақ суды бояу заттары мен сигнал беру айналарын пайдалана отырып белгі беру қажет.

      73. Теңізге мәжбүрлі қонғаннан (парашютпен суға түскеннен) кейін экипаж мүшелеріне өз өмірі мен жұмысқа қабілетін, сондай-ақ жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін алып жүрілетін авариялық қордағы арнайы жадынамалар ұсынымдарын басшылыққа алады.

9-тарау. Іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

      74. Іздестіру-құтқару жұмыстары:

      1) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ұшып шығуын ұйымдастыруды;

      2) апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы мен жолаушыларын іздестіруді;

      3) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқаруды, олардың өзара іс-қимылы мен күшейтуді ұйымдастыруды;

      4) апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы мен жолаушыларына, кемелер командалары мен жолаушыларына және корабльдердің жеке құрамына көмек көрсетуді;

      5) апатқа ұшырағандарды эвакуациялауды қамтиды.

      75. Іздестіру-құтқару жұмыстарын авиациялық бөлімдер командирлері (әскери институт бастығы, уәкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелердің іздестіру-құтқару жұмыстарына жауапты адамдары) ұйымдастырады және жүргізеді және тиісті ұшуды басқару пункттері арқылы оларды басқарады. Авиациялық бөлімдердің штаттық командирі болмаған кезде іздестіру-құтқару жұмыстарын ұшу жетекшісі немесе бөлім (әскери институт) іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің бастығы жүргізеді.

      76. Іздестіру-құтқару жұмыстары:

      1) әуе кемесі бортынан апат дабылын алған кезде;

      2) апатты қадағалаған әуе кемесінің экипажынан баяндау алған кезде;

      3) авариялық радиостанциялар (радиобуйлар) сигналдарын қабылдаған кезде;

      4) апат куәгерлерінің хабарламалары алынған кезде;

      5) егер әуе кемесі есептелген ұшып келу уақытынан кейін 10 минут ішінде белгіленген пунктке келмесе және онымен радиобайланыс 5 минуттан астам уақыт болмаса;

      6) егер әуе трассасы бойынша (трассадан тыс) ұшу кезінде әуе кемесінің экипажымен байланыс жоғалса және оның болатын жері 20 минут ішінде анықталмаса;

      7) егер әуе кемесінің экипажы қонуға рұқсат алса және 10 минут ішінде қонбаса, ал олармен радиобайланыс жоғалса;

      8) әуе кемесінің экипажымен радиобайланыс жоғалған кезде және бір уақытта радиолокациялық жетек белгісі жоғалған кезде немесе радиобайланыс 5 минуттан астам жоғалған кезде, егер радиолокациялық жетек жүргізілмесе;

      9) азаматтық авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік авиацияның басқару органдарымен келісу бойынша сұрау салған кезде.

      77. Іздестіру-құтқару жұмыстары іздестіру-құтқару әуе кемесінің ұшып шығуына, жердегі іздестіру-құтқару командасының шығуына команда берілген сәттен басталады.

      78. Кезекші іздестіру-құтқару әуе кемесі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ұшып шыққан кезде авиациялық бөлім командирі (әскери институт бастығы) кезекшілікте іздестіру-құтқару жұмыстарына даярланған әуе кемесінің экипажы бар әуе кемесін алмастыруға шаралар қабылдайды.

      Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының күш-жігерін өрістету МА ҚҮО, уәкілетті органдар мен мемлекеттік мекемелердің басқару пункттері арқылы жүзеге асырылады.

      79. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипаждарын апат орнынан эвакуациялау Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      80. Іздестіру-құтқару жұмыстары апатқа ұшырағандарды емдеу мекемесіне, жақын жердегі әуеайлаққа (елді мекенге) эвакуациялау аяқталған немесе олардың қаза табу фактілері айқындалған сәтте аяқталды деп саналады.

      81. Әуе кемесін іздестіру үшін алдын ала қабылданған шаралар нәтиже бермеген жағдайларда іздестіруді тоқтату туралы шешімді тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасы және жедел штаб жетекшісі қабылдайды.

      Іздестіру ресми түрде тоқтатылған әуе кемесі, егер әуе кемесінің тұрған жері немесе сынған қалдықтары анықталмаса, әуе кемесі із-түссіз жоғалды деп саналады. Оны іздестіру тұрған жері туралы кез келген жаңа мәлімет алынған кезде іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған сәттен бері өткен уақытқа қарамастан, дереу жандандырылады.

      82. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдары іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін дереу олардың кезекшілік орындарына қайтып оралады және тиісті әзірлік дәрежесіне келтіріледі.

10-тарау. Авариялық хабардар ету

      83. Әуе кемесінің апатқа ұшырауы туралы баяндау (сигнал) алған кезде Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу талап етілетін жағдайларда іздестіру және құтқарудың кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын № 1 әзірлікке келтіру, іздестіру-құтқару жұмыстарының басталуы туралы ұшу жетекшілері (жедел кезекшілер, бөлімдер командирлері) шұғыл баяндауды жедел кезекшілер желісі бойынша МА ҚҮО-ға және Әуе қозғалысын басқару бас орталығына ұсынады.

      84. Апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы бірінші баяндауда мынадай деректер болады:

      1) апат туралы ақпарат алған уақыт, көзі;

      2) апат уақыты, орны және сипаты, әуе кемесінің түрі, апатқа ұшыраған әуе кемесі ұшып шыққан және қонған әуеайлақ;

      3) апатқа ұшыраған әуе кемесінің ведомстволық (мемлекеттік) тиесілілігі;

      4) апатқа ұшырағандарда авариялық-құтқару мүлкі мен жабдықтың бар болуы;

      5) экипаж командирінің тегі мен шақыру сөзі, экипаж құрамы мен жолаушылар саны;

      6) іздестіруді қамтамасыз ету және көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар.

      Бірінші баяндауды жедел беру уақтылы іздестіру-құтқару жұмыстарын өрістетуді және апатқа ұшырағандарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

      85. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі):

      1) командалық пункттің апат сигналын алғаны немесе авариялық жағдай туындағаны туралы есебін тыңдайды;

      2) жағдайды бағалайды, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәртібі бойынша шешім қабылдайды және оны Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына баяндайды;

      3) лауазымды адамдарға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер қояды;

      4) басқару органдары арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге басшылық жасайды;

      5) іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілетін ауданда іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      6) қажет болған кезде қосымша күштер мен құралдарды бөледі немесе сұратады;

      7) қауіпсіздік шараларының сақталуына бақылауды ұйымдастырады;

      8) әуе кеңістігін пайдаланудың жергілікті режимін белгілейді, ал қажет болған әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін белгілеу үшін Әуе қозғалысын басқару бас орталығына жүгінеді.

      86. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдау кезінде:

      1) апат ауданынан кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын қосымша құралдардың орналасу орындарының қашықтығын;

      2) іздестіру күштері мен құралдарын физикалық-географиялық және климаттық жағдайлар бойынша қолдану мүмкіндігін;

      3) іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарының даярлық деңгейін;

      4) қосымша іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын тартудың мақсаттылығын;

      5) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әрекет етуіне ұдайы бақылауды және оларды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде сенімді басқаруды ұйымдастыру мүмкіндігін ескеру қажет.

      87. Авиациялық бөлім (әскери институт) ұшуды басқару пунктінің есептобы іздестіру-құтқару жұмыстарының жоспарын картада ресімдейді, онда іздестіру-құтқару жұмыстары жетекшісінің (үйлестірушісінің) іздестіруді жүргізу жөніндегі шешімі және оның орындалу барысы көрсетіледі.

      88. Іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жауапты ауданы бар іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) (авиациялық бөлім командирі, әскери институт бастығы, ұшу жетекшісі) басқару пунктіне келісімен іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастырады және жоғары тұрған қолбасшылыққа өткен тәуліктегі іздестіру барысы, оның нәтижелері туралы баяндау жобасын және алдағы тәуліктерге арналған іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу жоспарын әзірлейді.

      89. Ұшуды басқару пунктінің есептобы әуе қозғалысын басқару орталықтарымен өзара іс-қимылда іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      90. Іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кезінде мыналардан алынған апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы қосымша ақпарат жиналады:

      1) апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшелерінен олармен байланыс орнаған кезде;

      2) әуе кемесі тиесілі авиациялық бөлім қолбасшылығынан, авиакәсіпорын, ұйым басшысынан, апат себептерін анықтау шамасына қарай (жетекті нақтылау, радиолокациялық станция экрандарынан фотосуреттерді шығару, есептер жасау, ұшу туралы құжаттаманы талдау);

      3) апатқа ұшыраған әуе кемесімен бірлесіп ұшуды орындаған экипаждардан;

      4) апатқа ұшыраған әуе кемесіне радиолокациялық жетекті жүзеге асырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің радиотехникалық бөлімдерінен;

      5) тұрғындардан;

      6) әуе қозғалысын басқару органдарынан.

      91. Апатқа ұшыраған әуе кемесі туралы қосымша мәліметтер жинау кезінде командалық пункт есептобы:

      1) әуе кемесінің бортында авариялық-құтқару құралдарының бар болуы;

      2) ұшу маршруты, биіктігі және жылдамдығы, қону әуеайлағына келудің есептік уақыты, радиолокациялық жетек деректері және әуе кемесінің экипажымен радиобайланыстың жоғалу уақыты;

      3) метеорологиялық ұшу жағдайлары, апат болған аудандағы ауа райы болжамы, күннің жарық уақытының ұзақтығы;

      4) кезекші іздестіру-құтқару әуе кемесі ұшып шыққан әуеайлақ пен уақыт, жердегі іздестіру-құтқару командасының шығу пункттері мен қозғалыс маршруттары, оларды бағыттау тәсілдері;

      5) іздестіру нәтижелері туралы ақпаратты қорытындылайды.

      Ақпаратты жинақтау және қорытындылау шамасына қарай МА ҚҮО бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысына баяндайды.

      92. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажын іздестіру авиациялық құралдармен радиотехникалық іздестіру жүргізуден басталады.

      Егер радиотехникалық іздестіру нәтижесінде апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы мен жолаушылары табылмаса, авиациялық және жердегі күштері мен құралдарының болжамды апат болған ауданның жергілікті жерін егжей-тегжей көзбен шолып тексеру жүргізуіне шешім қабылданады.

      93. Көзбен шолып іздестіру жүргізуге шешімде:

      1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес көзбен шолып іздестіру торында палеткамен бөлу жүзеге асырылатын іздестіру ауданының және шаршысының шекарасы;

      2) бірінші кезекте тексерілетін шаршылар мен одан әрі іздестіру жүргізу тәртібі;

      3) аэрофототүсірімдер аудандары;

      4) іздестіруді жүзеге асыру үшін авиациялық, жердегі күштері мен құралдарының нарядтары;

      5) іздестіру тәсілдері;

      6) іздестіру-құтқару әуе кемесі орналасқан әуеайлақтар;

      7) қосалқы басқару пункттері және қосымша тартылатын байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары;

      8) іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажына міндет қою тәртібі, уақыты мен орны;

      9) іздестіруге ұшақтардың, тікұшақтардың ұшып шығу және жердегі іздестіру-құтқару командасының шығу уақыты;

      10) апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажы мен жолаушыларын эвакуациялаудың болжамды тәртібі, тартылатын медициналық күштер (құралдар) мен емдеу мекемелері;

      11) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;

      12) іздестіру нәтижелері туралы жеткізілімдер тәртібі айқындалады.

      94. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысатын ұшуды басқару пункттері, сондай-ақ іздестіру-құтқару әуе кемесінің экипажы көзбен шолып іздестіруге шешімді мен масштабы 1:200000 немесе 1:500000 карталарда ресімдейді.

      Шешімнің негізінде алдағы тәуліктерге іздестіру-құтқару жұмыстарының жоспары жасалады, оған штаб бастығы және іздестіру-құтқару және паршюттік-десанттық қызметтің бастығы қол қояды, авиациялық бөлімнің командирі (әскери институттың бастығы) немесе іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) бекітеді, МА ҚҮО-ға баяндалады.

      95. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшының бұйрығымен тағайындалатын ерекше жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын басқарудың жедел тобы (соның ішінде іздестіру-құтқару жұмыстары ауданындағы ұшуды басқару тобы) құрылады.

      96. Жедел топтың құрамына іздестіру-құтқару, штурмандық, инженерлік-авиациялық, метеорологиялық, медициналық қызметтің, сондай-ақ байланыс, тыл, командалық пункт офицерлері кіреді.

      97. Іздестіру-құтқару жұмыстарын басқарудың жедел тобы:

      1) командалық пункттің есептобы жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі іс-шараларды талдайды;

      2) іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) жұмысты ұйымдастыру және одан әрі жүргізу, іздестіру әуе кемесі экипажының ұшу қауіпсіздігін және жерүсті іздестіру-құтқару командасы жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындайды;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстарының барысын бақылайды;

      4) іздестіруге қатысатын күштер мен құралдарды үйлестіреді.

      Іздестіру-құтқару жұмыстарын басқарудың жедел тобы іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару және іздестіру-құтқару әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іздестіру ауданындағы ұшуды басқару пунктінің кезекші есептоптарын тартады.

      98. Әуе кемесі су бетінде апатқа ұшыраса, МА ҚҮО есептобы қосымша:

      1) өзара әрекет ететін теңіз күштерінің басқару пунктімен байланыс орнатады;

      2) апат ауданында корабльдер мен кемелердің бар болуы хабар туралы және оларды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тарту мүмкіндігін, сондай-ақ олардың радиодеректерін (шақыру белгісі мен жиіліктерін) сұратады;

      3) бірлескен іс-қимылдар тәртібін айқындайды;

      4) корабльдер мен кемелердің радиодеректерін (шақыру белгісі мен жиіліктерін) іздестіру-құтқару әуе кемелерінің экипаждарына береді;

      5) апат ауданындағы метеорологиялық және гидрологиялық жағдайды нақтылайды;

      6) апатқа ұшырағандарда жүзу құралдары мен авариялық радиостанциялардың бар болуы туралы ақпаратты қорытындылайды;

      7) іздестіру-құтқару әуе кемелерімен көмек көрсету мүмкіндігін талдайды.

      99. Корабльдің немесе кеменің апаты туралы ақпаратты осы аудандағы МА ҚҮО-ға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерін басқару пункті, балық аулау кемелерін басқару пункттері береді.

      Корабльдің немесе өзен кемесінің апаты туралы хабарлама алған кезде МА ҚҮО есептобы осы Нұсқаулықтың 98-тармағына сәйкес әрекет етеді.

      100. Корабльдердің жеке құрамын, кемелердің командалары мен жолаушыларын авиациялық құралдармен іздестіру және құтқару жөніндегі жұмыстарға қатысуға шешім қабылдау үшін бастапқы деректер мыналар болып табылады:

      1) апаттың уақыты, орны, мән-жайлары мен сипаты;

      2) корабльдің (кеменің) сыныбы, оның зақымдану дәрежесі, адамдар (командалар мен жолаушылардың) саны мен жай-күйі;

      3) қажетті көмектің сипаты;

      4) іздестіру-құтқару құралдары орналасқан әуеайлақтағы және апат ауданындағы метеорологиялық жағдайлар, судың температурасы мен теңіздің толқуы;

      5) басқа да ведомстволар жүргізетін құтқару іс-шаралары;

      6) басқару пунктінің, жұмыстар жетекшісінің (үйлестірушісінің) орналасқан орны және байланыс арналарының бар болуы.

      Ақпараттың жинақталуына қарай алынған деректер қорытындыланады, талданады, құтқару жұмыстарында авиациялық құралдарды пайдалану мүмкіндіктері айқындалады. Деректер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығына баяндалады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің командалық пунктіне хабарланады.

      101. Авариялар мен апаттар, дүлей және экологиялық зілзалалар кезінде қолбасшылықтың іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі, авиациялық құралдармен жұмыс жүргізуге шешімі:

      1) апаттың уақытын, болған орнын, сипатын және ол қамтыған аумақтың көлемдерін;

      2) авиациялық құралдармен көрсетілуі мүмкін көмектің сипаты мен көлемін;

      3) апат ауданының метеорологиялық, климаттық және географиялық жағдайларын;

      4) басқару пункттері мен байланыс арналарының бар болуын;

      5) жүргізілген құтқару іс-шараларының сипатын;

      6) құтқару жұмыстарына қатысуға тартылуы мүмкін авиациялық құралдардың орналасуы мен әзірлігін ескерумен қажет болса жасалады.

      Дүлей зілзала және авиациялық құралдармен көмек көрсету жөніндегі мүмкіндіктер туралы МА ҚҮО есептобы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына баяндайды.

      Нәтижелер дүлей зілзала кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын есепке алу журналында тіркеледі.

      102. Кезекші іздестіру-құтқару күштерінің нарядын апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына кепілді көмек көрсету есебінен іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) белгілейді. Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары туралы есеп жоғары тұрған штабқа күнтізбелік 7 күн ішінде жолданады.

11-тарау. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іздестіру-құтқару күштері мен құралдары

      103. Әуе кемесінің экипажы іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға іздестіру-құтқару дайындығы бағдарламасын орындағаннан кейін авиациялық бөлім (әскери институт, ведомство, ұйым) бойынша бұйрықпен жіберіледі.

      104. Әрбір әуеайлақта кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелері тұрақтарының орындары айқындалады.

      Кезекші іздестіру-құтқару әуе кемесінің, құтқару парашюттік-десанттық топтардың экипаждары іздестіру-құтқару әуе кемесіне тікелей жақын жерде, арнайы жабдықталған және командалық пунктпен (ұшу жетекшісімен) телефон (дыбысты) байланысы бар үй-жайда орналасады.

      105. Кезекші экипажға авиация ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түсу кезінде нұсқау беруді авиациялық бөлімнің командирі (әскери институт бастығы) немесе оның орынбасары жүргізеді.

      106. Экипаж кезекшілікке түсер алдында:

      1) Қағидалар, осы Нұсқаулық 3 және 5-тарауларының, әуе кемесін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың іздестіру-құтқару жабдығын пайдалануға және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты талаптарын зерделейді;

      2) ұшу ауданындағы байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жиіліктері мен жұмыс режимін нақтылайды;

      3) әуе кемесінің ұшу алды дайындығын жүргізеді, іздестіру радиоаппаратурасы мен десанттық жабдықтың ақаусыздығы мен жұмысқа қабілеттілігіне ерекше назар аудара отырып, оны әзірліктің тиісті дәрежесіне келтіреді;

      4) әуе кемесінің бортындағы авариялық-құтқару мүлкі мен керек-жарағының бар болуын мен жай-күйін тексереді;

      5) құтқару парашюттік-десанттық топтың әзірлігін және оның авариялық-құтқару мүлкімен және керек-жарағымен жасақталуын тексереді;

      6) ауа райының нақты жағдайы мен болжамын зерделейді;

      7) ұшып шығуға команда алу үшін байланыс арналарының ақаулығын тексереді;

      8) ұшу маршрутын, полигондарды, алаңдарды және ұшудың негізгі міндеттерін зерделейді;

      9) ұшу алды медициналық қарап тексеруден өтеді;

      10) ұшқыш құрамына ұшу алдында нұсқау беруге қатысады;

      11) кезекшілікке түскені туралы командалық пункттің жедел кезекшісіне және ұшу жетекшісіне баяндайды.

      107. Кезекші іздестіру-құтқару экипаждарының, жердегі іздестіру-құтқару командасының, құтқарушы парашюттік-десанттық топтың іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігін бақылауды ұшу жетекшісі (ұшақтарды қабылдау және ұшыру жөніндегі кезекші) жүргізеді, бұл туралы ұшу жетекшісінің журналына жазу жазады.

      108. Экипажға міндетті іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге авиациялық бөлім командирі (әскери институт бастығы), МА ҚҮО жедел кезекшісі, ұшу жетекшісі немесе осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іздестіру-құтқару операциясының үйлестірушісі қояды.

      109. Жауынгерлік іс-қимылдар кезіндегі апат туралы сигнал алған жағдайда жеке тану карточкасының деректері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МА ҚҮО-ға беріледі, онда олар пысықталады және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысатын барлық органдарға беріледі.

12-тарау. Іздестіру-құтқару әуе кемесі экипажының апатқа ұшырағандарды іздестіру кезіндегі әрекет етуі

      110. Экипаж командирі іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға ұшып шығуға командалар және міндеттер алған кезде:

      1) экипажға, құтқарушы паршюттік-десанттық топқа іздестіру жүргізу, зардап шеккендерді тану бойынша міндет қояды, ұшу жетекшісінің рұқсатымен қозғалтқышты іске қосады, бұру мен ұшып шығуды жүргізеді;

      2) ұшып шыққаннан және белгіленген биіктікті алғаннан кейін іздестіру аппаратурасының борттық кешенін қосады;

      3) ұшу жетекшісімен радиобайланысты үзбей, авариялық байланыс арнасын тыңдауға қосылады;

      4) ұшу жетекшісіне іздестіру нәтижелері туралы ұдайы баяндайды.

      111. Іздестіру ауданына шығу барлық іздестіру құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ:

      1) авариялық радиостанция жұмысы кезінде – радиотехникалық іздестіру құралдарының (АРК-УД) көмегімен;

      2) апатқа ұшырағандармен радиобайланыс болған кезде – олардың нысана көрсетуі бойынша;

      3) егер апат болған жер әуесінде басқа әуе кемесі болса – әуе кемесінің командалық радиостанциясын жетек ретінде пайдалана немесе оның нысана көрсетуін қолдана отырып АРК көмегімен;

      4) басқару пунктінің командалары бойынша жүзеге асырылады.

      112. Радиотехникалық құралдармен анықтау қашықтығын ұлғайту үшін апат болған ауданға шығу мынадай биіктік диапазонында орындалады:

      1) ұшақтар үшін – 6000-8100 метр;

      2) тікұшақтар үшін – 600-1200 метр.

      Апатқа ұшырағандарды радиотехникалық аппаратураны пайдаланумен іздестіру негізгі іздестіру әдісі болып табылады.

      113. Іздестіру-құтқару әуе кемесінің авариялық радиомаяктан (радиобуйдан) ұшып өту орны мен уақыты туралы экипаж ұшуды басқару пунктіне баяндайды және апатқа ұшырағандарды көзбен шолып іздестіру үшін төмендеуге рұқсат сұрайды.

      114. Егер болса іздестіру ауданын радиотехникалық құралдар көмегімен тексеру нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, командалық пункт (командалық-диспетчерлік пункт) рұқсатымен борттық іздестіру аппаратуралары кешенінің жұмысына бақылауды сақтаумен көзбен шолып іздестіру жүргізіледі.

      115. Көзбен шолып іздестіру көзбен шолып іздестірудің торлы палеткасы көмегімен айқындалып белгіленген шаршылар бойынша жүзеге асырылады. Палетка әрбір іздестіру-құтқару әуе кемесінің бортында болады. Іздестіру ауданын шаршыларға бөлуді іздестіру-құтқару жұмыстарына тікелей басшылық жасайтын командалық пункт жүргізеді. Іздестіру ауданын шаршылар бойынша тексеру кезектілігі экипажға ұшып шығар алдында немесе ұшу кезінде радио арқылы көрсетіледі.

      116. Көзбен шолу немесе радиотехникалық іздестіру әдісі Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

13-тарау. Іздестіру-құтқару тікұшағы экипажының апатқа ұшырағандарға көмек көрсету және эвакуациялау кезінде әрекет етуі

      117. Іздестіру-құтқару тікұшағының экипажы қону алаңын таңдап алып, іздестіру-құтқару жұмыстарын басқару пунктіне оның координаталарын хабарлайды және қонуға рұқсат сұрайды. Ұшу жетекшісімен (командалық пунктпен) радиобайланыс болмаған кезде экипаж командирі қону және апатқа ұшырағандарды эвакуациялау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық факторларды ескере отырып, апатқа ұшырағандарды эвакуациялау тәсілін дербес таңдайды.

      Тікұшақтарды қондыру үшін алаңдарды таңдау және дайындау осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      118. Қону мүмкін болмаған кезде іздестіру-құтқару тікұшағы экипажының командирі құтқару парашюттік-десанттық топты парашют тәсілімен десанттайды не түсіру құрылғылары немесе лебедка көмегімен қалықтап тұру режимінде оларды түсіреді.

      119. Іздестіру-құтқару тікұшағының экипажы апатқа ұшырағандарға көмек көрсету және эвакуациялау кезінде Қағидаларға сәйкес әрекет етеді.

14-тарау. Құтқару парашюттік-десанттық топтардың және жердегі іздестіру-құтқару командаларының жеке құрамын жұмысқа даярлау

      120. Әрбір авиациялық базада кестеге сәйкес кезекшілік атқаратын кемінде екі құтқарушы паршюттік-десанттық топтар мен жердегі іздестіру-құтқару командалары даярланады.

      Кезекшілік кестесін іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет бастықтары жасайды және авиациялық бөлім командирі бекітеді.

      Жердегі іздестіру-құтқару командаларының, құтқарушы паршюттік-десанттық топардың кезекшілігін ұйымдастыру және олардың іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі жұмысы авиациялық бөлім командирі (әскери институт бастығы) бекітетін жердегі іздестіру-құтқару командалары мен құтқарушы паршюттік-десанттық топтарға арналған нұсқаулықта мазмұндалады.

      121. Құтқарушы паршюттік-десанттық топтардың және жердегі іздестіру-құтқару командаларының жеке құрамын даярлауды авиациялық бөлім командирі (әскери институт бастығы) ұйымдастырады. Оларды даярлауды авиациялық бөлімдер (әскери институт) командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасарлары, іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет бастықтары штурмандық, инженерлік-авиациялық, медициналық қызметтер өкілдерін және басқа да мамандарды тартумен жүзеге асырады.

      122. Жердегі іздестіру-құтқару командасы өтімдігі жоғары көлік құралдарымен, байланыс және дабылдама, өрт сөндіру, объективті бақылау, тіршілік әрекетін қамтамасыз ету құралдарымен, қажетті құрал-саймандармен және медициналық мүлікпен жабдықталады.

      123. Жердегі іздестіру-құтқару командасының бастығы кезекшілікке түсер алдында Қағидаларға сәйкес іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әзірлігін тексереді.

      Жердегі іздестіру-құтқару командасының іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге әзірлігі туралы оның бастығы бөлім командиріне немесе ұшу жетекшісіне баяндайды.

      124. Жердегі іздестіру-құтқару командасы іздестіру ауданына барған кезде іздестіру-құтқару жұмыстарын басқару пунктімен ұдайы радиобайланысты (тікелей немесе ретранслятор арқылы) ұстайды және оның нұсқаулары бойынша әрекет етеді.

      Жердегі іздестіру-құтқару командасы іздестіру ауданына келгеннен кейін ұшуды басқару пунктімен (қолда бар байланыс түрлері немесе әуе кемесіндегі – реттранслятор арқылы), осы ауданда әрекет ететін іздестіру-құтқару әуе кемелерімен және басқа да іздестіру топтарымен байланысты (радиобайланысты) орнатады.

      Жердегі іздестіру-құтқару командасы мен іздестіру-құтқару әуе кемелері арасында радиобайланыс болмаған кезде "жер-әуе" көрнекі сигналдарының коды пайдаланылады.

      125. Жергілікті жерді қарап тексеру:

      1) қатар қарау;

      2) контурлы іздестіру;

      3) ішінара траектория әдісімен жүргізіледі.

      Жергілікті жерлердегі жағдайға байланысты әдістердің нұсқалары қолданылады.

      Жергілікті жерлерді қарап тексеру кезінде топ мүшелері арасындағы аралық жергілікті жер жағдайларымен айқындалады және көзбен шолу немесе дыбыстау арқылы байланыс қамтамасыз етіледі. Қарау қиын болған жерлерде іздестіру тобының мүшелері арасындағы аралық кемінде 10-20 метрден аспайды.

      Іздестіру топтарына күндізгі тапсырмалар күннің жарық мезгілінде лагерьге қайтып оралу ескеріліп айқындалады.

      Жергілікті жерлерді қарап тексеру кезінде түтіннің, жыралардың, сынған ағаштардың, металл заттардың, жерде және су бетінде жанар-жағармай материалдары іздерінің болуына назар аудару қажет.

      Жұмыс істеп тұрған радиомаякқа шығу үшін тасымалдағыш радиопеленгаторды пайдалану қажет.

      126. Апатқа ұшырағандар анықталған кезде жердегі іздестіру-құтқару командасының бастығы:

      1) апат болған жердегі жағдайды бағалауы;

      2) зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға шараларын қабылдауы;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстарын басқару пункттеріне қабылданған шаралар мен қажетті көмек туралы баяндауы;

      4) апат болған жерде болу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі (өрт ошақтарын сөндіру, қауіпті жерлерді қоршау);

      5) тікұшақтың қонуы (қону мүмкін болмаған кезде қалықтап тұру) үшін алаңды таңдауы;

      6) апат болған жерді оқиға орнында бөлшектердің жатқан қалпын бұзатын шаралар қабылдағанға дейін суретке түсіруі;

      7) оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз етуі;

      8) объективті бақылау құралдарын сақтау жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

      127. Зардап шеккендерді өз күшімен эвакуациялауға шешім қабылдау, қозғалыс маршрутын және оның соңғы нүктесін таңдау туралы (емдеу мекемесі, елді мекен, әуеайлақ) жердегі іздестіру-құтқару командасының бастығы барлық қол жетімді құралдармен іздестіру-құтқару жұмыстарын басқару пунктіне хабарлайды.

      Іздестіру-құтқару жұмыстарын басқару пунктімен байланыс болмаған кезде жердегі іздестіру-құтқару командасының бастығы шешімді дербес қабылдайды.

      128. Құтқарушы парашюттік-десанттық топ іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау кезінде парашютпен орманға секіруді толық жиынтықпен ұшу жабдығымен орындайды.

      Суға секіру жеке авиациялық құтқару-жүзу құралдарын (кеудеше, белдік, қайықтар, теңіз құтқару костюмдері) қолданумен орындалады.

      129. Құтқарушы парашюттік-десанттық топқа міндетті командир (орынбасар), ұшу жетекшісі немесе іздестіру-құтқару әуе кемесінің командирі қояды. Қажет болған кезде міндет ұшуда нақтыланады.

      130. Жердегі іздестіру-құтқару командасына апатқа ұшырағандарды іздестіруге және құтқаруға міндетті авиациялық бөлім командирі (оның орынбасары, ұшу жетекшісі) қояды.

      131. Масштабы 1:200000 немесе 1:500000 картаға жердегі іздестіру-құтқару командасының біртіндеп қарау үшін (әуеайлақ ауданында іздестіру кезінде) шаршыларға бөлінген іздестіру ауданындағы қозғалысы маршруты осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың координаталық торымен графикалық жоспары бойынша салады.

      132. Міндет қою кезінде:

      1) оқиға болған уақыт пен орны;

      2) апатқа ұшыраған әуе кемесінің түрі, ұшқыштың шақыру белгісі;

      3) оқиға сипаты;

      4) экипаж мүшелері мен жолаушылар саны;

      5) апатқа ұшырағандарда апаттық-құтқару құралдарының бар болуы;

      6) қозғалыс маршруты, жергілікті жердің сипаты және елді мекеннің бар болуы;

      7) жергілікті жерді немесе шаршыларды қарап тексеру кезеқтілігі;

      8) ұсыным берілген іздестіру тәсілі;

      9) командалық пунктпен (ұшу жетекшісімен) және іздестіру күштерімен және құралдарымен байланыс рәсімі;

      10) қауіпсіздік талаптары көрсетіледі.

      133. Құтқарушы паршюттік-десанттық топты әуе кемесінен парашютпен десанттау Парашюттік жүйелерді пайдалану жөніндегі басшылықта белгіленген биіктіктерден төмен емес жүргізіледі.

      134. Құтқарушы парашюттік-десанттық топты парашютпен десанттау туралы шешімді іздестіру-құтқару жұмыстары жетекшісі (үйлестірушісі) қабылдайды.

15-тарау. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқару

      135. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі басқару міндеттері апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен көмек көрсету үшін бағынысты күштер мен құралдарға басшылық жасау болып табылады.

      136. Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқаруды:

      1) авиациялық бөлімдердің, әскери институттың командалық пункттері;

      2) командалық-диспетчерлік және азаматтық авиацияның, басқа да министрліктер мен ведомстволардың тиісті ұшуды басқару пункттері;

      3) аудандық (қосалқы аудандық) әуе қозғалысын басқару орталықтары;

      4) апат болған ауданда арнайы құрылатын уақытша (әуедегі, жердегі, корабльдегі) ұшуды басқару пункттері жүзеге асырады.

      137. Мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуін үйлестіруші негізгі орган МА ҚҮО болып табылады, олардың есептобы:

      1) іздестіру-құтқару жұмыстары ауданында және су үстіндегі әуе кемелері ұшуының іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етілуін, литерлік әуе кемелерінің және авиациялық топтардың ұшып өтулерін ұйымдастыруды бақылауды;

      2) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді бақылауды;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізу кезінде іздестіру күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын және әрекет етуін үйлестіруді ұйымдастыруды;

      4) іздестіру-құтқару жұмыстары барысы туралы ақпаратты және деректерді үздіксіз жинауды, қорытындылауды және қолбасшылыққа уақтылы баяндауды;

      5) осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаның үлгісіне сәйкес картада іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу жоспарын жүргізуді;

      6) мемлекеттік авиация ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету үшін кезекші іздестіру күштері мен құралдары әзірлігін күнделікті есепке алуды және бақылау жүргізуді;

      7) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде және олардың әзірлігін тексеру мақсатында авиациялық бөлімдердің командалық пункттері, уәкілетті органдар авиацияны басқарудың орталық органдары, ведомстволар, мемлекеттік мекемелер арқылы кезекші авиациялық күштер мен құралдарды көтеруді;

      8) спутниктік жүйесінен алынған апат сигналдары туралы ақпаратты аварияға ұшыраған кемелерінің тұрған жерін айқындау үшін тексеруді және оны авиациялық бөлімдердің командалық пункттеріне жеткізуді жүзеге асырады.

      138. Авиациялық бөлімдер командалық пункттерінің мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі есептоптары:

      1) өз ауданында әуе кемелерінің ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, теңіз акваториялары мен су қоймалары үстінде, литерлік әуе кемелерінің және авиациялық топтардың ұшып өтулерін іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруларды бақылауды;

      2) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әзірлігін бақылауды;

      3) авиациялық бөлімдерге ұшуды қамтамасыз ететін кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары туралы мәліметтерді жеткізуді;

      4) апат туралы ақпаратты (сигналдарды) қабылдауды;

      5) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МА ҚҮО-ға қіздестіру-құтқару жұмысын жүргізу туралы баяндауды;

      6) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеуді;

      7) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының, ретранслятор ұшақтардың ұшып шығуына, сондай-ақ жердегі іздестіру-құтқару командасының шығуына бақылауда;

      8) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге бақылауды;

      9) іздестіру-құтқару жұмыстары жоспарын картада жүргізуді;

      10) жағдайға байланысты іздестіру күштері мен құралдарын өрістетуді;

      11) іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшуларына, жердегі іздестіру-құтқару командасының әрекет етуіне бақылауды, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

      12) МА ҚҮО-ны іздестіру нәтижелері және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау процесінде қабылданған шаралар туралы ақпараттандыруды;

      13) іздестіру-құтқару жұмыстарын орындау барысын талдауды;

      14) есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.

      139. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында авиациялық бөлім командалық пункттерінің есептоптары:

      1) апатқа ұшырап жатқан немесе ұшыраған әуе кемесі туралы ақпарат жинауды, қорытындылау мен талдауды және жоғарғы тұрған командалық пунктке баяндауды;

      2) командир (бастық) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шешім қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеуді;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстарын картада жүргізу жоспарын әзірлеуді және ресімдеуді;

      4) бағыныстыларға және өзара іс-қимыл жасайтын күштер мен құралдарға міндеттер қоюды және іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

      5) МА ҚҮО-ны жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы мен нәтижелері туралы ұдайы ақпараттандыруды;

      6) жауапкершілік ауданында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды бақылауды;

      7) мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету үшін бөлінген кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары әзірлігін күнделікті есепке алу мен бақылауды жүргізуді ұйымдастырады.

      140. Әуе қозғалысын басқару аудандық орталықтары іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу кезінде:

      1) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдары туралы ақпарат алуды;

      2) апат туралы ақпаратты қабылдауды және жоғары тұрған және өзара іс-қимыл жасайтын басқару пункттеріне беруді;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге іздестіру-құтқару әуе кемелерін бірінші кезекте ұшып шығуын қамтамасыз етуді;

      4) апат ауданында іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

      5) іздестіру-құтқару жұмыстары ауданында әуе кеңістігін пайдалануға тиісті режимдер және қысқа уақытқа шектеулер енгізуді жүзеге асырады.

      141. Авиациялық іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын іздестіру-құтқару жұмыстары барысында басқару жалпы және арнайыы бөлінген радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

      Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету аймағында үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету үшін ретранслятор әуе кемесі бөлінеді.

      142. Апат туралы хабарламаны алысымен ұшуды басқару тобының есептобы өз қарамағындағы кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына іздестіру аймағына ұшып шығуға (шығуға) команда береді, әуедегі әуе кемелерін қайта бағыттайды, МА ҚҮО-ға, өз қолбасшылығына және іздестіру және құтқару ауданындағы Іздестіру-құтқару жұмыстарының үйлестірушісіне баяндайды.

      Қажет болған кезде ұшуды басқару пунктінің есептобы іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етудің аралас ауданынан іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын көмекке сұрайды.

      143. Әуе кемесінің апаты туралы хабарлама алған кезде ұшу жетекшісі:

      1) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына ұшып шығуға (шығуға) команда береді;

      2) апат туралы авиациялық бөлім командиріне (үлкен авиациялық бастыққа) және жедел кезекшіге баяндайды;

      3) әуеайлақтың ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің қажетті құралдарын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бөлімдерінің радиотехникалық құралдарын қосуға команда береді;

      4) апат болған ауданды және сипатын нақтылайды, әуедегі анағұрлым даярланған әуе кемелерінің экипаждарын апат ауданына қайта бағыттайды;

      5) өз әуеайлағында ұшуды шектейді немесе тоқтатады;

      6) іздестіру-құтқару жұмыстары барысында өз іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын басқарады;

      7) іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;

      8) командалық пунктті іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы туралы ұдайы ақпараттандырады;

      9) іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қайтадан ұшып шығуына кезектен тыс дайындауды жүзеге асырады.

      144. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталысымен авиациялық бөлім ұшуды басқару пунктінің есептобы өз әуеайлағындағы медициналық пунктті әзірлікке келтіреді, апат болған жерге жақын елді мекеннің билік органдарымен зардап шеккендерді қабылдау туралы өзара әрекет етеді, сондай-ақ зардап шеккендерді апат болған жерден эвакуациялауды айқындайды.

      145. Іздестіру-құтқару әуе кемелерінің апат болған ауданына дейін және кері қарай ұшуы кезіндегі әуе қозғалыстарын басқаруды әуе қозғалысына қызмет көрсететін органдар жүзеге асырады.

      146. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зілзала аудандарында іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ұшуын тікелей басқаруды әуе қозғалысын басқару органдары, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына басшылық жасау үшін арнайы құрылған басқару пункттері жүзеге асырады. Көрсетілген органдар іздестіру-құтқару әуе кемелерінің апат болған ауданға қысқа маршрут шығуын қамтамасыз етеді.

      147. Ұшу жетекшісі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде:

      1) іздестіру-құтқару жұмыстары барысында іздестіру күштері мен құралдарын басқаруды;

      2) іздестіру-құтқару әуе кемелерінің және жердегі іздестіру құралдарының тұрған жерін бақылауды;

      3) іздестіру-құтқару әуе кемелерінің негізгі және қосалқы әуеайлақтарға дейінгі отынының қалдығы мен ұшу уақытын бақылауды;

      4) іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы туралы жедел кезекшіні ақпараттандыруды жүзеге асырады.

      148. Іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

      1) ауа райының нақты жағдайын талдайды, оның болжамын және іздестіру-құтқару экипажының даярлық деңгейіне сәйкес келуін біледі;

      2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әрекет етуіне ұдайы бақылауды ұйымдастырады;

      3) іздестіру-құтқару жұмыстарын қашық жерлерде және теңіз акваториялары мен ішкі су қоймалары үстінде жүргізген кезде өзара көмек көрсету үшін әуе кемелерін жұптармен жібереді;

      4) іздестіру күштерімен және құралдарымен ұдайы екі жақты радиобайланысты жүзеге асырады;

      5) авиациялық бөлімнің аға штурманына іздестіру-құтқару жұмыстары ауданында іздестіру-құтқару әуе кемелерінің жұмысы кезеңінде әуе кеңістігін пайдалануды қысқа уақытқа шектеулер немесе уақытша (жергілікті) режимдер енгізуге ұсыныстар береді;

      6) іздестіруге әуе кемелері тобы бөлінген кезде іздестіру ауданындағы жағдайды бағалау және олардың әрекет етуін үйлестіру үшін жетекшіні тағайындайды;

      7) жетуі қиын жергілікті жерлерде (тауда, орманда, су бетінде) іздестіру және құтқару жүргізу кезінде осындай жағдайларда практикалық жұмыс тәжірибесі бар анағұрлым даярланған экипаждарды тартады.

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша



  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
  нысан

Жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары туралы есеп

      (ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 7 күн ішінде жолданады)

      1. Жыл басынан бастап іздестіру-құтқару жұмысының реттік нөмірі ________________

      2. Күні ___________________________________________________________________

      3. Жауапкершілік ауданы ____________________________________________________

      4. Апатқа ұшыраған әуе кемесінің ұшып шыққан әуеайлағы _______________________

      5.Тапсырманың сипаты _____________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. Оқиғаның мән-жайлары__________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Іздестіру-құтқару операциясының үйлестірушісі _____________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Метеожағдай, жергілікті жер сипаттамасы __________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      9. Апатқа ұшырағын экипаж туралы деректер:

      әуе кемесінің түрі _________________________________________________________

      тиесілігі _______________________________________________________________

      Экипаж командирінің Т.А.Ә. (бар болған кезде) _________________________________

      экипаждың құрамы, жолаушылар саны және олардың жай-күйі ____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      10. Іздестіру-құтқару жұмыстарына тартылатын кезекші күштер мен құралдар:

Кезекші әуеайлақ, тиесілігі

Кезекші құрал

Әзірлік дәрежесі

АРК-УД бар болуы

Ұшуға (шығуға) команданы кім және қашан берді

Ұшып (шығу) уақыты

Апат орнынан алыстау (км)





























      11. Іздестіру барысы және шығындар:

      апат уақыты (жергілікті) _____________________________________________________

      үйлестіру орталығына баяндау уақыты ______________________________________

      анықтау уақыты (радиотехникалық) ____________ (көзбен шолу) __________________

      құтқарушылардың жақындау уақыты __________________________________________

      зардап шеккендерді эвакуациялау уақыты ______________________________________

      зерттелген алаң:

      радиотехникалық тәсілмен ___________________________________________________

      көзбен шолу тәсілімен _______________________________________________________

      әуеден суретке түсірумен ____________________________________________________

      ұшулар саны (ұшу уақыты) ___________________________________________________

      тартылған жеке құрамның саны _______________________________________________

      шығындар _________________________________________________________________

      12. Жергілікті жерге келтірілген залал ________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      13. Жүргізілген іздестіру-құтқару жұмысын талдау:

      оң тәжірибе _______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      негізгі кемшіліктер _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      іздестіру-құтқару жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар _____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Іздестіру-құтқару жұмыстарының үйлестірушісі

      ___________________________________________________

      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      20__жылғы "___"_________________

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
  Нысан

Іздестіруге нұсқаулық нысаны

      __________________________________________________________________________

                  (жылы/айы/күні)                                     (UTC уақыты)

      1. Іздестіру әуе кемесі _______________________ _______________________________

                                    (Түрі)                               (Тіркеу)

      2. Әуе кемесінің командирі/капитан ___________________________________________

                                                            (тегі)

      3. Ұшу_____________________________________ _______________________________

                              (орны)                               (UTC уақыты)

      4. Апат немесе авария сипаты________________________________________________

      5. Іздестіру объектісінің сипаттамасы: әуе кемесі

      _______________________________ ______________________________________

                        (Түрі)                         (Тіркеу)

      теңіз кемесі ____________________ ___________________ _______________________

                              (Тип)                   (Атауы)                   (Тоннаж)

      Өзгелер (көрсету) __________________________________________________________

      Түсі мен айырмашылық таңбалары мен сипаттары, жеке тану карточкасынан деректер

      __________________________________________________________________________

      Иесі немесе ұйым, пайдаланушы ______________________________________________

      Борттағы адамдардың саны __________________________________________________

      Борттағы авариялық-құтқару жабдығы _________________________________________

      Ескертпелер _______________________________________________________________

      6. Іздестіру ауданының сипаттамасы:

      Шекараларды белгілеу ______________________________________________________

      Іздестіруді бастаудың орналасқан орны ________________________________________

      Қоршауға жататын аудан ___________________________________________________

      Құрлықта іздестіру кезіндегі жергілікті жердің сипаты ___________________________

      Іздестіру объектісінің қатысуын көрсететін белгілер _____________________________

      7. Іздестіру түрі мен әдісі:

      Пайдаланылатын схема _____________________________________________________

                                          (қатысты/абсолютті биіктік)

      Іздестірудің көрінуі _________________________________________________________

                                          (километрлер/теңіз мильдері)

      Түзету элементтері _________________________________________________________

      Метеорологиялық көріну ____________________________________________________

      Ауа-райы _________________________________________________________________

      Төбедегі немесе жергілікті жердегі өсімдіктер ___________________________________

      Шолып қарау ені ___________________________________________________________

                                          (километрлер/теңіз мильдері)

      Жол желілері арасындағы аралық _____________________________________________

                                          (километрлер/теңіз мильдері)

      Шолып қарау тәртібі ________________________________________________________

      Зерттелген аудандарды тіркеу әдісі ____________________________________________

      8. Тартуға жататын басқа да іздестіру-құтқару бөлімшелері және оларға бөлінген аудандар:

      Әуе кемелері ______________________________________________________________

                                          (қатысты/абсолютті биіктік)

      Теңіз кемелері _____________________________________________________________

      Құрлық командалары _______________________________________________________

      9. -мен байланысты орнатқан кезде пайдалануға жататын жиіліктер мен шақыру белгілері:

      Іздестіру-құтқару жұмыстарының жетекшісі (үйлестірушісі) ______________________

                                                            (жиілік/шақыру белгісі)

      Теңіз кемелерінің __________________________________________________________

                                          (жиілік/шақыру белгісі)

      Іздестіру-құтқару әуе кемелерінің ____________________________________________

      Жерүсті іздестіру-құтқару командасының ______________________________________

      Апатқа ұшыраған әуе кемесі немесе теңіз кемелері/тірі қалғандар: _________________

      __________________________________________________________________________

      Өзгелер ___________________________________________________________________

      10. Тірі қалғандардан хабарламаларды қабылдау үшін қорғауға жататын жиіліктер: ___

      ________________________________________________________________________

      11. Іздестіру ауданына дейін және одан ұшуға қатысты арнайы нұсқаулар: ___________

      _____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      12. Тірі қалғандар үшін тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге борттағы тасталатын

      құралдардың түрі мен саны: _________________________________________________

      13. Іздестіру объектісін анықтау кезіндегі іс-қимылдар:

      хабарлау (кімге) ____________________________________________________________

      Байланыс аппаратын, тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін құралдарды және/немесе

      құтқарушы-парашютшілерді түсіру.

      Егер құтқару операциясын өткізу мүмкін болмаса, оқиға орнына басқа

      құтқарушыларды жіберу;

      Ұшу аппаратының сынықтарын және тірі қалғандарды суретке түсіру.

      Ауысым келгенге дейін немесе мәжбүрлі қайта оралу уақытына дейін оқиға орнында

      қалу немесе құтқаруды жүзеге асыру.

      Жоғарыда келтірілген пункттердегі ақпарат ___________________________________

                                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      _________________________________

                        (орны)

      14. берілді:

      Күні_____________________________________ _________________________________

                        (күн/ай/жыл)                               (UTC уақыты)

      Беру әдісі: нұсқау беру, телефон, радиотелефон, телекс, факс _____________________

      Нұсқау беруге жауапты: _____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)             (қолы)

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

Жеке тану карточкасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.07.2024 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке тану карточкасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

2. Жеке нөмірі

Түсіндірме: 7-11, 15, 20-24-тармақтарды әскери қызметші өзі толтырады.
1-6, 12-14-тармақтарды кадр органының лауазымды адамы толтырады. 3, 13, 14, 20-24-тармақтарды қоспағанда (қарындашпен толтырылады), барлық тармақ сиямен толтырылады. 16-19-тармақтарды бөлімнің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің бастығы толтырады

3. Әскери атағы

4. Әуе кемесінің түрі

5. Ұлты

6. Туған күні

7. Ерекше белгі (денедегі қал, тыртық)

8. Қан тобы

9. Бойы

10. Көзінің түсі

11. Шашының түсі

12. Толтырылған күн (жыл, ай, күн)

13. Соңғы тексерілген күн

14. Әскери бөлімше (әскери бөлім, эскадрилья) нөмірі

15. Қолтаңбасы

16. Жоғалып кеткен (парашютпен секірген, мәжбүрлі қонған) күні, қашан

17. Орны (болжамды координатасы)

18. Іздестіру туралы белгі

19. Басқа да қосымша дерек

Әскери қызметшінің өмірбаянынан тән ерекшелік

20.

21.

22.

23.

      24. Қосымша деректер (әскери қызметші өзі көрсете алады).

      Карточканың негізгі арналуы: іздестіру-құтқару жұмысы кезінде агентураның араласуын болдырмау үшін.

      Пайдалану: қарсылас аумағында жауынгерлік міндетті орындайтын әрбір ұшақ (тікұшақ) экипажының мүшесі толтырады. Іздестіру-құтқару жұмысы кезінде сенімді тану үшін әскери қызметшінің жеке басы туралы ақпаратты қамтиды.



      Ескертпе:

      1.20, 21, 22, 23-тармақтарда әскери қызметшінің тек өзі жақсы білетін және тек өзіне және жақын отбасы мүшелеріне тән қосымша мәліметтер енгізіледі және ол өзгертілмейді (достарының, алыс туыстарының аты, үй жануарының аты, жеке автомобилінің маркасы).

      2.Карточка әскери қызметшінің жеке ісінде сақталады (№ 1 дана), қызметтен шығару немесе ұшу жұмысынан шығару кезінде жеке ісінімен жойылады.

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

Тікұшақты қондыру үшін алаң таңдау және дайындау

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.07.2024 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тікұшақты қондыру үшін алаң таңдау және дайындау кезінде Тікұшақты ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаудың талаптарын басшылыққа алу қажет.

      Тікұшақ үшін қону алаңы үшін жергілікті жердің қатты топырақты тегіс учаскесі (шабындық, егістік, орман алқабы); қысқы уақытта одан басқа қатқан көл және өзен пайдаланылады.

      Алаң таңдау кезінде (Ми-8 (17,171) тікұшағының қонуы және ұшып шығуы үшін ең аз алаң көлемі кестеде келтірілген):

      алаң шегінде кедергінің болуы;

      алаңның беткі қабатындағы топырақ жай-күйі;

      қонуды және ұшып шығуды күрделендіретін заттың болуы (негізгі винт айналысымен көтерілетін тас, түбір, бұта, заттар және басқаруды және қозғалтқыш жұмысын күрделендіретін заттар) ескеріледі.

      Тікұшақтың қону (ұшып шығу) қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қону алаңының шаңы су себумен басылады, ал қыста қардан тазартылады.

      Жоғарыда көрсетілген элементтерді бағалағаннан және алаң тікұшақты қабылдауға дайындаудың қажетті жұмысы орындалғаннан кейін алаңды жабдықтау қажет, ол:

      алаң шегін белгілеуді;

      тікұшақ жерге қонатын жерді белгілеуді;

      жел бағытын айқындау үшін конусты жабдықтауды қамтиды.

      Алаң шегі әрбір 50 метр сайын жазда ақ түсті, қыста қара түсті жалаушамен, түнде қызыл түсті шаммен белгіленеді.

      Тікұшақтың қонатын жеру бір-бірінен 15 метр аралықта белгіленетін жалаушамен белгіленеді. Бірнеше тікұшақ қонған кезде қону қақпасы арасындағы аралық – 75 метр. Түнде жалауша орнына ақ түсті шам орнатылады немесе құты жағылады.

      Қону және ұшу кезінде жел бағытын айқындау үшін алаңда конус жабдықталады. Конус қара (қызғылт сары) және ақ түсті матадан жасалады, диаметрі 40 – 45 сантиметр дөңгелек металл шеңберге бекітіледі. Конусы бар шеңбер қадаға жел бағытына байланысты еркін айналатындай есеппен бекітіледі. Конус алаңнан 50 – 100 метр аралықта ашық жерге орнатылады және қонуға беттейтін және ұшып шығатын тікұшаққа кедергі жасамауға тиіс. Жел бағытын айқындау үшін сонымен қатар түтін құтысы, от түтіні пайдаланылады, бұл ретте түтін тікұшақтың жақын ұшып келуіне және қонуына кедергі келтірмеуі қажет.

Ми-8 (17,171) тікұшағының қонуы және ұшып шығуы үшін ең аз көлемді алаң

Топ құрамы

Алаң көлемі (ені х ұзындығы), метр

Беттеу кезінде кедергісіз

Алаң шегінде биіктігі 25 метр кедергі бар

Күндіз

Түнде

Күндіз

Түнде

Жеке тікұшақ

30х30

50х80

75х100

100х200

Жұппен

100х120

130х150

180х300

200х320

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша



  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
  ңұсқа



  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
авиациялық іздестіру-құтқару
қызметі жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
  Нысан

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу туралы баяндау

      Іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтау бойынша экипаж командирі (жерүсті іздестіру-құтқару командасының бастығы) жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы баянатпен баяндайды, онда мыналар көрсетіледі:

      ұшу уақыты;

      кезекші әуеайлақ, әскери бөлім, әзірлік дәрежесі;

      іздестіру әуе кемесінің типі;

      экипаждың, құтқарушы парашюттік-десанттық топ (жерүсті іздестіру-құтқару командасы) құрамының аты-жөн тізімі;

      қойылған міндет;

      іздестіру басталған күні, уақыты және кім тапсырманы қойды;

      іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ұшудың (кетудің) нақты уақыты;

      кезекші әуеайлақтан іздестіру ауданының қашықтығы;

      белгіленген іздестіру ауданына нақты шығу уақыты;

      іздестіру ауданындағы ауа райы;

      жергілікті жердің сипаттамасы;

      іздестіруде қолданылатын тәсілдер мен әдістер, биіктік;

      іздестіруді бастау және аяқтау уақыты;

      іздестіру нәтижелері;

      қарап тексерілген аудан;

      іздестіру объектісі табылды немесе табылған жоқ;

      іздестіру объектісінің орналасқан орны және оның жай-күйі;

      апатқа ұшырағандардың саны мен жағдайы;

      байланыс құралдары және радио байланыс үшін пайдаланылатын жиіліктер;

      іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында жұмсалған қолданылатын мүліктер, керек-жарақтар мен азық-түліктер;

      іздестіру-құтқару жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар және қосымша мәліметтер;

      қолы, күні.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады