БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін ЖЖКОБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылғы 21 шілдеге дейін 1 (бір жұмыс) күні ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының дерекқорынан мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы дерекқорына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы анықтама беріледі.
ҰТО күнтізбелік жылдың 22 - 27 шілде аралығында республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарау үшін деректер базасын және қажетті шығыс құжаттарын (білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде жиынтық ведомостарды) әзірлейді.
Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі ҰТО-ға беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы негізінде ҰТО 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарын тағайындау туралы электрондық куәліктерді дайындауды жүзеге асырады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
Осы Қағидалардың қосымшасында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
";
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде: |
".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі