"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34850 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін ЖЖКОБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылғы 21 шілдеге дейін 1 (бір жұмыс) күні ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының дерекқорынан мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы дерекқорына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы анықтама беріледі.

      ҰТО күнтізбелік жылдың 22 - 27 шілде аралығында республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарау үшін деректер базасын және қажетті шығыс құжаттарын (білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде жиынтық ведомостарды) әзірлейді.

      Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік жылдың 10 тамызына дейін білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі ҰТО-ға беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы негізінде ҰТО 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарын тағайындау туралы электрондық куәліктерді дайындауды жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      Осы Қағидалардың қосымшасында:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
1) осы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа);
4) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
6) екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі);
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса);
8) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).
Осы 5), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
1) еңбек кітапшасы;
2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметті қамтитын архивтік анықтама;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білім беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні көрсетілген қолхат беру болып табылады.
Әлеуметтік қолдау алу үшін қызмет алушы ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
3) екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі);
4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың растайтын құжаттары;
5) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) ұсынады.
Осы 4) тармақшада көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;
2) білімі туралы электрондық құжат;
3) 3х4 көлеміндегі сандық фото;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық нұсқасы;
6) көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу туралы хабарлама немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамалар).
Жеке басын куәландыратын, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі құжат, Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Білім беру гранты тағайындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы білім беру гранты туралы электрондық куәлікті грантты ұтқан ЖЖОКБҰ-дан алады.
Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Министрліктің www.sci.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 июля 2020 года № 286 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Присуждение образовательных грантов, а также оказание социальной поддержки обучающимся в организациях высшего образования"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 31 июля 2024 года № 385. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2024 года № 34850

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 июля 2020 года № 286 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Присуждение образовательных грантов, а также оказание социальной поддержки обучающимся в организациях высшего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20939) следующие изменения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Присуждение образовательных грантов, а также оказание социальной поддержки обучающимся в организациях высшего и (или) послевузовского образования", утвержденных указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. После приема пакета документов сотрудник услугодателя – секретарь приемной комиссии ОВПО в течение 1 (одного) рабочего дня до 21 июля календарного года направляет сведения из базы данных приемной комиссий ОВПО в общую базу данных Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный центр тестирования" Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан (далее – НЦТ).

      Услугополучателю выдается справка об участии в конкурсе на присуждении образовательных грантов.

      НЦТ в период с 22 по 27 июля календарного года осуществляет подготовку базы данных и необходимых выходных документов (сводные ведомости в разрезе групп образовательных программ) для рассмотрения на заседании республиканской конкурсной комиссии.

      На основании решения республиканской конкурсной комиссии услугодатель до 10 августа календарного года издает приказ о присуждении образовательных грантов. Копия приказа передается в НЦТ. На основании приказа услугодателя НЦТ в течение 3 (трех) рабочих дней осуществляет подготовку электронных свидетельств о присуждении образовательных грантов.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Услугодатель в течение трех рабочих дней с даты утверждения или изменения подзаконного нормативного правового акта, определяющего порядок оказания государственной услуги, актуализирует информацию о порядке ее оказания и направляет в Единый контакт-центр согласно пункта 2 статьи 23 Закона.";

      в приложении к указанным Правилам:

      строку, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

1

Наименование услугодателя

Государственная услуга оказывается Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан (через приемную комиссию ОВПО) (далее – услугодатель).

      ";

      строку, порядковый номер 4, изложить в следующей редакции:

      "

4

Форма оказания

Электронная (частично автоматизированная)/бумажная

      ";

      строку, порядковый номер 8, изложить в следующей редакции:

      "

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

при обращении к услугодателю:
1) заявление на конкурс по форме согласно приложению к настоящему Перечню основных требований;
2) документ об образовании (подлинник);
3) сертификат единого национального тестирования (за исключением граждан Республики Казахстан, выслуживших установленный срок срочной воинской службы по призыву);
4) документ, удостоверяющий личность либо электронный документ из сервиса цифровых документов (требуется для идентификации личности);
5) заключение врачебно-консультационной комиссии;
6) свидетельство о смерти либо уведомление о смерти обоих или единственного родителя, или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей (решение суда о лишении либо ограничении родительских прав, признании безвестно отсутствующими, объявлении их умершими);
7) подтверждающий документ для лиц, приравненных по льготам к участникам Великой Отечественной войны (при наличии);
8) подтверждающий документ для лиц, казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан (при наличии).
Документы, перечисленные в подпунктах 5), 7) и 8) предоставляются в подлинниках и копиях, после сверки которых подлинники возвращаются заявителю.
Лица, окончившие подготовительные отделения ОВПО на основе государственного образовательного заказа с усиленной языковой подготовкой, представляют транскрипт об окончании, подписанный руководителем ОВПО.
Лица, имеющие документы об образовании организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, подтвердившие квалификацию и имеющие стаж работы по соответствующей специальности не менее одного года, дополнительно подают один из следующих документов:
1) трудовую книжку;
2) послужной список (перечень сведений о работе, трудовой деятельности работника), подписанный работодателем, заверенный печатью организации (при ее наличии);
3) архивную справку, содержащую сведения о трудовой деятельности работника;
4) выписку из единого накопительного пенсионного фонда о перечисленных обязательных пенсионных взносах и сведения из Государственного фонда социального страхования о произведенных социальных отчислениях;
5) трудовой договор с отметкой работодателя о дате и основании его прекращения;
6) выписки из актов работодателя, подтверждающих возникновение и прекращение трудовых отношений на основе заключения и прекращения трудового договора;
7) выписки из ведомости выдачи заработной платы работникам.
В заявлении поступающий для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования указывает выбранную им группу образовательных программ высшего образования и ОВПО.
При совпадении профильных предметов поступающий может указать до четырех групп образовательных программ.
Подтверждением принятия документов является выдача расписки с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документов, а также штамп, входящий номер и дата.
Для получения социальной поддержки услугополучатель представляет в приемную комиссию ОВПО:
1) заявление на имя руководителя ОВПО в произвольной форме;
2) заключение врачебно-консультационной комиссии;
3) свидетельство о смерти либо уведомление о смерти обоих или единственного родителя, или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей (решение суда о лишении либо ограничении родительских прав, признании безвестно отсутствующими, объявлении их умершими, признании недееспособными (ограниченно дееспособными);
4) подтверждающие документы лиц, приравненных по льготам к участникам Великой Отечественной войны;
5) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (требуется для идентификации личности).
Документы, перечисленные в подпункте 4) предоставляются в подлинниках и копиях, после сверки которых подлинники возвращаются заявителю.
при обращении через портал:
1) заявление на конкурс в форме электронного документа, подписанного ЭЦП услугополучателя;
2) электронный документ об образовании;
3) цифровое фото размером 3х4;
4) медицинская справка по форме 075/у в электронном формате, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579);
5) электронное заключение врачебно-консультационной комиссии;
6) электронный документ, подтверждающий преимущества услугополучателя (свидетельство о смерти либо уведомление о смерти обоих или единственного родителя, или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей, подтверждающие документы лиц, приравненных по льготам к участникам Великой Отечественной войны, справки об инвалидности).
Сведения о документе, удостоверяющем личность, по опеке и попечительству, сертификате единого национального тестирования (за исключением граждан Республики Казахстан, выслуживших установленный срок срочной воинской службы по призыву) услугодатель получает посредством информационной системы из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".
При оказании государственной услуги услугополучатель дает письменное согласие на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.
После подачи заявления услугополучателю вручается уведомление в "личном кабинете" о принятии документов для участия в конкурсе либо мотивированный ответ об отказе.
В случае присуждения образовательного гранта, услугополучатель получает электронное свидетельство о присуждении образовательного гранта в ОВПО на обучение, в котором выигран грант.
Сведения о распределении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим образованием по группам образовательных программ публикуются в средствах массовой информации, а также на интернет-ресурсе услугодателя www.sci.gov.kz.

      ".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан