БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 266 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген |
Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі – Сыныптама) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін айқындайды.
2. Бұл Сыныптамада мынадай негізгі ұғымдар қолданылды:
1) автожол туннелі (бұдан әрі – туннель) – биік немесе контурлық кедергілерді еңсеру мақсатында автокөлік құралдарын өткізуге (өтуіне) арналған жер асты (немесе су асты) инженерлік құрылыс;
2) автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі және тиісті өндірістік база ретінде аккредиттелген автожол саласында ғылыми ұйым жүзеге асыратын автомобиль жолдарын, көпірлер мен жол құрылыстарын жобалау және салу, қайта құру, күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізуді қамтамасыз ету үшін орындалатын ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-бақылау, ақпараттық-талдау сипаттағы жұмыстар кешені;
3) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару – автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жағдайын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және регламенттеу жұмыстарының кешені;
4) автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды паспорттау – техникалық паспорт пен жол деректерінің базасын қалыптастыра отырып, автомобиль жолдары мен жасанды жол құрылыстарын техникалық есепке алу;
5) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың жай-күйін мониторингілеу – қоршаған ортаны пайдалану және әсер ету нәтижесінде олардың жай-күйінің ықтимал антропогендік өзгерістерін бақылау және қадағалау, бағалау және болжау жүйесі;
6) автомобиль жолдарының қауіпсіздігін бағалау бағдарламасы – арнайы көлік құралындағы тәуелсіз автоматтандырылған сараптамасы, оның жабдығы әрбір қатысушылар үшін қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауға мүмкіндік береді, оның нәтижелерi бойынша жол желiсiнiң картасында жол жүрiсi қауiпсiздiгi рейтингi (бiрден беске дейiн) құрастырылады, жол-көлiк оқиғалары шоғырланған аумақтарды (бұдан әрi – ЖКО) жоюға инвестициялық жоспарлар әзiрленедi және оларды жойғаннан кейін жол қауіпсіздігі көрсеткештерін бақылайды, сондай-ақ оқыту, технологиялар мен мемлекеттік, өңірлік және жергілікті деңгейде қолдау көрсетіледі;
7) автомобиль жолы – жылдамдығы, жүктемесі, габариті белгіленген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін автомобиль қозғалысына арналған инженерлік ғимараттар кешені, сондай-ақ аталмыш кешенді (көлік орнын) орналастыруға берілген жер телімі мен олардың үстіндегі белгіленген габариттің шегіндегі ауа кеңестігі;
8) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу – маршруттық тәсілмен орындалатын бұзылған телімдерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жыл бойы жүргізілетін апаттық жағдайлардың, автомобиль жолдарындағы ақаулардың туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
9) автомобиль жолын диагностикалау (техникалық жай-күйін бағалау) – автомобиль жолының және жол құрылыстарының құрылымдық элементтерінің параметрлері мен жай-күйі, көлік ағындарының сипаттамалары туралы ақпаратты, қажет болған жағдайда жөндеу іс-шараларына қажеттілікті айқындау, сондай-ақ оны одан әрі пайдалану үдерісінде автомобиль жолының жай-күйін бағалау және болжау үшін өзге де ақпаратты тексеру, жинау және талдау;
10) автомобиль жолын жөндеудің маршруттық тәсілі – көлік қозғалысы үшін қауіпті ақауларды жою және жергілікті телімдердегі жол жамылғысының тегістігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;
11) автомобиль жолын күрделі жөндеу – автомобиль жолының қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
12) автомобиль жолын күтіп-ұстау – автомобиль жолының тиісті техникалық жай-күйін қолдау, оның техникалық жай-күйін бағалау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
13) автомобиль жолын орташа жөндеу – автомобиль жолы мен жол құрылыстарының бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтірумен байланысты жұмыстар кешені;
14) ақы алу пункті – автокөлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін техникалық құрылғылармен жабдықталған өткізу пункті, сондай-ақ әр түрлі төлем әдістерін қолдана отырып, пайдаланушылардан ақы алу процесін бақылау және ұйымдастыру;
15) алдын алу – жобалау құжаттамасын әзірлеуді талап етпейтін, бұзылулар мен ақаулардың өршуін баяулату жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өршуін болдырмау жөніндегі шаралар кешені;
16) апаттық құлама – көлік құралының тежегіш жүйесі тоқтап қалған жағдайда оны қауіпсіз тоқтатуға арналған құрылыс;
17) арық – жер бетінен су жинау және бұру үшін қызмет ететін геотехникалық құрылыс;
18) аялдама алаңы – маршруттық көлік құралдарының аялдау немесе жеңіл және басқа да автомобильдердің жоспарлы тұрақты қысқа мерзімді аялдау орындарындағы арнайы жабдықталған алаң;
19) аялдама павильоны – маршруттық көлік құралдарын күтіп тұрған адамдарды жауын-шашын мен желден қорғау үшін аялдауға арналған отырғызу алаңының элементі;
20) берма – көлбеуде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде көлбеу мен машиналардың өтуінің жалпы тұрақтылығын арттыру мақсатында үйінді немесе ойық беткейінде орналастырылатын алаң;
21) бөлiнген алап – автомобиль жолдарының тиісті құрылымдық элементтері мен инженерлік құрылыстарын, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныш және сәндік орман екпелерін және оларды пайдалану үшін қажетті жол байланысы құрылғыларын орналастыру үшін автомобиль жолдары алып жатқан көлік жерлері.
Жобаланатын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлінген алаптың мөлшері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді;
22) демалыс алаңы – жүргізушілер мен жолаушылардың қысқа мерзімді демалуына, көлік құралдары мен жүктердің жай-күйін тексеруге, ұсақ ақауларды жоюға арналған автомобиль жолын жайластыру элементі;
23) жамылғының тотығуы – табиғи факторлардың немесе көктайғақпен күресу үшін қолданылған тұздардың әсерінен жол жамылғысы бетінің зақымдануы;
24) жаяу жүргіншілер өткелі – жол белгілерімен және/немесе жол таңбамен белгіленген инженерлік құрылыс немесе жаяу жүргіншілердің жол арқылы өтуіне арналған жүру бөлігінің телімі;
25) жаяужол – елді мекендерде жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, бөлінген белдеуде және автомобиль жолының жер төсемесінде немесе жол бойындағы белдеуінде орналастырылатын жетілдірілген жамылғысы бар инженерлік құрылыс, сондай-ақ көпір және басқа да жасанды құрылыстардағы жолдың бір бөлігі;
26) жер төсемесінің шайылуы – жер төсемесінің, көбінесе жол жиектерінің жер үсті суларымен бұзылуы. Тазалау және топырақ қосу арқылы жойылады;
27) енеулердің кетігі (сынуы) – цемент-бетон жамылғысы жіктерінің ернеудерінің және тақталар бұрыштарының бұзылуы, жиектермен түйісетін жерлерде қатты емес типтегі жол жамылғысы ернеулерінің бұзылуы;
28) жол активтері – нақты көліктік-пайдалану жай-күйін және құндық бағасы ескерілген автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар;
29) жол активтерін басқару – автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған бюджеттік шығындарды тиімді жоспарлауға бағытталған жол активтерін диагностикалау және аспаптық тексеру, сондай-ақ жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін мониторингілеу жөніндегі қызмет;
30) жол ақысын алуға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен – жол ақысын алуға арналған жабдықтардың, бағдарламалық жасақтаманың және автомобиль жолы элементтерінің жиынтығы;
31) жол бойындағы белдеулер – шекараларында көлік қозғалысы мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жерді пайдаланудың ерекше шарттары белгіленетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне іргелес жер телімдері.
Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын, сондай-ақ оларды қайта құрылымдауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды, жол инфрақұрылымы нысандарын орналастыруды жүзеге асыру мүмкіндігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалану жағдайларын жасау үшін бөлінеді.
Жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені бөлу жолағының шекарасынан есептегенде әр жағынан кемінде 50 метр болуы тиіс.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары үшін жолдың әр жағынан жол бойындағы жолақтың ені бөлу жолағының шекарасынан есептегенде кемінде 40 метр болуы тиіс;
32) жол бойындағы сервис объектілері – жол бойындағы белдеуде орналасқан және жол жүру барысында жол қозғалысына қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар (мотельдер, қонақ үйлер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожанармай құю станциялары, тамақтану, сауда, байланыс, алғашқы медициналық көмек пункттері, сыртқы (көрнекі) жарнама және өзге де қызмет көрсету нысандары);
33) жол дерекқор базасы – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін ашық, автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі;
34) жол жамылғысы – көлік құралдарының жүктемелерін тікелей қабылдайтын және берілген пайдалану талаптарын қамтамасыз етуге және жол негізін атмосфералық факторлардың әсерінен қорғауға арналған, жол негізінде орналастырылатын жол төсемесінің бір немесе көп қабатты жоғарғы бөлігі;
35) жол жамылғысының ақаулары – пайда болған кезде жамылғының бір немесе бірнеше негізгі параметрлерінің мәндері рұқсат етілген шектерден асатын көлік құралдары жүктемелерінің және табиғи-климаттық факторлардың әсерінен туындаған жамылғының бұзылуы мен деформациясы;
36) жол жамылғысының жарықшақтары – жамылғының әртүрлі тереңдікке тар бойлық және көлденең жыртылуы түріндегі деформациясы;
37) жол жамылғысының тегіссіздігі – көлденең өлшемдері 500 миллиметрден асатын және жобалық техникалық шарттардың рұқсат етілетін шамаларынан асатын тік өлшемдері бар жол жамылғысының беттік тегіссіздіктері;
38) жол желісінің қауіпсіздігін басқару – бірінші кезектегі қаржыландыруды талап ететін ЖКО шоғырлану телімдерінің басым тізімін қалыптастыру мақсатында ЖКО деңгейі жоғары телімдерді анықтау және оларды сыныптау, оларды жою нәтижелері бойынша шығындарды күтілетін қысқарту үшін жол иелері жүргізетін жол желісін жүйелі талдау рәсімі;
39) жол жұмыстары – автомобиль жолдарын салу, қайта құрылымдау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде орындалатын жұмыстар;
40) жол жұмыстарының стратегиясы – бөлінетін ресурстарды ұтымды пайдалану кезінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту жөніндегі неғұрлым тиімді ұзақ мерзімді техникалық шешімдер мен басқарушылық әсерлер кешені;
41) ЖКО – көлік құралының жол бойымен жүру үдерісінде және оның қатысуымен туындаған, денсаулыққа зиян келтіруге, адамның өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің зақымдануына немесе өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
42) ЖКО толық талдау – жолдарды жобалаудағы, көлік құралының құрылымындағы, адамның немесе жануардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді қоса алғанда, әрбір ЖКО адамдардың жарақаттану және қаза болу себебін айқындайтын, ауыр зардапты ЖКО ұқсас жағдайларын болғызбауға бағытталған тәуелсіз инженерлік-техникалық және психологиялық талдау рәсімі;
43) ЖКО шоғырлану орындарын басқару – ЖКО шоғырлану орындарын анықтау және талдау рәсімі, оның нәтижелері бойынша жол иелері оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды, ЖКО байланысты шығындардың ықтимал үнемделуін айқындай отырып, осындай шаралардың тиімділігін бағалау жүргізіледі;
44) жол қозғалысы қауіпсіздігінің аудиті – пайдалану кезеңінде жол қозғалысы саласында тәуекелдер туғызатын, оларды жоспарлау және жобалау кезінде жіберілген ақауларды ерте анықтау және жою мақсатында жол қауіпсіздігіне жұмыстар жүргізу және автомобиль жолдарын қайта құрылымдау, салу және күрделі жөндеу жобасын тәуелсіз сараптау рәсімі;
45) жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы – жол жүрісі қауіпсіздігінің инспекциясы – жол қозғалысы саласындағы тәуекелдерді анықтау және жою үшін автомобиль жолдарын ашу, бастапқы пайдалану және пайдалану, жол жұмыстарын жүргізу кезеңінде тәуелсіз сараптау рәсімі;
46) жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару – ЖКО төмендету және олардың төмендегілер негізінде салдарының ауырлығы бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмысты орындау және міндеттерді шешу үдерісінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке басшылық ету:
жағдайды талдау және болжау;
іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
қызметкерлерді ынталандыру;
ішкі бөлімшелер мен сыртқы мүдделі ұйымдардың қызметін үйлестіру;
белгіленген мақсатқа қол жеткізуде қойылған міндеттердің орындалуын бақылау;
47) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ЖКО, жол қозғалысының экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерін болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын төмендетуге, сондай-ақ осындай зардаптарды жоюға бағытталған қызмет;
48) жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық рәсімдері – автомобиль жолының өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде (жоспарлау, жобалау, салу, қайта құрылымдау, күтіп-ұстау және жөндеу) жол тәуекелдерін ерте анықтау және жою үшін сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жол қауіпсіздігін басқару үдерісінде қабылданатын инжинирингтік шаралар кешені, ол келесі шаралардан тұрады:
жол қозғалысы қауіпсіздігінің аудиті;
автомобиль жолдары қауіпсіздігін бағалау бағдарламасы;
жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы;
ЖКО шоғырлану орындарын басқару;
ЖКО егжей-тегжейлі талдау;
жол желісінің қауіпсіздігін басқару;
49) жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары – (бұдан әрі – ЖҚҰТҚ) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылар, құрылыстар мен бейнелер кешені;
50) жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылары – егде жастағы тұлғалар, мүгедектігі бар тұлғалар, өз бетінше жүріп-тұру, қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлау кезінде қиындықтарға тап болған, оның ішінде балалар арбаларын және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын тұлғалар;
51) жол қызметі – автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау және жөндеу, автомобильдердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдардың техникалық деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстар жүктелген бөлімшелер жиынтығы;
52) жол қызметінің объектілері – жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені;
53) жол органы – жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
54) жол өтпесі – әртүрлі деңгейдегі қиылысатын көлік ағындарын өткізуге арналған автомобиль немесе темір жолдағы көпір құрылысы;
55) жол паспорты – жолдың сызықтық кестесін және оның барлық техникалық және пайдалану сипаттамаларын, сондай-ақ жол элементтері құрылымының жай-күйі және олармен болып жатқан өзгерістер туралы мәліметтерді, жолды қайта құрылымдау және жөндеу бойынша орындалатын жұмыстардың көлемін қамтитын жолдарды техникалық есепке алудың негізгі құжаты;
56) жол сервисі объектілері – бөлінген белдеудің шегінде орналасқан және жол қозғалысына қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар (аялдама алаңдары, павильондар, демалыс алаңдары, авариялық-шақыру байланысы құрылғылары, дәретханалар, санитариялық-гигиеналық тораптар, күркелер);
57) жол төсемесі – көлік құралының жүктемесін қабылдайтын және оны жерге беретін автомобиль жолының жүру бөлігінің шегіндегі көп қабатты құрылым;
58) жоспарлы-алдын алу жұмыстары (бұдан әрі – ЖАЖ) – құрылыстардың беріктігіне (қызмет ету мерзіміне) әсер ететін ақауларды жою жөніндегі, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жекелеген элементтерді ауыстыру жөніндегі, инженерлік жүйелердің жабдықтарын ауыстыру және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау арқылы құрылымдарды қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Жұмыстың нақты түрлері үшін жобалық құжаттама жасалады;
59) жылыту пункті – ауыр табиғи-климаттық жағдайлармен (төмен температура, боран, қар жауу, көшкіндер, дауылдар, қатты жел) сипатталатын, қысқы және жыл мезгілдерінің өтпелі кезеңдерінде жол пайдаланушылары үшін өмірдің, бірінші қажеттіліктің сақталуын қамтамасыз етуге арналған, бөлінген белдеуде немесе жол бойындағы белдеуде орналасқан стационарлық немесе жылжымалы құрылыс;
60) интеллектуалды көлік жүйесі (бұдан әрі – ИКЖ) – жол қозғалысы мен тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингті және бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешені, оның ішінде автомобиль көлігі және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін, автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары, аспаптар мен жабдықтар;
61) көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингі (есепке алу) – автомобиль жолының көлденең қимасы арқылы уақыт бірлігінде өтетін көлік құралдарының әртүрлі типтерінің санын анықтау;
62) көлік айырығы – әртүрлі бағыттардағы көлік ағындарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін жолдардың қиылысындағы инженерлік құрылым (немесе құрылыстар кешені). Ол екі немесе бірнеше деңгейде салынады;
63) көпір құрылысы – жолды немесе өзге де коммуникацияларды табиғи немесе жасанды кедергі арқылы өткізуге арналған инженерлік құрылыс (көпір, жол өтпесі, балкон, виадук, селағар, мал өтпесі және эстакада);
64) көше (көшенің жүру бөлігі) – елді мекендер шекарасы шегіндегі автомобиль жолы;
65) көше-жол желісі – елді мекендер аумақтарының бір бөлігі болып табылатын, қызыл сызықтармен шектелген және көлік құралдарының, велосипедтер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына, инженерлік коммуникацияларды салуды және төсеуді ретке келтіруге, сондай-ақ елді мекендер аумақтарының көлік, велосипед және жаяу жүргіншілер қатынастарын олардың қатынас жолдарының құрамдас бөлігі ретінде қамтамасыз етуге арналған көлік инфрақұрылымының нысаны;
66) көшкінтас – жамылғыдан шығарылған шағыл тастың немесе қиыршық тастың жеке түйірлері;
67) күтім – құрылымдарды тазалау, ұсақ зақымдарды жою, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау есебінен құрылымның, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженерлік жайластырулардың жарамды жай-күйін қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені;
68) кюветтер – тікелей жер төсемесінің табанының бойында орналасқан су бұру арықтары;
69) қадағалау – ағымдағы (тұрақты) және мерзімді тексеру, арнайы тексеру жүйесі – көпір құрылыстарының құрылымдарын, туннельдер мен инженерлік жайластырулардың ағымдағы уақыттағы техникалық жай-күйін бағалау, ақауларды, зақымдануларды, жарамсыздықтарды уақтылы анықтау және оларды жою мақсатында оларды диагностикалау, тексеру жүйесі;
70) қардан қорғайтын құрылғылар – жолдың жүру бөлігінде қар қабатын азайтатын қоршаулар, қалқандар немесе ағаштар мен бұталарды отырғызу түріндегі құрылғылар;
71) қозғалыс қарқындылығы – жолдың белгілі бір қимасы арқылы уақыт бірлігінде (бір тәулікте немесе бір сағатта) өтетін көлік құралдарының саны;
72) қорғау галереясы – таулы жолдағы тіректер немесе қабырға түрінде орындалған, көлік жолын тастардың құлауынан, қардан, тау жыныстарының шығарылуынан қорғайтын жабын сүйенетін автомобиль жолындағы инженерлік құрылыс;
73) қорғау қабаты – асфальтбетон жамылғысының астыңғы қабатын автомобиль көлігі дөңгелектерінің және ауа-райы-климаттық факторлар кешенінің тікелей әсерінен қорғауға арналған қалыңдығы 4 сантиметрден аспайтын қабат;
74) мал өткелі – малды жолдың астынан өткізу үшін қызмет ететін көпір құрылысы немесе тікбұрышты құбыр;
75) науалар – жол бетінен жаңбыр мен қар еріген кезде ағатын суды бұруға арналған үшбұрышты көлденең қиманың таяз тереңдігіндегі бүйірлік арықтар;
76) ресайклирлеу – жол төсемесінің қабаттарын кейіннен араластыра отырып және тұтқырғыштары бар жаңа материалды қоса отырып (немесе қоспай) оны нығыздау арқылы ұсақтау технологиясы;
77) сорап – көлік құралының дөңгелегінің ізі бойынша орын алатын тұрақты бойлық деформация;
78) тапсырыс беруші – автомобиль жолдарын басқарушы;
79) тегістеу қабаты – астыңғы қабаттың бірдей қалыңдығын қамтамасыз ету үшін астыңғы қабатқа салынатын ауыспалы қалыңдықтағы асфальтбетон қоспасынан жасалған технологиялық қабат;
80) толқындар – 0,5 - 2,0 метр сайын бір-бірінен әртүрлі қашықтықта жолдың бойлық осіне көлденең бағытта орналасқан ауыспалы ойпаттар мен жоталар түріндегі жамылғының деформациясы;
81) түгендеу – нәтижелері бойынша жол паспорты жасалатын немесе қайта ресімделетін техникалық есепке алуды бір мезгілде жүргізе отырып, олардың теңгерімдік құнын нақтылай отырып, жолдардың, жол құрылыстарының бар болуын және тозуын анықтау арқылы тексеру;
82) шағын сәулет нысаны – автомобиль жолын абаттандыруда және жол бойындағы сервисте пайдаланылатын шағын құрылыс (аялдау павильон, күрке, киоск, қоқыс жинағыш, орындық);
83) шөгу – жеткіліксіз тығыздалған топырақтың немесе жол төсемесінің жергілікті шөгінділерінің нәтижесінде туындайтын, әртүрлі мөлшердегі жұмсақ көлбеу беткейлері бар ойпаттар түріндегі қатты емес жол төсемесінің деформациясы. Көбінесе жер төсемесінің қатты аралық құрылымның жиегімен түйісетін жерлерде, өтпелі тақталар астындағы қуыстарда топырақ жеткіліксіз тығыздалған жерлерде, сондай-ақ шұңқырларды толтыру нашар тығыздалған жерлерде байқалады;
84) шу жолағы – көлік құралының аспа элементтерінің дірілдеуін тудыратын және жүргізушілерді қозғалыс жылдамдығын төмендетуге және зейінін арттыруға мәжбүрлейтін, жол жамылғысы бетіндегі немесе тікелей жолдың құрылымдық элементтері жамылғыларының қабатындағы жайластыру элементі;
85) шұқанақ – жер үсті суларының әсерінен жол бойындағы жол жиектерінің шайылуы;
86) шұңқырлар – тік жиектері бар әртүрлі нысандағы ойықтар түріндегі жол жамылғысының жергілікті бұзылуы;
87) үгітілу – минералды материалдың жекелеген түйірлерін жоғалту есебінен жол жамылғысы бетінің бұзылуы;
88) иірімдер – қысқы кезеңде жол төсемесі мен жер жамылғысының ісінуі, ал еру кезеңінде автомобильдердің жүру кезінде жер топырағының аса ылғалданған жерлерінде жол төсемесінің ойылуы түріндегі ақаулар.
3. Сыныптама көлемдерді негіздеу үшін қолданылады:
1) жол жұмыстарын жүргізу және оларды жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы ресурстарын есептеу;
2) ақылы автомобиль жолдарын (телімдерін) күтіп-ұстауға байланысты жол жұмыстарын, сондай-ақ ақылы жолдар (телімдер) бойынша алымдарды алудан түскен қаржы ресурстарын есептеу және оларды жүзеге асыру үшін ақы алуға арналған бағдарламалық-техникалық кешен;
3) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеуге және күтіп-ұстауға, ақылы қозғалысын ұйымдастыруға және жол бойындағы сервис нысандарын дамытуға байланысты, оның ішінде мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде немесе тартылған инвестициялар есебінен сенімгерлік басқаруға берілген жол жұмыстары.
4. Автомобиль жолдарының құрамына мыналар кіреді:
1) бөлінген алқап, жолдардың құрылымдық элементтері, жол жағдайлары және жолдарды абаттандыру;
2) су бұру, су өткізу және көпір құрылыстары, көлік айрықтары, туннельдер және қорғаныс галереялары;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылымдар мен құрылғылар;
4) орман белдеулері, көгалдар, гүлзарлар, гүлбақтар, сәндік және қардан қорғайтын құрылғылар;
5) жол қызметі нысандары;
6) жол жүру ақысын алуға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен, ЗКЖ және бақылау-өлшеу құралдары, көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеу (есепке алу) және бақылауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамалар;
7) белгіленген габарит шегіндегі олардың үстіндегі әуе кеңістігі.
5. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізуге нақты бөлінген ақшалай ресурстар жолдардың және жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары, жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдері және жол жұмыстарының әзірленген стратегиясы негізінде белгіленген жүргізілетін жөндеу жұмыстарының түрлеріне қарай бөлінеді.
6. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыстардың жіктелетін түрлері жол саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
7. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару мынадай жұмыстарды қамтиды:
1) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды мерзімінен бұрын тозудан қорғау;
2) автомобиль жолдарында көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және орындалуын бақылау;
4) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының белгіленген талаптарына сәйкес қолайлы санитарлық және көліктік-пайдалану жағдайларын қамтамасыз ету.
Автомобиль жолдарында және олардағы құрылыстарда жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар ЖҚҰТҚ жайластыру жолымен, сондай-ақ көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалыс сызбасын қайта жоспарлау кезінде оларды қайта құрылымдау арқылы жол жүрісі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Көпір құрылыстары мен туннельдерді пайдалануды басқару келесі жұмыстарды қамтиды:
1) құрылымдардың сақталуын, көліктік-пайдалану жай-күйінің жобалық (нормативтік) көрсеткіштерін және инженерлік жүйелердің жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз ететін ағымдағы (тұрақты) және мерзімді тексерулерді, арнайы тексерулерді (диагностика және зерттеу) және күту, алдын алу және ЖАЖ бойынша өндірістік жұмыстарды орындауды қамтитын құрылымдардың жай-күйіне қадағалау жүргізу;
2) құрылымдарға күтім жасау жөніндегі жұмыстарды орындайтын жол қызметімен жүзеге асыратын құрылыстарды ағымдағы (тұрақты) тексеруді жүргізу;
3) тапсырыс беруші жылына кемінде екі рет (көктемде және күзде) тағайындайтын комиссия жүзеге асыратын мерзімді тексерулерді жүргізу;
4) белгіленген тәртіппен көпір құрылыстары мен туннельдерді тексеру бойынша бейінді ұйымдарды тарта отырып, арнайы тексерулер жүргізу;
5) көпір құрылыстары мен туннель құрылымдарына тұрақты тексеру нәтижелері негізінде күтім жасау;
6) мерзімді тексеру нәтижелері бойынша жоспарланатын және орындалатын алдын-алу шаралары;
7) ЖАЖ жүргізу – мерзімді тексерулердің және (немесе) арнайы тексерулердің (диагностиканың, зерттеудің) қорытындылары бойынша;
8) жол қызметтері орындайтын құрылыстарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес диспетчерлік қызметті ұйымдастыру және олардың басқа атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылы;
10) күтіп-ұстау сапасын бақылау (бағалау);
11) күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау.
Көпір құрылыстары мен туннельдерді күтіп-ұстауды ұйымдастыру жүйесіне мыналар кіреді:
1) көпір құрылыстары мен туннельдердің көліктік-пайдалану жай-күйінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін көпір құрылыстары мен туннельдерді пайдалану қызметтері;
2) көпір құрылыстары мен туннельдерді пайдалану қызметтерінің құрылымдары басқарудың екі деңгейінде көзделеді:
тапсырыс берушінің штатындағы құрылымдық бөлімше (бөлім, топ), оның сандық құрамы жұмыс көлеміне байланысты анықталады;
туннельдерді күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге құқығы бар өндірістік бөлімше.
Көпір құрылыстары мен туннельдерді пайдалану қызметі келесі жұмыс түрлерін орындайды:
1) белгіленген жылдамдықтармен, габариттік және салмақтық параметрлермен көлік құралдарының жыл бойы, үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысын, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің өтуін қамтамасыз ету;
2) көпір құрылыстары мен туннельдердің тиісті техникалық жай-күйінде ұстау, олардың сақталуын қамтамасыз ету, ең аз еңбек шығындары мен материалдық-техникалық ресурстар кезінде құрылыстар құрылымдарының жай-күйін бағалау;
3) көлік құралдарының, жол қозғалысына қатысушылардың және жұмыс істейтін адамдардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің инженерлік жүйелерін тиісті жағдайда ұстау.
Өндірістік бөлімшелер көпір құрылыстары мен туннельдерді күтіп-ұстау бойынша жұмыстар кешенін орындайды:
1) құрылыстарды тұрақты қарау, күту, алдын алу, ЖАЖ, қозғалысты ұйымдастыру, желдетудің, жарықтандырудың, су бұрудың инженерлік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша;
2) жұмыстарды жүргізу журналдарында және көпір және туннель кітаптарында жүргізілетін барлық жұмыстардың есебін жүргізу.
Күтіп-ұстау жұмыстары кешенін орындайтын өндірістік бөлімше жалпы жағдайда мыналарды қамтиды:
1) басқару аппараты;
2) инженерлік жүйелерге (электр жабдығына, желдетуге, жарықтандыруға, автоматикаға, сигнализацияға, байланысқа) техникалық қызмет көрсету тобы;
3) механикаландыру тобы (жүргізушілері бар техника базасы, жөндеу шеберханалары);
4) туннельдің құрылыс құрылымдарын күтіп-ұстау жөніндегі көпір және туннель шеберлері (бригадалар мен буындар).
Бригадалардың саны және олардың құрамы туннельді күтіп-ұстау жобасында айқындалатын жұмыстардың түрі мен көлеміне қарай қабылданады. Олардың құрамына мыналар кіреді: жол жұмысшысы, бетоншы, сылақшы, оқшаулаушы, суретші, слесарь, машинист (моторист), дәнекерлеуші, электрик, ағаш ұстасы, арнайы көлік жүргізушісі.
Жүру бөлігіндегі жұмыстар қарқынды қозғалыс кезеңі жүргізілмейді, түнгі уақытта – көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы төмен кезеңде орындалады.
Өндірістік бөлімше туннельдер мен кіреберістегі жол бөлігін күтіп-ұстау, профилактикалық және ЖАЖ орындау үшін анайы материалдар мен технологияларды пайдалану бойынша жол жұмыстарын орындайды.
Өндірістік бөлімше жанынан келесі жұмыстарды орындайтын диспетчерлік қызмет құрылады:
1) туннельдерде көлік құралдарының қауіпсіз үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін құрылымдар мен инженерлік жүйелердің жай-күйін тәулік бойы бақылау;
2) белгіленген қозғалыс режимдерін, жабдықтар мен инженерлік-техникалық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету;
3) көлік құралдарының ақаулы жай-күйі мен ЖКО себебінен тоқтаулардан туындаған туннельдер ішіндегі кептелістерді жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
5) туннельдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) туннель құрылымдарын қорғауды және оларға рұқсат беру режимін қамтамасыз ету;
7) туннельдің құрылымдарын, үй-жайларын, жабдықтары мен инженерлік-техникалық жүйелерін күнделікті тексеру, ақаулар мен бұзылуларын анықтау;
8) туннельдер мен туннель алдындағы үй-жайларда қызмет көрсетуші қызметкерлер мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Диспетчерлік қызметтің құрамына:
1) ауысым бастығы - жедел кезекші;
2) ауысым шебері -ауысым бастығының орынбасары;
3) тартқыш-эвакуатордың жүргізушісі;
4) электромонтер - ауысым бастығының көмекшісі;
6) өрттен қорғау және жабдықтар жөніндегі маман;
7) желдету жөніндегі слесарь;
8) жол жұмысшылары кіреді.
Өндірістік бөлімше көпір құрылыстары мен туннельге атқарушылық құжаттаманы ұстайды және жүргізеді:
1) құрылыс, жөндеу, ЖАЖ, туннель кітабы, ақаулар тізімдемесі, техникалық паспорт, мерзімді тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар, тексеру бойынша есептер;
2) көпірлік және туннельдік кітапқа жүргізілетін тексеру, диагностикалау, ақаулар мен зақымданулар туралы, күту, алыдан алу және ЖАЖ бойынша өндірістік жұмыстарды орындау нәтижелері туралы жазбалар енгізіледі;
3) өндірістік жұмыстарды жүргізу күн сайын жұмыс жүргізу журналдарына тіркеледі, онда ағымдағы тексерулердің нәтижелері де жазылады (анықталған ақаулар, бар зақымданулар мен ақаулардың дамуы);
4) инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу техникалық қызмет көрсету жөніндегі жалпы журналда және әрбір жүйеге арналған тиісті журналдарда тіркеледі.
9. Жол активтерін басқару мыналарды қамтиды:
1) жол активтерін диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеу;
2) жол жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржылық ресурстарды жоспарлау;
3) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп-ұстаудың нормативтік-техникалық базасын, оның ішінде оларды жөндеу мен күтіп-ұстаудың технологиясы мен ұйымдастыруын жетілдіру және жаңарту.
10. Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару мыналарды қамтиды:
1) ЖКО есепке алу, талдау және болжау функциялары, сондай-ақ ЖКО санын және олардың зардаптарының ауырлығын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және ынталандыру;
2) өз құзыреті шегінде автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда ЖКО экономикалық шығындарды бағалау;
3) күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу шеңберінде жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін жүргізу;
4) ЖКО шоғырланған аумақтарды басқару және қысқарту;
5) жолдардың белсенді және пассивті қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа технологияларды жүргізу және енгізу;
6) зардап шеккендермен ЖКО егжей-тегжейлі талдау жүргізу және анықталған тәуекелдерді жою бойынша түзету шараларын қабылдау және ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету.
11. Жол активтерін диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру жөніндегі жұмыстардың құрамына мыналар кіреді:
1) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау сапасын бағалай отырып, жүйелі (көктемгі, күзгі және ай сайынғы) тексерулер жүргізу;
2) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды диагностикалау және аспаптық тексеру;
3) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды паспорттау;
4) көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеу (есепке алу);
5) жол деректер базасын қалыптастыру, тұрақты жаңарту және жүргізу;
6) нысандарды ғылыми-техникалық сараптау және тексеру, оның ішінде: материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау, шұғыл шешімдерді қажет ететін төтенше және басқа жағдайларда;
7) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі;
8) жол активтерін диагностикалау, паспорттау, аспаптық тексеру және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін мониторингілеу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері негізінде автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған бюджеттік шығындарды жоспарлау.
12. Жол жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржылық ресурстарды жоспарлау жұмыстары мыналарды қамтиды:
1) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы жол деректер базасын жүргізу;
2) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жағдайы туралы ақпарат банкін талдау негізінде күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын негіздеу;
3) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар желісінің жағдайын болжаумен жол жұмыстарының стратегиясын әзірлеу. Жол жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның ішінде автомобиль жолдарын мен олардағы құрылыстар күтіп-ұстау жоспарларын жасау;
4) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар желісін қажетті пайдалану жағдайында сақтау және күтіп-ұстау үшін қажетті қаржылық ресурстарды жоспарлау;
5) жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және ЖКО шоғырлану аймақтарын жою бағдарламаларын әзірлеу.
13. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың құрамына:
1) көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеу (есепке алу), жол қозғаласын ұйымдастырудың сызбасын әзірлеу және ЗКЖ ендіру;
2) ЖКО шоғырлану орындарын басқару;
3) бөлінген алап шегінде құрылыс жұмыстарын жүргузіге рұқсат беру;
4) автомобиль жолдары мен құрылыстардың коммуникациялар және инженерлік желілермен жанасуы мен қиылысуларына техникалық шарттарды және келісулерді әзірлеу;
5) жол қызметі қызметкерлерін "Медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен тұлғаларды алғашқы көмек көрсету қағидаларын және оларға қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда ЖКО зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларына оқытуды ұйымдастыру;
6) жол бойындағы су көздеріндегі ауыз судың жай-күйіне санитарлық қадағалау жүргізуге және олардың орындалуын бақылауға шарттар жасасу;
7) қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар, оның ішінде:
шығарындылар көздерінде және бақылау пункттерінде (посттарында) аспаптық өлшеулер арқылы рұқсат етілген шығарындылардың шекті нормативтерінің сақталуын бақылайтын мамандандырылған ұйымдармен шарттар жасасу;
экологиялық сақтандыру шарттарын жасасуды қоса алғанда, жол қызметі, жол бойындағы және жол сервисі нысандарында қоршаған ортаның жай-күйіне қадағалау жүргізу;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын, өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламаларын, атмосфераға шектi рұқсат етiлген шығарындылар нормативтерiнiң жобаларын, қауiптi қалдықтар паспорттарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау;
қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу;
8) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру үшін өртке қарсы қызмет ұйымдарымен шарт жасасу, өрт дабылдарын, электр жарығын нысандарға жоспарлы тексерулер мен сараптамалар жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
9) жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын орналастыруды үйлестіру;
10) автомобиль жолдары өтетін аумақтардағы ауа райы болжамдары туралы жүйелі ақпарат алу үшін Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын "Казгидромет" гидрометеорологиялық қызмет ұйымдарымен келісімдер жасасу;
11) боран құбылыстарына, оның ішінде ауа райы жағдайларының автоматтандырылған құрылғыларын қолдана отырып, және қар өлшеуіш бекеттерінде өлшеулер жүргізу;
12) ЖКО есепке алу, талдау және болжау, сондай-ақ ЖКО санын және олардың зардаптарының ауырлығын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және ынталандыру;
13) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды негіздеу мақсатында өз құзыреті шегінде жолдар мен көшелердегі ЖКО болатын экономикалық шығындарды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу;
14) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету инженерлік-техникалық рәсімдерін тәуелсіз сертификатталған сарапшылармен ұйымдастыру және жүзеге асыру;
15) жолдардың белсенді және пассивті қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа технологияларды жүргізу және енгізу, сондай-ақ апаттық-шақыру байланысын ұйымдастыру және орнату;
16) зардап шеккендермен ЖКО толық талдау жүргізу және анықталған тәуекелдерді жою және ЖКО салдарының ауырлығын төмендету бойынша түзету шараларын қабылдау;
17) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
14. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды мерзімінен бұрын тозудан қорғау жөніндегі жұмыстарға мыналар жатады:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалану және оларды қорғау туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу;
2) ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруін келісу;
3) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың сақталуына әсерін талдау, қолайсыз ауа райы жағдайларында, сондай-ақ автомобиль жолдарының әлсіреген телімдерінде және оларда жол төсемесінің беріктігі жеткіліксіз құрылыстарда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін шектеу немесе қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
15. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп-ұстаудың нормативтік-техникалық базасын, оның ішінде оларды жөндеу мен күтіп-ұстаудың технологиясы мен ұйымдастыруын жетілдіру және жаңарту жөніндегі жұмыс көлеміне:
1) стандарттаудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын қалыптастыру және оларды іске асыру, оның ішінде автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда, жобалаудың, салудың, қайта құрылымдаудың, пайдаланудың нормативтік-техникалық базасын және нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарау, жаңарту және жетілдіру;
2) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды салу, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналар мен жабдықтарға хронометраж жұмыстарын көрсете отырып, нормалар мен бағаларды әзірлеу;
3) технологиялар, материалдар, машиналар мен жабдықтардағы әлемдік тәжірибені және ғылым мен техниканың жетістіктерін олардағы автомобиль жолдары мен құрылыстарды жөндеу және күтіп-ұстау тәжірибесіне енгізу үшін ұсынымдар мен қорытындылар әзірлей отырып зерттеу;
4) жаңа материалдарды, конструкцияларды, технологияларды, машиналар мен жабдықтарды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименттік, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
5) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы жұмыс істейтін бағдарламалық өнімдерді жетілдіру және оларды жұмыс жағдайында ұстау;
6) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың ұзақ мерзімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында жөндеу және күтіп-ұстау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар;
7) автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу және автомобиль жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар шеңберінде, технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырумен және орналастырылған учаскелерді мониторингілеумен автомобиль жолдарының тәжірибелік учаскелерін мониторингтеу.
16. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау жөніндегі жұмыстар құрамына кіреді:
1) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың желісін күтіп-ұстау бойынша жол жөндеу жұмыстарын үйлестіру және реттеу;
2) жолдар мен олардағы құрылыстарды мерзімді түгендеу, есеп беру;
3) автомобиль жолдарды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, жол жұмыстарының сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;
4) азаматтық қорғаныс нысандары мен мүліктік және жұмылдыру резерві қоймаларының сақталуын және сақталуын қамтамасыз ету;
5) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару құрылымы мен әдістерін үздіксіз жетілдіру.
17. Механикаландыру және көлік қызметі жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) орындалуы бір мезгілде өзіндік құнын азайтуға және автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мен жөндеу сапасын арттыратын тасымалдар мен жол жұмыстарының қажетті көлемін қамтамасыз ету;
2) көлік құралдарының, машиналар мен механизмдердің және жол-пайдалану техникасы бірліктерінің оңтайлы санын белгілеу;
3) көлік құралдарының, машиналар мен механизмдердің және жол-пайдалану техникасын пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру, басқару және бақылау;
4) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау кезінде көлік құралдарының, машиналар мен механизмдердің және жол-пайдалану техникасының қауіпсіз, үздіксіз, өнімділігі жоғары және үнемді жұмысын ұйымдастыру;
5) "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 тіркелген) белгіленген тәртіппен автомобиль, жол техникасын, механизмдерді және басқа да жабдықтарды техникалық жарамды күйде ұстау;
6) ұйымдастырылған жүйеге сәйкес көлік құралдарының, машиналар мен механизмдердің және жол-пайдалану техникасының жоспарлы-алдын ала техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу;
7) озық технология мен техниканы, озық тәжірибені және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру және қолдану негізінде өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыру;
8) салауатты және қауіпсіз еңбек және өндірістік тұрмыс жағдайларын жасау;
9) көлік құралдарының, машиналар мен механизмдердің және жол-пайдалану техникасының қойма шаруашылығын ұйымдастыру, қорларды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды белгіленген тәртіппен басқару (көп деңгейлі сөрелерде немесе шкафтарда жабық қоймаларда сақтау, жылжымалы құрам типтерінің топтары бойынша қоймаларда сақталатын номенклатура).
2-тарау. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау
18. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқару бойынша жұмыстар жыл бойы үздіксіз жүргізіледі және жобалық құжаттаманы дайындауды талап етпейді.
19. Автомобиль жолдарын күтіп-ұстау төмендегілер нәтижесінде жөніндегі жұмыстар қолданыстағы қаржыландыру нормативтеріне сәйкес оларға бөлінген қаражат шегінде жоспарланады:
1)ақаулар тізімдемесін пайдалану бойынша автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды тексеру;
2)жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық рәсімдерін жүргізу;
3) шешім қабылдау және тиісті жұмыстар жүргізу кезеңінде автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
4) жолдардың белсенді және пассивті қауіпсіздігін жетілдіруге, ЖКО шоғырланған жерлер мен телімдерді жоюға, автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды мерзімінен бұрын тозудан қорғауға бағытталған негізделген ұсыныстарды қамтиды.
20. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін оларды күн сайын патрульдеу арқылы көзбен шолу жүргізіледі.
Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде көліктердің үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысы қамтамасыз етіледі.
21. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі, қысқы күтіп-ұстау, жолдарды абаттандыру, автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды пайдалануды басқару, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып бөлінеді.
22. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың құрамына оператордың күтіп-ұстауымен бірге, жыл бойы күнделікті ақпаратты жинау, өңдеу және ұсыну кіреді, оның ішінде:
1) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың қозғалысы туралы, оның ішінде автомобиль жолдарының қозғалысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттық қамтамасыз ету туралы;
2) орын алған ЖКО туралы;
3) еріген және тасқын сулар кезеңіндегі жұмыстар туралы;
4) қысқы кезеңде қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;
5) ақпаратты жинау және өңдеу, автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жағдайы туралы бірыңғай ақпараттық банкті басқару.
23. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерінде, атап айтқанда жыл бойы күтіп-ұстау кезінде келесі жұмыстар орындалады:
1) автомобиль жолдарының және олардағы құрылыстардың жай-күйін патрульдік қадағалау;
2) жерасты қабаты мен су бұру жүйесі бойынша:
су бұрғыш арықтарды көктемде қардан, ал жазда тасынды қоқыстан тазалау, тиеу, шығару және жоюға тапсыру;
жол жиектерінде және ісінгіш телімдерде кептіру шұңғырларын қазу және толтыру;
беткейлерді тегістеу, шөптермен егу;
шабылған шөптерді шабу және жинау;
жол жиектерінде және жол төсемесінің беткейлерінде бұталарды, жабайы өсімдіктерді кесу және ағаштарды жұлу, кесілген материалдардан тазалау, тиеу, шығару және жою;
материалды қоспай жиектер мен толтыру бермаларын тегістеу;
жекелеген телімдерде көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін толтырулармен жол жиектері мен бермаларды толтыру, кесу және тегістеу;
опырылулардан, көшкіндерден және селден тазарту;
жол жиектерін толтыру және нығайту;
жеке элементтерді ауыстыру және жаңа материалды қолдану арқылы жер асты қабатының, су бұру жүйелерінің, қорлардың, бермалардың, қорғаныс, нығайтқыш және реттеуші құрылыстардың жеке зақымдануын түзету;
көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін материалды қоса отырып немесе қоспай, жол жиектері мен бермаларды кесу және тегістеу;
үйіндіні су алып кету жерлерін жою және шұңқырларды толтыру;
жаңа арықтар қазу;
қураған ағаштарды кесу және жұлу;
арық жүйесі мен жиек науаларын жөндеу немесе ауыстыру;
жол төсемесiнiң үйіндісін нығайтудың баламалы әдiстерi;
жол жиегі бойынша:
судың ағуын қамтамасыз ету үшін тегістеу;
жол жиектерін шаң мен кірден тазалау;
геоторлардан және балама материалдардан жасалған еңiстiң жеке зақымдануын түзету;
қоқыстар мен бөгде заттардан тазалау, оларды тиеу және жою үшін шығару;
кесілген материалды алып тастау арқылы жол қауіпсіздігіне әсер ететін қажетсіз шөп және ағаш-бұталы, жабайы өсімдіктермен күресу;
3) бөлінген алап бойынша:
су ағынын қамтамасыз ету үшін бөлінген алапты тегістеу;
бөліншен алапта қоқысты шығару, тиеу және жоюға тапсыру;
жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ағаштарды, бұталарды және жабайы өсімдіктерді кесу және жұлу, оларды жинау тиеу, шығару және жлю үшін тапсыру;
бөлінген алапты шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды, арам шөптерді тазалау, тиеу, шығару және жою үшін тапсыру;
еріген және тасқын суларының кіруін қамтамасыз ету үшін жол-құрылыс материалдарын қосу арқылы бөлінген алапты тегістеу;
орман екпелеріне күтім жасау, кесілген материалдан тазалай отырып, ауру және қураған орман екпелерін жоспарлы кесу және жұлу;
қорлардағы, бөлінген алапта шөптерді шабу және шабылған шөптерді қоқыс орындарына шығару;
4) цементбетон жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жүру бөлігін жуу, қоқыстан, шаңнан және ластан тазалау, бөгде заттардан тазарту
көшелердің жүру бөлігінің науаларын сыпыру және топырақ-құм шөгінділерден тазалау;
осьтік және резервтік жолақтарды сыпыру;
жол жамылғысын қоқыстан тазалау, кірден жуу;
жүріс бөлігінен және жол жиектерінен бөгде заттарды жинау;
апатты-қауіпті жерлерде және ЖКО шоғырлану телімдерінде беттік өңдеу, қорғаныш қабаттары мен тозу қабаттарын орнату;
жол таңбасын жағу;
жіктерді кесу және жарықшақтарды өңдеу;
жарықшақтарды бітеу және жіктерді толтыру;
бетонның жарылуын және қабатталуын жою;
шөгу мен шұңқырларды жою;
сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, жеке тақталарды тегістеу, оның ішінде құрастырмалы темірбетон төсемелерінде;
мобильді суық материалдармен шұңқырларды жою;
жамылғыны үгітілу мен тоттан қорғау;
деформациялық жіктердің геометриясын қалпына келтіру және оларды тұмшалау;
жамылғыдағы жарықшақтарды тоқтату;
тақталардың кетіктері мен сынықтарын ерте бұзылу сатысында жөндеу;
цементбетон жамылғыларындағы жіктерді жөндеу және толтыру;
жамылғылардың бетін тегістеу және тақталардың жеке телімдерін ауыстыру;
шөгу жарықшақтарын жөндеу;
шығыңқы жерлерді жою;
көпірдегі жаяужол блоктарын орнату, жөндеу және ауыстыру;
5) асфальтбетон жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жол бөлігін қоқыстан, шаң мен кірден, бөгде заттардан тазалау және жуу;
тұтқырғыш материалы артық жерлерге күтім жасау;
жарықшақтарды бітеу;
асфальтбетон жамылғыларын ылғалдың, ауаның, күн радиациясының енуінен тиімді оқшаулау, атмосфералық әсерлерден бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғылардың суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды қолдану;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, шөкпелерді толтыру, жол телімі жиектерін тегістеу;
жол таңбасын жағу;
апаттық-қауіпті телімдерді маршруттық тәсілмен жөндеу (ісінулерді жою, негіздер мен жамылғыларды, шұңқырларды жөндеу, жарықшақтарды толтыру, тегістеу қабатын орнату, жол жиектерін нығайту, жамылғыларды беттік өңдеу);
жамылғылардың, қорғаныш қабаттардың және тозу қабаттарының беттік өңдеу құрылысы;
ұсақ деформациялар мен зақымдануларды жою (шұңқырларды, шөгінділерді бітеу), жиектерді, біртұтас ұсақ ісінулерді, жол жамылғыларының шұңқырларын жөндеу;
көшенің жүру бөлігін топырақ-құм шөгінділерін тазарту арқылы сыпыру және науаларды тазалау;
осьтік және резервтік жолақтарды сыпыру;
жол жамылғысын қоқыстан тазалау, ластан жуу, оның ішінде құрамында беттік-белсенді заттар бар қойылтылған жуғыш заттарды пайдалана отырып, жол-көше желісінің жүру бөлігін жуу;
жүру бөлігін және жол жиектерін бөгде заттардан тазалау;
жүру бөлігін тазалау және жуу;
жергілікті телімдерде жамылғылардағы ісінулерді жою;
жабындағы салбырауды және қауіпті бұзылуларды кесу, ойықтарды тығыздау, содан кейін тозу қабатының бетін өрескел өңдеу;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда автомобиль жолдарын маршруттық әдіспен жөндеу кезінде автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды, сондай-ақ маршрут бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақауларды жою жұмыстарын қоса алғанда, жөндеу жұмыстары кешені жүргізіледі.
Маршрутты жөндеу әдісімен жөндеу жұмыстары бүкіл трасса бойынша, жергілікті жерлерде жол жамылғысының елеулі деформациялары мен бұзылуы шоғырланған жерлерде біріктіріліп жүргізіледі.
Жұмысты тиісті ақауларды жою үшін қабылданған жұмыс технологиясы және ақаулар тізбесі негізінде қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес құрастырылған құрылыс сметалары бойынша автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстауды жүзеге асыратын жол қызметі жүргізеді;
6) ауыспалы жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жамылғыны кірден тазалау;
жамылғыны сумен шаңсыздандыру;
материалды қосу арқылы жамылғыны пішіндеу және нығыздау;
жамылғыдағы ұсақ және себілген тастарды сыпыру, көшкінтастарды тазалау;
шағыл тасты және қиыршық тасты төсемелердің пішінін тиісті материалды қосып немесе қоспай қалпына келтіру;
шағыл тасты және қиыршық тасты төсемелердің пішінін қалпына келтіру;
7) топырақты және жақсартылған торырақты жамылғылардың жүру бөлігі бойынша:
материалдарды қосу арқылы қалыптасқан шұңқырларды, сораптарды және басқа да тегіссіздіктерді жою үшін жамлғыны пішіндеу;
үтіктеу - ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін алдын алу шарасы;
хлорлы кальций менхлорлы натрийды қолдана отырып шаңсыздандыру;
автомобиль жолдарының ісінген телімдерін күту, уақытша қоршау, ауа шұңғысын орнату және толтыру, жол төсемелері мен жер жер төсемесінің бетінен су бұрғышты қамтамасыз ету;
қиыршық тасты жолдарды тұтқырғыш материалдармен шаңсыздандыру;
8) жол жағдайы, жайластыру, байланыс және жарықтандыру бойынша:
шу жолақтарын, акустикалық және жарық шағылыстырмайтын экрандарды орнату және жөндеу (тозған сегменттерді ауыстырумен), оның ішінде ЖКО кейін;
ЖҚҰТҚ, көпірлердегі қоршау қоршауларын, жол буферін орнату, зақымдануларды түзету, ЖҚҰТҚ толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, жиек тастарын орнату және жөндеу, ЖҚҰТҚ орнату, жөндеу және қалпына келтіру;
жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушыларды ескере отырып, арнайы белгілерді, тактильді, дыбыстық және көрнекі жер белгілерін орнату, ауыстыру және жөндеу;
жол қозғалысына қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін бағдаршамның шақыру түймесін орнату, ауыстыру және жөндеу;
сәулеттік безендіру және абаттандыру элементтерінің жекелеген зақымданулары мен ақауларын түзету;
жол сервисі нысандарын (аялдау павильондарды, дәретханалар, санитарлық тораптар, күркелерді), жол белгілерін, қоршауларды және жол инфрақұрылымының басқа да элементтерін тік және көлденең жол таңбалай отырып жөндеу, сырлау және әктеу;
бөлінген алап шегінде қозғалысы шектеулі жол пайдаланушыларды ескере отырып, күркелерді, орындықтарды, дәретханаларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, өткелдерді және жаяужолдарды (жарық және электрмен жабдықтау), санитарлық-тұрмыстық (жарық, электр және сумен жабдықтау) орнату және жөндеу;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда қолданыстағы жаяжолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жол үсті жүргіншілер өтпелерін күтіп-ұстау және жөндеу;
демалыс орындарын және жол сервисі нысандарына кіреберіс жолдарды ауыспалы, топырақты және жамылғысы жақсартылған топырақты жолдарды жаңа материалдарды қоспай пішіндеу;
ЖҚҰТҚ тұрақты түрде қарау, бұралмаларды тарту, түзету, шаң мен кірден тазарту, жуу;
жол бойындағы және жол сервисі нысандарын (аялдамалар, демалыс орындары, дәретханалар, санитарлық тораптар, күркелер, аялдау павильондары) кезеңді түрде тексеру шаңнан, кірден және қоқыстан тазарту, қоқыс жәшіктерін жуу және дезинфекциялау;
шаңнан, кірден және қоқыстан тазалау, шудан қорғайтын экрандарды жуу;
жол сервисі нысандарын күту, тазалау, жөндеу;
ЖҚҰТҚ, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп-ұстау, күту және жұмысқа жарамдылығын бақылау;
жолдарды кірден, мұздан, қардан, қоқыстардан және бөгде заттардан механикаландырылған және/немесе қолмен тазалау әдісімен тазалау және/немесе жинау;
жол бөлігін және жол жиектерін бөгде заттардан тазалау;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың, паром өткелдерінің электрлік жарықтандыру желілерін таза және ұқыпты ұстау;
істен шыққан шамдар мен арматураларды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарықтандыру бағандарын және басқа электрлік жарықтандыру элементтерін ауыстыру, жаңасын орнату;
трансформаторға техникалық қызмет көрсету;
ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешеніне, ЗКЖ және басқа да технологиялық және сигналдық байланыс құралдарына, кабельдік желіге, сондай-ақ ЖҚҰТҚ диспетчерлік және автоматтандырылған қозғалысты басқару құралдарына қызмет көрсету, оның ішінде олардың жұмыс істеуі үшін байланыс арналарын жалға алу;
GPS орнату және пайдалану;
ЖҚҰТҚ, байланыс, жарықтандыру құралдарының жекелеген зақымданулары мен ақауларын түзету;
телекоммуникация және байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру;
көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеуге (есепке алу) мен бақылауға арналған бақылау-өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
жол төсемесінің температурасын, ылғалдылығын және деформациясын анықтауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарына, құрылғыларға қызмет көрсету;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күтіп-ұстауды және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылау үшін навигациялық жүйеге техникалық қызмет көрсету және пайдалану;
"мысық көзі" жол маркерінің жүріс бөлігіндегі құрылғы (ЖКО шоғырланған жерлерде; жолдардың қисық сызықты телімдерде; тұмандардың жиі пайда болуы; жолдардың тар жерлерінде жасанды жарықтандырудың болмауы);
"Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификат нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 тіркелген) белгіленген тәртіппен салыстырып тексеруге жататын тиісті сертификатты, өлшеу аспаптарын ала отырып, жыл сайынғы салыстырып тексеруді жүргізу;
жарамсыз күйдегі жол қызметі нысандарын, пункттерін орнату, жөндеу және/немесе қалпына келтіру; ақы алу; салмақтық және габариттік бақылау, аркалар, ангарлар, химиялық реагенттерді сақтауға арналған қоймалар, гараждар, өнеркәсіптік базалар, арнайы көлік құралдары мен жол материалдарына арналған уақытша ғимараттар мен қосалқы үй-жайлар, сондай-ақ басқа да металл құрылымдар және/немесе темірбетон бұйымдарын, ЖҚҰТҚ және жеке жобаланған өзгермелі ақпараты бар таблоларды, оның ішінде оларды жарықтандыру мен электрмен жабдықтау;
көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеуге (есепке алу) және бақылауға арналған өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды паспорттық деректер талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде орнату, қалпына келтіру және жоспарлы ауыстыру, оның ішінде:
жеке жұмыс станцияларды, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі – ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;
жол бойындағы жабдықтар, жеке жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру жабдығы, жабдықты басқару жинағы, жергілікті желі ажыратқыштары және ақы алу пунктері мен басқару аркаларының құрылымдық кабельдік жүйесінің элементтері;
ОБП жол бойындағы жабдықтары, коммуникациялары, серверлік, желілік және бейне жабдығы;
серверлік желі және бейне жабдық, атап айтқанда: екі сервер кластері, дискілік деректерді сақтау жүйесі, сигнал беру және шақыру динамиктерінің орталық модулі, орталық шақыру динамиктеріне арналған диспетчерлік консол;
деректерді өңдеу орталығын орнату және қалпына келтіру;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың жай-күйін, көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеуді (есепке алу), ақы алуды, ЗКЖ бақылау және талдау үдерістерін автоматтандыру үшін бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;
демалыс орындарын және жол-сервистік нысандарға кіреберіс автомобиль жолдарды: күрделі, жақсартылған, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және жамылғысы жақсартылған топырақты жолдарды жаңа материалдарды қоспай немесе қосу арқылы салу және/немесе жөндеу;
жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жол бөгеттермен мен қоршауларды орнату;
қолданыстағы автомобиль жолдарында және олардағы құрылыстарда жол бойындағы сервис объектілерін, шағын архитектуралық нысандарды, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдарын, демалыс алаңдарын және өтпелі-жылдамдық жолақтатрын жол жүрісі қауіпсіздігін екере отырып, жүргізушілер мен жолаушылар үшін пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі техникалық құжаттамамен анықталады;
тұрақты қар ұстағыш қоршауларды немесе тотқа қарсы балама құрастырмалы модульді қар ұстағыш құрылғыларды орнату және қалпына келтіру;
сыртқы электр жарығы желілерінің электр энергиясы шығындарын өтеу;
малдан қорғайтын қоршауларды орнату, жөндеу және ауыстыру;
жарамсыз жағдайдағы құламаларды жөндеу;
қолданыстағы жаяужолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жол үсті өткелдерін жөндеу және күтіп-ұстау;
жарық шағылыстырмайтын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды кір мен қардан тазалау;
жел бағытының бүйірлік көрсеткіштерін орнату және ауыстыру;
бұзылған жол телімдерін қалпына келтіру кезеңінде уақытша айналма автомобиль жолдарын салу;
жарамсыз күйдегі жол қоршауларын ауыстыру;
қар ұстағыш қоршаулардың жарамсыз күйдегі бетон тақтайшаларын жаңасына ауыстыру;
қар ұстағыш қоршауларды немесе балама модульдік қар ұстағыш қоршауларды орнату;
жол таңбасын автономды жол жарықтандыру жүйелерін және жарық диодты тосқауыл немесе жердегі катафоттарды орнату;
қолданыстағы жол белгілерінің бетон тіректерін жаңасына ауыстыру;
жарықтандыруды орнату, оның ішінде көпірлер мен өтпежолдарды сәндік безендіру;
жеке жобаланған шағын сәулет нысандарын орнату және жайластыру;
жол айрықтарында (өтпежолдарда) сәндік және (немесе) дизайнерлік аспаларды (немесе) жарықтандыруды орнату, ауыстыру және жөндеу;
санитарлық-гигиеналық тораптарды, дәретханаларды қоқыстан тазарту;
санитарлық-гигиеналық тораптарды қалпына келтіру, сырлау және әктеу;
9) қозғалысты ұйымдастыру, ЖҚҰТҚ және жол қозғалысы қауіпсіздігінің белсенді және пассивті инфрақұрылымы бойынша:
жол бағдаршамдарын қалпына келтіру және күтіп-ұстау;
көз шағылыстырмайтын экрандарды орнату, ауыстыру және жөндеу;
дабыл жүйелерін, ЖҚҰТҚ, байланыс пен жарықтандыруды құралдарын ауыстыру және/немесе жөндеу;
көлік құралдарының жануарлармен соқтығысу қаупін азайтуға арналған автономды жүйелер мен кешендерді орнату, күтіп-ұстау және жөндеу;
көлік құралының жылдамдығын анықтауға арналған ақпараттық (жарық диодты) жол белгісі бар құрылғыларды және жеке жобаланған ауыспалы ақпараты бар табло орнату, жөндеу және ауыстыру, бұл ретте жұмыстар көлемі сметалық құжаттама бойынша анықталады;
жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеуді бағдарламалық қамтамасыз ету және өлшеу құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды күтіп-ұстау;
автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстар үшін ЖҚҰТҚ орналасу схемасын (картасын) әзірлеу және өзгерту;
"мысық көзі" жол маркерінің жүріс бөлігіндегі құрылғы (ЖКО шоғырланған жерлерде; жолдардың қисық сызықты телімдерінде; тұмандардың жиі пайда болуы; жолдардың тар жерлерінде жасанды жарықтандырудың болмауы);
жолдың жүру бөлігін жануарлардан қорғау функциясы бар құрылғыларды (қоршауларды) орнату, қалпына келтіру және ауыстыру;
жүру бөлігін жол таңбасымен бояумен, термопластикпен және басқа материалдармен белгілеу;
жол сервисі нысандарын, аялдама павильондар мен алаңдарды, күркелерді, жол қоршауларды, жайластыру элементтерін сырлау және әктеу;
жөндеу аралық кезеңінде стационарлық электр жарықтандыру тіректерін сырлау;
жаяу жүргіншілер қоршаулары мен жаяужол бағандарының металл бағыттағыштарының зақымдалуын жөндеу және сырлау;
жол қоршауларының зақымдануын сырлаумен жою (сегменттердің тозған бөліктерін ауыстыру арқылы);
ЖКО кейін бұзылған жол кедергілерін жаңасына ауыстыру;
бетон жол тосқауылдарының бұзылуларын жою (қажет болған жағдайда бояу арқылы);
ЖКО кейін жол бойындағы шағын сәулет нысандары мен көгалдандыру элементтерінің, оның ішінде орман екпелерінің, гүлзарлардың, гүлбақтардың, гүлдерге арналған қыш құмыралардың зақымдануларын жою;
қоршаулар мен сигналдық тіректерді, жол белгілерін, ақпараттық белгілерді, қалқаншаларды тұрақты тексеру, олардың бекітпелерін тарту, қалқаншаларды түзету, шаң мен кірден тазалау, жуу;
орман қорғау металл қоршауларын жөндеу және сырлау (тозған сегменттерін ауыстыра отырып), оның ішінде ЖКО кейін;
жол белгілері мен көрсеткіштерді, тіректері мен бекіткіштері бар ақпараттық қалқаншаларды жөндеу (тозған элементтерін ауыстыра отырып), оның ішінде ЖКО кейін;
жол буферлерін ауыстыру және жөндеу, оның ішінде ЖКО кейін;
жаяу жүргіншілер өткелдерін және оларды орналастыру элементтерін таза және ұқыпты ұстау;
көшелердің, көпірлердің, өтпежолдардың, тоннельдердің, көлік айырықтардың, паром өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарының электрлік жарықтандыру желілерін таза және ұқыпты ұстау;
ЖҚҰТҚ, жарықтандыруды, радиобайланысты, ЗКЖ және басқа да технологиялық және сигналдық байланыс құралдарын, кабельдік желіні, сондай-ақ бағдаршам нысандарын, қозғалысты ұйымдастыруды, қозғалысты диспетчерлік және автоматты басқару құралдарын, олардың жұмыс істеуі үшін байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда, ЖҚҰТҚ элементтерін таза және ұқыпты ұстау, күтіп-ұстау, күту және жарамдылығын бақылау, сондай-ақ жарамсыздарын шығару және жою, оның ішінде ЖКО кейін;
жаяу жүргіншінің сұранысы бойынша қозғалыстың жаяу жүргіншілер фазасын шақыра отырып, жаяу жүргіншілер өткелдерін жайластыру элементтерін бағдаршамдық сигналдандырумен толықтыру, бұл ретте жұмыстар көлемі тапсырыс беруші бекіткен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін жайластырудың үлгілік сұлбаларына сәйкес айқындалады;
істен шыққан шамдарды, жарықшамдарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды және басқа да электрлік жарықтандыру элементтерін ауыстыру және жою, трансформаторларға техникалық қызмет көрсету;
10) жаяужолдар, алаңдар, саябақ жолдары мен алаңдары, гүлбақтар, бульварлар, жағалаулар және ішкі аула жолдары бойынша:
жаяужолдарды, жолдарды, алаңдарды және басқа нысандарды шаң мен қоқыстан тазалау;
кірме жолдарды, жаяужолдар мен алаңдарды жуу және ылғалдандыру;
шағын сәулет нысандарын (жол қоршаулар, орындықтар және басқа да жол сервисі нысандарын) жууға арналған заттарымен жүйелі түрде тазалау және жуу;
сыпыру, бөгде қалдықтардан тазалау, жуу және сумен шаңсыздандыру;
көлік құралдарының уақытша тұрақтарын, ауыспалы, топырақты және жамылғысы жақсартылған топырақты кіреберістерді сумен шаңсыздандыру, бөгде қалдықтардан тазарту;
қар тазалау техникасы өткеннен кейін жаяужолдар бойындағы жолды қардан және мұздан тазарту;
жаяужолдарды кірден, қардан және қоқыстан, бөгде заттардан тазалау;
тазалау құралдары өткеннен кейін жаяужолдардың бойындағы жолды қоқыстан және бөгде заттардан тазалау;
жаяужолдар блоктарындағы саңылауларды судың өтуі үшін тазалау;
көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігі арасындағы кедергі қоршауының қисық сызықты арқалығы астындағы кеңістікті кірден, қардан және мұздан тазалау;
су бұру жүйесін жұмыс қалпында жүйелі түрде ұстау;
арықтар мен су бұрғыш арықтар мен кюветтерді тазалау және пішіндеу, олардың нығайтуларының ұсақ ақауларын жою; нөсер кәріздерін, дренаждық құрылғыларды ұсақ зақымдануларды жою және тазалау;
жабайы өсімдіктерді кесу;
жолдарды күнделікті тексеру;
көлік құралдарының өтуіне кедергі келтіретін нысандарды эвакуациялау;
қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға (қоқыс орнына) шығару;
11) жасанды құрылыстар бойынша:
тапсырыс берушiнiң нұсқауы бойынша жүру қауiпсiздiгiнiң негiзiнде жол қозғалысына қатысатын қозғалысы шектеулі қатысушыларды ескере отырып, тіреулер мен жол қоршауларды, баспалдақтар мен сатыларды, тұтқаларды, түрлi модификациядағы пандустарды, тік және көлбеу жылжыйтын көтергіштер мен лифттерді орнату және зақымдануын түзету;
көпірлердің металл элементтерінің қоршауларының бояу қабатын қалпына келтіру (сырлау);
автомобиль жолдардын үстіндегі өтпежолдардың қасбет арқалықтарының астын тіке жол таңбалау;
автомобиль жолдардын үстіндегі өтпежолдардың тіректерін тіке жол таңбалау;
су өткізгіш құбырларды кірден, тастан және қардан тазалау;
деформациялық жіктер астындағы су бұрғыш науаларды қоқыстардан тазалау;
ашық типтігі деформациялық жіктерде тақталарды жылжытуға арналған ойықтарды кірден тазалау;
ашық типтігі деформациялық жіктердің күрделі құрылымдарының механизмдерін тазалау және майлау;
тірек, кедергі қоршауларды, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
арқалықтардың беттерін кірден, салынды топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
арқалық тірек бөренелерін жуу;
тірек бөліктерді қар мен кірден тазалау;
тірек бөліктердің жұмыс беттерін графиттік құраммен майлау;
металл тірек бөлшектерін бекітуге арналған бұрандаларды тарту;
тіректердің бастарын және ферма асты алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
конустарды кірден, шөптен және бұталардан тазалау және құламаларды нығайту;
тіректер маңындағы және мұз кескіштердегі мұздарды жару;
сең жүру мен тасқын сулардың өтуін ұйымдастыру;
қарау құрылғыларын тазалау (баспалдақтар, арбалар);
көпір құрылыстарын жоспарлы және мерзімді тексеру;
көпір аймағындағы бұталы өсімдіктерді және су өткізгіш құбырларды 50 метрге дейінгі қашықтықта, жоғары және төменгі ағысқа қарай тазарту және ағаштарды кесу, көпір асты аймағын қоқыс пен кесілген материалдарды тиеу, шығару және жоюға беру арқылы санитарлық тазалау;
темірбетон құбырларының саңылауларын лай мен кірден тазалау;
шағын көпірлер мен құбырлардың саңылауларын күзде жабу және көктемде ашу;
сең жүру, тасқын суларының өтуі, жолдар мен құрылыстарды су тасқынынан, көктайғақтан, кептелістерден, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша алдын-алу жұмыстары;
"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес паромдық өткелдерге, реттелетін су өткізгіш құбырлардың шандорлы қақпаларына, қалқыма көпірлерге техникалық қызмет көрсету және күтіп-ұстау, навигациялық жабдықтарды орнату, көпір маңы алаңдарында қалқыма, кеме өту жағдайларын күтіп-ұстау және автомобиль жолдары көпірлеріне кіреберістерде түптітереңдету және түпті тазалау жұмыстарын жүргізу;
құрылымдардың жекелеген элементтерін (тіреу бөліктер, қоршаулар, тосқауыл қоршаулар, таяныштар, кедергі қоршаулар төсеніштер, бағандар, тіреуіштер, қоршау қабырғалары, аралық құрылыстар тақталары, ашпалар, дренаждық құрылғылар және басқалар) орнату, ауыстыру және жөндеу;
көпірлердің металл элементтерін жергілікті бояу;
көпірлер, өтпежолдар жамылғыларының шұңқырларын жөндеу, жамылғылардың жарықшақтарын бітеу;
дефомациялық жіктерді жөндеу;
дефомациялық жіктерді алдымен ескі мастикадан тазартмастикамен толтыру және алдымен ескі мастикадан тазалау;
дефомациялық жіктер аймағында немесе олардың үстінде жамылғыны ауыстыру;
жаяужолдардың асфальтбетон жамылғыларында жарықшақтар мен шұңқырларды толтыру;
жаяужолдардың цементбетон жамылғыларында жарықшақтар мен шұңқырларды бітеу;
үйме және реттеуші құрылыстардың шайылған жергілікті жерлерін түзету;
көпірдің үйіндімен түйіскен жеріндегі шұңқырларды толтыру, бұл жерлердегі суды бір мезгілде шығару арқылы;
тірек маңындағы шайылған саңылауларды бітеу;
құбырлардың гидрооқшаулағыш құбырларын жөндеу және олардың буындары мен бөлімдері арасындағы жіктерді тығындағышпен бітеу арқылы жөндеу;
көпірлердің, өтпежолдардың жүру бөлігіндегі жамылғы шұңқырларын жөндеу, жамылғыдағы жарықшақтарды бітеу;
құбыр буындарының, бастиектерінің, құлама бүйірлерінің, арналардың кіріс және шығыс нығайтуларының жеке зақымдалуын ауыстыру және жөндеу, құбыр науаларды тегістеу, тасты тастамаларды қалпына келтіру;
ағаш көпірлердегі элементтерді шіріктен тазарту, тақталарды және төсеніштерді ауыстыру;
болат элементтері бар деформациялық жіктің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;
жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін, мал өткелдерін, ауылшаруашылық өтпелерді тазалау;
жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің тік және көлбеу көтергіш жабдықтарын тазалау және жөндеу;
туннель құрылымдардың жеке зақымдануын жедел жою;
туннель құрылымының элементтерін (жүру бөлігі, жаяужолдар, кедергі қоршаулар, қызметтік өткелдер, камералар, шахта оқпандарының беттері, сервистік ұңғымалар, су өткізгіш құрылыстар) шаң мен кірден тазарту;
туннель кіреберістерінің құламаларын тазалау және күту;
туннель құрылымының элементтерін сырлау және әктеу;
автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету (электр жабдықтарына, жарықтандыру және желдету жүйелеріне, өртке қарсы және түтінге қарсы жүйелерге қызмет көрсету);
габион құрылымдарының зақымдануын жою (тоқылған металл торды және тас толтырғышты қалпына келтірумен немесе тозған секцияларды ауыстырумен);
су өткізгіш құбырлардың беттері мен түйіспелерін жөндеу;
шұңқырларды толтыра отырып, құламаларды жөндеу;
шағын сәулет нысандарын құрылымын өзгертпей жөндеу және жыл сайын бояу;
көпірлер мен құбырлардың кіріс және шығыс арналарын, жылдам ағыстарды, құламаларды қоқыстардан және бөгде заттардан тазалау, кішігірім зақымдануларды түзету және тағы басқа;
жабайы өсімдіктерді кесу;
габион құрылыстарын тазалау және ретке келтіру;
көпір құрылыстарын жоспарлы және мерзімді тексеру;
көпір аймағындағы, ағыстың жоғары және төменгі жағындағы бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды кесу, көпір астындағы аумақты санитарлық тазалау;
реттелетін су өткізгіш құбырлардың тығынды жапқыштарына техникалық қызмет көрсету және күтіп-ұстау;
жолдың жүру бөлігінде және жол жиегінде кедергілерді көрсететін уақытша жол белгілерін орнату;
ақаулы тосқауыл қоршауларын жаңасына ауыстыру;
көпір құрылымдарының элементтерін (тірек бөліктерін, аралық құрылымдарын) сыртқы арматуралау жүйесімен жергілікті қалпына келтіру (геометриялық параметрлерді сақтау, сынықтарды, жарықшақтарды, шұңқырларды, эрозияларды жою);
көпір құрылыстарының конустарын нығайтудың баламалы әдістері;
мал өткелдерін жөндеу;
жол құрылыстарының бетон және темірбетон конструкцияларын коррозиядан қорғау;
жасанды жол тосқауылдарын орнату, жөндеу және ауыстыру;
12) көпір құрылыстары мен туннельдер бойынша:
көпір құрылыстары бойынша:
көпір төсемесіндегі және жаяужолдардағы жүру бөлігін кірден және бөгде заттардан, ал қыс мезгілінде қар мен мұздан тазарту.
Алдын алу жұмыстарды жүргізу:
жүру бөлігі жамылғысының шұңқырларын жөндеу;
жүру бөлігіндегі толқындар мен ағындарды жою;
гидроизоляцияны жергілікті жөндеу;
көпір жамылғысындағы битумды тұтқырғышпен жарықшақтарды бітеу;
жол жамылғысының тозу қабатын қалпына келтіру;
жаяужол блоктары арасындағы саңылауларды тазарту;
жаяужолдардағы жамылғыны қалпына келтіру;
қоршауларды бояу;
жүру бөлігінің жол қоршауын бояу;
мастикамен толтыру арқылы жаяужол бойымен кемерлерді кесу;
деформациялық жіктердкгі мастиканы ауыстыру (ескісін алып тастау);
қуыстар мен сынықтарды бітеу, жаяужол блоктарының қорғаныш қабатын қалпына келтіру;
парапет бетін қалпына келтіру;
металл тосқауыл қоршауын түзету және ішінара ауыстыру;
жарықтандыру жүйесіндегі алдын алу жұмыстары;
тіректерді жөндеу немесе ішінара ауыстыру;
темірбетонды аралық құрылыстар:
қуыстарды, жарықшақтар мен сынуларды бітеу;
жарықшақтарды инъекциялау;
аралық құрылыстарды (қасбеті бойынша) бояу немесе темірбетонды аралық құрылыстардың бетін гидрофобтандыру.
Болат темірбетонды аралық құрылыстар:
болат аралық құрылымдарды жергілікті бояуы (деформациялық жіктер мен төменгі белдеу аймағында);
металл құрылымын тазалау және екі қабаттап бояу;
жеке ақаулы тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру.
Тіректер:
тірек төкпе құрылғыларын қалпына келтіру;
қуыстар мен сынықтарды полимерцемент ерітіндісімен тығыздау;
жарықшақтарды сынаға кесу арқылы тығыздау;
жарықшақтарды инъекциялау;
қаптау жіктерін тазалау;
жол өтпелері тіректерінің беттерін бояу;
тіректердің жылжымалы бөліктерінің футлярларын қалпына келтіру;
тіректердің таяныштарын гидрофобтау;
реттеу құрылыстары, баспалдақ кіреберісткері:
конустарды нығайту тіреулерін қалпына келтіру;
қалыңдығы он сантиметр шағыл тас қабатында конустардың беткейлерін бетонмен нығайтуды қалпына келтіру;
топырақты нығыздаумен, тығыздаумен себу (жергілікті);
баспалдақ сатыларын қалпына келтіру;
баспалдақ жиектерінің қоршауын қалпына келтіру.
Кіреберістер:
жамылғының шұңққырларын жөндеу;
жүру бөлігіндегі толқындар мен ағуларды жою;
жүру бөлігінің жамылғыларындағы жарықшақтарды битум тұтқырғышымен бітеу;
жол жамылғысының тозу қабатын қалпына келтіру;
жол жиектеріндегі ұсақ ақауларды жылына шағыл тас себу арқылы жою;
жер төсемесінің беткейлеріндегі зақымдалған жерлерді топырақты тығыздағышпен нығайта отырып себу;
металл тосқауыл қоршауын түзету және ішінара ауыстыру;
тосқауыл қоршауын бояу;
шөптерді себу арқылы беткейлерді нығайту.
Көпір төсемесі элементтерін күтіп-ұстау:
жамылғының және су бұрудың жай-күйіне, қоршау құрылғыларының, жаяужолдар мен қоршаулардың сенімділігіне (беріктігіне), деформациялық жіктердің және гидрооқшаулаудың жай-күйіне, сондай-ақ жүру бөлігі құрылымы элементтерінің тазалығын қадағалауды жүзеге асыру;
жүру бөлігінің жамылғысындағы бұзушылықтарды, толқындарды, шұңқырларды, жарықшақтар мен артық қалыңдықты жою, мұндай ақаулар тез арада, қысқа мерзімде жойылады;
шұңқырлы жөндеумен жамылғының аздаған зақымдануын жою, ал елеулі зақым болған жағдайда (бүкіл ұзындықта немесе оның бір бөлігінде) ол жолдың қажетті еңістерін сақтай отырып, жаңа жамылғыны ұйымдастыра отырып ауыстырылады. Жаңа жамылғының қалыңдығы көпір жобасында көзделгеннен аспауы керек, артық қалыңдығы аралық құрылыстардың өз салмағын арттырып, осылайша олардың жүк көтергіштігін төмендетеді. Сондықтан, аралық құрылымдардың едәуір иілген құрылымдарда негізгі тірек құрылымдарын жөндегеннен кейін ғана жамылғыны тегістеу керек. Әр түрлі жағдайлардан туындаған құрылымға тұрақты жүктеменің артуына жол бермеу қажет;
жолдың жүру бөлігін күтіп-ұстау кезеңінде су бұрғыштың жай-күйін қадағалауды жүзеге асыру қажет, себебі оның бұзылуы жамылғыдағы судың тоқырауына алып келеді. Су бұрғыштың бұзылуы тек жамылғының зақымдануынан ғана емес, сонымен қатар тиісті беткейлердің, су бұрғыш құрылыстардың (түтіктердің) қажетті санының болмауынан, сондай-ақ олардың бітелуінен немесе дұрыс орналаспауынан туындауы мүмкін;
бөгде заттардан, ластан, қоқыстан, судан, қардан және мұздан тазарта отырып, еңістерді қалпынав келтіру, жамылғыны жөндеу, жүру бөлігін, су бұрғышты, су бұру құбырларын және деформациялық жіктерді жөндеу бойынша жедел шараларды қолдана отырып, жүру бөлігінде шалшықтың пайда болуын жою. Қоқыс көпірден тыс жерге жиналады. Қоқыс су бұрғыш құбырларға, деформациялық жіктерге және тіректердің конустарына қарай сыпырылмайды. Жүру бөлігін тазалау тиісті жинау машиналарын пайдалана отырып, механикаландырылған тәсілмен, содан кейін қауіпсіздік қоршаулары бойымен ені 1 метр аймақтарды қолмен алдын ала тазалау жүргізіледі. Қол жетпейтін жерлерде мобильдік компрессорлық қондырғыларды қолдану;
су бұру құбырлары мен науалардың жарамдылығын қамтамасыз ету және жүру бөлігінен көпірден тыс суды бұру;
көктайғаққа қарсы жұмыстар жүргізу, жамылғының бетін құммен, отын қожымен, ұсақталған таспен себу;
көпір құрылыстарында қарды қоршаулар арқылы көпір маңы аймағына тастау жолымен тазалауға жол беріледі. Жол өтпелерінде қарды тазалау оны көлік құралдарына тиеу жолымен, кейіннен түсіру орнына тасымалдау жолымен жүргізіледі. Жүру бөлігі қардан тазаланғаннан кейін жаяужолдар мен тіректер тазаланады;
су бұру және гидрооқшаулау ақауларын, оның ішінде ұзақ және нөсерлі жаңбыр кезінде анықтау, сондай-ақ оларды жою аралықтың жүру бөлігін немесе бүкіл көпірді жөндеу кезінде жүзеге асырылады, алайда жекелеген жағдайларда гидрооқшаулауды жергілікті жөндеу ЖАЖ шеңберінде орындалады;
деформациялық жіктерді сыртқы тексеру. Жіктердің дұрыс жұмыс істемеуі аралық құрылыстардың температуралық әсерге және уақытша жүктемеден жіктерге іргелес жол тақтасының шеттерінің бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде су мен кір тіректер мен тірек бөліктеріне енеді. Деформациялық жіктердің астында аралық құрылымдардың еркін қозғалу мүмкіндігіне ие. Аралық құрылыстардың қозғалысына кедергі келтіретін барлық заттар алынып тасталады;
деформациялық жіктердің ластануын, жіктің өзі мен оның жанындағы жамылғының бұзылуын жою;
бекіту бөлшектері мен жік элементтерінің болуын және олардың күйін тексеру. Жабық типтегі жіктерде температура төмендеген кезде жарықшақтар пайда болуы қауіпі бар, себебі аралық құрылымдар қысқарып, жіктің ені артады;
көпір төсемесінің металл элементтерін - қауіпсіздік қоршауларын, тоттан қорғау үшін қоршауларды тазалау, тегістеу және бояу. Бояу материалдарын қолданар алдында беті мұқият дайындалады - кірден, ескі бояудан, тот өнімдерінің борпылдақ қабаттарынан тазартылады, майсыздандырылады, шаңсыздандырылады, содан кейін ғана тегістеледі;
көпірге кіру және одан шығу кезінде көліктің қалыпты қозғалысын бұзатын және қозғалыстағы автомобильдердің соққыларынан көпірдің жүру бөлігінің соңғы телімдерінің бұзылуына ықпал ететін жамылғының шөгуін және ойықтардың пайда болуын анықтау үшін көпірдің үйіндімен түйіскен жерлерінде сыртқы тексеру жүргізу;
су бұруды күтіп-ұстау, шайылған жерлерде топырақты толтыру және тығыздау, жамылғыдағы бұзылуларды жою.
Аралық құрылыстарды күтіп-ұстау:
аралық құрылыстардың темірбетон, бетон және тас құрылымдарын күтіп-ұстау:
материалдың (бетонның, арматураның, тас қалаудың) беріктігі мен төзімділігіне әсер ететін ақауларды (жарықшақтар, қуыстар, сынықтар, арматураның ашылуы) анықтау және көрінетін ақауларды уақтылы жою мақсатында элементтердің тазалығын сақтау және құрылымдарды жүйелі түрде тексеру;
аралық құрылымдардың ақауларын анықтау үшін сыртқы тексеру жүргізу. Жасырын ақауларды (таяз қуыстар, әлсіз бетон аймақтары, қорғаныс қабатының қабыршақтануы) бетон бетін балғамен соғу арқылы анықтауға болады. Жоғары сапалы бетонмен соққыдан шыққан дыбыс қатты болады, ал ақаулы бетонмен саңырау болады. Ұсақ жарықшақтарды тоттың ағуы және кірпіштегі әктің шайылуы арқылы анықтауға болады;
темірбетондағы бетон мен арматураның жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, тұрақты тексерулер жүргізу;
бетонның беріктігін, карбонизация дәрежесін, хлоридтің таралуын анықтау, арматурадағы тот мөлшерін анықтау үшін потенциал өрістерін өлшеу. Жасырын (ішкі) ақауларды, микрожарықшақтарды анықтау үшін, сондай-ақ бетонның тығыздығын анықтау үшін дефектоскопия қолданылады;
бетонның одан әрі бұзылуын болдырмау және құрылымдардың жүк көтергіштігінің төмендеуіне немесе жоғалуына жол бермеу үшін полимерлі немесе кальмат композицияларын қолдана отырып жөндеу жұмыстарын жүргізу. Атап айтқанда, олар келесі жағдайларда қолданылады:
кеуектілігі жоғары және беріктігі төмен әлсіз бетоны бар телімдерді жөндеу кезінде;
темірбетон құрылымдарында бетонның қорғаныш қабатын қалпына келтіру кезінде,
ол пассивтену қасиеттерін жоғалтқан кезде;
әр түрлі жарықшақтарды, сынықтарды қуыстарды тығыздау кезінде;
шағын қуыстар мен сынықтарды полимерлі қоспалармен бітеу. Полимерлі материалдарды пайдалану төмен механикалық беріктігі, жөнделетін бетке адгезиясының жеткіліксіз болуы, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі мерзімдердің шектеулі болуы салдарынан цемент композициялары қолданылмаған жағдайларда тиімді;
жарықшақтарды олардың пайда болу себептері мен көпірдің жүк көтергіштігі мен беріктігіне әсер ету дәрежесін бағалау негізінде бітеуді жүргізу. Жарықшақтарды бітеу келесі әдістермен жүзеге асырылады:
қорғаныс жамылғыларын жағу (бояу, гидрофобтау, қабықша түзетін материалдарды немесе цемент негізіндегі сұйық құрамдарды жағу);
қамыр тәрізді құрамдармен сылау немесе сүрту;
тұтқырлығы төмен жөндеу құрамын өздігінен ағызып беру;
жөндеу құрамын қысыммен беру (инъекциялау).
Туннельдер:
инженерлік жарықтандыру, желдету, өрт қауіпсіздігі, түтінге қарсы қорғаныс, су бұру, байланыс, құлақтандыру, дабыл беру, бейнебақылау, электрмен жабдықтау жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
орталықтандырылған жол органымен бес жылда бір рет жиілікпен туннельдерге диагностика жүргізу;
тапсырыс берушінің жөндеуден, ЖАЖ кейін қабылдау диагностикасын жүргізуін ұйымдастыру. Тексерулер жоспарланбаған тәртіппен жүргізіледі, қажет болған жағдайда мерзімді тексерулердің немесе диагностиканың нәтижелерімен айқындалады, техногендік және табиғи әсерлерден кейін жөндеуді жоспарлау кезінде жөндеу алдындағы тексеруді жүзеге асырады;
Жөндеуді жоспарлау кезінде жөндеу алдындағы тексеру жүргізіледі:
туннель құрылымдарында ақаулар (зақымданулар, ақаулар) туындауы бойынша алдын алу және ЖАЖ жатқызылған жұмыстарды орындау;
құрылымдарда ақаулардың пайда болуын болдырмау үшін зақымдануларды жою бойынша алдын алу жұмыстарды жүргізу;
туннель құрылымдарының қозғалыс қауіпсіздігіне, жүк көтергіштігі мен беріктігіне (қызмет ету мерзіміне) әсер ететін ақауларды жою қажет болған кезде ЖАЖ жүзеге асыру.
Ағымдағы (тұрақты) және мерзімді тексерулер, туннель құрылымдарына күтім жасау бойынша жұмыстарды жүргізу жыл бойы жүйелі түрде орындалады, ақауларды уақтылы анықтауға, құрылысты таза ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік жұмыстар тобын құрайды және басым болып табылады, олардың жұмыс түрлері төменде келтірілген:
жамылғының, су бұру науаларының жай-күйі нормаларының талаптарынан ауытқуларды анықтай отырып, тәсілдерді тексеру;
туннель қабырғалары мен қоймаларын тексеру;
қабырғалар мен күмбездерді штольняларды және қауіпсіздік камераларын;
ақауларды, зақымдануларды, қалыпты жағдайдан ауытқуларды анықтай отырып, жол төсемін тексеру;
нормалар талаптарынан, жамылғының жай-күйінен, су бұру науаларынан ауытқуларды анықтай отырып, тексеру;
туннель қоймасы мен қабырғаларын тексеру;
ақауларды, ақауларды, қалыпты жағдайдан ауытқуларды анықтай отырып, жол төсемесін тексеру;
туннельдегі кабельдік бұйымдарды бекіту элементтерінің жай-күйін көзбен шолып бақылау: кронштейндердің салбырауы, бетонның зақымдануы, ылғалдану және ластану орындары, тоттың пайда болу ошақтары;
геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстар (туннельді өңдеу, қазба нысанының өзгеруін анықтау);
жолдың жүру бөлігі мен кіреберістерін шаң мен кірден қолмен тазалау;
ылғалдандырумен механикаландырылған тәсілмен жүру бөлігінің жамылғысы мен кіреберістерін шаң мен кірден тазалау;
жүру бөлігінен әр түрлі заттар мен қоқыстарды қолмен жинау;
портал маңындағы аймақтарды кірден қолмен тазалау;
порталдардың туннельдің және тіреу қабырғаларының қаптамасын машиналарды пайдалана отырып жылына;
машинаны қолдана отырып, портал қабырғаларын кірден тазарту;
су қабылдау құдықтарын айына қолмен тазалау;
су өткізгіш құбырлардың қуысын топырақ пен қоқысты қолмен тазарту;
тосқауыл қоршауын шаң мен кірден тазалау;
бұталар мен өсімдіктерді кесу және қадалар аймағында үйінділерге топтау;
портал аймағында шөп шабу;
бұтақтар мен кесілген ағашты портал аймағынан қолмен тиеу арқылы трактормен шығару;
жол белгілері мен көрсеткіштерді шаң мен кірден сумен тазалау;
жол белгілері мен көрсеткіштерді қардан тазалау;
кіреберістер мен портал маңындағы аймақтарды қардан қолмен (мезгілімен) тазалау;
кіреберістер мен портал маңындағы аймақтарды машиналарды пайдалана отырып, қардан тазарту (мезгілімен);
жылына бір рет жол белгілерінің құбырлы тіректерін бояу;
бетон құрылымдарының (портал маңы аймағының) беткі зақымдануын жою;
туннельдің қабырғалары мен қоймаларын машиналарды пайдалана отырып жуу;
туннельдің жаяужолдарын машиналарды пайдалана отырып жуу;
машиналарды пайдалана отырып, туннельдегі шекараны жуу;
машиналарды пайдалана отырып, штольнадағы қызметтік өткелді жуу;
туннель қоймасының бетін шаң мен кірден қолмен тазалау;
туннель қабырғаларының бетін шаң мен кірден қолмен тазалау;
туннельдегі жаяужолдарды шаң мен кірден айына бір рет қолмен тазалау;
туннельдегі жиектерді шаң мен кірден айына бір рет қолмен тазалау;
штольня қабырғалары мен қауіпсіздік камерасының бетін шаң мен кірден рет қолмен тазалау;
штольня қоймасы мен қауіпсіздік камерасының бетін шаң мен кірден қолмен тазалау;
шаң мен кірден штольндағы қызмет өткелінің жамылғысын қолмен тазалау;
туннельдегі металл қоршаулардың кабельдердің бетін шаң мен кірден қолмен тазалау;
туннельдегі жарық қайтаратын жол белгілерін шаң мен кірден сумен тазалау;
жиектерді, қоршауларды бояу;
туннельдегі жаяужол астындағы жабық алынбалы су бұру науаларын қолмен балшықтан тазарту;
туннельдегі су бұру құбырларының қуысын топырақтан және қоқыстан қолмен тазалау;
туннельдегі дренаждық ұңғымалардың қуысын топырақтан және қоқыстан қолмен тазалау;
туннельдегі су қабылдау құдықтарын қолмен тазалау;
туннельдегі қабылдау су тығындарын қолмен тазалау;
штольнадағы құдық құбырларының қуысын топырақ пен қоқыстан қолмен тазалау;
штольнадағы су қабылдау құдықтарын қолмен тазалау;
портал маңындағы аймақтардың ашық су бұру науаларын балшықтан қолмен тазалау;
таулы арықтар мен науаларды қоқыстардан, өсімдіктерден тазарту;
таулы арықтар мен науаларды нығайту пішінін қалпына келтіру;
инженерлік жүйелерге (желдету, жарықтандыру, энергиямен жабдықтау, өрт қауіпсіздігі, түтінге қарсы қорғаныс, дабыл беру, бейнебақылау, байланыс, хабарлау, сондай-ақ аспаптарға, датчиктерге, жабдыққа, кабельдік желілерге) олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып техникалық қызмет көрсетутұрақты жүзеге асырылады;
туннельдерді күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жоспарлау жыл сайын алдағы жылға және келесі 4 жылға жүргізіледі. Мерзімді түрде жұмысты жоспарлау ұзақ мерзімді кезеңге жүзеге асырылады;
туннельдер мен кіреберістерде жүру бөлігі мен тжаяужолдар кірден, бөгде заттардан, ал қыста қар мен мұздан тазартылады;
қоршауларды, қауіпсіздік қоршауларын және шекараларды таза және жарамды күйде ұстау, мезгілімен бояу. Барлық көрінетін металл беттер бояуға жатады. Мырышталған құрылымдар боялмайды. Жиектер тік жол таңбаланады немесе жарық қайтаратын катафоттар орнатылады;
қаптамадағы жарықшақтарды тазарту және битум мастикасын құю;
5 миллиметрден асатын жамылғылардың біркелкі тегіссіздігін (үш метрлік төрткілдеш астындағы саңылау), сынықтар мен шұңқырларды жою;
су бұру құбырларын, дренаждық құрылғыларды, науаларды, су қабылдау құдықтарын жазда шөгінділерден, кірден және жуудан, ал қыста қар мен мұздан тазарту;
туннельмен түйіскен жанасуларда жол жиектерінің шөгуі мен шайылуын жою.
Инженерлік-техникалық жүйелер элементтеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың кезеңділігі:
жай-күйін бақылау (ағымдағы тексеру):
кабельдік сигналдық байланыс желілері;
құрылғылар, аспаптар мен құрылғылар;
датчиктерді, аспаптар мен құрылғыларды бекіту және қорғау;
қосқыштар мен сыртқы сымдарды қосу;
басқару панельдері (түймелер, тартқыштар), дабыл және индикация, экрандар;
құрылғылардың, аспаптар мен жабдықтардың жұмыс істеуі.
Күтім:
құрылғылардың, аспаптар мен жабдықтардың, корпустардың, қаптамалардың, жалғау базаларының құрамдас бөліктерінің қосылуын;
сыртқы панельдер мен беттерден шаңды, кірді және ылғалды кетіру, экрандарды, басқару тақталарын, дабылдарды және көрсеткіштерді тазалау;
өлшеу, қажет болған жағдайда жүйенің кіріс және шығыс параметрлерін реттеу;
ұсақ күрделі емес ақауларды жою, істен шыққан басқару органдарының тұтқалары мен индикаторларды ауыстыру, Қарапайым күрделі емес механикалық бөлшектерді ауыстыру;
дабыл, хабарландыру, пайдалану басқармасы шлейфтерінің жұмысының жарамдылығын.
Алдын алу:
сыртқы корпустарды, қақпақтар мен қаптамаларды алу;
корпустар мен тақталардың ішкі монтаждауын, ішкі монтаждау қосқыштарының жай-күйін, баспа тақталарын монтаждауды, электрондық элементтердің, бөлшектер мен тораптардың жай-күйі мен жарамдылығын тексеру;
ішкі беттерден шаңды, ластануды және тот өнімдерін шығару;
ажыратылатын қосылыстардың контактілерін тазалау;
қосқыштар мен сымдардың контактілерін қалпына келтіру;
істен шыққан бөлшектер мен элементтерді;
электр элементтерінің разрядтарын қалпына келтіру;
монтаждау қорғаныш жабындарын және ішкі жабындарды қалпына келтіру;
аспаптар мен аппараттардың корпустары мен қаптамаларының сыртқы қорғаныш жабындарын қалпына келтіру;
корпустарды, тақталарды және бөлшектерді бекіту элементтерін қалпына келтіру.
Өрт сөндіру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету:
жай-күйін бақылау (ағымдағы тексеру):
технологиялық бөлік-құбырлар, суландырғыштар, кері клапандар, мөлшерлеу құрылғылары, бекіту арматурасы, манометрлер, сорғылар, өрт сөндіретін заты және сығылған ауасы бар баллондар;
электротехникалық бөлік - электр басқару шкафтары, электр қозғалтқыштары, компрессорлар;
дабыл - қабылдау-бақылау аспаптары, дабыл шлейфтері, детекторлар, хабарлағыштар;
зақымданудытотты, кірді, ағуды анықтау, бекітпелердің беріктігін, пломбалардың болуын анықтау бөлігінде.
Күтім:
тазалау, зақымдануды, ағуды, тотты жою, бекітпелерді, пломбаларды қалпына келтіру;
ынталандыру желісі мен іске қосу баллондарындағы қысымды, су деңгейін, бекіту арматурасының жұмыс жағдайын бақылау;
негізгі және резервтік қуат көздерін бақылау және жұмыс кірісінен резервтік және кері автоматты түрде ауыстыруды тексеру;
көбік түзетін ерітіндінің сапасын көбіктің еселігі мен тұрақтылығына тексеру;
көбік түзетін ерітіндіні араластыру.
Алдын алу:
жүйенің құрамдас бөліктерінің (технологиялық, электротехникалық және дабыл) жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
газды өрт сөндірудің отты сөндіретін заттарының саны мен сапасын бақылау;
жүйенің жергілікті, қашықтықтан және автоматты режимде жұмыс істеуін тексеру;
құбырларды жуу және жүйеде және резервуарларда суды ауыстыру;
бақылау-өлшеу аспаптарын метрологиялық тексеру;
жұмыс және қорғаныс жерге қосу кедергісін өлшеу;
электр тізбектерінің оқшаулау кедергісін өлшеу;
құбырлардың герметикалығы мен беріктігіне гидравликалық және пневматикалық сынау;
қысыммен жұмыс істейтін жүйенің құрамдас бөліктерін техникалық куәландыру - техникалық қадағалау нормаларына сәйкес.
Түтіннен қорғау жүйесіне техникалық қызмет көрсету.
Жағдайды бақылау (ағымдағы тексеру) жүргізіледі:
технологиялық бөлік - атқарушы құрылғылар, желдеткіштер, электр жетектері, клапандар, ауа өткізгіштер;
электротехникалық бөлік - қашықтан басқару қалқандары, басқару қалқандарының электр панельдері, жергілікті және қашықтан басқару пульттері;
дабыл-қабылдау-бақылау аспаптары, дабыл шлейфтері, детекторлар, хабарлағыштар;
зақымдануды, тотты, кірді, бекітпелердің беріктігін, пломбалардың болуын тексеру бөлігінде.
Күтім:
тазалау, тотты, зақымдануды жою, бекітпелерді, пломбаларды қалпына келтіру;
ажыратқыштар мен ажыратқыштардың жұмыс жағдайын, жарық индикациясын бақылау;
негізгі және резервтік қуат көздерін бақылау және жұмыс кірісінен резервтік және кері автоматты түрде ауысу;
жүйенің негізгі бөліктерінің (технологиялық, электротехникалық, сигнал беру) жұмыс қабілеттілігін тексеру.
Алдын алу:
жүйенің жергілікті, қашықтықтан және автоматты режимде жұмыс істеуін тексеру;
бақылау-өлшеу аспаптарын метрологиялық тексеру;
қорғаныс және жерге қосу кедергісін өлшеу;
электр тізбектерінің оқшаулау кедергісін өлшеу;
өрт қауіпсіздігі нормасы нысанның түтінге қарсы қорғанысын сынау.
Байланыс және дауыс зорайтқыш хабарлау жүйелерін техникалық пайдалану.
Жай-күйін бақылау (ағымдағы тексеру):
жүйелердің құрамдас бөліктерін (автоматты телефон станциялар, кроссовалар, шығарылатын басқару панельдері, күшейткіш тіректер, телефон аппараттары, дауыс зорайтқыштар, байланыс желілерінің шлейфтері) сыртқы тексеру, механикалық зақымдарды, тотты, кірді тазалау, бекітпелердің беріктігін анықтау;
ажыратқыштар мен ажыратқыштардың жұмыс жағдайын, жарық индикациясының жарамдылығын бақылау.
Күтім:
тазалау, зақымдануды, тотты жою, бекітпелерді қалпына келтіру;
негізгі және резервтік қуат көздерін бақылау және жұмыс кірісінен резервтік қуатқа автоматты түрде ауысуды тексеру;
жүйенің құрамдас бөліктерінің (күшейткіштердің, дауыс зорайтқыштардың (динамиктердің), телефон аппараттарының) жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
Алдын алу:
жүйенің жұмысын тексеру;
бақылау-өлшеу аспаптарын метрологиялық тексеру;
қорғаныс және жерге қосу кедергісін өлшеу;
электр тізбектерінің оқшаулау кедергісін өлшеу.
Жарықтандыру:
ағымдағы тексерулер (жай-күйін бақылау) жүргізу, күтім және алдын алу бойынша жұмыстарды орындау жолымен туннельді жарықтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету;
туннельдің жарықтандыру режимдерін және жарықтандыру қондырғылары қалыптастыратын жарықтандыру мәндерін қамтамасыз ету;
туннельдерді жалпы жарықтандыру режимін автоматты түрде (туннельдің сыртындағы табиғи жарықтандыруға байланысты), сондай-ақ кезекшінің үй-жайынан қашықтықтан басқару;
жарықтандыру қондырғыларының жарамдылығын, жарықтандырудың әртүрлі режимдеріндегі жарықтандыруды тексеру, ағымдағы тексеру кезінде шамдардың істен шығу себептерін, шамдардың және электр сымдарының зақымдануын анықтау;
күтім тәртібімен зақымдануды жою, шамдарды немесе шамдақтарды ауыстыру;
ақаулы шамдардың болуына жол берілетін шама шамдардың жалпы санының 3 (үш) пайызын құрайды, олардың ақаулығы жойылуға жатады;
шамдарды шаңнан тазарту, арматураны сүрту, патрондарды бекітудегі және контактілерді қамтамасыз етудегі ақауларды жою, рефлекторларды немесе жекелеген шамдарды ауыстыру;
алдын алу үдерісінде, қажет болған жағдайда, шамдардың, кронштейндердің және басқа жабдықтарды күшейту, көтергіш кабельдер мен созылуларды, дроссельдерді ауыстыру, желідегі кернеуді бақылау.
Электрмен жабдықтау және электр жабдықтары:
электрмен жабдықтау мен электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді ағымдағы тексеру, күту және алдын алу жолымен жүргізу;
тарату құрылғыларын (шкафтарды), күштік және жарықтандыру кабельдерін, жерге қосу орындарын, кабельдерді бекітуді, бөлгіш қалқаларды, кабельдерді қорғауды, электр жабдығының түйіспелі қосылыстарын бекітуді, сымдардың оқшаулауын күнделікті тексеру және тазалау. Шаң мен кірден тазарту сығылған ауамен жүзеге асырылады. Күйе мен май дақтары еріткішке (уайт-спирт, бензин) малынған сүрту материалымен жойылады;
байланыс қосылымдарындағы ақауларды жою, қажет болған жағдайда магниттік стартерлерді, пакеттік қосқыштарды, басқару түймелерін, оқшаулау сымдарының телімдерін ауыстыру;
алдын алу үдерісінде аппараттарды ішінара бөлшектеу, механикалық және түйіспелі бөлшектерді тазалау және жуу, жекелеген элементтерді ауыстыру бойынша жұмыстарды орындау. Қажет болған жағдайда аппаратты ауыстыру;
инженерлік жүйелердің энергетикалық және технологиялық жабдықтары (қалқан, баспалдақ марштары, дәліздер, кабельдік коллектор, кабельдік шахта, аппараттық, қойма, сорғы, апаттық шығу) орналасқан үй-жайларды тұрақты жинау;
бұл үй-жайларды тазалауды электр қондырғыларын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, арнайы дайындалған қызметкерлер орындайды.
Жұмыстарды жүргізу журналдарында және көпір және туннель кітаптарында жүргізілетін барлық жұмыстардың есебін жүргізу.
Күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстар кешенін орындайтын өндірістік бөлімшесі жалпы жағдайда мыналарды қамтиды:
басқару аппараты;
инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету тобы (электр жабдықтары, желдету, жарықтандыру, автоматика, дабыл, байланыс);
механикаландыру тобы (жүргізушілері бар техника базасы, жөндеу шеберханалары);
тоннельдің құрылыс құрылымдарын күтіп-ұстау бойынша көпір және туннель шеберлері (бригадалар мен буындар).
Бригадалардың саны және олардың құрамы туннельді күтіп-ұстау жобасында айқындалатын жұмыстардың түрі мен көлеміне қарай қабылданады. Олардың құрамына мыналар кіреді: жол жұмысшысы, бетоншы, сылақшы, оқшаулаушы, сырлаушы, слесарь, машинист (моторист), дәнекерлеуші, электрик, ағаш ұстасы, арнайы көлік жүргізушісі.
Жүру бөлігіндегі жұмыстар қарқынды қозғалыс кезеңі жүргізілмейді, түнгі уақытта – көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы төмен кезеңде орындалады.
Өндірістік бөлімше жанынан негізгі міндеттері болып табылатын диспетчерлік қызмет құрылады:
туннельдерде көлік құралдарының қауіпсіз үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін құрылымдар мен инженерлік жүйелердің жай-күйін тәулік бойы бақылау;
белгіленген қозғалыс режимдерін, жабдықтар мен инженерлік-техникалық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету;
көлік құралдарының ақаулы жай-күйі мен апат себебінен тоқтаулардан туындаған туннельдер ішіндегі кептелістерді жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайлардың туындауын болғызбау жөнінде шаралар қабылдау;
туннельдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
туннель құрылымдарын қорғауды және оларға рұқсат беру режимін қамтамасыз ету;
туннельдің құрылымдарын, үй-жайларын, жабдықтары мен инженерлік-техникалық жүйелерін күнделікті тексеру, ақаулар мен зақымдануларды анықтау;
туннельдер мен туннельдік үй-жайларда қызмет көрсетуші қызметкерлер мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
мердігер көпір құрылыстары мен туннельге атқарушылық құжаттаманы ұстайды және жүргізеді:
құрылыс, жөндеу, ЖАЖ, туннель кітабы, ақаулар тізімі, техникалық паспорт, мерзімді тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар, тексеру туралы есептер;
көпір және туннель кітабына жүргізілетін тексерулер, диагностика, тексеру, ақаулар мен зақымданулар, күтім, алдын алу және ЖАЖ бойынша өндірістік жұмыстарды орындау нәтижелері туралы жазбалар енгізіледі.
өндірістік жұмыстарды жүргізу күн сайын жұмыс жүргізу журналдарында тіркеледі, онда ағымдағы тексерулердің нәтижелері де жазылады (анықталған ақаулар, бар зақымданулар мен ақаулардың өршуі);
инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу техникалық қызмет көрсету жөніндегі жалпы журналда және әрбір жүйеге арналған тиісті журналдарда тіркеледі;
13) жол сервисі қызметі және жол сервисі нысандары бойынша:
жол қызметі нысандары мен жол сервисі нысандарыне және ақы алу пункттеріне жүйелі күтім жасау (шатырларды, су ағатын құбырларды, науаларды, түтіндіктерді, су өткізу және кәріз жүйелерін тазалау, ауыз және техникалық суды жеткзу, қоқыстарды шығару, септиктерді тазалау және басқа да жұмыстар);
аулаларды, үй-жайларды және жол қызметі нысандарына кіреберістерді таза және жинақы ұстау, өртке қарсы қорғау, күзет дабылдарын, күзет қызметтерін, оның ішінде әскерилендірілген, диспетчерлік қызметтер, аумақты жарықтандыру, сумен, газбен, жылумен, электрмен, радиобайланыспен қамтамасыз ету және оларды қалыпты жағдайда күтіп-ұстау;
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарына тексеру жүргізу;
жол қызметіне кіреберіс жолдарды күрделі, жақсартылған, өтпелі, топырақты және жабынсыз жамылғысы жақсартылған топырақты жолдар жаылғылары бар, жаңа материалдарды қоспай немесе қосу арқылы жөндеп пішіндеу;
сылақ пен тығындағышты түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырды, жабынды, терезелерді, есіктерді және басқаларды сырлау және әктеу, тұсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, әйнекті орнату және ауыстыру. Арақабырғалардың, қабырғалардңы, едендердің, төбелердің, шатырлардың, терезелердің, есіктердің, пештердің, құдықтардың, ұңғымалардың, су өткізгіш және кәріз желілерінің, байланыс желілерінің, жылумен жабдықтау, желдету, жарықтандыру жүйелерінің, электр жабдықтарының кейбір элементтерін аучтыра отырып жөндеу;
аялдау павильондарды орнату немесе жөндеу;
қоқыс жәшіктерін орнату (қоқыс сауыттарын орналастыру);
тоқтау павильондарын орнату (тоқтатқыш павильондарды салу);
модульдік жылыту пункттерін орнату және жөндеу;
унитаз орнату;
14) ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешеніне және ЗКЖ бойынша:
кепілді қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін төлқұжат деректерінің талаптарына сәйкес жол ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешені және ЗКЖ тозу және шығыс бөліктерін, бөлшектерін, элементтері мен тораптарын ауыстыру, орнату, жаңарту;
ақы алу пунктінің аппараттық-бағдарламалық кешенін және ЗКЖ жеке жұмыс станциялары, ұйымдастыру техникасы, ӨБО жабдықтары, байланыс құралдары, жол бойындағы жабдықтар, жабдықты басқару жинағы, жергілікті желі коммутаторлары, сервер, желілік және бейнежабдықтар, сондай-ақ сигналдық-шақыру бағандары, сигналдық-шақыру диспетчерінің консолі туралы деректер қамтылған паспорт талаптарына сәйкес жоспарлы жөндеу және ауыстыру;
деректерді беру ортасының өткізу қабілетін арттыру үшін байланыс арналарын кеңейту, резервтік көшірме немесе қосымша деректерді беру арналарын (талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі – ТОБЖ), радиорелелік, жерсеріктік) ұйымдастыру, желі сәулетін өзгерту, қосымша виртуалды арналарды құру, желілік жабдықты ауыстыру;
ақы алу пунктінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне және ЗКЖ техникалық қызмет көрсету;
жабдықты тазалау және ауыстыру (бұзылғанын) бойынша жоспарлы алдын-алу жөндеу жұмыстары, оның ішінде бөгде байланыс операторларының оқшаулау аймағында немесе серверлік бөлмеде сервер кеңістігін және/немесе сөрені жалға алу:
ақы алу жүйесіндегі төлемді және шығыс бөлшектерін бақылауға жауапты жабдықты қалпына келтіру және ауыстыру (купюра-тиын қабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктегіштер, бағдаршам нысандары, қозғалысты басқару жабдықтары, өндірістік жұмыс станциялары, құрылғылар, түйіспесіз төлеуге арналған санау антенналары және өзара байланысты компоненттер мен жабдықтар;
ЖҚҰТҚ және деректерді беру желілеріне қызмет көрсету, оның ішінде оларды пайдалану үшін байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда;
телекоммуникация желілерін, ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенін басқаруға арналған техникалық кешендер мен ЗКЖ олардың төлқұжат деректерінің талаптарына сәйкес уақтылы қалпына келтіру;
ақы алу пункттерiнiң аппараттық-бағдарламалық кешен жабдықтарын және ЗКЖ, оның iшiнде басқару аркаларында орнатылған фото/бейне жазба құралдарын, бағдарламалық жасақтама, ақпаратты қорғауды сертификаттау;
бақылау аркаларын және металл құрылымдарды және/немесе темірбетон бұйымдарын қалпына келтіру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және ақы алу пунктінің аппараттық-бағдарламалық кешенін және ЗКЖ электрмен жабдықтау;
ақы алу және ЗКЖ бойынша аппараттық-бағдарламалық кешеннің қолданбалы бағдарламасын сүйемелдеу;
ақы алу пунктінің және ЗКЖ аппараттық-бағдарламалық кешенінің лицензияланған бағдарламалық құралдарын орнату, жаңғырту, жаңарту;
ақы алу пунктінің серверлік бөлмелері мен байланысты жүйелерді кеңейту және қалпына келтіру;
таразы аспаптарын, арка орнату;
15) пайдаланудың қысқы кезеңіне және қолайсыз метеорологиялық жағдайларға дайындық бойынша:
жол сервисі нысандарын, жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің тұрақтарын және жылу пункттерін жылумен қамтамасыз ету;
"Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығының талаптарына сәйкес жол қызметі көлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 тіркелген);
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары үшiн жанар-жағармай материалдарын тұтыну нормативтерiн және көлiк құралдарын күтәп-ұстауға арналған шығындарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына сәйкес жол қызметі көлік құралдарын жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметімен жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыз жағдайларының болжамды туындауы және қысқы тайғақтықтың анықталуы туралы дереу хабардар ету және қозғалысты шектеу телімдерінде көлік құралдарын барынша азайту үшін дауылды ескертуді ұйымдастыру және өзара іс-қимыл жасау;
жол қызметі қызметкерлері мен жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің, оның ішінде демалыс және мереке күндері тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыру;
көктайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;
көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
қардан қорғау құралдарын дайындау;
қардан қорғайтын қоршауларды қайта құру және/немесе қалпына келтіру;
қарды ұстап тұру үшін автомобиль жолдарының бойында қар жалы мен траншеяларды жасау;
қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;
жол бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, кейіннен оларды жол бөлігінен қажетті уақыттан кейін алып тастау;
мұзбен күресу;
тайғақ жерлерге қысқа мерзімді жол белгілерін орнату;
жолдарды патрульдік тазалау, жолдарды қар үйінділерінен тазалау, жолдың қар жамылғысын пішіндеу, жол жиектеріндегі, беткейлер мен қар жамылғыларын шығару;
ЖҚҰТҚ қар үйінділерінен тазарту;
аялдамаларды, павильондарды, демалыс орындарын және жол сервисі нысандарын қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау, сондай-ақ оны белгілі бір орындарға шығару;
нөлдік орындарды, еңістерде, жартылай ойықтарда және ойықтарда, игеру және кеңейту, оның ішінде механикаландырылған әдістермен;
16) көше-жол желісі бойынша:
бірінші кезеңдегі операциялар:
бағыттық көлік құралдарының қанағаттанарлық жұмыс істеуі үшін көшелердің жүру бөлігінің пайдалану жағдайын қамтамасыз ету;
қарды, мұзды, қоқыстарды, кірді уақтылы тазалау және шығару, жол жамылғыларын мұздан тазартатын материалдармен себу;
көгалдар мен жасыл алаңдарды үсуден сақтау;
жол қозғалысын басқарудың техникалық құралдарының қызмет көрсету, күту және жұмысқа жарамдылығын бақылау:
техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру: жарықтандыру және радиобайланыс; ЗКЖ; технологиялық және сигналдық байланыстың басқа құралдары; кабельдік желі; бағдаршам нысандары; диспетчерлік және автоматтандырылған қозғалысты басқару, оның ішінде олардың жұмыс істеуі үшін байланыс арналарын жалға алуды қоса алғанда;
бұзылған, оның ішінде ЖКО кейін ЖҚҰТҚ элементтерін шығару және жою;
жолдың жүру бөлігін көк тайғаққа қарсы материалдармен үздіксіз өңдеу (шашу);
жүру бөлігінде және көшенің басқа да құрылымдық элементтерінде механикаландырылған қарды сыпыру және жол бойындағы қарды науаларда қар жалына тырмалау;
көшелер мен өтпелердің науалары бойында, жол жиегінен және жаяужолдан тазартылған қарды науаға, көшелердiң, өтпелердің, жаяужолдардың және басқа да құрылымдық элементтердiң жол жиектерiнен тазартылған қар массасын уақытнша сақтау және шығару үшін қар жалын қалыптастыру;
қарды жол жиектеріне, құламаларға және бөлінген алапқа жылжыту ейіннен шығару;
бір деңгейдегі көше қиылыстарында (түйісулерде) және жанасуларда, теміржол және трамвай өткелдерінде, аялдама алаңдарда, әкімшілік және қоғамдық ғимараттарға кіреберістерде, аулаларға кіре берістер мен аула іші жолдарында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, жаяужолдарда және т.б. қар жалын қопастыру (қар жалын жылжыту) үзілістер жасау;
жүру бөлігінен жиналған қарды кейіннен шығару үшін бөлінген алапта уақытша сақтау;
саябақтарда, орман саябақтарында, гүлзарларда, гүлбақтарда, бульварларда және басқа да жасыл аймақтардың жаяу жүргіншілер жолдарында жиналған құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды осы мақсаттар үшін алдын ала дайындалған алаңдарға жасыл екпелерді сақтау және еріген судың ағып кетуін қамтамасыз ете отырып, уақытша сақтау;
аялдама алаңдарынан, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінен, көпірлер мен өтпежолдардан, халық көп келетін орындардан (ірі әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, метрополитен станциялары, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар, базарлар) ауруханалар мен басқа да әлеуметтік маңызды нысандардың кіреберәс жолдарынан қарды басымдылықпен арнайы дайындалған алаңдарға щығару;
екінші кезеңдегі операциялар:
көше-жол желісінің құрылымдық элементтерінен қар жалын тазарту, қар массасын тиеу және құрғақ полигондарға, қар еріткіш зауыттарға тасымалдау;
қар массасын тиеу және құрғақ полигондарға және қондырғыларға шығарумен жол желісінің құрылымдық элементтерінен қар жамылғыларын шығару;
автосамосвалдарға тиеу немесе бос жерлерге тасу алдында жаяужол бүйірінен автогрейдермен қар жамылғыларын өңдеу;
қарды тазалағаннан кейін жолдың жүру бөлігіндегі жол науаларын тазалау;
жүру бөлігіндегі және жаяу жүргіншілер жолындағы мұзды ұсақтау және қар мен мұз түзілімдерін жою;
көше-жол желiсiнiң құрылымдық элементтерiн және ЖҚҰТҚ тазалау, қауiпсiз қозғалысты қамтамасыз ету үшiн қар түзiлiмдерi мен мұздан тазалау;
қарды түпкілікті (толық) шығару арнайы дайындалған алаңдарға тапсырыс беруші айқындаған кезектілікке сәйкес кезекті шығару аяқталғаннан кейін жүргізіледі;
жолдардан қарды бірінші кезекте іріктеп шығару (қоғамдық көлік аялдамаларынан; жаяу жүргіншілер өткелдерінен; көпірлерден, өтпежолдардан, жол өткелдерінен, тоннельдерден; халықтың жаппай баратын және жаяу жүргіншілер көп жүретін жерлерде, әлеуметтік маңызы бар нысандар маңында).
Қар массасын толық жою:
компоненттерді жеткізу, дайындау, сұйық және қатты реагенттерді дайындау, мұздан тазарту материалдарын сақтау және олармен жол төсемдерін одан әрі өңдеу;
жол бөлігін үйкеліс, химиялық және басқа да көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, кейіннен оларды жол бөлігінен қажетті уақыттан кейін алып тастау;
бүйірінен жол бөлігін сыпыру басталатын бөлу жолағы бар автомобиль жолдарында екі метрлік тұманға жақын аймақтардың бүйірлік тастарына дейін қардан және мұздан жүйелі түрде тазарту;
көшелердiң жол жиегi утелімдерінің бүйiрлiк тастарын жол қорлары жағынан қардан және мұздан ұдайы тазалау;
бөлу жолақтарын, тротуарларды, аялдама павильондары мен алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолдарын қар мен көктайғақ кезінде де, одан кейін де қар мен мұздан үнемі тазарту;
көлік қозғалысының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін бетон бөлу қабырғаларынан, металл қисық арқалықтардан, тосқауыл қоршауларынан, жол белгілері мен көрсеткіштерінен қар мен мұзды жүйелі түрде тазалау;
көпір құрылыстарындағы, жер үсті және жерасты жүргіншілер өткелдеріндегі баспалдақтарды қар мен мұздан тазарту;
жаяу жүргіншілер жолдарынан, бау-бақша дивандарынан, қоқыс жәшіктерінен және жол торабының басқа элементтерінен, сондай-ақ олардың алдындағы кеңістікті, бүйірлер мен оларға жақындауларды қардан және мұздан тазарту;
қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;
табиғи су көздеріндегі мұз шөгінділерімен күресу;
инженерлік желілердегі апаттар нәтижесінде пайда болған тротуарлар мен көшелердің жол бөліктеріндегі мұздың жиналуын жою, кейіннен бөлінген мұз бен қоқыстарды белгіленген аумақтарға шығару;
жол техникасының тұрақтарын, жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің және жылу пункттерін жылумен қамтамасыз ету;
тайғақ жерлерге қысқа мерзімді жол белгілерін орнату;
жол техникасы мен механизаторлардың (соқалы қылшықты қар тазалағыштар, қатты реагенттерді тарататын машиналар), соның ішінде демалыс және мереке күндерінде тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру;
жекелеген жағдайларда жетіспейтін ЖҚҰТҚ орнату;
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зақымдануды түзету, ЖҚҰТҚ толық ауыстыру;
жаяужолдар, аулалық жаяу жүргіншілер жолдары мен аумақтарды қар мен мұздан асфальтқа дейін қысқы тазалау, көліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарда сақтау, көктайғаққа қарсы материалдарды себу;
аулаішілік жолдарды қысқы тазалау (қысқы күтіп-ұстау), оның ішінде:
жаңа жауған қарды сыпыру;
қалыңдығы 2 сантиметрден асатын жаңа қарды жылжыту;
көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;
мұз бен мұз қатпарларынан тазарту;
қар мен мұзды қар үйінділеріне шығару;
қар жаумайтын күндері сыпыру;
контейнерлік алаңдарды жинау;
қоқыс жәшіктерін қоқыстардан тазарту және оларды дезинфекциялау.
Жол жамылғыларында қар мен қардың ұзақ уақыт болмауы кезеңінде, құрғақ ауа райында салалық аймақтарды, жолдардың осьтік және резервтік жолақтарын механикаландырылған сыпыру және тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.
Механикаландырылған сыпыру үдерісінде шаңсыздандыру, оның ішінде келесі жұмыстарды жүргізу міндетті:
ластануды сыпыруға дейін, тұрақты оң ауа температурасы мен жылыну кезінде алдын ала ылғалдандыру;
ауаның тұрақты теріс температурасы кезінде ауаны кейіннен тазарта отырып, сыпыру аймағынан пневматикалық шаң жинайтын машиналарды қолдана отырып сыпыру;
көше-жол желісінің жол жамылғыларының ластануы жоғары болған кезде жылдың қыс мезгілінде тұрақты оң ауа температурасында суару-жуу машиналарын қолдана отырып, жүру бөлігін жуу;
жолдардың жүру бөлігін шаңсыздандыру үшін ең аз таралу тығыздығы бар сұйық көктайғаққа қарсы материалдармен бір реттік өңдеуге жол беріледі.
Сұйық көктайғаққа қарсы материалдарды қолдана отырып, жолдардың жүру бөлігін шаңнан тазартудың кейінгі циклін орындауға тек жүру бөлігін сумен жуғаннан кейін ғана жол беріледі.
24. Автомобиль жолдарын көгалдандыру қар мен құмды шөгінділерден эрозиядан қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін жүзеге асырылады. Көгалдандыру өндірістік базалардағы, демалыс алаңдарындағы, гүлзарлардағы, гүлзарлардағы, көлік айрықтарындағы көгалдардағы орман екпелерін, жасыл желектерді күтуді, оларды құруды, қалпына келтіруді және сәндік безендіруді қамтиды.
Көгалдандыру жұмыстары агротехникалық іс-шаралардың талаптарын сақтай отырып, көгалдандыруда қолданылатын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жыл мезгілдері бойынша орындалады.
25. Орман екпелерін күтуге келесі жұмыстар жатады:
топырақты күту (трактормен жұлу, қатардағы топырақты қопсыту, арамшөптермен химиялық күресу);
орман жолақтарын жырту;
кесуді жүргізу;
жол бойындағы екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен химиялық және механикалық күресу;
көшелер мен магистральдар бойындағы және аула аумақтарындағы резервтерде, бөлу жолақтарында, көгалдарда жапырақтардың түсуі кезеңінде түскен жапырақтарды тазалау, тырмалау және шығару;
техникалық қызмет көрсету, суару және күтім жасау жұмыстары;
жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының (жол белгілері, бағдаршамдар және басқа да техникалық құралдар) көрінуін қамтамасыз еу үшін құрғақ орман екпелерін санитариялық және профилактикалық кесуді және түптеуді жүргізу, электр сымдарының қорғау аймағында аумақты, сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмірлік белгілерін жауып қалған бұтанақтар мен бұтақтарды тазалаумен құлаған ағаштарды кесу, кесілген ағаштар мен томарларды ұйымдастырылған қоқыс үйінділеріне шығару;
саябақтарда, гүлбақтарда, бульварларда, көшелерде және аула аумақтарында санитарлық талаптары жоғары жекелеген жерлерде ағаш діңдерін сөндірілген әкпен әктеу және сырлау;
өндірістік базаларда жаңа жасыл желектерді отырғызу, суару және күту.
26. Орман екпелерін қалыптастыруға, қалпына келтіруге және сәндік безендіруге келесі жұмыстар жатады:
тәлімбақтарға, ағаш отырғызуға және сәндік безендіруге, көшет өсіруге топырақтарды дайындау;
тұқымдарды дайындау, жаңа орман екпелерін отырғызу және өсіру, бар екпелерді суару және күту;
орман белдеулерін салу және сәндік безендіру, оның ішінде өндірістік базаларда;
орман белдеулерін және сәндік безендіруді толықтыру және отырғызу;
орман екпелерінің отырғызу қатарларында топырақты суаратын іргелес шеңберлерді, ұңғымааралық су бұрғыштарды (арықтарды) және дренажды арықтарды орнату;
тамырымен жұлынған өсімдіктердің орнына өсімдіктерді қосымша отырғызу (қалпына келтіру);
құдықтарды, ұңғымаларды, суару құбырларын және дренажды арықтарды орнату.
27. Гүлзарларды, гүлбақтарды, жол бойындағы гүл құмыраларын, көгалдарды және сәндік гүл екпелерін күтуге мынадай жұмыстар жатады:
1) топырақты гүлзарларды отырғызу, оның ішінде қалыптастыруға дайындау;
2) тұқымдарды дайындау және көшет өсіру;
3) отырғызу, суару, топырақты құнарландыру;
4) арамшөптерден тазарту, жинау және шығару;
5) біржылдық өсімдіктерді вегетациялық кезеңі аяқталғаннан кейін жинау және ұйымдастырылған қоқыс орнына шығару;
6) жол бойындағы гүл құмыраларына қара топырақты әкелу және салу, оны жаңасына ауыстыру;
7) жол бойындағы гүл құмыраларын жаңасына ауыстыру және жөндеу;
8) көгалдарға шөп егу, суару, топырақты тыңайту, көгалдарды шабу, шабылған шөптерді жинау және қоқыс орнына шығару.
Шағын сәулет нысандарға күтім жасауға және аумақтарды қоршауға жуғыш заттарды қолдана отырып, үнемі тазалау мен жуу, топырақты дайындау жатады.
28. Жол активтерін басқару келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
1) жол активтерін диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру;
2) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі;
3) жол активтерін диагностикалау, паспорттау, аспаптық тексеру және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін мониторингілеу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері негізінде автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған бюджеттік шығындарды жоспарлау;
4) жол жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
5) жөндеу және күтіп-ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі нормативтік-техникалық базаны әзірлеу.
29. Жол қозғалысы қауіпсіздігін басқаруға ұйымдастыру бойынша мынадай жұмыстар жатады:
1) жолдарды бағалау бағдарламасын жүргізу;
2) жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясын жүргізу;
3) жол қозғалысы, оның ішінде ЖҚҰТҚ орналасу сызбасын әзірлеу және келісу (бекіту);
4) ЖКО шоғырлану орындарын белгіленген тәртіппен басқару;
5) ЖКО толық талдау;
6) жол желісінің қауіпсіздігін басқару;
7) көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингіні (есепке алу) жүргізу.
30. Көлік жұмыстары тағайындалудан және басқа жұмыс түрлерімен байланыстырудан, тасымалдау қашықтығы екі топқа бөлінеді:
1) бірінші топқа құрылыс-монтаждау жұмыстарының немесе өндірістік кәсіпорынның технологиялық үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылатын көлік жұмыстары (технологиялық паспорт) жатады.
Көлік жұмыстары тиісті технологиялық үдерісті орындайтын қызметкерлер үшін технологиялық карталарды жасау кезінде әзірленетін технологиялық үдерістің жалпы сұлбасының талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады;
2) екінші топқа автомобиль жолдарын күтіп-ұстау үдерісінде пайдаланылатын қызметкерлерді, материалдарды жеткізу, қар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдерді межелі орындарға қайта орналастыру жөніндегі көлік жұмыстары жатады:
жол-құрылыс материалдарын сақтау орындарынан жол телімдеріне немесе өндірістік мақсаттағы орындарға тасымалдау;
қызметкерлерді көлік құралдарымен жеткізу;
мамандандырылған жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдерді қайта орналастыру;
ақаулы көлік құралын ең жақын демалыс алаңына, жол бойындағы сервис нысанына немесе елді мекенге дейін сүйреп апару;
пайдаланушылардың көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінен шыққан қар кептелісінен эвакуациялау;
жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің техникалық қызмет көрсетуден, тексеруден және жөндеуден өту.
31. Басқа жұмыстарға мыналар жатады:
1) жолдарды және жол құрылыстарын күзету, оның ішінде мамандандырылған және өрт күзеті, өлшеу жабдықтарын тәулік бойы күзету;
2) жолдардың жай-күйін және өтпелілігін айқындау мақсатында жолдарды патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (ЖҚҰТҚ түзету, жол жүріс бөлігінен және жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол жиектерінен бөгде заттарды жинау), жолдарда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
3) жол бойындағы карантиндік өсімдіктер мен зиянкестермен химиялық және механикалық күрес;
4) автомобиль жолының диагностикасы (техникалық жай-күйін бағалау);
5) автомобиль жолдарын паспорттау және аспаптық тексеру;
6) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардан жаңбыр, еріген және тасқын суларды айдау.
3-тарау. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу
32. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу нәтижелері негізінде қаржыландыру нормативтеріне сәйкес оларға бөлінген қаражат шегінде жоспарланады:
1) ақаулар тізімдемесі бойынша жолдарды тексеру;
2) жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін жүргізу;
3) тиісті жұмыстарды жоспарлау және жүргізу кезеңінде автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның нұсқамалары.
Жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде сметалық есептеулер негізінде жұмыстарды орындауға жол беріледі. Ықтимал өсудің алдын алу және оларды неғұрлым елеулі қирауға айналдыру мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде деформациялар мен бұзылуларды жою жөніндегі жұмыстарды толық орындамауға жол берілмейді.
Жол мен олардағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу жоспарлы (апаттық жағдайлар мен ақаулардың алдын алуға бағытталған) және шұғыл (жолды жедел қалпына келтіруге және жөндеуге бағытталған) болып бөлінеді.
Жоспарлы жөндеу құрылыс маусымында (жылдың көктемгі-жазғы-күзгі кезеңі) жүргізіледі, оның ұзақтығы пайдаланылатын жөндеу материалының түріне және ауданның климаттық сипаттамаларына байланысты.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті заманауи технологиялар мен жол-құрылыс материалдары болған кезде бекітілген технологиялар бойынша жұмыстардың жекелеген түрлері қыс мезгілінде де орындалады.
Шұғыл жөндеу жыл бойы, ақаулар пайда болған кезде, жол және өзге де қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайда орындалады.
Шұғыл жөндеуге табиғи және техногендік сипаттағы жойқын құбылыстардан кейін (салдарынан), оның ішінде ЖКО салдарынан бүлінген автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар элементтерін түзету жөніндегі жұмыс түрлері жатады.
Ағымдағы жөндеу жолдың барлық құрылымдық элементтері бойынша (жол негізінен басқа), оның ішінде оның жекелеген жөнделетін телімдерінде кешенді түрде жүргізіледі.
Ағымдағы жөндеуге кіретін жолдарды таңбалау жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалысты ұйымдастыру сұлбаларына сәйкес асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар орындалғаннан кейін жүргізіледі.
Көктемгі-жазғы-күзгі кезеңдегі автомобиль жолдарының жай-күйі жолдарға және олардың техникалық және көліктік-пайдалану сипаттамаларына қойылатын нормативтік талаптарды қамтамасыз етеді. Осы талаптарды сақтау үшін жолдарды пайдалану үдерісінде туындайтын ақауларды жою бойынша іс-шаралар үнемі жүргізіліп тұрады.
33. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыс түрлері орындалады:
1) жер төсемесі және су бұру бойынша;
ылғалды және қарлы жерлерде жер төсемесінің ұзындығы бойынша шағын телімдерді көтеру және кеңейту, ісінген телімдерді жою;
қолданыстағы су бұру арықтарын тазарту, қоқыстарды тиеу және қоқыс орындарына шығару, жаңа арықтарды қазу, үйінділер мен ойықтардың беткейлерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың жанындағы бұру арналарын түзету;
тұрақты шымтезек жамылғысын қалыптастыру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізе отырып, жер төсемесі мен резервтердің беткейлерін шөптермен егу, опырылуларды, көшкіндерді және сел шығарындыларын тазарту;
жол жиектерін себу, кесу, тегістеу және нығайту;
ісінген телімдерді жою;
жер төсемесінің, су бұрғыштардың, резервтердің, қорғау, нығайту және реттеу құрылыстарының жекелеген ұсақ зақымдануларын түзету;
геотор және геошарбақ элементтері бар еңісті қалпына келтіру және нығайту;
еріген және тасқын сулардың өтуін қамтамасыз ету үшін материалдар қосып бөлінген алапты тегістеу;
2) жол төсемелері бойынша, оның ішінде цементбетон жамылғылары бойынша:
сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цементбетон жамылғылары тақталарының сынықтары мен ойықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды ауыстыру, цементбетон жамылғыларын беткі бұзылулардан қорғау;
темірбетон жамылғыларындағы жіктерді жөндеу және толтыру;
жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтары мен ойықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды ауыстыру, жамылғыларды беттік бұзылудан қорғау;
тығындау арқылы цементбетон жамылғысының көлденең және шөкпе жарықшақтарын жөндеу;
деформациялық жіктердің геометриясын қалпына келтіру және оларды тығындау;
апатты-қауіпті жерлерде бетон бетін арнайы құрамдармен нығайту;
беттік өңдеуді қорғаныс қабаттарын және тозу қабаттарын салу;
ұсақ деформациялар мен зақымдарды (шұңқырларды, шөгінділерді бітеу), жиектерді, жалғыз ұсақ ісәнулерді жою, жамылғылардағы жарықшақтарды толтыру, жол жамылғыларының шұңқырларын жөндеу, сораптарды жою;
асфальтбетон және цементбетон жамылғыларын қабыршықтану және үгітілу телімдерінде эмульсиялық-минералды қоспалардан жасалған қорғаныш қабаттарын орнату;
цементбетон жамылғыларындағы шөгінділерді жою;
бетонды тірек қабырғаларын орнату;
көпір тақталарын жөндеу және ауыстыру;
сораптарды қара шағыл таспен немесе асфальтбетонмен толтыра отырып, автомобиль жол бойындағы дөңес және кедір-бұдырлы сораптарды кесу және жамылғының бүкіл еніне эмульсиялық-минералды қоспадан қорғаныш қабатын орнату;
жергілікті карталармен ұсақ түйіршікті беттік өңдеуден оқшаулағыш қабатты салу арқылы жарықшақтар мен жарықшақ торларының өршуін тоқтату және алдын алу;
асфальтбетон жамылғыларының тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және оларды жолдың ұзындығы бойынша жекелеген шағын телімдерде апаттық-қауіпті орындарға қайта төсеу;
ісінгіш және әлсіз топырақтары бар жол телімдеріне күтім жасау, оларды уақытша қоршау, ауа шұңқырларын салу және толтыру, жол жамылғылары мен жер төсемелерінің бетінен су бұруды қамтамасыз ету;
алдын ала фрезерлеумен немесе тозған жаңа қабатты жаңасын төсеу арқылы бөлшектеумен жаяужол жамылғыларының шұңқырларын жөндеу.
Асфальтбетон жамылғысының шұңқырларын жөндеуге "карталармен" жөндеу кіреді, оның ішінде:
қажетті тегістікті және кедір бұдырлықты қамтамасыз ете отырып, жол төсемесінің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру;
жол жамылғысының шұңқырларын жөндеу, жол жамылғысының тұрақсыз қабаттарын бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жамылғының бүкіл еніне ауыстыра отырып ресайклирлеумен ығысуға және тозуға төзімді асфальтбетоннан жаңа қабат төсей отырып, жүру бөлігіндегі сораптар мен тегіссіздіктерді жою.
Ағымдағы жөндеу құрамында жол төсемелерін және басқа да автомобиль жол нысандарын шұғыл жөндеу жөніндегі жұмыстардың тізбесі:
жол төсемесінің апаттық қирауларын уақытша қоршау;
қирауларды, сынықтарды, шөгінділерді және шұңқырларды жою;
суық битумминералды қоспаларды қолдана отырып, шұңқырларды (саңылауларды) апаттық бітеу;
қираған иесіз люктерді, су қабылдау құдықтарының торларын жаңасына апаттық ауыстыру;
шайылған су өткізгіш құбырларды және ашық типтегі жол бойындағы арық желісін апаттық жөндеу;
ЖКО кезінде зақымдалған кедергі қоршаулар мен жаяужол бағаналарды сырлаумен авариялық түзету немесе жаңа сегменттерге ауыстыру;
жылдамдықты бақылау мен қозғалысты реттеудің ЗКЖ элементтерін және ЖҚҰТҚ нысандарын апаттық (жоспардан тыс, оның ішінде ЖКО кейін) жөндеу;
зақымдалған сыртқы жарықтандыру тіректерін, шамдарды, жарықтандыру арматурасын, кронштейндерді, сымдар мен кергілерді, кабельді, автоматика мен телемеханиканы, басқару шкафтарын, сыртқы жарықтандыруды аппараттарын, панельдерін мен қаңқаларын, ауа желісінің бөлшектерін ауыстырумен апаттық ауыстыру, оның ішінде ЖКО кейін;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;
үйіндімен түйісетін шеткі жаяужол тақталарын ауыстыру;
болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
деформациялық жіктердің астындағы дренажды науаны қалпына келтіру;
су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырларды орнату);
жаяужолға гидрооқшаулағыштың түйісетін жерінде жамылғыда жіктерді орнату және оларды мастикамен құю;
түрлі модификациядағы тұтқаларды, пандустарды, тік және көлбеу қозғалыстағы түрлі модификациядағы көтергіштерді, лифттерді, баспалдақтарды және жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін сатыларды орнату, ауыстыру және жөндеу;
су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу;
құбырларды олардың буындары мен секциялары арасындағы тігістерді тығыздау және тығыздау арқылы гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяужол блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
жаяужол тақталарының ойықтарын жою;
оқшаулауды орнату немесе жаяужолды асфальтбетонмен жабу;
жаңадан анкерлеу арқылы қоршау тіректерін бекіту тораптарын ауыстыру;
көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (палубаларды, арқалық торларды, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды, жер төсемесімен түйісулерді түзету;
көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жяаужолдарды, тіректерді, жиектастарды жөндеу және ауыстыру;
жарықшақтарды беттік тығыздау, қуыстарды, сынықтарды тұмшаулау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;
тіректер мен реттеу құрылыстарындағы шұңқырларын жою;
тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;
қаптау жіктерін сөгу, ерітінділерді жарықшақтарға инъекциялау;
құрылымдардағы жарықшақтарды торкреттеу, қалауды, сылақты жөндеу, тойтармаларды ішінара ауыстыру;
арықтар арқылы өтетін көшпеліі және өтпелі көпірлерді ауыстыру және түзету;
қалқымалы көпірлердің, паром өткелдерінің және айлақ құрылғыларының шағын зақымдануын түзету (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды түзету);
өтпелі тақталардың ашқыштармен түйісу тораптарын тұмшалау;
қажет болған жағдайда бұзылған тақталар мен кеспе тастарды ауыстыра отырып, тақталар мен төсеніштерден жасалған көпір жамылғыларын жөндеу;
деформациялық жіктердің ағуын бұрандаларды тарту арқылы жою;
жылжымалы тақталарда деформациялық жіктерді дәнекерлеу (олар үзілген жағдайда), жетіспейтін серіппелерді орнату;
деформациялық жіктердің механизмдері мен құрылымдарын кішігірім жөндеу;
құбырларды олардың буындары мен секциялары арасындағы жіктерді тығыздау және тығындау арқылы гидрооқшаулауды жөндеу;
жеке тойтармаларды ауыстыру, металл аралық құрылыстар элементтерінің кішігірім деформацияларын түзету;
су өткізгіш құбырларды орнату және/немесе жөндеу немесе ауыстыру;
көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ұзындығы бір шақырымнан аспайтын айналма жолдарды салу қажет;
туннель құрылымдарының жекелеген ақауларын жою (қуыстарды, жарықшақтарды, сынықтарды, қабыршақтарды, сылақтарды бітеу);
туннельдің гидрооқшаулауын түзету (блоктар мен тюбингтер түйіспелерін таптау);
жеке туннель тюбингтерінде бұрандаларды тарту;
ғимараттарды, өндірістік базаларды, жол зертханаларын, пайдалану қызметінің аулалық құрылыстары мен қосалқы құрылыстарын, сондай-ақ ақы алу пункттерін газдандыру;
паспорт деректерінің талаптарына сәйкес мерзімдерде телекоммуникация желілерін, жол ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін басқарудың және ЗКЖ техникалық кешендерін қалпына келтіру;
жол қызметтерінің инженерлік желілері мен қазандық жабдықтарын және ақы алу пунктін жөндеу, ауыстыру, жаңғырту;
әкімшілік ғимараттарды, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, оның ішінде жол қызметтерінің қазандығын және ақы алу пунктін жөндеу;
жылдам салынатын ангарларды орнату және қалпына келтіру;
ұңғымаларды бұрғылау, инженерлік коммуникациялар, жарықтандыру және электрмен жабдықтау;
шу жолақтарын, акустикалық және көз шағылыстырмайтын экрандарды (тозған сегменттерді ауыстыра отырып), орнату және жөндеу, оның ішінде ЖКО кейін;
4) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жайластыру және абаттандыру, ЖҚҰТҚ, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру нысандары бойынша:
жол телімдерінде жол қозғалысына аз қозғалатын қатысушылар үшін ескеріле отырып, қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жер үсті өткелдерін жөндеу және орнату;
кіреберістер мен өткелдерді, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
дабыл, ЖҚҰТҚ мен жеке жобалаудың ауыспа ақпараты бар таблоларды, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау), байланыс құралдары мен жарықтандыруды орнату, ауыстыру және/немесе жөндеу, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен айқындалады;
жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушыларды ескере отырып, арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көрнекі жерүсті көрсеткіштерін орнату, ауыстыру және жөндеу;
жол-пайдалану техникасының, машиналар мен механизмдердің тұрағына арналған тез салынатын ангарларды, көктайғаққа қарсы материалдар мен жол жағдайының элементтерін сақтауға арналған қоймаларды (жол белгілері, қалқандар) орнату, ауыстыру және жөндеу;
жеке жобаланған шағын сәулет нысандарын құру және жайластыру;
көз шағылыстырмайтын экрандар орнату;
көлік айрықтарында (жол өтпелерінде) сәндік және (немесе) дизайнерлік аспаы және (немесе) жарықтандыруды орнату, ауыстыру және жөндеу;
жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін бағдаршам шақыру батырмасын орнату, ауыстыру және жөндеу;
қажет болған жағдайда бұзылған тақталар мен кеспе тастарды ауыстыра отырып, тақталар мен төсеніштерден жасалған көпір жамылғыларын жөндеу;
аялдау павильондарды, дәретханаларды, санитарлық-гигиеналық тораптарды, күркелерді және ЖҚҰТҚ, орнату және/немесе жөндеу;
жаңаларын монтаждау және істен шыққан сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарықтандыру тіректерін және электр жарықтандыру желілерін ауыстыру;
жол қозғалысын ұйымдастыру сұлбасын өзгертуге байланысты қосымша бағдаршамдарды (бағдаршамдардың қосымша секцияларын), жол белгілерін, жол таңбаларын орнату;
жарықтандыруды орнату және/немесе жөндеу немесе ауыстыру (электр жарықтандыру желілері);
жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;
жол төсемесінің температурасын, ылғалдылығын және деформациясын анықтау бойынша өлшеу аспаптарын, құрылғыларды орнату, ауыстыру және жөндеу;
көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингін (есепке алу) жүзеге асыру үшін өлшеу құралдарын, құрылғыларды, аспаптарды, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды орнату және қалпына келтіру;
телекоммуникация және байланыс жүйелерін қалпына келтіру;
ЖКО кейінгі жолды жөндеу:
паспорттық деректердің талаптарына сәйкес бір уақытта әуе желісінің сымдары мен кермелерін ауыстыра отырып, сыртқы жарықтандыру тіректерін, кабельдік жарықтандыру желісін, көше жарығын басқарудың автоматика және телемеханика құралдарын ағымдағы жөндеу, оның ішінде зақымдалған және жөндеуге және қалпына келтіруге жатпайтын тораптар мен агрегаттарды тексеру және ауыстыру арқылы;
сыртқы жарықтандырудың моральдық және физикалық ескірген элементтерін олардың қызмет ету мерзіміне сәйкес ауыстыру;
жаяужол мен көше жолының арасындағы көгалдарды жөндеу;
басқа құрылымдық элементтер мен жолдарды абаттандыру элементтері бойынша:
планда және бейінде (кеңістікте) шөккен және шығып кеткен бүйірлік тасты (жиектас) жаңа негіз мен құрсауды сала отырып түзету, сондай-ақ жамылғылардың барлық типтерінде айырым бүйірлік тасты (жиектас) жаңасын орната отырып ауыстыру, оның ішінде ЖКО және шайылғаннан кейін;
айырым бүйірлік тастың (жиектастың) цементбетон тіректерін жөндеу;
тоқтау алаңдарында жасанды тас материалдардан жасалған бүйірлік тасты (жиектасты) маусымдық бояу;
жұмыс істемейтін (иесіз) құдықтарды қоса алғанда, құдықтардың люктерін жол жамылғысымен теңестіру;
су қабылдау құдықтарының торларын жол жамылғысымен теңестіру;
трамвай жолдарымен, көпір құрылыстарының деформациялық жіктерімен, құдықтардың люктерімен және нөсер торларымен түйісетін жерлерде жол жамылғысын жөндеу;
жол төсемелеріндегі жарықшақтарды битуммен және битум мастикасымен бітеу (құю);
жол жамылғыларын сіңдіргіш герметикалық қоспалармен өңдеу;
жол жиектерін толтыру және нығайту;
бетон тосқауыл қоршауларының зақымдануын жою (қажет болған жағдайда бояу);
су өткізгіш құбырлардың беттері мен түйісулерін жөндеу;
ашық типтегі жол бойындағы арық желісі;
ойықтарды толтыру арқылы құламаларды жөндеу.
Жол таңбасы бойынша жұмыстар ағымдағы жөндеудің құрамына кіреді және оның шеңберінде мынадай жұмыс түрлері орындалады:
көзбен тексеру;
тозған жол таңбасын кетіру немесе ақаулар актісіне сәйкес жол қозғалысын ұйымдастырудың өзгеруіне байланысты көлемдерде;
орындалған жұмыстардың сапасын бағалау, жөндеу үшін пайдаланылған жол-құрылыс материалдарын зертханалық сынау, асфальтбетон қоспалары мен жол жамылғысының типтерін зертханалық сынау, жол жамылғысының тегістігі мен ілінісу коэффициентін өлшеу;
бояуларды, термопластиктерді және суық пластиктерді, түсті жабындарды, оның ішінде сырғанауға қарсы жабындарды қолдана отырып, жол таңбаларын жағу;
5) жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешені және ЗКЖ бойынша:
жеке жұмыс станцияларын, ұйымдастыру техникасын, ЖБО жабдықтарын, байланыс құралдарын, жол бойындағы жабдықтарды, жабдықты басқару жиынтығын, жергілікті желі коммутаторларын, серверлік, желілік және бейне жабдықтарды қамтитын паспорт деректерінің талаптарына сәйкес регламенттік мерзімдерде жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің және ЗКЖ жабдықтарын, сондай-ақ дискіні сақтау жүйесі, орталық сигналдық қоңырау модулі, сигналдық қоңырау диспетчерінің консолін жөндеу және жоспарлы ауыстыру;
ақы алу жүйесінде төлем мен шығыс бөліктерін бақылауға жауапты жабдықты (купюра-тиынқабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, ЖҚҰТҚ, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, түйіспесіз төлеуге арналған санавғыш антенна және өзара байланысты жиынтықтауыштар мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру;
паспорт деректерінің талаптарына сәйкес мерзімдерде телекоммуникация желілерін және деректерді беруді, бағдарламалық-аппараттық кешенді басқарудың техникалық кешендерін, жол ақысын алу пункті мен ЗКЖ орнату, қалпына келтіру және жаңғырту;
бақылау аркаларын, металл құрылымдарын немесе/және темірбетон бұйымдарын орнату немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және ЗКЖ, ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешені үшін электрмен жабдықтау;
ЗКЖ және ақы алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын жаңғырту, толықтыру;
жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің нысандарына кіруді бақылау жүйесін орнату;
ақы алу пункттерінің сервер бөлмелерін және ілеспе жүйелерді орнату және жөндеу;
тиісті жабдықты монтаждай отырып және автомобиль жолдарының жекелеген телімдерінде қажетті коммуникациялық желілерге немесе олардың жекелеген элементтеріне қосыла отырып, жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ орнату;
ақы алу жүйесінде төлем мен шығыс бөліктерін бақылауға жауапты жабдықты (купюра-тиынқабылдағыштар, индукциялық ілмектер, шлагбаумдар, жіктеуіштер, ЖҚҰТҚ, өнеркәсіптік жұмыс станциялары, түйіспесіз төлеуге арналған санавғыш антенна және өзара байланысты жиынтықтауыштар мен жабдықтар) орнату, жөндеу және ауыстыру.
34. Қауіпті ақауларды және елеулі деформацияларды және жол жамылғысының бұзылуларын жою кезінде жергілікті телімдерде қауіпті деформациялар мен бұзушылықтарды жою мақсатында, кейіннен алынған материалды негіз қабаты үшін пайдалана отырып және жамылғының жаңа қабатын төсей отырып, жамылғының ені бойынша жергілікті жерлерді ресайклирлеу жұмыстары орындалады.
35. Пайдалану жай-күйін (оның ішінде оның жекелеген элементтері мен инженерлік желілерін) қалпына келтіруді және автомобиль жолдардын қауіпсіздігін, жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыруды және жүргізуді (оның ішінде ЖКО шоғырлану орындары мен телімдерін жоюды) қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.
4-тарау. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды орташа жөндеу
36. Орташа жөндеу автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіруге байланысты жұмыстарды мерзімді орындауды көздейді. Орташа жөндеу бойынша жұмыстардың көлемі ведомстволық сараптамадан өте отырып, ақаулар ведомостарының негізінде жасалатын сметалық есеппен анықталады.
37. Орташа жөндеу кезінде:
1) жол төсемелерінің тозу қабатын және тегістігін кезең-кезеңімен қалпына келтіру, жер төсемесінің, су бұрғыштың, жасанды, қорғау, нығайту, реттеу және басқа да жол құрылыстарының зақымдануын түзету;
2) автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және апаттық-қауіпті ЖКО шоғырлану орындары мен телімдерін жоюға байланысты жұмыстардың барлық түрлері (тиісті құжаттаманы, сызбаларды, жұмыс көлемдерінің тізімдемесін, сметаны әзірлей отырып);
3) шешім қабылдау және тиісті жұмыстар жүргізу кезеңінде автожол нысандарын ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
4) нәтижелері орташа жөндеу жүргізу кезінде ескерілетін жол жүрісі қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық рәсімдері.
38. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды орташа жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемесі және су бұру бойынша:
жұмыс көлемінің тізімдемесі негізінде ылғал және қар басатын жерлерде жер төсемесінің ұзындығы бойынша шағын телімдерін көтеру және кеңейту, оның геометриялық параметрлерін жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейін жеткізе отырып, жер төсемесін түзету, жер төсемесінің батпақты топырақтарын ауыстыру, ісінген телімдерді, сондай-ақ қосымша жолақты салу үшін апаттық-қауіпті телімдерде жою және / немесе қайта салу;
құламаларды нығайту үшін габиондарды орнату;
жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келтірілген геометриялық параметрлерді келтіре отырып, жер төсемесін түзету (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелектеу радиустарын ұлғайту, бойлық еңістерді және тік қисықтар мен бұрылыстарды тегістеу), жолдың жекелеген телімдерін түзету;
геотор мен геошарбақ элементтері бар еңісті нығайтуды қалпына келтіру;
геотор мен геошарбақты ауыстыру және қайта орнату;
жол жиегінің пішінін қалпына келтіру;
қолданыстағы су бұру арықтарын тазарту, қоқыстарды тиеу және қоқыс орындарына шығару, жаңа арықтарды қазу, үйінділер мен ойықтардың беткейлерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, дренажды, қорғаныс және нығайту құрылғыларын, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың маңындағы бұру арналарын түзету;
тұрақты шымтезек жамылғысын қалыптастыру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізе отырып, жер төсемесі мен резервтердің беткейлерін шөптермен егу, опырылуларды, көшкіндерді және сел шығарындыларын тазарту;
жол жиектерін толтыру, кесу, тегістеу және нығайту;
2) жол төсемелері бойынша, оның ішінде:
цементбетон жамылғылары бар автомобиль жолдары бойынша:
тақталардың сынықтары мен ойықтарын жөндеу;
жамылғылар бетін тегістеу, шөгуді жою, тақталардың жекелеген жерлерін ауыстыру;
цементбетон жамылғыларында компенсаторлы жіктерді орнату;
цементбетон жамылғыларының беткі қабатын жөндеу;
асфальтбетон қоспаларын пайдалана отырып, цементбетон жамылғыларын жөндеу;
қалпына келтіруге жатпайтын тозған цементбетон жамылғыларын ауыстыру, цементбетон жамылғыларындағы бойлық немесе көлденең ойықтарды кесу;
тозған тақталарды ауыстыру, темірбетон жамылғыларының жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
қорғаныс қабатын орнату, темірбетон тақталары мен цементбетон жамылғыларының сегменттерінің түйіскен жерлерін ұзақ уақытқа жөндеу, асфальтбетон қабатының жекелеген телімдерін төсеу;
құйылмалы эмульсиялық-минералды қоспаларды және/немесе өзге де сертификатталған жетілдірілген қоспаларды пайдалана отырып, беттік өңдеу құрылысы;
жұмыс өндірісінің жаңа материалдары мен технологияларын қолдана отырып тәжірибелік телімдерді және оларға мониторинг жүргізу;
цементбетон жамылғыларының шөгуін жою, оның ішінде қадалау, инъекциялық әдіспен немесе цементбетон жамылғысының жекелеген тақталарын ауыстыру жолымен жою;
цементбетон жамылғысында бойлық және көлденең деформациялық жіктерді орнату;
көтерілу және түсу кезінде апаттық құламаларды орнату;
бетон бетін арнайы қоспалармен нығайту;
беттік өңдеу, қорғаныс қабаттарын және тозу қабаттарын салу;
шөгінділер мен шұңқырларды жою;
жамылғыны ылғалдан, ауадан, күн радиациясынан тиімді оқшаулау, атмосфералық әсерден бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғылардың суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды қолдану;
цементбетон жамылғысын орнату немесе асфальтбетон жамылғысын цементбетон жамылғысын ауыстыру;
асфальтбетон және ауыспалы жамылғылары бар автомобиль жолдар бойынша:
беттік өңдеу құрылысы, оның ішінде жетілдірілген қоспаларды пайдалана отырып;
қолданыстағы жол төсемелерін бөлшектей отырып және қажет болған жағдайда құрылғымен топырақты тұрақтандыра отырып, жөнделетін телімнің бүкіл бойында тегістеу қабатын және беттік өңдеуді немесе тозу қабатын, қолданыстағы жамылғыны фрезерлемей, жекелеген және ісінгіш телімдерде жол төсемелерінің тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және жол төсемелерін салу;
асфальтбетон қоспасының қажетті мөлшерін қоса отырып, қатпарлары, сораптары, тарақтары және басқа да деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген жамылғыларды қайта қалпына келтіру;
жол төсемесінің негіздерін салу үшін қажетті жаңа материалды қоса және алынған материалды асфальтбетон жамылғысының төменгі және жоғарғы қабаты, жамылғының қорғаныш қабаты немесе тозық қабаты үстіне төсеумен пайдалан отырып үлкен және кіші тереңдіктерге ресайклирлеу;
жаңа материалдар мен жұмыс өндірісінің технологияларын қолдана отырып, тәжірибелік телімдерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
шағыл тас пен қиыршық тас жамылғыларының, сондай-ақ материалдар қосылған топырақ жолдардың пішінін қалпына келтіру;
қиыршық тасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыру материалдарымен жақсарту;
қозғалыс үшін қауіпті қисықтарда бұрылыстарды орнату және көрінуді қамтамасыз ету;
жөнделетін бөлігінде жүріс бөлігіне жол таңбасын салу;
жолдың техникалық санатын өзгертпестен (жол төсемесін күшейту бойынша тиісті есеппен) шағыл тас және қиыршық тас төсемесін асфальтбетон төсемесіне ауыстыру;
автомобиль жолдарының телімдерін жөндеуге дейін және кейін серпімділік модулін анықтау;
көлік ағынының құрамында бір оське түсетін жүктеме 100 кН-нен жоғары жүк автомобильдерінің жалпы санының 60 пайызын құраса тәулігіне 200 автомобильден астам қарқындылығы бар жол төсемесінің асфальтбетон жамылғысын кемінде 2 қабатын салу;
көтерілу және түсу кезінде апаттық-тежегіш құламаларды салу;
асфальтбетон жамылғысын ылғалдың, ауаның, күн радиациясының енуінен тиімді оқшаулау, атмосфералық әсерден бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғылардың суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жасартқыш сұйықтықтарды пайдалану;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
деформациялық жіктердің астындағы су өткізгіш науаны қалпына келтіру;
су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырларды орнату);
жаяужолға гидрооқшаулағыш түйісетін жерде жамылғыда жіктерді орнату және оларды мастикамен толтыру;
су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу;
10 сантиметрден астам шөккен көпірдің үйіндімен түйісу тораптарын жөндеу (шағыл таспен қосымша себу есебінен тегістеу);
үйіндімен түйісетін шеткі жаяужол тақталарын ауыстыру;
жол төсемелерін қалпына келтіре отырып, өтпелі тақталардың жекелеген мығысуларын жою;
өтпелі тақталарды ашу арқылы шайылу кезінде топырақ шашу;
болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;
жұмыстар жол төсемесі деңгейінде орындалған кезде мастикалық және резеңке толтырғышпен жабық типтегі деформациялық жіктерді ауыстыру;
жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру;
жаяужол жамылғысын тегістеу, жаңа жамылғы салу;
жаяужол блоктарындағы кең саңылаулардың ойықтарын бітеу, жаяужолдар қасбетін қорғаныш жабынмен өңдеу;
жаяужол блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
жаяужол блоктарының жапсарларын таптау және оқшаулау;
жаяужолдарды қалпына келтіру, жеке зақымдалған блоктарды нығайту немесе ауыстыру;
жаяужол тақталарының ойықтарын жою;
оқшаулауды орнату немесе жаяужолдарды асфальтбетонмен жабу;
жекелеген секцияларды жөндеу, жекелеген тірек бағаналарын анкерлеуді үшейту;
көпір құрылысының бүкіл ұзындығы немесе ұзындығының бір бөлігі бойынша қоршауларды ауыстыру;
тіректерді бүкіл ұзындығы бойынша бояу;
тірек бағаналарын нығайту торыптарын жаңадан анкерлеу арқылы ауыстыру;
құрылымдардың барлық бетон беттерін (тақталар, арқалықтардың қабырғалары, аркалар және басқа да элементтер) гидрофобтау немесе бояу;
диафрагма жапсарларын жөндеу;
көпірлер мен жол өтпелерін ішінара қайта құру немесе жөндеу, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, сондай-ақ су өткізу құбырларын толық немесе ішінара қайта құру немесе жаңа су өткізу құбырларын олардың су өткізу қабілетін арттырв отырып (гидрологиялық есептеумен расталған кезде) және олардың габариттері мен есептік жүктемелерін тиісті нормаларға дейін жеткізу;
көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсеніштерді, арқалық торларды, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды, жер төсемесімен түйісулерді түзету);
алдын ала кернеулі темірбетон және металл аралық құрылыстардағы құрылыстың көтерілуін бақылау;
көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру;
жаяужол блоктарындағы жарықшақтарды таптау, жаяужолдарға жамылғылар төсеу;
жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін арнайы символдарды, тактильді, дыбыстық және көрнекі жерүсті көрсеткіштерін орнату, ауыстыру және жөндеу;
қоршауларды жөндеу немесе қайта құрылымдау;
материалдар мен құрылымдарды ауыстыра отырып, деформациялық жіктерді жөндеу;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяужолдарды, қоршауларды, жиектерді жөндеу және ауыстыру;
көпірдің жүру бөлігіндегі су бұруды жақсарту, су өткізгіш құбырлар мен терезелерді ауыстыру;
темірбетон құрылымдарының қасбеттік беттерін гидрооқшаулау, негізгі арқалықтардың беттерін бояу;
жарықшақтарды беттік тығыздау, қуыстарды, сынықтарды тығыздау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғаныш қабатын қалпына келтіру;
металл аралық құрылыстарды үздіксіз бояу;
арқалықтарды байланыстырғыштарды қалпына келтіру;
дренажды және су бұруды, өтпелі тақталарды ауыстыра отырып, көпірдің үйіндімен түйісуін жөндеу;
жер төсемесі құламаларының нығайтуларын және реттеу құрылыстарын жөндеу;
тіректер мен реттеу құрылыстарындағы ойықтарды жою;
металл аралық құрылыстардағы жекелеген элементтерді күшейту, өтпелі фермалары бар көпірлердегі тор элементтерін түзету;
тойтармаларды беріктігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;
тірек бөліктерін жөндеу және жобалық жағдайына қайта келтіру;
тірек алаңдарындағы құйылыс тетігін жөндеу және қалпына келтіру;
қаптау жіктерін сөгу, ерітінділерді жарықтарға инъекциялау;
аралық құрылыстар мен тіректердің қарау құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;
тіректердің денесін жөндеу;
темірбетонды аралық құрылыстарды тіреу орындарында тірек бөліктерін күшейту;
құбырлардың жеке буындары мен бастиектерін ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулау мен жапсарларды түзету;
тірек қабырғаларын, нығайту және реттеу құрылыстарын, қорғау галереялар мен қалқаларды жөндеу, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін ауыстыру;
көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ұзындығы бір шақырымнан аспайтын айналма жолдарды салу қажет;
жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін ішінара қайта құру немесе жөндеу;
туннельді қаптауды және гидрооқшаулауды қалпына келтіру (жіктерді таптау, ерітіндіні айдау, жалаңаш арматураны тазалаумен және тоттан қорғаумен бетонның қорғаныш қабатын қалпына келтіру, бетонның әлсіз қабаттарын алып тастау);
туннель құрылымының элементтерін бояу;
туннельдегі жүру бөлігі мен жаяужолдарды қалпына келтіру (жамылғының ұсақ деформациялары мен зақымдануларын жою, шұңқырларды, жарықшақтарды, шөгінділерді, сораптарды бітеу, деформациялық жіктер мен жиектерді қалпына келтіру);
туннельде және кіреберістерде су бұруды қалпына келтіру;
кіреберістерде және туннель үстінде құламалардың су шайыған жерлерін нығайту;
инженерлік жүйелердің (жарықтандыру және желдету жүйелерінің) жекелеген бөліктерін немесе жерлерін ауыстыру немесе қалпына келтіру;
су өткізгіш құбырлардың жекелеген элементтерін (құрылымдарын) ауыстыру және жөндеу;
көпірлерде, жол өтпелерінде және басқа да жасанды құрылыстарда қосымша күшейту тақталарын орнату жолымен жүру бөлігін және жабық типтегі жаяу жүргіншілер жолдарын (қорғау галереяларды) көтергіш құрылымдарды өзгертпей кеңейту;
тік және көлбеу көтергіш жабдықтарды жөндеу, ауыстыру немесе орнату;
автомобиль жолдары мен көшелердің бөлінген алап шегінде жаңа құрастырмалы-модульді композиттік жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін (жарықтандырумен және электрмен жабдықтаумен) орнату және жөндеу;
көпірлер мен жол өтпелерін ішінара жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген, жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттер мен есептік салмақтарға жеткізе отырып, су өткізу құбырларын толық немесе ішінара орнату;
су құбырларын орнату;
геотор, геотоқыма, геошарбақ орнату;
демалыс алаңы бар эстакадаларды салу;
4) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жайластыру және абаттандыру, ЖҚҰТҚ, байланысты және жарықтандыру ұйымдастыру нысандары бойынша:
елді мекендер арқылы өтетін жол телімдерінде қолданыстағы жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын және арық жүйелерін орнату және жөндеу;
жекелеген айырықтарды, демалыс алаңдарын, көрнекі жерлерді сәулеттік безендіруді және абаттандыруды қоса алғанда, жөнделіп жатқан телімдерде жаңа дара ЖҚҰТҚ орнату, жол қоршауларын жөндеу;
қажет болған жағдайда қардан қорғау есебімен негізделген тұрақты қардан қорғайтын құрылғыларды орнату;
кіреберістер мен өткелдерді, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
дабыл, ЖҚҰТҚ, ақпараттық таблолар, байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;
түрлі модификациядағы тұтқаларды, пандустарды, тік және көлбеу қозғалыстағы түрлі модификациядағы көтергіштерді, лифттерді, баспалдақтарды және жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін сатыларды орнату, ауыстыру және жөндеу;
жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін бағдаршам шақыру батырмасын орнату, ауыстыру және жөндеу;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарда ақпараттық жүйелерін, жеке жобалаудың белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтандырылған басқарудың элементтері мен жүйелерін;
ауыспалы ақпараты бар дербес және қашықтан басқарылатын белгілер мен таблоларды, ЖҚҰТҚ орнату, ауыстыру және қалпына келтіру;
автомобиль жолдарын (аялдау павильондарды, тірек қабырғаларын, ақпараттық панельдерді және басқа да құрылыстарды) жайластыру элементтерін жөндеу;
демалыс алаңдар сала отырып, аялдама алаңдарын (электр жарығымен, дәретханамен, қоршаумен, көгалдандырумен, абаттандырумен және басқа да жайластырумен) салу;
дәретханаларды (оның ішінде жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушыларға, ана мен балаға арналған бөлмелері, душ кабиналары бар), аялдама павильондарды, оның ішінде оларды жарықтандыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау (оның ішінде автономды (ұңғыманы бұрғылау) және кәріз жүйесін жобалау құжаттамасын және инженерлік жүйелердің иелерімен техникалық шарттарды келісе отырып, салу және жөндеу;
елді мекендер шегінде істен шыққан бүйірлік тасты (жиектасты) ішінара қалпына келтіру, қайта орнату немесе ауыстыру;
жүру бөлігіне қатысты құдықтардың биіктік жағдайын қалпына келтіру;
сәйкестік сертификатын ала отырып, қажетті коммуникациялық желілерге қосыла отырып, көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеу (есепке алу) және бақылау үшін өлшеу аспаптарын, жабдықтарды және бағдарламалық жасақтаманы орнату;
жолдардың жүру бөлігін жануарлардан қорғау функциясы бар аспаптарды (қоршауларды) орнату;
жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды тіркеудің өлшеу құралдарын, аспаптарын, жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамаларын орнату және жөндеу;
көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингіні (есепке алу) жүзеге асыру үшін өлшеу құралдарын, құрылғыларды, аспаптарды, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы орнату және жөндеу;
жайластыру элементтерін, жол қызметі және жол сервисі нысандарын салу және/немесе жөндеу;
елді мекендер арқылы өтетін жол телімдерінде қолданыстағы жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын (жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылардын қажеттіліктерін ескере отырып) және арық жүйелерін жөндеу және жаңа жаяужолдарды салу;
жаңа жеке ЖҚҰТҚ, жөнделетін телімдерде ЖҚҰТҚ орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жекелеген айырықтарда демалыс алаңдарын, автомобиль тұрақтарын, көрікті жерлерді сәулеттік безендіруді және абаттандыруды қоса алғанда, жол қоршауларды жөндеу;
жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;
жол төсемесінің температурасын, ылғалдылығын және деформациясын анықтау бойынша өлшеу аспаптарын, құрылғыларын орнату, жөндеу;
инженерлік желілердің (электр, байланыс бағаналары, ауыз су, газ құбырлары мен құдықтардың) орнын ауыстыру;
5) жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешені және ЗКЖ бойынша:
жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ жаңғырту және қайта құрылымдау:
сервер жабдығының аппараттық-бағдарламалық бөлігін, желілік, коммутациялық және жол жүру ақысын, бақылау-өлшеу аспаптарын, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және фото/бейне тіркеуді тану жүйесін, жұмыс станциялары мен ұйымдастыру техникасын орнату, жөндеу, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, біріктіру;
ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы орнату, ішінара немесе толық ауыстыру, жаңарту, толықтыру, біріктіру;
лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы орнату және жаңарту;
бақылау аркаларының жабдықтарын орнату және ішінара немесе толық ауыстыру;
ақпараттық (жарықдиодты) жол белгілерін және жеке жобаланатын таблоларды орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемі сметалық құжаттамамен айқындалады;
жол ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешен нысандарына қол жеткізуді бақылау жүйесін орнату, жөндеу және ауыстыру;
автомобиль жолдарының ақпараттық жүйелерін енгізу;
ЗКЖ және жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенінің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын ауыстыру, дамыту, толық жаңғырту.
39. Жолдың пайдалану жай-күйін (оның ішінде оның жекелеген элементтері мен инженерлік желілерін) қалпына келтіруді және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа да түрлері:
жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу (оның ішінде ЖКО шоғырлану орындары мен телімдерін жою);
ақы алу пункттері мен ілеспе жүйелердің жаңа серверлік үй-жайларын салу.
5-тарау. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күрделі жөндеу
40. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күрделі жөндеу көздейді:
1) автомобиль жолының қолданыстағы техникалық санатын өзгертпестен, жол төсемдерінің беріктігін арттыра отырып, автомобиль жолының және олардағы құрылыстардың жол қауіпсіздігін, көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты жұмыстарды мерзімді орындау;
2) жолды жоспарлау, жобалау, салу, пайдалануға беру кезеңінде ЖКО тәуекелдерін ерте анықтау мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін жүргізу.
41. Күрделі жөндеуге жататын автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың телімдері анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынылатын шараларды ескере отырып, жөндеуаралық қызмет мерзімдері, жол диагностикасының нәтижелері және жол қозғалысы қауіпсіздігінің тиісті инженерлік-техникалық рәсімдері негізінде белгіленеді.
42. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды күрделі жөндеу "Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 тіркелген) белгілеген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес күрделі жөндеуге жіберілетін автомобиль жолының құрамындағы барлық нысандарға, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы тәуекелдерді анықтау мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігінің тиісті инженерлік-техникалық рәсімдерімен орындалады.
Тиісті негіздеме болған кезде қиылысатын көшелермен немесе алдыңғы күрделі жөндеу шекараларымен қиылысатын жекелеген телімдерге және жолдардың жекелеген элементтеріне іріктеп күрделі жөндеу жүргізуге жол беріледі.
43. Күрделі жөндеу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырумен негізді байланысты автомобиль жолының жөнделетін телімнің жалпы ұзындығының 40%-на дейінгі планда да, бойлық бейінде де автомобиль жолының жекелеген түзетулерін жүргізуге рұқсат етіледі.
44. Көпірлер мен жол өтпелері, сондай-ақ жол қызметінің ғимараттары мен құрылыстарының кешендері автомобиль жолының құрамындағы күрделі жөндеуге және/немесе қызмет көрсетудің жөндеуаралық мерзімдері мен оларды диагностикалау нәтижелері негізінде анықталған тәуекелдерді және оларды жол қауіпсіздігі саласында жою жөніндегі ұсынылатын шараларды ескере отырып жеке-жеке жіберіледі.
45. Күрделі жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады:
1) жер төсемесі және су бұру бойынша:
жөнделетін автомобиль жолы үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға оның геометриялық параметрлерін келтіре отырып, жер төсемесін түзету (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелектеу радиустарын арттыру, бойлық еңістерді жұмсарту, тік қисықтар мен бұрылыстарды салу), жолдың жекелеген телімдерін түзету (ұзындығы жөнделетін жол телімінің жалпы ұзындығының 40 пайызына дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға байланысты);
ісінгіш, көшкіндік және опырылғыш телімдерді жою, дренаждарды, оқшаулағыш қабаттарды орнату және жер төсемесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар;
қолданыстағы су бұру құрылғыларын, жаға қорғағыш және эрозияға қарсы құрылыстарды қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ жаңа қажетті су бұру құрылғыларын салу;
автомобиль жолдарының қиылыстарында және жанасуларында жер төсемесі мен су бұру жүйесін орнату, сондай-ақ автомобильдерді тоқтауына, тұрақтауына арналған алаңдарды, аялдама павильондары мен аялдама қалталарын, автомобиль жолдарының жүру бөлігінен тыс демалыс алаңдарын өтпелі-жылдамдықты жолақтар сала отырып жұмыстарды орындау;
автомобиль жолы бойындағы резервтерді, жолдарды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыс аймағында орналасқан жолдардың жойылатын телімдерін қалпына келтіру;
су тасқыны, сел, нөсер және басқа да дүлей салдарынан болған бұзылуларды;
су басатын және қар басатын телімдерде жер төсемесін көтеру, автомобиль жолдың ісінгіш, көшкінді және опырылғыш телімдердін және олардағы жасанды жол құрылыстарын қайта салу;
2) жол төсемелері бойынша:
жол төсемелерін күшейту (қалыңдату), кеңейту және қолданыстағы жол төсемелерін негіз ретінде регенерациялау және пайдалана отырып, жол төсемелерінің неғұрлым жетілдірілген түрлерін салу, сондай-ақ жолдардың қайта салынатын (түзетілетін) төсемелерінде және елді мекендердің айналма жолдарында және оларға ұзындығы 5 шақырымнан аспайтын кіреберістерде жол төсемелерін салу, көлік айрықтарында, инженерлік құрылғыларда, жаяужолдарда, өтпелі және велосипед жолдарында, аялдама алаңдарында, павильондарда және демалыс алаңдарында сондай-ақ оларға өтпелі-жылдамдық жолақтарында жол төсемелерін салу;
цементбетон жамылғылары бойынша:
ескі цементбетон жамылғысының үстіне оның тұтастығын бұзбай асфальтбетон қоспаларынан нығайту қабаттарын салу;
ескі цементбетон жамылғысын алдын ала ұсақтай отырып және осылайша алынған негіз материалын мұқият тығыздай отырып, ескі цементбетон жамылғысының үстіне оның тұтастығын бұзбай асфальтбетон қоспаларынан нығайту қабаттарын салу;
цементбетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, модификацияланған цементбетоннан нығайту қабаттарын салу;
шағыл тасты және қиыршық тасты жамылғылардың, сондай-ақ жаңа материалдарды қоса отырып, топырақты жолдардың пішінін түзету, тұтқыр материалдармен жүру бөлігін жақсарту;
жетілдірілген жамылғылардың шеттері бойынша, оның ішінде негізгі жол төсемесінің типі бойынша жасанды және табиғи материалдардан тозған жиектерді ауыстыру және жаңа жиектерді және нығайтқыш жолақтарды салу;
жол төсемелерінің жаңа құрылымдарын, жаңа материалдар мен жұмыстарды жүргізудің жаңа технологияларын қолдана отырып, тәжірибелік телімдерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
көтерілу және түсу кезінде апаттық құламаларды орнату;
жол төсемесінің ескі құрылымын өңдеу және жаңасын салу;
жол төсемесінің құрылымын күшейту;
қолданыстағы жамылғының үстіне асфальтбетон қабаттарын төсеу арқылы жол төсемесінің құрылымын күшейту;
жол төсемесінің құрылымын ресайклирлеу және жаңа асфальтбетон қабаттарын төсеу арқылы күшейту;
жол төсемесінің құрылымын қолданыстағы жол төсемесінің құрылымын күшейтудің басқа да заманауи әдістерімен күшейту;
шағыл тас және қиыршық тас төсемелері бойынша:
жолдың техникалық санатын өзгертпестен шағыл тас пен қиыршық тас төсемесін асфальтбетон төсемесіне ауыстыру;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
көпірлер, көлік айрықтары, оның ішінде жаяу жүргіншілер, өтпежолдар, олардың габариттері мен жүк көтергіштігін есептік жүктемелерге жеткізе отырып салу, толық немесе ішінара қайта салу (жаңа арқалықтарды қоспай габаритті кеңейтумен көпірді жөндеу; беларқаны арттыру және күшейтудің жаңа арқалықтарын қоса отырып габаритті кеңейтумен көпірді жөндеу; тіректі бір жағынан немесе екі жағынан арттыратын жаңа арқалықтарды қоса отырып, габаритті кеңейту);
металл көпірдің негізгі арқалықтары мен фермаларының элементтерін түзету және нығайту;
металл аралық құрылыстарды ауыстыру;
көпірдің жүру бөлігін ауыстыру;
су өткізгіш құбырды салу және қайта құру;
буындарды, бас тиектерді ауыстыру және құбырларды нығайту;
зақымдалған құбыр сақиналарын ауыстыру;
жаңа сақиналар мен бастиектер есебінен құбырдың ұзындығын ұзарту;
қалқымалы көпірлерді, паром өткелдерін, теміржол өткелдерін тұрақты көпірлер және өтпежолдармен ауыстыру;
тіреу қабырғаларын, қорғаныш нығайту және реттеу құрылыстарын салу және қалпына келтіру;
қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;
туннельдердің, қорғаныс галереяларының және таулы жол қалқаларының құрылымдық элементтерін жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақты галереяларға ауыстыру;
көпірлер мен өтпежолдарды толық немесе ішінара қайта құрылымдау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген, жөнделетін автомобиль жолы үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттер мен есептік салмақтарды жеткізе отырып, су өткізу құбырларын толық немесе ішінара қайта құрылымдау және жаңа салу;
көпірлер мен өтпежолдарды ішінара қайта құру немесе жөндеу, жер үстіндегі су өткізгіш құбырларды орнату, сондай-ақ толық немесе ішінара қайта құру немесе диаметрі 0,5 метрге дейінгі жаңа су өткізгіш құбырларды орнату, олардың су өткізгіштік қабілетін арттыру және олардың габариттері мен есептік жүктемелерін тиісті нормаларға дейін жеткізу;
демалыс алаңы бар эстакадаларды салу;
4) ғимараттар, қосалқы құрылыстар, өндірістік базалар және жол қызметінің басқа да нысандар бойынша:
сыртқы қабырғалар шегіндегі ғимараттарды ішкі қайта жоспарлау, қолданыстағы ғимараттарға қосалқы және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды, тұтқаларды, жол қозғалысының қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін әртүрлі модификациядағы пандустарды, тік және көлбеу қозғалыстағы түрлі модификациядағы көтергіштерді, лифттерді, баспалдақтарды және сатыларды салу;
қабырғалар мен еден материалдарының 40 пайызға ауыстыра отырып, ғимараттардың ақаулары мен зақымдануларын түзету, ағаш іргетастарды тұрақты іргетастармен ауыстыру;
орталық жылыту, сумен жабдықтау, газдандыру, кәріз, электр жарықтандыру құрылғысы және қолданыстағы желілерге, газ құбырлары мен байланыс желілеріне қосылу;
аула құрылыстарын (үш машинаға дейінгі гараждарды, қазылған шұңқырлар құдықтарының қоймаларын), аула және үй жанындағы абаттандыру қоршауларын, құны ғимараттар құнының 25 пайызынан аспайтындай етіп салу;
уақытша ғимараттар мен құрылыстарға көзделген сметалық сомалар шегінде жолдарды жөндеу жөніндегі жұмыстарға қажетті уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстарды (битумды, тас ұсақтайтын, асфальтбетонды, цементбетонды базалар), алдағы уақытта желілік жол қызметінің үйлерге қызметкерлерін орналастыру үшін пайдалану мақсатында жолдарды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын орындарда уақытша ғимараттар мен үй-жайлардың орнына тұрақты типтегі тұрғын үйлерді салу;
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, оларға кірме жолдарды салу үшін, энергиямен қамтамасыз ету, материалдарды жинауға арналған алаңдарды салу топырақ қорларын, жергілікті тас материалдары кен орындарын және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарын (ұшпа-күлдер, боксит қожы) игеру;
5) автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жайластыру және абаттандыру, ЖҚҰТҚ, байланысты ұйымдастыру нысандары және жолдарды жарықтандыру бойынша:
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды немесе олардың жекелеген телімдерін сәулеттік безендіру және жайластыру;
аялдама алаңдары мен павильондарды, жол қозғалысына қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін тұтқаларды, түрлі модификациядағы пандустарды, тік және көлбеу қозғалыстағы түрлі модификациядағы көтергіштерді, лифттерді, баспалдақтарды және сатыларды ауыстыру және жөндеу;
жол қозғалысына қозғалысы шектеулі қатысушылар үшін бағдаршам шақыру батырмасын орнату, ауыстыру және жөндеу;
жайластыру элементтері, жол сервисі нысандары бар аялдама алаңдарын, оларға өтпелі-жылдамдық жолақтарын, жаяу жүргіншілер өткелдерін (оның ішінде әртүрлі деңгейлерде), сондай-ақ елді мекендер шегінде өтетін жол телімдерінде қауіпсіздік аралдарын, жаяужолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын сала отырып, аялдама қалталарын орнату;
күрделі жөндеу жүргізілетін телімдерде жаңа ЖҚҰТҚ орнату немесе ауыстыру;
автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі жаңа қиылыстары мен түйісулерін, сондай-ақ бүкіл жолда немесе оның телімдерінде жекелеген өткелдерді, кіреберістер мен бұрылыстарды, жол қызметі және жол сервисі нысандарына кірме жолдарды салу және қайта құру;
жаңа жазғы трактор жолдарын салу немесе қолданыстағы трактор жолдарын қайта құру, табиғи апаттардан қираған жол телімдерін жөндеу немесе қалпына келтіру кезеңіне уақытша айналма жолдарды салу;
жолдардың жекелеген телімдерінде, көпірлерде және паром өткелдерінде, жол желісі (телетайп) немесе радиобайланыс құрылыстарында және басқа да технологиялық байланыс құралдарында электр жарығын орнату;
жолдың, оның жекелеген элементтерінің, құрылыстарының және ол арқылы өтетін көлік ағындарының жұмысын зерделеу үшін қажетті қозғалысты есепке алу пункттерінің, қар өлшегіш және су өлшегіш бекеттердің және басқа құрылғылардың құрылғысы мен жабдығы;
өткізу қабілетін арттыру мақсатында жолақтарды кеңейтуді қоса алғанда, автомобиль жолдарындағы өткізу пункттерін орнату және жайластыру;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу (қазандықтарға шаң ұстағыш құрылғыларды орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа да жұмыстар);
қажетті коммуникациялық желілерге қосыла отырып, көлік ағыны қозғалысы қарқындылығының мониторингілеу (есепке алу) және бақылау үшін өлшеу аспаптарын, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтаманы орнату;
күзетті талап ететін стратегиялық маңызды нысандарда күзет жүйесі мен бейнебақылау құрылғысын орнату;
тиісті жабдықты монтаждай отырып және қажетті коммуникациялық желілерге қосыла отырып, жол жүру ақысын алу пунктінің бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ құрылғысы;
дәретханаларды (оның ішінде жол қозғалысына қозғалысы шектеулі қатысушыларға арналған бөлмелері, ана мен бала, душ кабиналары бар), жол сервисі нысандарын, оның ішінде оларды жарықтандыру мен электрмен жабдықтауды орнату;
жоғары вольтты желілерді ауыстыру;
жаңа технологиялар мен материалдарды игерудің тәжірибелік-эксперименттік телмдерін салу және техникалық жарақтандыру;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жоспарлау, жобалау, салу және пайдалануға беру кезеңінде күрделі жөндеу жүргізу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі инженерлік-техникалық рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізу;
жол төсемесінің температурасын, ылғалдылығын және деформациясын анықтау бойынша өлшеу аспаптарын, құрылғыларды орнату және жөндеу;
су құбырларын монтаждау, су өткізгіштігін (су өткізу қабілеті) арттыру;
ахуалдық орталықты енгізу (үдерістерді цифрландыру, деректерді жинау және өңдеу, кешенді ақпаратпен қамтамасыз ету, салыстырмалы талдау жүргізу);
автомобиль жолдарының ақпараттық қауіпсіздігін мониторингілеу және басқару жүйелерін енгізу;
адамдардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін көтергіш алаңдары немесе эскалаторлары бар құрастырмалы-модульді жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу және жөндеу;
металл құрылымдарының немесе/және темірбетон бұйымдарының бақылау аркаларын, мониторинг орталықтарын, деректерді өңдеу орталықтарын, модульдік және блоктық типтегі ғимараттар мен құрылыстардың клиенттермен жұмыс жөніндегі орталықтарын салу немесе ауыстыру, қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және жол ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін және ЗКЖ электрмен жабдықтау;
автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жөндеуден кейін диагностикалау (жөндеуден кейінгі диагностика жөндеу жүргізілгеннен кейін жол активтерінің бастапқы жай-күйін анықтау және автомобиль жолын салу үшін жүргізіледі).
46. Автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың пайдалану жай-күйін (оның ішінде оның жекелеген элементтері мен инженерлік желілерін) қалпына келтіруді және көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін (оның ішінде ЖКО шоғырлану орындары мен телімдерін жоюды) қамтамасыз ете ететін жұмыстардың басқа түрлері.