БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 26-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын (бұдан әрі - жеке басты куәландыратын құжат) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке басты куәландыратын құжат - жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, материалдық жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін белгіленген үлгідегі құжат;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке тұлғаның қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар ресімдеген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында – үш жұмыс күніне дейін;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында - үш жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында бес жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандарында және қалаларында - жеті жұмыс күніне дейін;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында, облыс орталықтарында, облыстардың аудандарында және қалаларында - жеті жұмыс күніне дейін жеделдетілген тәртіппен беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен беру үшін бағалар прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16576 болып тіркелген) сәйкес монополияға қарсы органның келісімі бойынша ішкі істер органдары бекітетін бағалар прейскурантына сәйкес банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.
"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" (бұдан әрі - ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы жеке басты куәландыратын құжатты ресімдеген кезде уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының азаматтарын олардың келісімімен, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті түрде "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткізеді.
Жеке басты куәландыратын құжатты ХҚТ ТП арқылы ресімдеген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген түрде дайындағаны үшін төлем туралы ақпарат банк мекемелерінен уәкілетті мемлекеттік органның шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына автоматтандырылған режимде келіп түседі. Формуляр бланкісінде ресімдеу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төлеу туралы құжатты жеке тұлға уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжатты дайындау үшін уәкілетті органның қызметкері формуляр толтырады. Формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Жол жүру құжатын ресімдеу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттардың бірін:
туу туралы куәлікті (16 жасқа толмаған босқындар жол жүру құжатын алған кезде);
азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
шетелдік паспорт;
өтінімді берген күнге кемінде 3 ай босқын мәртебесінің әрекет ету мерзімімен босқын куәлігін ұсынады.";
27-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі босқын куәлігінің қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.";
30-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Жеке басты куәландыратын құжаттар, "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген жағдайлардан басқа, жарамсыз болып табылады, тапсыруға және ауыстыруға жатады:";
Мынадай мазмұндағы 30-1 және 30-2-тармақтармен толықтырылсын:
"30-1. Жеке басты куәландыратын құжаттар, егер төтенше жағдай енгізілген жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұзартуды немесе ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, олардың қолданылу мерзіміне, иесінің мәртебесі өзгергеніне және өзге де елеулі мән-жайларға қарамастан, төтенше жағдай кезеңі ішінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жарамды болып есептеледі.
30-2. Осы Қағидалардың 30-1-тармағында көзделген норма төтенше жағдай режимі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылуы аяқталған жеке басты куәландыратын құжаттарға қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі