БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Пробация қызметінің қызметкерлері ай сайын атқарылған жұмыс туралы пробация қызметінің бастығына (не оны алмастыратын адамға) есеп береді.
Пробация қызметінің ұйымдастырылуын бақылау пробация қызметінің бастығына (не оны алмастыратын адамға) жүктеледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сотталғанды есепке қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Пробация қызметі:
1) "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне (бұдан әрі - АЕА ААЖ) деректемелерді автоматты түрде толтыру үшін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларына (бұдан әрі-адамдардың арнайы есебін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және жеке қағаз тасымалдағыштарда үкім көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ҚСжАЕАК-нің аумақтық басқармасына жолдайды.
2) басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотымен соттаған адамға сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және қағаз тасымалдағышта әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын, үкімнің көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ҚСжАЕАК-нің аумақтық органына жолдайды;
3) қылмыстық қудалау органында немесе тергеу изоляторында дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген адамды (жеке айыптау істері) ҚСжАЕАК-нің аумақтық органына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін сала отырып, дактилоскопиялық картаның бір данасын ұсынады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сотталғанды жазадан босатқан немесе оған қатысты үкімді өзгерткен, сондай-ақ ҚР ҚАК-ның 161-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша есептен шығарған кезде Пробация қызметі тиісті процестік шешімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде АЕА ААЖ деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін сотталған адамды есептен шығару немесе үкімін өзгерту негіздемесі туралы толық мәліметтерді көрсетумен сотталған адам (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және бөлек қағаз тасымалдағышта заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесін ұсынады";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. ҚР ҚАК-ның 60-бабының 3-бөлігінде көзделген негіздер бойынша жазаны өтеу тәртiбi мен шарттарын қайта бұзуы анықталған күннен бастап Пробация қызметі бес жұмыс күні ішінде сотқа қоғамдық жұмыстарды ауыстыру туралы ұсыным жолдайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Пробация қызметі ай сайын 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу карточкалары бойынша сотталғандардың жалақысынан ұстап қалудың дұрыстығы мен уақтылығын және ұсталған сомаларды мемлекет кірісіне аударуды тексереді және бұзушылықтар анықталған кезде оларды жою шараларын қабылдайды.";
65-тармақ мынадай мазұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) айына кемінде бір рет тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлықты бақылауды жүзеге асыруды;";
69-тармақ орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Қазақстан Республикасы ҚАК 68-бабының 2-тармағында көзделген жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған сотталғанға қатысты Пробация қызметі бұзушылықты анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды электронды немесе жазбаша түрде сотқа жолдайды.
Бас бостандығын шектеуді ауыстыру туралы ұсынымда сотталғанның сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтаруы, қоғамдық тәртіпті бұзуы, сол уақыт ішінде Пробация қызметіне келмеген уақыты, оған қандай ықпал ету шаралары қабылданғаны, оның оған тигізген әсері, сондай-ақ әкелу мен ұстаудың бар-жоғы жөніндегі нақты фактілер көрсетіледі. Ұсынымда жұмыс, оқу және тұратын орнынан мінездеме, Пробация қызметі қызметкерінің сотталғанның мінез-құлқы туралы баянаты, оның өмір салты, сотталғанның түсініктемесі ұсынылады.";
78-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылсын және 3) тармақша мынадай мазұндалсын мазмұны:
"1-1) айына кемінде бір рет тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша мінез-құлықты бақылауды жүзеге асырады;
3) ай сайын сотталғанды ІІО-ның есептері, сондай-ақ аумақтық ҚСжАЕК органының есептері бойынша өзіне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағанына, жаңа қылмыстар жасағанына немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына тексеріс жүргізеді;";
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"81. Шартты түрде сотталған адам оған сот жүктеген мiндеттердi орындамаған немесе Қазақстан Республикасы ҚАК 176-бабының 1-бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайта жасаған жағдайда, сондай-ақ ол пробациялық бақылаудан жасырынса, Пробация қызметі жазбаша ескерту түрінде жазалау шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау, ал кәмелетке толмаған сотталғанға қатысты – пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсынымды электронды немесе жазбаша түрде сотқа жолдайды.
Ұсынымға шартты түрде сотталған адамның жұмыс орнынан, оқу орнынан және тұрғылықты жерiнен берілген мiнездеме, Пробация қызметі қызметкерiнiң шартты түрде сотталған адамның мiнез-құлқы, оның өмір салты туралы баянаты, шартты түрде сотталған адамның түсiнiктемелерi қоса тіркеледі.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Егер сотталған баласынан бас тартса, не баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса, не бақылаудан жалтарса, немесе екі рет жазбаша ескертуден кейiн қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырса, Пробация қызметі бес жұмыс күні ішінде сотталғанның тұрғылықты жерi бойынша жазаны орындауды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталғанды сот үкiмiмен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсынымды электронды немесе жазбаша түрде сотқа енгiзедi. Ұсынымға жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот шешімінің көшірмесі және сотталғанның баланы тәрбиелеуден және оны күтуден жалтаруын растайтын материалдар, жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнен мінездемелер, басқа да құжаттар қоса берiледi.
ҚР ҚК 74-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, жазаны орындаудың кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген не жүктiлiгі үзiлген жағдайларда оны өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы мәселелерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 476-бабының 10) тармақшасына сәйкес шешіледi.";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Сот үкімінде көрсетілген кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала өлген жағдайда не жүктілік үзілген жағдайда, сотталғанның тұрғылықты жерi бойынша Пробация қызметі оның мiнез-құлқын, баланы тәрбиелеуге қатынасын ескере отырып, сотталғанды жазасының қалған бөлiгiн өтеуден босату туралы не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл түрімен ауыстыру туралы, не оны қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiне жiберу туралы бес жұмыс күні ішінде сотқа электронды немесе жазбаша түрде ұсыным жолдайды.
Ұсынымда сотталғанның жеке басын, мiнез-құлқын және жазаны өтеуді кейiнге қалдырған кезiнде оның баланы тәрбиелеуге қатынасын сипаттайтын деректерi келтiрiледi, сот актісімен тағайындалған жазаның өтелген және өтелмеген мерзімдері көрсетіледі. Ұсынымға жұмыс орнынан мiнездеме және басқа да құжаттар қоса берiледi.";
107, 108, 109, 110, 111 және 112-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Тұрғылықты жері бойынша емханаларынан арнайы медициналық комиссияның оң қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Пробация қызметі сотқа сотталғанды ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып немесе қолданбай жазасын өтеуден босату туралы ұсынымды электронды не жазбаша түрде жолдайды.
108. Пробация қызметі:
1) бас бостандығының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға ауыстыру кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесi әкімшілігінің белгілеген мерзімінде келмеуі;
2) жазаны орындауды кейінге қалдыруға байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнен босатылған күнінен бастап екi апталық мерзiмде келмеуі;
2-1) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды тағайындау кезінде сот белгілеген мерзімде келмеуі;
2-2) жаңа тұрғылықты жері бойынша (тұрақты немесе уақытша тұру) пробация қызметі белгілеген мерзімде келмеуі;
3) оны жазаны өтеуден жалтарған деп танылған жағдайда келесі күні сотталғанның орнын анықтауды және оның жалтаруы салдарын белгілеу бойынша іздестіру жөнінде бастапқы іздестіру іс-шараларын өткізеді.
Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
109. Бастапқы іздестіру іс-шаралары:
1) сотталғанның байланыстары және оның ықтимал орналасқан жері туралы мәліметтерді немесе сотталғанды іздестіруге мүмкіндік туғызатын өзге де деректерді білетін туыстарынан, көршілерінен және адамдардан сұрауды;
2) оның ықтимал орналасқан жерi туралы мәліметтерді;
3) ІІО-ның есептерi бойынша қамауға алынғандардың, сотталушылардың, тұрғылықты жері, құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарында ұсталғандардың арасында, білім беру органдарының қарамағындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, сондай-ақ медициналық мекемелердiң, мәйітханалардың есептерi бойынша бой тасалаған адамды анықтау мақсатында тексеруді;
4) iздестірудегі адамды оның туыстары мен таныстарының тұрғылықты жерi бойынша анықтау үшін қалалық, аудандық (басқарма) полиция бөлімдеріне және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Пробация қызметтеріне сұрау салуды қамтиды.
110. Бастапқы iздестiру іс-шаралары он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі және егер оның нәтижелері бойынша сотталғанның болған жерi анықталмаса, онда Пробация қызметі алдағы үш жұмыс күні ішінде іздестіру жариялау және бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсынымды электронды немесе жазбаша түрде сотқа енгізеді.
111. Іздеу жариялау туралы ұсынымға үкімнің көшірмесі, үкім заңды күшіне енгендігі туралы анықтама, бастапқы іздестіру іс-шараларының көшірмелері, жазаның өтелмеген мерзімі туралы анықтама қоса тіркеледі.
112. Сотталғанды іздестіруге жариялау туралы сот қаулысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде одан әрі іздестіру үшін бастапқы іздестіру іс-шаралары материалдарының көшірмелері криминалдық полиция қызметіне жіберіледі.";
120-тармақ алынып тасталсын;
130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"130. Пробация қызметінің бастығы немесе оны алмастыратын адам сотталғанға сот белгіленген шектеулерге сәйкес тиісті құралдарды орнатудың техникалық мүмкіндіктері болған кезде оны жеке есепке қою кезінде, сондай-ақ одан әрі жазаны орындау кезінде электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 16 және 17 параграфтармен толықтырылсын:
"Параграф 16. Сотталғандардың тұрақты тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар ету кезінде жұмысты ұйымдастыру
139. Сотталғандар тұрғылықты жерінің өзгергені туралы Пробация қызметін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Пробация қызметі сотталғаннан хабарлама алған кейін, сол күні одан көшу себебін, бірге тұратын туыстарының, таныстарының байланыстарын нақтылайды (көрсетілген қалада, ауданда, кентте, ауылда).
140. Сотталған адамнан тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы хабарлама алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Пробация қызметі (сотталған есепте тұратын жер) ОАДБ және қызметтік электрондық пошта арқылы сотталған адамды таңдаған тұрғылықты жері бойынша тексеру туралы сұрауды аумақтылығы бойынша Пробация қызметіне жібереді.
141. Сұрауды ОАДБ және қызметтік электрондық пошта арқылы алған Пробация қызметі күнтізбелік үш күн ішінде сотталған адамды тұрғылықты жері бойынша көрсетілген мекенжайда оның тұру фактісін анықтау үшін тексереді, ол туралы баянат жасалады.
Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тәулік ішінде сотталғанның таңдаған тұрғылықты жері бойынша тұратыны не тұрмайтыны туралы сұрауға жауапты ОАДБ және қызметтік электрондық пошта арқылы жібереді.
142. Пробация қызметі сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша тұратыны туралы растауды алғаннан кейін сотталған адамның жаңа тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметіне есепке қою үшін ОАБД арқылы электрондық істі жібереді, бұл оны бұрынғы тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметінің есебінен шығару үшін негіз болып табылады.
Жаңа тұрғылықты жері бойынша сотталған адамның тұрмайтыны туралы жауап алған кезде Пробация қызметі (сотталған есепте тұрған) сотталған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді.
143. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 476-бабының 1), 8) және 10) тармақтарында көзделген мәселені шешу үшін сотқа ұсыным жолдауға негіз болған жағдайда Пробация қызметі (сотталған есепте тұрған) жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыным жібереді.
Бұл ретте, сотталған адамның жаңа тұрғылықты жері бойынша Пробация қызметі қызметтік электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
Параграф 17. Әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерлерге уақытша шығу туралы хабардар ететін сотталғандарға бақылауды жүзеге асыру тәртібі
144. Сотталғандар әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге уақытша кеткені туралы Пробация қызметіне жазбаша нысанда хабарлайды.
145. Сотталған адамнан әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге уақытша кету туралы хабарлама алған күннен бастап бір тәулік мерзімде Пробация қызметі ОАДБ және қызметтік электрондық пошта арқылы хабарламада көрсетілген тұрғылықты жері (емделуі, жұмысы, оқуы) бойынша сотталған адамның уақытша тұруы туралы ақпаратты Пробация қызметіне жібереді.
Ақпаратта сотталған адамның деректері, келген күні және уақытша тұрғылықты жерінің (емдеу, жұмыс, оқу) мекенжайы, болу мерзімі мен мақсаты, сот жүктеген міндеттері көрсетіледі.
Пробация қызметі ОАДБ және қызметтік электрондық пошта арқылы ақпарат алғаннан кейін сотталғанның мінез-құлқына, сондай-ақ оның сот жүктеген және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттердің сақталуына оны өз есебіне қоймай уақытша бақылауды жүзеге асырады.
Сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру туралы ақпарат ОАДБ-ға енгізіледі, ал растайтын материалдар қызметтік электрондық пошта арқылы Пробация қызметіне (сотталған есепте тұрған) жіберіледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-1 қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 7 тамыздағы № 612 |
|
"Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасына 7-1-қосымша |
|
Нысан |
_____________________________________________________________ (аумақтық органның атауы)
Түзеу жұмыстарын өтеушінің № _____ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда) _____________________________________
Туған жылы және жері________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы __________________________________________
20___жылғы "___" _______________ ___________________________________
(соттың атауы)
ҚК-нің ________ бабы бойынша түзеу жұмыстарына.
Жәбірленушілерге арналған өтемақы қорына еңбекақының (ақшалай қамтылымның)
______ пайызын құзырет Қорына аудару мөлшері.
20___жылғы _______________ есепке алынады.
Карточканы толтырған _________________________________________
(лауазымы, тегі аты-жөні) (қолы)
Жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін өзгерткені туралы белгі қою орны:
_______________________________________________________________
Ұстап қалудың мөлшері _________%. Алынған растауға сәйкес
Ұстап қалу 20 ___ жылғы _______________ басталды.
20_жылғы "__"_____ және 20_жылғы "__"______ аралығында қамауда отырды.
Жаза мерзімінің өтелуіне ______ ай ______ күн қалды.
Жылы, ай | Кесте бойынша істелген жұмыс күнінің саны | Жұмыс атқарған күндері | Жұмыс атқармаған күндері және себептері |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Тапқан ақшасы | Жалпы аударылғаны | Аударылған күні және құжаттың № | Есеп мәліметтері тігілген істің және парақтың нөмірі |
5 | 6 | 7 | 8 |
Барлығы ___________ 20__жылғы "___"________ есептен шығарылды.
Негіздеме: __________________ __________________
(орган атауы)
_________________________ бастығы (аға инспекторы, инспекторы)
_________________________ ______________
(атағы, тегі, аты-жөні) (қолы)
20__жылғы "___" _________".