ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-2-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 11-2) тармақшасына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары бекітілсін.
2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы __________ № ___ қаулысымен бекітілді |
Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 3-2-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 11-2) тармақшасына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың, кредиттік бюролардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және коллекторлық агенттіктердің арасында мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың, микрокредиттің болуы не болмауы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ЖРАЖ ИШ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жұмылдыру ресурстарының автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі" ақпараттық жүйесі;
2) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) кредитор – екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, коллекторлық агенттік;
4) кредитор сервисі – мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтер алуға және кредиттік бюроларға мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша ұсынылған төлемді кейінге қалдыру туралы мәліметтер беруге арналған сервис;
5) кредиттік бюро сервисі – мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтер алуға және кредиторларға мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мәліметтер беруге арналған сервис.
2-тарау. Банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін мәліметтерді алмасу кезінде мемлекеттік органдар, кредиттік бюролар және кредиторлар арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну үшін мәліметтерді алмасу кезінде мемлекеттік органдар, кредиттік бюролар және кредиторлар арасындағы өзара іс-қимыл мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ЖРАЖ ИШ сервис арқылы мерзімді әскери қызметке шақырылған әрбір әскери қызметші бойынша кредиттік бюроларға мынадай мәліметтерді береді:
ЖСН;
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
туған күні;
әскер қызметке қатысты мәртебесі;
облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күні;
2) кредиттік бюро алынған мәліметтер негізінде мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшінің банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің бар-жоғын тексереді;
3) кредиттік бюро мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілердің кредиторлар алдында банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелері бар мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы мынадай мәліметтерді береді:
ЖСН;
әскери қызметке қатынасының мәртебесі;
облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының мерзімді әскери қызметке шақыру туралы бұйрығының шығарылған күні;
Кредитор сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролар сервисі арқылы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді аптасына бір рет сұратады.
4. Кредитор кредиттік бюроға "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң) 19-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мерзімде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді береді.
5. Кредиттік бюролар жылына екі рет 5 қаңтарға дейін және 5 шілдеге дейін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге берілген банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыру туралы ақпаратты ұсынады.
3-тарау. Банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер алмасу кезінде мемлекеттік органдар, кредиттік бюролар және кредиторлар арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі
6. Мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау үшін мәліметтер ұсыну мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ЖРАЖ ИШ сервис арқылы мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін әрбір әскери қызметші бойынша кредиттік бюроларға мынадай мәліметтерді береді:
ЖСН;
тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
туған күні;
әскери қызметке қатысының мәртебесі;
шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылумен байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күні не әскери бөлім командирінің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісін жеке құрамнан алып тастау туралы бұйрығының шығарылған күні;
2) алынған мәліметтер негізінде кредиттік бюро мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшіні банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың бар-жоғын тексереді;
3) кредиттік бюро осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді тексергеннен кейін банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақыны есептеуді қайта бастау үшін мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметші туралы мынадай мәліметтерді кредиторларға жібереді:
ЖСН;
әскери қызметке қатысының мәртебесі;
шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін мерзімді әскери қызметтен шығарылумен байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күні не әскери бөлім командирінің мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісін жеке құрамнан алып тастау туралы бұйрығының шығарылған күні.
Кредитордың сервисі болмаған кезде кредитор кредиттік бюролардың сервисі арқылы аптасына бір рет мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшілер туралы мәліметтерді сұратады.
7. Кредитор Кредиттік бюролар туралы заңның 19-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында белгіленген мерзімде кредиттік бюроға мерзімді әскери қызметтен шығарылған, оның ішінде шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін шығарылған әскери қызметшілерге банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтату және сыйақы есептеуді қайта бастау туралы мәліметтерді береді.