Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 тамызда № 34943 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 21.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 54 Қаулымен
бекітілген

Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидалары

      Осы Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 29-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

1-тарау. Микроқаржы омбудсманын сайлау тәртібі

      1. Микроқаржы омбудсманын Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісілген кандидаттар қатарынан Заңның 29-1-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған микроқаржы омбудсманы өкілдерінің кеңесі (бұдан әрі – Өкілдер кеңесі) үш жылға сайлайды.

      2. Микроқаржы омбудсманы етіп сайлау үшін кандидатуралар ұсынуды Өкілдер кеңесі Заңның 29-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасы негізінде жүзеге асырады.

      3. Микроқаржы омбудсманын сайлау Өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманын сайлау үшін екі және одан астам кандидатты ұсынған кезде өткізіледі.

      4. Әрбір кандидат бойынша микроқаржы омбудсманы болып сайлау үшін мынадай мәліметтер мен құжаттар қалыптастырылады:

      Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы омбудсманы лауазымына кандидат туралы мәліметтер;

      кандидаттың Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      кандидаттың микроқаржы омбудсманы лауазымына кандидатурасын ұсынуға келісімі туралы өтініші.

      5. Өкілдер кеңесіне қатысып отырған Өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу және одан да көп пайызына ие болса, Өкілдер кеңесінің отырысы заңды деп, ал кворумның талаптары сақталды деп танылады.

      6. Микроқаржы омбудсманы Өкілдер кеңесінің отырысына қатысқан Өкілдер кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады. Дауыс беру кезінде Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесінің бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.

      Микроқаржы омбудсманын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру құпия тәсілмен жүзеге асырылады, оны өткізу тәртібін Заңның 29-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасы негізінде Өкілдер кеңесі айқындайды.

      7. Микроқаржы омбудсманын сайлау туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында оның қызметке кіріскен күнін көрсете отырып, Өкілдер кеңесі сайлағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

2-тарау. Өкілеттіктері аяқталғаннан кейін микроқаржы омбудсманын сайлау тәртібі

      8. Микроқаржы омбудсманының офисі микроқаржы омбудсманы өкілеттіктерінің аяқталуынан күнтізбелік 1 (бір) ай бұрын микроқаржы омбудсманы етіп тағайындау үшін ұсынылатын кандидаттар бойынша Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға Өкілдер кеңесі бекіткен микроқаржы омбудсманы лауазымына кандидаттар тізімін береді.

      9. Уәкілетті орган Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидатты келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидатты Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.

      10. Микроқаржы омбудсманын сайлау туралы Өкілдер кеңесінің отырысы микроқаржы омбудсманының офисі микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидаттардың уәкілетті орган келіскен тізімін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

3-тарау. Микроқаржы омбудсманы қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде оны сайлау тәртібі

      11. Микроқаржы омбудсманының өкілеттігі Заңның 29-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.

1-параграф. Өкілдер кеңесінің бастамасы бойынша микроқаржы омбудсманының қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде оны сайлау тәртібі

      12. Өкілдер кеңесінің мүшесі Заңның 29-1-бабының 7-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер анықталған жағдайда Өкілдер кеңесінің басқа мүшелеріне Өкілдер кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей микроқаржы омбудсманының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша Өкілдер кеңесінің кезектен тыс отырысын шақыру туралы хабарлайды. Хабарламада өкілдер кеңесінің отырысын өткізу орны мен уақыты көрсетілуге тиіс.

      13. Өкілдер кеңесі Өкілдер кеңесі мүшесінің микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарағаннан кейін және Заңның 29-1-бабының 7-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бір немесе бірнеше негіздердің болу фактісі расталғаннан кейін микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, микроқаржы омбудсманының өкілеттігін тоқтату күні және микроқаржы омбудсманын сайлау кезеңінде микроқаржы омбудсманының міндетін атқарушы тұлға туралы шешім қабылдайды.

      14. Микроқаржы омбудсманының офисі Өкілдер кеңесі микроқаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде микроқаржы омбудсманын сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар бойынша Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы омбудсманы лауазымына кандидаттардың Өкілдер кеңесі бекіткен тізімін жібереді.

      15. Уәкілетті орган Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде микроқаржы омбудсманының сайлауы үшін кандидаттарды келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган кандидатты Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оны микроқаржы омбудсманы етіп сайлау үшін келісуден бас тартады;

      16. Микроқаржы омбудсманын сайлау туралы Өкілдер кеңесінің отырысы микроқаржы омбудсманының офисі микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидаттардың уәкілетті орган келіскен тізімін алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өткізіледі.

2-параграф. Микроқаржы омбудсманының бастамасы бойынша микроқаржы омбудсманының қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде оны сайлау тәртібі

      17. Микроқаржы омбудсманы өкілеттігі тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын өзінің бастамасымен Өкілдер кеңесінің мүшелеріне өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату шешімі туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      18. Микроқаржы омбудсманының офисі микроқаржы омбудсманының өкілеттіктерін тоқтатудан күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын микроқаржы омбудсманын сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар бойынша Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы омбудсманы лауазымына кандидаттардың Өкілдер кеңесі бекіткен тізімін жібереді.

      19. Уәкілетті орган Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген ақпарат пен құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидатты келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті орган микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидатты Заңның 29-2-бабының 1-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.

      20. Микроқаржы омбудсманын сайлау туралы Өкілдер кеңесінің отырысы микроқаржы омбудсманының офисі микроқаржы омбудсманын сайлау үшін кандидаттардың уәкілетті орган келіскен тізімін алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өткізіледі.

4-тарау. Микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыру тәртібі

      21. Микроқаржы омбудсманы жеке тұлғаның және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ Заңның 29-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен оның өтініші бойынша жеке тұлға арасында жасалған микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді өтеусіз негізде жүзеге асырады.

      22. Микроқаржы омбудсманының қызметі, оның ішінде дуларды шешу және шешімдер қабылдау бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері микроқаржы омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      23. Микроқаржы омбудсманы уәкілетті органның сұратуы бойынша жеке тұлғалардың дауларын шешу бойынша келіп түскен және қаралған өтініштер, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен коллекторлық агенттіктер қабылдаған шешімдер және олардың орындалуы туралы ақпарат береді.

  Микроқаржы омбудсманын
сайлау, оның қызметін
мерзімінен бұрын тоқтату және
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Микроқаржы омбудсманының лауазымына кандидат туралы мәліметтер ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), лауазымы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және туған орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырып алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері) және жекжаттар (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырып алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері):

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс істеген кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Қызметтен шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

Өзге мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: осы тармақта кандидаттың еңбек қызметі, оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, лауазымын көрсете отырып еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

      5. Кандидаттың уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшы қызметкері болғандығы немесе болмағандығы туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеген кезеңін көрсету)

      Микроқаржы ұйымында және (немесе) коллекторлық агенттікте қызмет атқармайтынымды, жақын туыстарымның, жұбайымның (зайыбымның) және (немесе) жекжаттарымның уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істемейтінін, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің бар екенін растаймын.

      Осы ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

      _____________________________________________________________

      (кандидат өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы___________________________

Об утверждении Правил избрания, досрочного прекращения и осуществления деятельности микрофинансового омбудсмана

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 54. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 августа 2024 года № 34943.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 21.12.2024

      В соответствии с пунктом 4 статьи 29-1 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила избрания, досрочного прекращения и осуществления деятельности микрофинансового омбудсмана.

      2. Департаменту защиты прав потребителей финансовых услуг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 21 декабря 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

  Утверждены постановлением
Правления Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
от 16 августа 2024 года № 54

Правила избрания, досрочного прекращения и осуществления деятельности микрофинансового омбудсмана

      Настоящие Правила избрания, досрочного прекращения и осуществления деятельности микрофинансового омбудсмана (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 29-1 Закона Республики Казахстан "О микрофинансовой деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок избрания, досрочного прекращения и осуществления деятельности микрофинансового омбудсмана.

Глава 1. Порядок избрания микрофинансового омбудсмана

      1. Микрофинансовый омбудсман избирается Советом представителей микрофинансового омбудсмана, сформированным в соответствии с пунктом 3 статьи 29-1 Закона (далее – Совет представителей) на три года из числа кандидатов, согласованных уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее – уполномоченный орган), на соответствие требованиям, установленным пунктом 1 статьи 29-2 Закона.

      2. Предложение кандидатур для избрания микрофинансовым омбудсманом осуществляется Советом представителей на основании подпункта 1) пункта 5 статьи 29-1 Закона.

      3. Избрание микрофинансового омбудсмана проводится при предложении Советом представителей двух и более кандидатов для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      4. По каждому кандидату для избрания микрофинансовым омбудсманом формируются следующие сведения и документы:

      сведения о кандидате на должность микрофинансового омбудсмана по форме согласно приложению к Правилам;

      копии документов, подтверждающих соответствие кандидата требованиям, установленным пунктом 1 статьи 29-2 Закона;

      заявление кандидата о согласии на выдвижение его кандидатуры на должность микрофинансового омбудсмана.

      5. Заседание Совета представителей признается правомочным, а условия кворума соблюденными, если присутствующие на нем члены Совета представителей обладают в совокупности пятьюдесятью и более процентами от общего числа голосов.

      6. Микрофинансовый омбудсман избирается большинством голосов членов Совета представителей, присутствовавших на заседании Совета представителей. Каждый член Совета представителей при голосовании имеет один голос. При равенстве голосов, голос представителя уполномоченного органа является решающим.

      Голосование по вопросу избрания микрофинансового омбудсмана осуществляется тайным способом, порядок проведения которого на основании подпункта 1) пункта 5 статьи 29-1 Закона определяется Советом представителей.

      7. Информация об избрании микрофинансового омбудсмана размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа в течение 2 (двух) рабочих дней после его избрания Советом представителей с указанием даты вступления его в должность.

Глава 2. Порядок избрания микрофинансового омбудсмана по истечении его полномочий

      8. Офис микрофинансового омбудсмана не позднее 1 (одного) календарного месяца до даты истечения полномочий микрофинансового омбудсмана предоставляет в уполномоченный орган утвержденный Советом представителей список кандидатов на должность микрофинансового омбудсмана с приложением сведений и документов, указанных в пункте 4 Правил, по предлагаемым кандидатам для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      9. Уполномоченный орган в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня поступления сведений и документов, указанных в пункте 8 Правил, принимает решение о согласовании либо отказе в согласовании кандидата для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      Уполномоченный орган отказывает в согласовании кандидата для избрания микрофинансовым омбудсманом в случае его несоответствия одному или нескольким требованиям, установленным пунктом 1 статьи 29-2 Закона.

      10. Заседание Совета представителей об избрании микрофинансового омбудсмана проводится не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня получения офисом микрофинансового омбудсмана согласованного уполномоченным органом списка кандидатов для избрания микрофинансовым омбудсманом.

Глава 3. Порядок досрочного прекращения деятельности микрофинансового омбудсмана и его избрания при досрочном прекращении

      11. Полномочия микрофинансового омбудсмана прекращаются досрочно по основаниям, предусмотренным пунктом 7 статьи 29-1 Закона.

Параграф 1. Порядок избрания микрофинансового омбудсмана при досрочном прекращении его деятельности по инициативе Совета представителей

      12. В случае выявления оснований, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) части первой пункта 7 статьи 29-1 Закона, член Совета представителей извещает остальных членов Совета представителей о созыве внеочередного заседания Совета представителей по вопросу прекращения полномочий микрофинансового омбудсмана, не позднее чем за 5 (пять) рабочих дней до проведения внеочередного заседания Совета представителей. В извещении указывается место и время проведения заседания Совета представителей.

      13. Совет представителей после рассмотрения ходатайства члена Совета представителей о досрочном прекращении полномочий микрофинансового омбудсмана и подтверждения факта наличия одного или нескольких оснований, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) части первой пункта 7 статьи 29-1 Закона, принимает решение о досрочном прекращении полномочий микрофинансового омбудсмана, дате прекращения полномочий микрофинансового омбудсмана, и лице, исполняющего обязанность микрофинансового омбудсмана на период избрания микрофинансового омбудсмана.

      14. Офис микрофинансового омбудсмана в течении 10 (десяти) календарных дней после принятия Советом представителей решения о досрочном прекращении полномочий микрофинансового омбудсмана направляет в уполномоченный орган утвержденный Советом представителей список кандидатов на должность микрофинансового омбудсмана с приложением сведений и документов, указанных в пункте 4 Правил, по предлагаемым кандидатам для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      15. Уполномоченный орган в течение 10 (десяти) календарных дней со дня поступления сведений и документов, указанных в пункте 14 Правил, принимает решение о согласовании либо отказе в согласовании кандидатов для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      Уполномоченный орган отказывает в согласовании кандидата для избрания микрофинансовым омбудсманом в случае его несоответствия одному или нескольким требованиям, установленным пунктом 1 статьи 29-2 Закона.

      16. Заседание Совета представителей об избрании микрофинансового омбудсмана проводится не позднее 10 (десяти) календарных дней со дня получения офисом микрофинансового омбудсмана согласованного уполномоченным органом списка кандидатов для избрания микрофинансовым омбудсманом.

Параграф 2. Порядок избрания микрофинансового омбудсмана при досрочном прекращении его деятельности по инициативе микрофинансового омбудсмана

      17. Микрофинансовый омбудсман за месяц до прекращения полномочий по своей инициативе направляет письменное уведомление членам Совета представителей о решении досрочного прекращения своих полномочий.

      18. Офис микрофинансового омбудсмана не позднее 20 (двадцати) календарных дней до даты прекращения полномочий микрофинансового омбудсмана направляет в уполномоченный орган утвержденный Советом представителей список кандидатов на должность микрофинансового омбудсмана с приложением сведений и документов, указанных в пункте 4 Правил по предлагаемым кандидатам для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      19. Уполномоченный орган в течение 10 (десяти) календарных дней со дня поступления сведений и документов, указанных в пункте 18 Правил, принимает решение о согласовании либо отказе в согласовании кандидатов для избрания микрофинансовым омбудсманом.

      Уполномоченный орган отказывает в согласовании кандидата для избрания микрофинансовым омбудсманом в случае его несоответствия одному или нескольким требованиям, установленным пунктом 1 статьи 29-2 Закона.

      20. Заседание Совета представителей об избрании микрофинансового омбудсмана проводится не позднее 10 (десяти) календарных дней со дня получения офисом микрофинансового омбудсмана согласованного уполномоченным органом списка кандидатов для избрания микрофинансовым омбудсманом.

Глава 4. Порядок осуществления деятельности микрофинансового омбудсмана

      21. Микрофинансовым омбудсманом на безвозмездной основе осуществляется урегулирование разногласий, возникающих из договора о предоставлении микрокредита, заключенного между организацией, осуществляющей микрофинансовую деятельность, и физическим лицом по его обращению, с целью достижения согласия об удовлетворении прав и охраняемых законом интересов физического лица и организации, осуществляющей микрофинансовую деятельность, а также в случаях, предусмотренных пунктом 2 статьи 29-1 Закона.

      22. Деятельность микрофинансового омбудсмана, в том числе порядок и сроки рассмотрения обращений по разрешению споров и принятию решений, осуществляется на основании внутренних правил микрофинансового омбудсмана.

      23. Микрофинансовый омбудсман по запросу уполномоченного органа предоставляет информацию о поступивших и рассмотренных обращениях по разрешению споров физических лиц, принятых решениях и их исполнении организациями, осуществляющими микрофинансовую деятельность, и коллекторскими агентствами.

  Приложение к Правилам
избрания, досрочного прекращения
и осуществления деятельности
микрофинансового омбудсмана
  Форма

Сведения о кандидате на должность микрофинансового омбудсмана
______________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем
личность), должность)

      1. Общие сведения:

Дата и место рождения


Гражданство


Данные документа, удостоверяющего личность, индивидуальный идентификационный номер (если указано в документе, удостоверяющем личность)


      2. Образование:

Наименование учебного заведения

Год поступления - год окончания

Специальность

Реквизиты диплома об образовании (дата и номер)

1

2

3

4

5






      3. Сведения о супруге, близких родственниках (родители, дети, усыновители (удочерители), усыновленные (удочеренные), полнородные и неполнородные братья и сестры, дедушка, бабушка, внуки) и свойственниках (родители, дети, усыновители (удочерители), усыновленные (удочеренные), полнородные и неполнородные братья и сестры, дедушка, бабушка, внуки супруга (супруги):

Фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность)

Год рождения

Родственные отношения

Место работы и должность

1

2

3

4

5






      4. Сведения о трудовой деятельности:

Период работы

Место работы

Должность

Наличие дисциплинарных взысканий

Причины увольнения, освобождения от должности

Иные сведения

1

2

3

4

5

6

7








      Примечание: в данном пункте указываются сведения о трудовой деятельности кандидата, в том числе с момента окончания высшего учебного заведения, с указанием должности, а также период, в течение которого кандидатом трудовая деятельность не осуществлялась.

      5. Сведения о том, являлся ли кандидат ранее руководящим работником финансовой организации в период не более чем за один год до принятия уполномоченным органом решения об отнесении банка к категории неплатежеспособных банков, о принудительном выкупе акций банка, лишении лицензии финансовой организации, а также принудительной ликвидации финансовой организации или признании ее банкротом в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
_________________________________________________________________
(да (нет), указать наименование организации, должность, период работы)

      Подтверждаю, что не занимаю должность в микрофинансовой организации и (или) коллекторском агентстве, не имею близких родственников, супруга (супругу) и (или) свойственников, работающих в должности руководителя уполномоченного органа, Национального Банка Республики Казахстан или их заместителей, а также руководителя структурного подразделения уполномоченного органа, Национального Банка Республики Казахстан, а также подтверждаю наличие безупречной деловой репутации.

      Подтверждаю, что настоящая информация была проверена мною и является достоверной и полной.

      Фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность)
_____________________________________________________________
(заполняется кандидатом собственноручно печатными буквами)
Подпись ___________________________