ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2024 жылғы 22 тамыздағы № 368-НҚ Бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8581 тіркелген).
2. "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21094 болып тіркелген).
3. "Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 90 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22331 болып тіркелген).