"Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 наурызда № 22331 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 368-НҚ бұйрығымен.


      "Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 22.08.2024 № 368-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8581 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 14 тамызда № 189 (28128) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Журналистерді аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі       А. Балаева


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бiлiм және ғылым министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Қаржы

      нарығын реттеу және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Республикалық бюджеттің

      атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және

      қоғамдық даму министрі

      2021 жылғы 11 наурыздағы

      № 90 бұйрығына

      қосымша

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрінің

      2013 жылғы 21 маусымдағы

      № 138 бұйрығымен

      бекітілген

      Журналистерді аккредиттеу қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Журналистерді аккредиттеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының (бұдан әрі – аккредиттеуші ұйым(дар)) бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;

      2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;

      3) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

      4) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

      5) журналист – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;

      6) жүргізуші – іс-шараға қатысушылардың іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті тұлға;

      7) меншік иесі – бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.

      2-тарау. Журналистерді аккредиттеу тәртібі

      3. Журналистерді аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелетін журналистердің тұрған жеріне және тұрақты тұратын жеріне қарамастан аккредиттеуші ұйымның жанында өткізіледі.

      4. Журналистерге тұрақты аккредиттеу кемінде бір жыл мерзімге беріледі.

      Тұрақты аккредиттеу мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініште көрсетіледі.

      5. Аккредиттеуші ұйымның жанында журналисті тұрақты аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Өтінішті қарау мерзімі Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

      6. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты редакциялық тапсырманы орындау үшін немесе тұрақты аккредиттелген журналист ауырған жағдайда, демалыста, іссапарда немесе нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі.

      7. Аккредиттеуші ұйымның жанында журналисті уақытша аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      8. Аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілген аккредиттеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште тікелей аккредиттеуші органға не электрондық форматта оның ресми интернет-ресурсына беріледі.

      Егер өтініш бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкілінен берілген жағдайда, өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, журналистке аккредиттеу жүргізуге редакция өкілінің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.

      9. Өтінішті қарау нәтижесі оң болған жағдайда аккредиттеуші ұйым өтініш берушіні журналистің аккредиттелгені туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.

      10. Тұрақты аккредиттеу рәсімінен өткен журналистер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттелген журналистер тізіліміне енгізіледі.

      Аккредиттелген журналистердің тізілімі аккредиттеуші ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

      11. Аккредиттеуші ұйым журналисті аккредиттеуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) осы Қағидалардың 5, 7, 8-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбау;

      2) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      3) Заңның 4-3-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жүргізетін есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктердің, интернет-ресурстардың тізілімінде және (немесе) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес теле -, радиоарналардың есепке қойылған ашық деректерде болмауы.

      12. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелген журналисті басқа журналистпен ауыстырған жағдайда, оны аккредиттеу осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      13. Журналистпен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы шарт бұзылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде аккредиттеуші ұйымды жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.

      14. Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес аккредиттеуші ұйымдар аккредиттелген журналистерді:

      1) бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайына іс-шаралар туралы алдын ала хабарлаумен:

      жоспарлы – екі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      жоспардан тыс – оларды жүргізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі сағат ішінде;

      2) мемлекеттік құпияларды құрайтын, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған мәліметтерді қамтитын олардың фрагменттерін қоспағанда, стенограммалармен, хаттамалармен, құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді.

      15. Аккредиттелген журналистің іс-шараларға қол жеткізуін аккредиттеуші ұйым журналистің куәлігін көрсету бойынша қамтамасыз етеді.

      16. Іс-шараға қатысушылардың тақырыпты (мазмұнды), уақытша регламентті, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші қамтамасыз етеді.

      17. Аккредиттелген журналист Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда аккредиттеуден айырылады.

      18. Журналисті аккредиттеуден айыру туралы шешім жазбаша ресімделеді және оның себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болады.

      Журналисті аккредиттеуден айыру туралы шешім журналисті аккредиттеуге өтініш берілген бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне не редакциясына аккредиттеуді тоқтату туралы шешімге қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Журналистерді аккредиттеу қағидаларына

      1-қосымша

      Нысан

      _______________________________

      кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

      ______________________________

      кімнен (бұқаралық ақпарат

      құралының атауы)

      Журналисті (журналистерді) тұрақты аккредиттеу туралы Өтініш

      Сізден журналисті (терді) аккредиттеуді сұраймын ____________________.

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы, аккредиттеу кезеңі)

      Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: _____________________________;

      2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғаларға) және орналасқан жері (заңды тұлғаларға): ___________________________________;

      3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: ________________________________________________________.

      Қоса ұсынылған құжаттар: аккредиттелуші журналистің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі.

      Өтініште аталған журналист (-тер) ____________________________________

      (бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскерлері болып табылатынын растаймын.

      _____________________

      (бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының уәкілетті өкілінің қолы)

      20__жылғы "___" ________________

      Журналистерді аккредиттеу қағидаларына

      2-қосымша

      Нысан

      _______________________________

      кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

      _______________________________

      кімнен (бұқаралық ақпарат

      құралының атауы)

      Журналисті (журналистерді) уақытша аккредиттеу туралы Өтініш

      Сізден журналисті (терді) аккредиттеуді сұраймын ___________________.

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы, іс-шараның атауы және өткізу мерзімі)

      Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: ___________________________;

      2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғаларға) және орналасқан жері (заңды тұлғаларға): __________________________________;

      3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: __________________________________________________.

      Қоса ұсынылған құжаттар: аккредиттелуші журналистің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі.

      Өтініште аталған журналист (-тер) ____________________________________

      (бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскерлері болып табылатынын растаймын.

      _____________________

      (бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының уәкілетті өкілінің қолы)

      20__жылғы "___" _________

      Журналистерді аккредиттеу қағидаларына

      3-қосымша

      Нысан

      Аккредиттелген журналистер тізілімі

Журналистің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бұқаралық ақпарат құралының атауы

Аккредиттеудің қолданылу мерзімі











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады