Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 333-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлері үшін өлшемшарттары бекітілсін.
2. "Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанында:
2-бөлімінде "2. Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу кестесі":
"Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу кестесінің жалғасы" кестесі жаңа редакцияда жазылсын:
" Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу кестесінің жалғасы
Есепті кезеңде кәсіпорынның өзі қалпына келтірді, тонна | Қайталама шикізат мәртебесіне көшті | Сұрыпталған, тонна | Қолданылған қалпына келтіру технологиялары | Өз объектілерінде (полигондар, қалдық қоймалары және басқалар) қауіпті емес қалдықтар жойылды, тонна | Кейіннен қалпына келтіру немесе бөгде ұйымдарға беру үшін жинақталған, тонна | ||||
қайта пайдаланылды | қайта өңделген | жойылды | |||||||
энергия алу арқылы | басқа жолмен | жерленген | жойылды | ||||||
13 | 14 | 15 | 16 | 16-1 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
... | ... | ... | … | ... | ... | ... | ... | ... |
";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндіруде Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп (индекс 1-ҚТ, кезеңділігі жылдық) көрсетілген бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес:
оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу кестесінің 16-1-бағанында барлық жолдар бойынша есепті кезеңде объектіде дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауыстырылған тиісті қалдықтардың көлемі көрсетіледі. 16-1-бағандағы көлемдер 13 – 16-бағандардың көлемінен аспауы тиіс.".
3. "Тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 332 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14120 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратура
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 26 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген |
Қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлерінің тізбесі
№ | Қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлерінің атауы |
1 | пластмассаның, пластиктің, полиэтиленнің, полиэтилентерефталаттың қаптамалары |
2 | макулатура (қағаз және картон қалдықтары) |
3 | пайдаланылған шыны ыдыстар мен шыны ыдыстар |
4 | түсті және қара металл сынықтарының қалдықтары |
5 | пайдаланылған шиналар |
6 | тоқыма өнімінің қалдықтары |
7 | ағаш қалдықтары |
8 | қауіпті емес құрылыс қалдықтары |
бұйрығымен бекітілген |
Қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлері үшін өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлеріне арналған өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 333-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және осы бұйрықпен бекітілген Қалдықтардың мәртебесін жоғалтатын және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысатын қалдықтардың жекелеген түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес қалдықтарды түзушілер қалдықтарға қолданады.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) қызметті жүзеге асыру процесінде қалдықтар түзілетін кез келген тұлға (қалдықтарды бастапқы түзуші) немесе осындай қалдықтардың қасиеттерінің немесе құрамының өзгеруіне әкелетін өңдеуді, араластыруды немесе өзге де операцияларды жүзеге асыратын кез келген тұлға (қалдықтарды қайталама түзуші) қалдықтарды түзуші деп танылады;
2) объектінің операторы деп меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект бар жеке немесе заңды тұлға түсініледі.
3. Өлшемшарттар мынадай шарттар:
1) зат немесе материалдар өндірісте белгілі бір мақсатта пайдаланылған;
2) Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде затты немесе материалды өткізу үшін нарық немесе сұраныс болған;
3) заттың немесе материалдардың тиісті өнімге немесе оны белгілі бір мақсатта пайдалануға қойылатын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген;
4) затты немесе материалдарды пайдаланудың қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиянды әсер етуге алып келмеген кезде қолданылады.
4. Қалдықтарды түзушілер Тізбе мен Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауыстырылған қалдықтардың есебін дербес жүргізеді.
Қалдықтарды есепке алу объект операторының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жүргізіледі. Қалдықтар туралы есеп бес жыл сақталады.
5. Қалдықтардың мәртебесін жоғалтқан және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына өткен қалдықтар туралы ақпаратты қалдықтарды түзуші объектілердің операторлары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26577 болып тіркелген) сәйкес белгіленген Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұсынатын қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепте көрсетеді.
6.I және II санаттағы объектілердің операторлары, сондай-ақ осы Өлшемшарттардың 7-тармағының 1) тармақшасының сақталуын ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау, өңдеу, оның ішінде залалсыздандыру, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын адамдар осы Өлшемшарттарда көрсетілген қалдықтарды қайта пайдалану үшін шикізат ретінде пайдалану туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23917 болып тіркелген) Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларының нормаларына сәйкес әзірленген қалдықтарды басқару бағдарламаларында одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату көрсетеді.
Осы Өлшемшарттардың 7-тармағының 1) тармақшасының нормаларына сәйкес III және IV санаттағы объектілердің операторлары Тізбеде көрсетілген қалдықтарды қайта пайдалану, одан әрі қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін шикізат ретінде пайдалану туралы мәліметтерді көрсете отырып, құжат әзірлейді және ақпарат беруге жауапты объект операторының лауазымды адамы қол қояды.
2-тарау. Қалдықтарды дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына жатқызу өлшемшарттары
7. Мыналар Өлшемшарттар болып табылады:
1) қайта пайдалану, одан әрі өңдеу және кәдеге жарату үшін шикізат ретінде пайдаланылатын қалдықтар;
2) салмағы бойынша 2%-дан (екі пайыз) асатын материалдары (қоспалары) жоқ қалдықтардың әрбір партиясының құрамы.
Материалдар (қоспалар): шаң, топырақ, оқшаулау, химиялық немесе биологиялық ыдырайтын заттар, бетон және құбырлар (бетонмен, ағаш фрагменттерімен немесе топырақпен толтырылған), болат балқыту процестері, болатты термиялық өңдеу процестері, бетті өңдеу процестері (оның ішінде тазалау, тегістеу, аралау, дәнекерлеу және отты кесу) нәтижесінде пайда болатын қалдықтар), мысалы, қож, масштабтау, шаң жинау жүйесіндегі шаң, тегістеу шаңы, шлам;
3) құрамында мұнай, мұнай өнімдері жоқ, оның ішінде майлармен, май эмульсияларымен, майлау майларымен және майлармен ластанбаған қалдықтар, тамшы түзілумен бірге жүрмейтін шамалы мөлшерді қоспағанда;
4) жабындар, бояулар түріндегі поливинилхлориді жоқ қалдықтар;
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 314 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23903 болып тіркелген) қалдықтар жіктеуішіне сәйкес қауіпті емес деп жіктелетін қалдықтар.
Дайын өнім немесе қайталама ресурс санатына ауыстырылған қалдықтардың есебін жүргізу нысаны
№ р/н | Қалдықтардың түрлері | Күні | Түзілген меншікті қалдықтардың саны, (тонна) | Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан алынған қалдықтардың саны | Қалдықтардың Қайталама шикізатқа өту өлшемшарттары | Технологияны пайдалану (бар болса), зертханалық зерттеулер | Қалдықтарды қайталама шикізатқа ауыстыру күні | ||
барлығы, тонна | оның ішінде импорт бойынша, тонна | Деректемелер (БСН/ЖСН, жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы, қалдықтарды иеліктен шығару туралы мәміле шарты (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе басқалар) | |||||||
1 | |||||||||
2 |
*Ескертпе:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі