БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім үлгілерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді:
1) сұр түсті берет;
2) қою көк түсті пиджак;
3) сұр түсті белдемше;
4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;
5) жеңі қысқа ақ түсті жейде;
6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
7) қою көк түсті тері күрте;
8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;
9) сұр түсті кашне;
10) қара түсті жылы етік;
11) қара түсті туфли;
12) сұр түсті шалбар.
2-сурет.
Ескертпе: 1 – күнделікті форма; 2 – жазғы форма; 3 – қысқы форма; 4 – шалбары бар күнделікті форма.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше (3-1-сурет):
3-1-сурет
Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:
"
24. | сигналдық кеудеше | Дана | 1 | 36 |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары (бұдан әрі – нысанды киім) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және функционалдық міндеттеріне кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды тікелей жүзеге асыру жөніндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін үйлестіру және бақылау кіретін мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім кию тәртібін айқындайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды орындау кезінде мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері кеудеше киеді.
Бұл ретте кедендік бақылау аймағынан тыс жерлерде көлік құралдарын тоқтатқан және кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ нашар көріну (тұман, жаңбыр) жағдайында және тәуліктің қараңғы уақытында (ымырт, түн) мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері кеудеше киеді.
Кеудеше және сигналдық кеудеше нысанды киімнің сыртынан киіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 29 тамыздағы № 591 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына 2-қосымша |
Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің тізбесі
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бөлімше басшысы.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бөлімше басшысының орынбасары.
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бас сарапшысы.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның сарапшысы.
5. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы.
6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары.
7. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің басшысы.
8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының бас маманы.
9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының жетекші маманы.
10. Кеден басшысы.
11. Кеден басшысының орынбасары.
12. Кеден басқармасының басшысы.
13. Кеден бөлімінің басшысы.
14. Кеденнің бас маманы.
15. Кеденнің жетекші маманы.
16. Кеден бекетінің басшысы.
17. Кеден бекеті басшысының орынбасары.
18. Кеден бекетінің бас маманы.
19. Кеден бекетінің жетекші маманы.