Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай - ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 16435 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.

      2. Бекітілген нормаларды іске асыру тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.

      3. "Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тізбесін, оны киіп жүру қағидаларын және айырым белгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11242 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялану және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 168 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері
1-тарау. Ерлерге арналған нысанды киімнің үлгілері

      1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (1-сурет) мыналар кіреді:

      1) қою көк түсті фуражка;

      2) қою көк түсті пиджак;

      3) сұр түсті шалбар;

      4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;

      5) қысқа жеңді ақ түсті жейде;

      6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;

      7) қою көк түсті тері күрте;

      8) қою көк түсті теріден тігілген құлақшын;

      9) сұр түсті кашне;

      10) қара түсті жылы қысқа етік;

      11) қара түсті туфли;

      12) қара түсті белдік.



      1-сурет

      Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.

2-тарау. Әйелдерге арналған нысанды киім үлгілерінің тізбесі

      2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді:

      1) сұр түсті берет;

      2) қою көк түсті пиджак;

      3) сұр түсті белдемше;

      4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;

      5) жеңі қысқа ақ түсті жейде;

      6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;

      7) қою көк түсті тері күрте;

      8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;

      9) сұр түсті кашне;

      10) қара түсті жылы етік;

      11) қара түсті туфли;

      12) сұр түсті шалбар.



2-сурет.

      Ескертпе: 1 – күнделікті форма; 2 – жазғы форма; 3 – қысқы форма; 4 – шалбары бар күнделікті форма.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Нысанды киімнің кеудеше үлгілері

      3. Ерлерге және әйелдерге арналған қою көк түсті кеудеше (3-сурет):




      3-сурет

      Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.

      3-1. Ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше (3-1-сурет):



3-1-сурет

      Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.

      Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығы

      4. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді (4-сурет):

      1) камуфляжды сұр түсті күрте;

      2) камуфляжды сұр түсті шалбар;

      3) камуфляжды сұр түсті кепеш;

      4) камуфляжды сұр түсті футболка;

      5) қара түсті биік қонышты бөтеңке.



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 168 бұйрығына
2-қосымша

Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бөлімше басшысы.

      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бөлімше басшысының орынбасары.

      3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның бас сарапшысы.

      4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның сарапшысы.

      5. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы.

      6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары.

      7. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің басшысы.

      8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының бас маманы.

      9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының жетекші маманы.

      10. Кеден басшысы.

      11. Кеден басшысының орынбасары.

      12. Кеден басқармасының басшысы.

      13. Кеден бөлімінің басшысы.

      14. Кеденнің бас маманы.

      15. Кеденнің жетекші маманы.

      16. Кеден бекетінің басшысы.

      17. Кеден бекеті басшысының орынбасары.

      18. Кеден бекетінің бас маманы.

      19. Кеден бекетінің жетекші маманы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 168 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің
заттай нормалары

      Ескерту. Нормаларына өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р №

Заттардың атауы

Өлшем бірлігі

Бір қызметкерге заттардың саны

Кию мерзімі
(айларда)

1

Фуражка

Дана

1

24

2

Берет

Дана

1

36

3

Теріден тігілген құлақшын

Дана

1

36

4

Теріден тігілген күрте

Дана

1

36

5

Пиджак шалбарымен

Жиынтық

1

24

6

Пиджак белдемшемен

Жиынтық

1

24

7

Шалбар

Дана

1

24

8

Белдемше

Дана

1

24

9

Ұзын жеңді ақтүсті жиде

Дана

2

24

10

Қысқа жеңді ақ түсті жиде

Дана

2

12

11

Ерлердің қысқа етігі

Жұп

1

24

12

Әйелдердің етігі

Жұп

1

24

13

Ерлердің туфлиі

Жұп

1

12

14

Әйелдердің туфлиі

Жұп

1

12

15

Кашне

Дана

1

36

16

Галстук

Дана

1

24

17

Белдік

Дана

1

24

18

Кеудеше

Дана

1

24

19

Далалық күрте мен шалбар

Жиынтық

1

24

20

Далалық жылы күрте мен шалбар

Жиынтық

1

24

21

Биік қонышты далалық бәтеңке

Жұп

1

24

22

Биік қонышты далалық жылы бәтеңке

Жұп

1

24

23

Футболка

Дана

1

12

24.

сигналдық кеудеше

Дана

1

36

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 168 бұйрығына
4-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiсi

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының логотипі және пиджактың оң жақтағы және жиденің сол жақтағы қалталарының қақпаларында орналасқан "КЕДЕН CUSTOMS" жазбасы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi болып табылады.

      Қалтаның қақпасындағы жазба мен логотип сұр түсті жібек жіппен кестеленіп тігіледі.

      2. Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерiнің үлгісі (2-сурет):



      Сурет

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 168 бұйрығына
5-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары (бұдан әрі – нысанды киім) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және функционалдық міндеттеріне кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды тікелей жүзеге асыру жөніндегі аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметін үйлестіру және бақылау кіретін мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің нысанды киім кию тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Нысанды киім ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.

      3. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

      4. Нысанды киіммен қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.

      5. Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне берілетін нысанды киім кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының меншігі болып табылады және қызметкерді жұмыстан босату кезінде қайтарылуға жатады.

2-тарау. Нысанды киім кию қағидалары

      6. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті.

      7. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген. Пиджак қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.05.2021 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте болатындай етіп, ал фуражканың күн қағары – қастың деңгейінде киіледі. Кокарданың ортасы қастың ортасына орналасады. Барлық бас киімдер қисайтылмай тік киіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.05.2021 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Пиджак барлық түймелеріне салынады.

      10. Аяқ киім тазаланған.

      11. Кашне күрте жағасының астына салынып киіледі. Кашненің жоғарғы шеті жағаның үстінен 1-2 сантиметр біркелі шығып тұрады.

      12. Жазғы уақытта пиджаксыз галстукпен ұзын жеңді жидені, сондай-ақ галстуксыз, үстіңгі түймесін ағытып, қысқа жеңді жидені киюге рұқсат етіледі.

      13. Мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды орындау кезінде мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері кеудеше киеді.

      Бұл ретте кедендік бақылау аймағынан тыс жерлерде көлік құралдарын тоқтатқан және кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ нашар көріну (тұман, жаңбыр) жағдайында және тәуліктің қараңғы уақытында (ымырт, түн) мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде кедендік операцияларды және (немесе) кедендік бақылауды жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органының жұмыскерлері кеудеше киеді.

      Кеудеше және сигналдық кеудеше нысанды киімнің сыртынан киіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.08.2024 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады