"Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 141-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте № 35043 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Террористік тұрғыдан осал су шаруашылығы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:

      4-тармақтын 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын сараланған талаптарды белгілеу мақсатында терроризм актісі жасалуының ықтимал салдарларына қарай және оның инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңыздылығы негізінде су шаруашылығы объектілерін топтарға бөлу жүргізіледі:

      1-топ – қирауы жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін объектілер;

      2-топ – қирауы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін объектілер.

      Төтенше жағдай "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес жергілікті, жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай ретінде жіктеледі.

      Объектілердің топқа тиесілігі жұмыс істеп тұрған (пайдаланылатын) объектілерге қатысты, объектілерді пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ бұрын жатқызылған топтың өзгеруіне әсер етуі мүмкін объектілердің сипаттамалары өзгерген жағдайда қаралады.

      Объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарлары қайтыс болуы немесе денсаулығына зиян келтіруі мүмкін адамдардың саны және ықтимал материалдық нұқсан туралы болжамды көрсеткіштер негізінде айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 15 февраля 2023 года № 45 "Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов водного хозяйства, уязвимых в террористическом отношении"

Приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 6 сентября 2024 года № 141-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 сентября 2024 года № 35043

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 15 февраля 2023 года № 45 "Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов водного хозяйства, уязвимых в террористическом отношении" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31923) следующие изменения:

      в Инструкции по организации антитеррористической защиты объектов водного хозяйства, уязвимых в террористическом отношении, утвержденной указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "3) система видеонаблюдения – совокупность камер видеонаблюдения, линий передачи данных, программных и технических средств и хранения видеозаписей, а также программных и (или) технических средств управления, осуществляющих информационный обмен между собой;";

      пункт 51 изложить в следующей редакции:

      "51. В целях установления дифференцированных требований к антитеррористической защищенности объектов в зависимости от возможных последствий совершения акта терроризма и на основании его значимости для инфраструктуры и жизнеобеспечения проводится разделение объектов водного хозяйства на группы:

      1-группа – объекты, разрушение которых может привести к чрезвычайным ситуациям глобального или регионального масштаба;

      2-группа – объекты, разрушение которых может привести к чрезвычайным ситуациям местного масштаба.

      Чрезвычайная ситуация классифицируется как чрезвычайная ситуация местного, глобального или регионального масштабов в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 10 мая 2023 года № 240 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32469).

      Принадлежность объектов к группе рассматривается в отношении функционирующих (эксплуатируемых) объектов, при вводе объектов в эксплуатацию, а также в случае изменения характеристик объектов, которые могут повлиять на изменение ранее отнесенной группы.

      Возможные последствия совершения акта терроризма на объекте определяются на основании прогнозных показателей о количестве людей, которые могут погибнуть или получить вред здоровью, и о возможном материальном ущербе.".

      2. Управлению по мобилизационной подготовке и гражданской обороне Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр водных ресурсов
и ирригации
Республики Казахстан
Н. Нуржигитов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет Национальной Безопасности
Республики Казахстан