Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35052 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 22-1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2024 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 12-НҚ нормативтік
қаулысымен
бекітілген

Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ревизиялық (тексеру) комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 4-тармағының 22-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық (тексеру) комиссиясының (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тәртібін және оларды бағалау өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес тексеру комиссиясының төрағасын тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ұсынуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес Тексеру комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      3. Тексеру комиссияларының төрағасы және мүшелері лауазымына кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) мынадай:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына;

      2) бухгалтерлік есеп және аудит саласында мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) халықаралық біліктілігінің болуы;

      3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика (экономика, әлемдік экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) бағалау өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс.

      4. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшесінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тоқсанына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.

2-тарау. Тексеру комиссиясы төрағасы және мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары

      5. Кандидаттарды сапалы іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында Жоғары аудиторлық палатада комиссия құрылады, оның жұмыс органы – Жоғары аудиторлық палатаның персоналды басқару қызметі.

      Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы аппарат басшысы мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатарынан, Жоғары аудиторлық палатаның Ішкі қауіпсіздік департаментін қоса алғанда, кемінде жеті адамнан тұратын Комиссияның дербес құрамын бекітеді.

      Комиссия хатшысының міндеті дауыс беру құқығынсыз Жоғары аудиторлық палатаның персоналды басқару қызметінің басшысына жүктеледі.

      6. Тексеру комиссиясының төрағасы және мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді өткізу туралы хабарландыру Жоғары аудиторлық палатаның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      7. Тексеру комиссиясының төрағасы және мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Жоғары аудиторлық палатаға "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мынадай құжаттарды:

      1) Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      3) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      4) Еңбек қызметін растайтын құжаттар.

      Мемлекеттік қызметшілер үшін "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;

      5) мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық біліктілік туралы сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

      Құжаттарды тапсыру кезінде кандидат осы Қағидалармен танысады және оларды сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімін береді.

      8. Құжаттарды қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

      Персоналды басқару қызметі кандидаттардан келіп түскен материалдарды біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарап, кандидатқа құжаттарды қабылдау және іріктеуге жіберу туралы жазбаша хабарлама не оларды қабылдаудан негізделген жазбаша бас тарту жібереді.

      Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттарды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде бұзушылықтарды жойған кезде кандидатқа оларды қайта ұсынуға жол беріледі.

      9. Персоналды басқару қызметі кандидаттардың келіп түскен материалдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, оларды комиссияға қарау үшін отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын жібереді.

      10. Комиссия кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін, соның ішінде әңгімелесу өткізу және қосымша құжаттарды сұрату арқылы зерделейді және тексеру комиссиясы төрағасының және мүшелерінің лауазымдарына іріктелген кандидаттардың тізбесіне қосу туралы не осы тізбеге қосудан уәжделген негіздемені көрсете отырып бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Іріктеуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуді өткізуге дейін жеті жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Кандидаттарды іріктеу кезінде:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бағалау өлшемшарттарына сәйкестігі;

      2) сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу;

      3) кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру нәтижелері;

      4) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан ақпарат (болған жағдайда) ескеріледі.

      11. Комиссия шешімдерді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Комиссия отырысы, егер оған мүшелердің кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Егер комиссия отырысына қатысқан мүшелер арасынан көпшілік дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      12. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелері және хатшы қол қояды.

      13. Персоналды басқару қызметі кандидаттарды іріктеудің нәтижелерін Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастыру, сондай-ақ электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

      14. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кандидаттардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палата Төрағасымен бекітіледі.

      15. Комиссияның шешімі және лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кандидаттардың бекітілген тізбесі Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылады.

      16. Тексеру комиссияларының төрағалары кандидаттардың бекітілген тізбесін тексеру комиссиясының мүшелері лауазымына кандидатуралар ұсыну кезінде басым тәртіппен қолданады.

      17. Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттар, комиссия шешім қабылдағаннан кейін Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасымен қосымша әңгімелесуден өтеді, әңгімелесу өткізу мерзіміне жеті жұмыс күн қалғанда олар хабарландырылады.

      18. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кандидаттардың бекітілген тізбесі үш жыл сайын қайта қаралады.

      Жұмыскердің тексеру комиссиясының төрағасы/мүшесі лауазымдарына тағайындалуы кандидаттар тізімінен шығару үшін негіз болады.

      19. Кандидатты іріктеуге қатысудан бас тарту және оның кез келген кезеңінен шығару үшін:

      1) анық емес ақпарат пен құжаттарды ұсыну;

      2) кандидаттардың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының және 37-бабы 3- тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан ақпарат (болған жағдайда) негіз болып табылады.

  Тексеру комиссияларының
төрағасы мен мүшелерінің
лауазымдарына кандидаттарды
іріктеу қағидаларына және
оларды бағалау
өлшемшарттарына
1- қосымша
  Нысан
  __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені Тексеру комиссиясының төрағасы және мүшесі лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидаларының және оларды бағалау өлшемшарттарының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Менің жеке мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ______________________

      ______________________

      ______________________

      Мекен жайы: ______________________

      Байланыс телефоны: ______________________

      e-maіl: ______________________

      ЖСН: ______________________

      _________ ___________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

  Тексеру комиссияларының
төрағасы мен мүшелерінің
лауазымдарына кандидаттарды
іріктеу қағидаларына
және оларды бағалау
өлшемшарттарына
2- қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
____________________________
____________________________
(тізімді бекітетін адамның
лауазымы, аты-жөні, тегі
(болған жағдайда) және
қолы, күні)

Кандидаттар тізбесіне қабылданған қызметкерлердің тізімі

Кандидаттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

Туған күні

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында жұмыс өтілі

Жалпы жұмыс өтілі

Лауазымға тағайындау туралы немесе тізбеден шығару туралы белгі және негіз

1

2

3

4

5

6


Об утверждении Правил отбора и критериев оценки кандидатов на должности председателя и членов ревизионных комиссии

Нормативное постановление Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан от 9 сентября 2024 года № 12-НҚ. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 сентября 2024 года № 35052

      В соответствии с подпунктом 22-1) пункта 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле" ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отбора и критерии оценки кандидатов на должности Председателей и членов ревизионных комиссии.

      2. Юридическому департаменту Высшей аудиторской палаты в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Высшей аудиторской палаты.

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Высшей
аудиторской палаты
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Утверждены
нормативным постановлением
Высшей аудиторской палаты
Республики Казахстан
от 9 сентября 2024 года № 12-НҚ

Правила отбора и критерии оценки кандидатов на должности председателя и членов ревизионных комиссий

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отбора и критерии оценки кандидатов на должности председателя и членов ревизионных комиссий разработаны в соответствии с подпунктом 22-1) пункта 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле" (далее-Закон), Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок отбора и критерии оценки кандидатов на должности председателя и членов ревизионной комиссии области, города республиканского значения, столицы (далее – ревизионная комиссия).

      2. Председатель ревизионной комиссии в соответствии с пунктом 2 статьи 47 Закона назначается на должность и освобождается от должности маслихатом соответствующей области, города республиканского значения, столицы сроком на пять лет по представлению Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата) и согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан.

      Члены ревизионной комиссии в соответствии с пунктом 3 статьи 47 Закона назначаются на должность и освобождаются от должности маслихатом соответствующей области, города республиканского значения, столицы сроком на пять лет в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе.

      3. Кандидаты на должность председателя и членов ревизионных комиссий (далее – кандидаты) должны соответствовать следующим критериям оценки:

      1) квалификационным требованиям, утвержденным в соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      2) иметь сертификат государственного аудитора и (или) международную квалификацию в области бухгалтерского учета и аудита;

      3) высшее и (или) послевузовское образование: экономика (экономика, мировая экономика, финансы, учет и аудит, менеджмент, государственное и местное управление, государственный аудит) или право (юриспруденция, международное право).

      4. Отбор кандидатов на должности председателя и члена ревизионной комиссии осуществляется не более одного раза в квартал.

Глава 2. Порядок отбора кандидатов на должности председателя и членов ревизионных комиссий

      5. В целях обеспечения качественного отбора кандидатов в Высшей аудиторской палате создается комиссия, рабочим органом которой является служба управления персоналом Высшей аудиторской палаты.

      Персональный состав комиссии утверждается Председателем Высшей аудиторской палаты в составе не менее семи человек из числа руководителя аппарата и руководителей структурных подразделений, включая департамент внутренней безопасности Высшей аудиторской палаты.

      Обязанность секретаря комиссии без права голоса возлагается на руководителя службы управления персоналом Высшей аудиторской палаты.

      6. Объявление о проведении отбора кандидатов на должности председателя и члена ревизионной комиссии размещается на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты и уполномоченного органа по делам государственной службы.

      7. Лица, желающие участвовать в отборе кандидатов на должности председателя и члена ревизионной комиссии, в течение пятнадцати календарных дней со дня публикации объявления представляют в Высшую аудиторскую палату в электронном виде посредством интегрированной информационной системы "Е-қызмет" либо на адрес электронной почты, указанный в объявлении следующие документы:

      1) копию удостоверения личности либо паспорта Республики Казахстан;

      2) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      3) нотариально заверенные копии документов об образовании и приложений к ним;

      4) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность.

      Государственные служащие представляют послужной список, оформленный в соответствии с приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 10 сентября 2021 года № 158 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 24350);

      5) нотариально заверенную копию сертификата государственного аудитора и (или) сертификата о международной квалификации в области бухгалтерского учета и аудита.

      При подаче документов кандидат знакомится с настоящими Правилами и в произвольной форме дает свое согласие на их соблюдение, а также на сбор и обработку персональных данных.

      8. Срок рассмотрения, приема документов либо отказа в их приеме составляет три рабочих дня со дня представления документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил.

      Служба управления персоналом, рассмотрев поступившие материалы кандидатов на соответствие квалификационным требованиям, направляет кандидату письменное уведомление о приеме документов и допуске к отбору либо обоснованный письменный отказ в их приеме.

      В случае представления документов не в полном объеме и (или) несоответствия документов пункту 7 настоящих Правил, кандидатом при устранении нарушений допускается повторное представление документов в период срока, установленного для их приема.

      9. Служба управления персоналом направляет поступившие материалы кандидатов для рассмотрения в комиссию в срок не менее, чем за десять календарных дней до дня проведения заседания.

      10. Комиссия изучает профессиональные и личные качества кандидатов, в том числе путем проведения собеседования и запроса дополнительных документов, и принимает решение о включении кандидата в перечень отобранных кандидатов на должности председателя и членов ревизионных комиссий либо об отказе во включении с указанием мотивированного обоснования.

      Кандидаты, допущенные к отбору, уведомляются о дате проведения собеседования не позднее семи рабочих дней до дня проведения собеседования. Уведомление осуществляется по телефону, посредством направления информации на электронные адреса и мобильные телефоны участников.

      При отборе кандидатов учитываются:

      1) соответствие критериям оценки, предусмотренным в пункте 3 настоящих Правил;

      2) знание нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность органов внешнего и внутреннего государственного аудита и финансового контроля;

      3) результаты профессиональной переподготовки и повышения квалификации;

      4) информация от специальных государственных и правоохранительных органов (при наличии).

      11. Комиссия принимает решения открытым голосованием. Заседание комиссии считается правомочным, если в нем принимает участие не менее двух третей членов.

      Решение считается принятым, если за него проголосовало большинство голосов из числа присутствовавших на заседании членов комиссии. При равенстве голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель комиссии.

      12. Решение комиссии оформляется протоколом, который подписывается всеми членами комиссии, присутствовавшими на ее заседании, и секретарем.

      13. Служба управления персоналом извещает кандидата о результатах отбора на официальном интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты, а также путем направления уведомления на электронную почту.

      14. Перечень отобранных кандидатов по соответствующим категориям должностей, утверждается Председателем Высшей аудиторской палаты по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      15. Решение комиссии и утвержденный перечень отобранных кандидатов по соответствующим категориям должностей размещаются на интернет-ресурсе Высшей аудиторской палаты.

      16. Утвержденный перечень отобранных кандидатов в приоритетном порядке применяется председателями ревизионных комиссий при представлении кандидатур на должность членов ревизионной комиссий.

      17. Кандидаты на должность председателя ревизионной комиссии после принятия решения комиссией дополнительно проходят собеседование с Председателем Высшей аудиторской палаты, о чем они информируются за семь рабочих дней до даты проведения собеседования.

      18. Утвержденный перечень отобранных кандидатов по соответствующим категориям должностей пересматривается каждые три года. Основанием для исключения из перечня кандидата является занятие работником должности председателя/члена ревизионной комиссии.

      19. Основаниями для отказа в участии в отборе кандидата или исключения на любом из его этапов являются:

      1) представление кандидатом недостоверной информации и (или) документов;

      2) несоответствие кандидата требованиям пункта 3 статьи 16 и пункта 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      3) информация от специальных государственных и правоохранительных органов (при наличии).

  Приложение 1
к Правилам отбора и критерии
оценки кандидатов на должности
Председателей и членов
ревизионных комиссий
  Форма
  _______________________
(государственный орган)

Заявление

      Прошу допустить меня к участию в отборе кандидатов на должности
председателя и члена ревизионной комиссии.
С основными требованиями Правил отбора и критерии оценки
кандидатов на должности Председателей и членов ревизионных
комиссий ознакомлен (ознакомлена), согласен (согласна)
и обязуюсь их выполнять.
Выражаю свое согласие на сбор и обработку моих персональных данных.
Отвечаю за подлинность представленных документов.
Прилагаемые документы:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
Адрес ________________________________________________
Номера контактных телефонов: __________________________
e-mail: _______________________________________________
ИИН _________________________________________________
________________ _____________________________________
(подпись) (Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
"____"_______________ 20__ г.

  Приложение 2
к Правилам отбора и критерии
оценки кандидатов на должности
Председателей и членов
ревизионных комиссий
  форма
  "Утверждаю"
_________________________
_________________________
(должность, фамилия,
инициалы, подпись, дата)

Перечень отобранных кандидатов на должности председателя/членов ревизионных комиссий

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) кандидата

Дата рождения

Стаж работы в органах государственного аудита и финансового контроля

Общий стаж работы

Отметка о назначении на должность или об исключении из перечня и основание

1

2

3

4

5

6