Өсімдіктер дүниесі саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 қыркүйекте № 35096 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер";

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер" бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 215 Бұйрыққа
1-қосымша

"Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығына

      Әкімшілік деректер нысаны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған (www.gov.kz).

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер"

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-РМ

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20 __ жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: генетикалық ресурстарды жеткізуші немесе олардың әлеуетті пайдаланушысы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей

№ р/с

ЖСН, БСН, Сұрау салына-тын генетика-лық ресурстың атауы, заңды мекенжайы, байланыс тұл-ғасы, жеткізу-шінің және әлеуетті пайдаланушының телефоны және элект-рондық пошта мекенжайы

Генетикалық ресурс-тың биоло-гиялық түрі (егер белгілі бо-лса), оның ішінде ла-тын атауы

Үлгілердің саны (дана/ килограмм)* және қысқаша сипаттамасы

Пайдалану түрі (ғылы-ми зерттеу-лер; коммерциялық пайдалану)

Ғылыми зерттеудің коммерция лық пай-даланудың қысқаша сипаттамасы және мақсаты

Ынтымақтастық туралы шарт (шарт жобасы) немесе келісім (келісім жобасы) (егер дайындалған болса)

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.








      * ескерту: үлгінің түріне байланысты өлшем бірлігі даналап немесе килограммен көрсетіледі.

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы _____________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)       қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      __________________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Мөр орны (бар болса)

"Өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда сұрау салынатын генетикалық ресурстың атауы, заңды мекенжайы, байланыс тұлғасы, жеткізушінің және әлеуетті пайдаланушының телефоны және электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі;

      3-бағанда латын атауын қоса алғанда, генетикалық ресурстың биологиялық түрі (егер белгілі болса) көрсетіледі;

      4-бағанда үлгілердің саны мен қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;

      5-бағанда пайдалану түрі (ғылыми зерттеулер; коммерциялық пайдалану) көрсетіледі;

      6-бағанда ғылыми зерттеудің / коммерциялық пайдаланудың қысқаша сипаттамасы мен мақсаты көрсетіледі;

      7-бағанда ынтымақтастық туралы шарт (шарт жобасы) немесе келісім (келісім жобасы) (егер дайындалған болса) көрсетіледі.

  Бұйрыққа
2-қосымша

"Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне

      Әкімшілік деректер нысаны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет – ресурсында орналастырылған (www.gov.kz).

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер"

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-рм

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20___ ж.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1-маусымға дейін.

р/с

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандандырылған ұйымының / жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның атауы

Өсімдіктердің аумақтық таралуы, олардың популяцияларының жай-күйі, сандық және сапалық сипаттамалары туралы мәліметтер

Өсімдіктер дүниесін шаруашылық пайдаланудың сипаты мен көлемі туралы деректер

Өсімдіктердің таралу карталары

Өсімдіктердің өсу ортасының жалпы жағдайын сипаттау, өсімдіктер дүниесін экономикалық бағалау

Тиісті нысандар мен көлемдерде мүдделі пайдаланушыларға кадастрлық ақпаратты белгіленген тәртіппен жүйелеу, сақтау, жаңарту және жедел беру жөніндегі регламенттеуші талаптар

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.








      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы _____________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      __________________________________________________ ____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Мөр орны (бар болса)

"Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингін және мемлекеттік кадастрын жүргізу туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандандырылған ұйымының / жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның атауы көрсетіледі;

      3-бағанда өсімдіктердің аумақтық таралуы, олардың популяцияларының жай-күйі, сандық және сапалық сипаттамалары туралы мәліметтер көрсетіледі;

      4-бағанда өсімдіктердің таралу карталары келтіріледі;

      5-бағанда өсімдіктер дүниесін шаруашылық пайдаланудың сипаты мен көлемі туралы деректер көрсетіледі;

      6-бағанда өсімдіктердің өсу ортасының жалпы жай-күйінің сипаттамасы, өсімдіктер дүниесінің экономикалық бағасы келтіріледі;

      7-бағанда тиісті нысандар мен көлемдерде мүдделі пайдаланушыларға кадастрлық ақпаратты белгіленген тәртіппен жүйелеу, сақтау, жаңарту және жедел беру жөніндегі регламенттеуші талаптар көрсетіледі.

Об утверждении форм, предназначенных для сбора административных данных в области растительного мира

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 19 сентября 2024 года № 215. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 сентября 2024 года № 35096

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые формы, предназначенные для сбора административных данных:

      1) "Сведения об обращении с генофондом растительного мира", согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) "Сведения о ведении государственного мониторинга и государственного кадастра растительного мира", согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 19 сентября 2024 года № 215

Форма, предназначенная для сбора административных данных
"Сведения об обращении с генофондом растительного мира"

      Представляется: В Национальный координационный центр по вопросам доступа
к генетическим ресурсам и совместного использования выгод
Форма административных данных размещена на интернет – ресурсе:
Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (www.gov.kz).
Наименование формы административных данных: "Сведения об обращении
с генофондом растительного мира"
Индекс формы административных данных: 1-РМ
Периодичность: годовая
Отчетный период: 20__ года.
Круг лиц, представляющих информацию: Поставщик генетических ресурсов
или их потенциальный пользователь
Срок представления формы административных данных: не позднее 1 февраля года,
следующего за отчетным периодом

№ п/п

ИИН/БИН, наименование, юридический адрес, контактное лицо, телефон и адрес электронной почты поставщика и потенциального пользователя запрашиваемого генетического ресурса

Биологический вид генетического ресурса (если известен), включая латинское название

Количество (штук/килограмм)* и краткое описание образцов

Вид использования (научные исследования; коммерческое использование)

Краткое описание и цель научного исследования / коммерческого использования

Договор (проект договора) или соглашение (проект соглашения) о сотрудничестве (если подготовлен)

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.








      * примечание: в зависимости от вида образца единица измерения указывается в штуках или в килограммах.

      Телефон ______________________________________________________
Адрес электронной почты _______________________________________
Исполнитель _____________________________________ _____________
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
__________________________________________________ ___________
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Место для печати (при наличии)

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных
"Сведения об обращении с генофондом растительного мира"

      в графе 1 указывается порядковый номер;

      в графе 2 указывается наименование, юридический адрес, контактное лицо, телефон и адрес электронной почты поставщика и потенциального пользователя запрашиваемого генетического ресурса;

      в графе 3 указывается биологический вид генетического ресурса (если известен), включая латинское название;

      в графе 4 указывается количество и краткое описание образцов;

      в графе 5 указывается вид использования (научные исследования; коммерческое использование);

      в графе 6 указывается краткое описание и цель научного исследования / коммерческого использования;

      в графе 7 указывается договор (проект договора) или соглашение (проект соглашения) о сотрудничестве (если подготовлен).

  Приложение 2 к приказу

Форма, предназначенная для сбора административных данных
"Сведения о ведении государственного мониторинга и государственного кадастра растительного мира"

      Представляется: В Комитет лесного хозяйства и животного мира
Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Форма административных данных размещена на интернет – ресурсе:
Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан (www.gov.kz).
Наименование формы административных данных: "Сведения о ведении
государственного мониторинга и государственного кадастра растительного мира"
Индекс формы административных данных: 2-РМ
Периодичность: годовая
Отчетный период: 20__ года.
Круг лиц, представляющих информацию: Специализированные организации
Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан
и уполномоченного органа по управлению земельными ресурсами
Срок представления формы административных данных:
до 1 июня, следующего за отчетным годом

№ п/п

Наименование специализированной организации Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан / уполномоченного органа по управлению земельными ресурсами

Сведения о территориальном распространении растений, состоянии их популяций, количественные и качественные характеристики

Данные о характере и объемах хозяйственного использования растительного мира

Карты распространения растений

Описание общего состояния среды произрастания растений, экономическую оценку растительного мира

Регламентирующие требования по систематизации, хранению, обновлению и оперативной выдаче в установленном порядке кадастровой информации заинтересованным пользователям в соответствующих формах и объемах

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.








      Телефон ______________________________________________________
Адрес электронной почты _______________________________________
Исполнитель _____________________________________ _____________
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
__________________________________________________ ____________
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Место для печати (при наличии)

Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных
"Сведения о ведении государственного мониторинга и государственного кадастра растительного мира"

      в графе 1 указывается порядковый номер;

      в графе 2 указывается наименование специализированной организации Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан / уполномоченного органа по управлению земельными ресурсами;

      в графе 3 указываются сведения о территориальном распространении растений, состоянии их популяций, количественные и качественные характеристики;

      в графе 4 приводятся карты распространения растений;

      в графе 5 указываются данные о характере и объемах хозяйственного использования растительного мира;

      в графе 6 приводится описание общего состояния среды произрастания растений, экономическую оценку растительного мира;

      в графе 7 указываются регламентирующие требования по систематизации, хранению, обновлению и оперативной выдаче в установленном порядке кадастровой информации заинтересованным пользователям в соответствующих формах и объемах.