"Лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35113 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Лотереяларды өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 165 бұйрығына
қосымша

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 8 ақпандағы
№ 45 бұйрығына
қосымша

Лотереяларды өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы лотереяларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және лотереяларды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бас жүлде – тираждың ұтыс ойынын өткізу барысында ойнатылмаған және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес бір тираждан келесі тиражға ауысатын тираждық лотереяның жүлде қорының бір бөлігі;

      2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) есебінен не лотерея операторының дербес қаражаты есебінен қалыптастырылатын және лотереяға қатысушыларға ұтыс түрінде төленетін ақша және (немесе) өзге де мүлік;

      3) жүлде қорының ұтыс ойыны – лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін жүргізілетін және ұтқан лотереяға қатысушыны (қатысушыларды) анықтауға бағытталған процесс;

      4) лотерея – Заңға, лотереяны өткізу талаптарына және шарттарына сәйкес өткізілетін, егер ол лотереяны өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылатын болса, бір тарап (лотерея операторы) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізетін, ал екінші тарап (лотереяға қатысушы) ұтысқа құқық алатын ойын. Коммерциялық ұйымдардың тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатуын ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды;

      5) лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы – байланыс желілеріне қосылған және таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты алуға, сақтауға және есепке алуға және оны лотерея операторынан лотереялық есептілік орталығына беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      6) лотерея әмияны – лотерея операторының интернет-ресурсындағы және (немесе) лотерея мобильді қосымшасындағы құрал, оның шеңберінде лотереяға қатысушы электрондық лотерея билеттеріне ақы төлеуді жүзеге асыруға және ұтыстар төлемін алады;

      7) лотерея билеті – лотереяға қатысу құқығын растайтын құжат;

      8) лотерея жабдығы – ұтыс комбинациясын анықтауға арналған құрылғы немесе құрылғылар (кездейсоқ сандардың генераторы, механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық құрылғылар);

      9) лотерея комбинациясы – лотереяны өткізу шарттарында көзделген, лотерея билетінде, электрондық лотерея билетінде көрсетілген нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы;

      10) лотереяға қатысушы – жүлде қорының ұтыс ойынына қатысу құқығын беретін лотерея билетін, электрондық лотерея билетін иеленген, он сегіз жасқа толған жеке тұлға;

      11) лотерея мобильді қосымшасы – лотерея операторының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған электрондық лотерея билеттерін өткізуге (ресімдеуге) қолжетімділік беретін бағдарламалық өнімі;

      12) лотерея операторы – лотереяларды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      13) лотереяны өткізу – лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін дайындау не оларды дайындауға арналған шарттарды жасасу, сондай-ақ лотереялық жабдықты және лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де жабдықты, бағдарламалық өнімдерді дайындаушымен шарттарды және (немесе) лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де шарттарды (келісімшарттарды) жасасуды, лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) және есепке алуды, жүлде қорының ұтысын ойнатуды, ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне сараптама жасауды, лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеуді, лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де іс-қимыл мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру;

      14) лотерея таратушы (агенті) – сыйақы үшін лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді), ұтыс шыққан лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тексеруді, сондай-ақ лотерея операторы атынан және есебінен ұтыстар төлеуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      15) мезеттік лотерея – ұтыстарды анықтауға мүмкіндік беретін нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне дайындау сатысында және олар лотереяға қатысушылар арасында таратылғанға (өткізілгенге) дейін салынатын лотерея түрі. Мезеттік лотереяны өткізу кезінде мұндай лотереяға қатысушы лотерея билеті, электрондық лотерея билеті ақысы төленгеннен кейін және лотерея билеті, электрондық лотерея билеті берілгеннен (ресімделгеннен) кейін тікелей өз ұтысының бар екенін және мөлшерін немесе оның жоқ екенін анықтайды;

      16) тираж – лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүлде қорының (жүлде қорының бір бөлігінің) ұтыс ойынына қатысатын таратылған (өткізілген) лотерея билеттерінің, электрондық лотерея билеттерінің саны;

      17) тираждық лотерея – лотереяға қатысушылар арасында жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея жабдығын пайдалану арқылы лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттер таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін бір мезгілде өткізілетін лотерея түрі;

      18) ұтыс – лотерея операторы лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаз деп танылған лотереяға қатысушыға лотереяны өткізу шарттарына сәйкес мөлшермен және нысанда (ақшамен немесе заттай) төлейтін жүлде қорының бір бөлігі;

      19) электрондық лотерея билеті – лотереяға қатысу құқығын растайтын электрондық-цифрлық нысандағы құжат.

      3. Лотереяны өткізу шарттары, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу лотерея операторымен уәкілетті органда Заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен келісілуге тиіс.

      4. Лотереяны өткізуді лотерея операторы жүзеге асырады.

2 тарау. Лотереяны өткізу тәртібі

      5. Мезеттік лотереяны өткізу кезінде лотереяға қатысушы тиісті ойынды таңдау арқылы өзі қатысатын лотерея операторы белгілеген бағалар бойынша лотерея ойынын өз бетінше таңдайды.

      Лотереяға қатысушы ұтысты бірден анықтауға мүмкіндік беретін символдар (жазулар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы салынған лотерея билетін, электрондық лотерея билетін таңдайды.

      6. Тираждық лотереяны өткізу:

      1) лотерея операторының интернет-ресурсы, лотерея мобильді қосымшасы және Заңмен тыйым салынбаған басқа да тәсілдер арқылы лотереяға қатысушыларды лотереяға қатысу қағидалары мен шарттары туралы хабардар ету;

      2) лотереялық ақпаратты өңдеу орталығында лотерея тиражының әрбір ұтыс ойыны бойынша қатысушы лотерея комбинациялары туралы ақпарат жинау;

      3) лотереяға қатысушыны лотерея комбинациясын тіркеу туралы хабардар ету;

      4) лотереяға қатысушы лотерея комбинациясын өз бетінше таңдау жолымен жүзеге асырылады.

      Ұтыс лотереясының ұтыс комбинациясы кездейсоқ сандарды құру арқылы лотерея жабдығының көмегімен анықталады.

      7. Электрондық лотереяны өткізу:

      1) электрондық лотереяға қатысу үшін лотереяға қатысушы лотерея операторының интернет-ресурсында немесе лотерея мобильді қосымшасында тіркеуден өту;

      2) тіркелгеннен кейін лотереяға қатысушыға ұялы байланыс операторының желілері бойынша лотерея әмиянға кіру үшін құпия коды бар ұялы телефонға қысқа мәтіндік хабарлама және (немесе) лотерея мобильді қосымшасында тиісті мәтіндік хабарлама жіберу;

      3) лотерея операторының лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы арқылы электрондық лотерея ұтыс ойыны жолымен жүзеге асырылады.

      8. Ұтқан қатысушыға ұтысты төлеу осы Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін дайындау тәртібі

      9. Лотерея операторы:

      1) лотерея билеттерін;

      2) электрондық лотерея билеттерін дайындауды жүзеге асырады.

      10. Электрондық лотерея билетін дайындау лотереялық ақпаратты өңдеу орталығында жүзеге асырылады.

      11. Лотерея билеттері Заңның 12-бабы 1-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

      12. Электрондық лотерея билеттері Заңның 12-бабы 1-1-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтиды.

      13. Мезеттік және тираждық лотереялардың лотереялық билеттерінің алдыңғы және артқы жақтары болады.

      14. Мезеттік лотереяның лотереялық билетінің алдыңғы жағы лотерея операторының логотипін және лотереяның атауы, лотереялық билеттің құны туралы ақпаратты, қорғау қабатының астындағы мезеттік лотереяны өткізу шарттарына сәйкес келетін нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығын қамтиды.

      Мезеттік лотереяның лотереялық билетінің артқы жағында мезеттік лотереяны өткізу шарттары, лотерея операторының телефон нөмірлері және интернет-ресурсы туралы ақпарат, сондай-ақ айырым белгілері бар: сериялық нөмір, реттік нөмір, айнымалы жарамдығы бар штрих кодтар, айнымалы ЕАN штрих-коды.

      15. Тираждық лотереяның лотереялық билетінің алдыңғы жағында лотерея операторының логотипі, лотерея атауы, лотереяны өткізу шарттарына сәйкес келетін нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы, тиражды өткізу датасы, лотереялық билет құны, өткізу датасы мен уақыты, сондай-ақ лотерея билетінің бірегей нөмірі болады.

      Тираждық лотереяның лотереялық билетінің артқы жағында лотерея операторының телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, сондай-ақ лотереялық билеттің зақымдалуының алдын алу туралы ақпарат болады.

      16. Электрондық лотерея билеттерінде лотерея операторының атауы, электрондық лотерея билетінің нөмірі, электрондық лотерея билетінің бағасы, лотерея операторының орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, лотерея атауы, тираждың нөмірі немесе атауы, жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу датасы мен орны, ұтысты алу орны мен мерзімі, жүлде қорының мөлшері туралы ақпарат болады.

      17. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ақпарат флексографиялық басып шығару әдістерін пайдалана отырып, қағаз картасына сиямен жазылады.

      18. Мезеттік лотереяның лотереялық билеті картонды және ультракүлгін және су жабыны бар сияның комбинациясын пайдалана отырып дайындалады.

      19. Тираждық лотерея үшін лотерея билеттері термопринтердің техникалық сипаттамаларына сәйкес дайындалады.

      20. Осы Қағидалардың 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген лотерея билеттерінде, электрондық лотерея билеттерінде қамтылатын ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді.

      21. Лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің сыртқы дизайнын лотерея операторы өз бетінше әзірлейді.

      22. Бір лотерея билеті, электрондық лотерея билеті лотереяға қатысу үшін бір рет қолданылатын құжат болып табылады.

4-тарау. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) және есепке алу тәртібі

      23. Лотерея операторы лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) дербес және (немесе) лотерея таратушы (агенті) арқылы жүзеге асырады.

      Лотерея билеттерін тарату (өткізу):

      1) лотерея терминалдары;

      2) стационарлық емес сауда объектілері;

      3) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы бөлімшелері;

      4) лотерея операторының бөлімшелері (лотерея орталығы) арқылы жүзеге асырылады.

      24. Лотерея операторы электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) өзінің ресми интернет-ресурсы және (немесе) лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес жүзеге асырады.

      25. Ұтыс ойынын өткізу кезінде жүлде қорының ұтыс ойынына қатысатын лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) тоқтатылады.

      26. Лотерея операторы және лотерея таратушылар (агенттер) лотерея билеттерін тарату және лотерея терминалдарын орнату нүктелерін таңдау барысында Заңның 12-1 бабы 4 және 5-тармақтарының ережелерін басшылыққа алады.

      27. Лотерея билеттерді, электрондық лотерея билеттерін есепке алу лотерея операторының лотереялық ақпаратты өңдеу орталығында жүргізіледі.

5-тарау. Жүлде қорын ұтысқа салу тәртібі

      28. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібі, ұтыстарды айқындау алгоритмі, бас жүлдені қалыптастыру және ұтыс ойыны ережелері (бар болған жағдайда) Қағидалардың осы тарауының талаптарын ескере отырып, лотереяны өткізу шарттарына сәйкес айқындалады.

      29. Лотерея операторы өткізілген нақты лотереяның лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсімнің кемінде елу пайызы мөлшерінде не өз қаражаты есебінен жүлде қорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      30. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны тираж өткізу сәтінде лотереяның барлық қатысушылары арасында бір мезгілде өткізіледі.

      31. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны ұтыстың болуын анықтауға негізделген:

      1) кездейсоқ сандарды құру (лотерея жабдықтарын пайдаланумен);

      2) ұтысты анықтауға мүмкіндік беретін символдар (жазулар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы салынған лотерея билетін және (немесе) электрондық лотерея билетін таңдау.

      32. Мезеттік лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея өткізілген сәтте ұтыс лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің болуын анықтау тәсілімен айқындалады.

      33. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея билетінің ұтыс лотерея комбинациясын анықтау тәсілімен, электрондық лотерея билетінің лотерея комбинацияларындағы нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығын ұтыс лотерея комбинацияларының нөмірлерімен сәйкестендіру тәсілімен айқындалады.

      34. Тираждық лотереяның лотерея билеті, электрондық лотерея билеті бойынша ұтыс ойынының нәтижелері туралы хабарлау лотереяға қатысушыға ұялы байланыс операторының желілері бойынша қысқа мәтіндік хабарлама арқылы ұялы телефонға және (немесе) тиісті мәтіндік хабарлама лотерея мобильді қосымшасына жіберіледі.

      35. Тираждық лотереяның жүлде қоры өткізу шарттарында бірнеше тираж (бас жүлде) ішінде жүлде қорын жинақтаушы қалыптастыру қағидатын пайдаланатын тираждық лотереяны қоспағанда, ол өзіне жататын тираж шеңберінде толығымен ойналады.

      36. Егер тираж (тираждар) бойынша төлемдердің мөлшері онда (оларда) қалыптастырылған жүлде қорының мөлшерінен асып кетсе, бас жүлденің қаражаты тираж (тираждар) бойынша ұтыстарды төлеу үшін пайдаланылады.

      37. Белгілі бір тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған кезде оның жүлде қоры белгілі бір лотерея тиражы тоқтатылған күнге бас жүлдені қоса алғанда, толық ойналады.

6-тарау. Ұтыс лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне сараптама жүргізу тәртібі

      38. Ұтыс шыққан лотерея билеттеріне сараптама жасауды лотерея операторы лотерея билетін ұтып алу мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жүргізеді.

      Ұтыс шыққан электрондық лотерея билеттеріне сараптама жасауды лотерея операторы ұтыс мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 190 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жүргізеді.

      39. Лотереяға қатысушының лотерея билетін, электрондық лотерея билетін лотерея операторына сараптама жүргізу үшін ұсыну мерзімі лотереяға қатысушы қатысқан тираж аяқталған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      40. Лотерея операторы ұтыстың лотерея билеттеріне тұтастық және бұрмалау белгілерінің болмауы тұрғысынан сараптама жүргізеді, атап айтқанда:

      1) ойын алаңдары (өшірілетін жабындар, лотерея билетінің өшірілетін алаңдарына әсер ету нысандары);

      2) тазалау;

      3) сурет салу;

      4) бөліну;

      5) сыну;

      6) жылу іздері.

      Лотерея операторы ұтыс шыққан электрондық лотерея билеттеріне электрондық лотерея билеттерін қорғаудың цифрлық элементтерін өзгерту фактісінің, лотерея операторының ресми интернет-ресурсының және (немесе) лотерея мобильді қосымшасының тікелей пайдаланушысы болып табылатын лотерея қатысушысына электрондық лотерея билетінің тиесілілігінің болуы тұрғысынан сараптама жүргізеді.

      41. Лотерея билетіне, электрондық лотерея билетіне сараптама жүргізу мерзімі лотерея операторына сараптамаға лотерея билеті келіп түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің лотерея операторына сараптамаға келіп түскен сәті оны лотереяға қатысушының лотерея операторына нақты беруі болып табылады.

7-тарау. Лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеу тәртібі

      42. Әрбір жеке өткізілген лотерея шарттарына сәйкес лотерея билеттерді, электрондық лотерея билеттерін ұтыстарын лотерея операторы немесе таратушы (агент) төлейді.

      43. Ұтқан қатысушы лотерея операторына немесе лотерея таратушыға (агенті):

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) ұтыс лотерея билетін ұсынады.

      Ұтыстарды төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қолма-қол (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

      44. Ұтыстарды төлеу тиісті тираж өткізілгеннен кейін отыз күн мерзімнен кешіктірілмей басталады және осы тираждың (жүлде қорын ұтысқа салудың) нәтижелері жарияланған кезден бастап кемінде алты ай бойы жалғасады. Бұл мерзім аяқталған соң талап етілмеген ұтыстар бойынша наразылықтар лотереяны өткізу шарттарында көзделген тәртіппен қабылданады.

      45. Лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды тиісті тираждың нәтижесі (жүлде қорын ұтысқа салу) жарияланған кезден бастап үш жыл бойы сақтайды, содан кейін мемлекет бюджетінің кірісіне салықтық емес төлем түрінде есептеледі.

      46. Ұтқан қатысушыға айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшеріне дейін ұтысты төлеу банк картасына немесе билеттерді сату нүктелерінде қолма-қол төлеммен немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген басқа төлем жүйесі арқылы жүргізіледі.

      47. Ұтқан қатысушы айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен жоғары ұтысты алу үшін лотерея операторына жүгінеді.

      48. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшерін айқындау күні ұтысты лотереяға қатысушыға төлеу сәтінде белгіленеді.

      49. Айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен жоғары ұтысқа төлем көзінен алынатын жеке табыс салығы салынады.

      50. Лотерея операторы лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы арқылы ақпаратты қабылдау, есепке алу, сақтау және беру кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау және таратпау, коммерциялық, салықтық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу жөніндегі заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді.

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 8 февраля 2023 года № 45 "Об утверждении Правил проведения лотерей"

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 23 сентября 2024 года № 165. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 сентября 2024 года № 35113

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 8 февраля 2023 года № 45 "Об утверждении Правил проведения лотерей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31880) следующее изменение:

      Правила проведения лотерей, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

  Приложение к приказу
Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
от 23 сентября 2024 года № 165
  Приложение к приказу
Министра культуры и спорта
Республики Казахстан
от 8 февраля 2023 года № 45

Правила проведения лотерей

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения лотерей (далее ‒ Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О лотереях и лотерейной деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок проведения лотерей.

      2. В настоящих Правилах используются основные понятия:

      1) суперприз – часть призового фонда тиражной лотереи, не разыгранная в ходе проведения розыгрыша тиража и переходящая из одного тиража в следующий тираж согласно условиям проведения лотереи;

      2) призовой фонд – деньги и (или) иное имущество, формируемые за счет распространения (реализации) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов либо за счет собственных средств оператора лотереи и выплачиваемые участникам лотереи в виде выигрыша;

      3) розыгрыш призового фонда – процесс, который проводится после распространения (реализации) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов и направленный на определение выигравшего (выигравших) участника (участников) лотереи;

      4) лотерея – игра, которая проводится в соответствии с Законом, условиями проведения лотереи и договором, в которой одна сторона (оператор лотереи) проводит розыгрыш призового фонда, а вторая сторона (участник лотереи) получает право на выигрыш, если она будет признана выигравшей в соответствии с условиями проведения лотереи. Лотереей не является розыгрыш призов, направленных на стимулирование продаж товаров (услуг) коммерческими организациями;

      5) центр обработки лотерейной информации – аппаратно-программный комплекс, подключенный к сетям связи и предназначенный для получения, хранения и учета информации о распространенных (реализованных) лотерейных билетах, электронных лотерейных билетах, выручке от реализованных лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, выплаченных выигрышах, и ее передачи от оператора лотереи в центр лотерейной отчетности;

      6) лотерейный кошелек – инструмент на интернет-ресурсе оператора лотереи и (или) лотерейном мобильном приложении, в рамках которого участник лотереи осуществляет оплату электронных лотерейных билетов и получает выплату выигрышей;

      7) лотерейный билет – документ, подтверждающий право на участие в лотерее;

      8) лотерейное оборудование – устройство или устройства (генератор случайных чисел, механические, электрические, электронные или иные технические устройства), предназначенное (предназначенные) для определения выигрышной лотерейной комбинации;

      9) лотерейная комбинация – предусмотренная условиями проведения лотереи совокупность символов (надписей, чисел, знаков, рисунков), указанная в лотерейном билете, электронном лотерейном билете;

      10) участник лотереи – физическое лицо, достигшее восемнадцатилетнего возраста, владеющее лотерейным билетом, электронным лотерейным билетом, дающим право на участие в розыгрыше призового фонда;

      11) лотерейное мобильное приложение – программный продукт оператора лотереи, установленный и запущенный на абонентском устройстве сотовой связи, предоставляющий доступ к реализации (оформлению) электронных лотерейных билетов;

      12) оператор лотереи – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по проведению лотерей;

      13) проведение лотереи – осуществление мероприятий, включающих в себя изготовление лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов либо заключение договоров на их изготовление, а также заключение договоров с изготовителем лотерейного и иного необходимого для проведения лотереи оборудования, программных продуктов и (или) иных необходимых для проведения лотереи договоров (контрактов), распространение (реализация) и учет лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, розыгрыш призового фонда, экспертиза выигрышных лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, выплата выигрышей участникам лотереи, осуществление иных действий и мероприятий, необходимых для проведения лотереи;

      14) распространитель (агент) лотереи – индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, осуществляющие за вознаграждение распространение (реализацию) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, проверку выигрышных лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, а также выплату выигрышей от имени и за счет оператора лотереи;

      15) моментальная лотерея – вид лотереи, в которой совокупность символов (надписей, чисел, знаков, рисунков), позволяющая определить выигрыши, закладывается в лотерейные билеты, электронные лотерейные билеты на стадии изготовления и до их распространения (реализации) среди участников лотереи. При проведении моментальной лотереи участник такой лотереи непосредственно после оплаты лотерейного билета, электронного лотерейного билета и выдачи (оформления) лотерейного билета, электронного лотерейного билета определяет наличие и размер своего выигрыша или его отсутствие;

      16) тираж – количество распространенных (реализованных) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, участвующих в розыгрыше призового фонда (части призового фонда) в соответствии с условиями проведения лотереи;

      17) тиражная лотерея – вид лотереи, в которой розыгрыш призового фонда между участниками лотереи проводится с использованием лотерейного оборудования единовременно после распространения (реализации) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов;

      18) выигрыш – часть призового фонда, выплачиваемая оператором лотереи в размере и форме (денежной или в натуре) в соответствии с условиями проведения лотереи участнику лотереи, признанному выигравшим в соответствии с условиями проведения лотереи;

      19) электронный лотерейный билет – документ в электронно-цифровой форме, подтверждающий право на участие в лотерее.

      3. Условия проведения лотереи, изменения и дополнения в них согласовываются оператором лотереи в уполномоченном органе в порядке, установленном статьей 10 Закона.

      4. Проведение лотереи осуществляется оператором лотереи.

Глава 2. Порядок проведения лотереи

      5. При проведении моментальной лотереи участник лотереи самостоятельно выбирает лотерейную игру согласно установленным оператором лотереи ценам, в которой будет принимать участие, путем выбора соответствующей игры.

      Участник лотереи выбирает лотерейный билет, электронный лотерейный билет, в котором изначально заложена совокупность символов (надписей, чисел, знаков, рисунков), позволяющая моментально определить выигрыш.

      6. Проведение тиражной лотереи осуществляется путем:

      1) информирования участников лотереи о правилах участия и условиях лотереи, посредством интернет-ресурса оператора лотереи, лотерейного мобильного приложения и иных не запрещенных Законом способов;

      2) сбора информации об участвующих лотерейных комбинациях по каждому розыгрышу тиража лотереи в центре обработки лотерейной информации;

      3) информирования участника лотереи о регистрации лотерейной комбинации;

      4) самостоятельного выбора участником лотереи лотерейной комбинации.

      Выигрышная лотерейная комбинация тиража определяется с помощью лотерейного оборудования посредством генерирования случайных чисел.

      7. Проведение электронной лотереи осуществляется путем:

      1) прохождения регистрации участником лотереи на интернет-ресурсе оператора лотереи или в лотерейном мобильном приложении для принятия участия в электронной лотерее;

      2) направления участнику лотереи после регистрации короткого текстового сообщения по сетям оператора сотовой связи на мобильный телефон с секретным кодом для доступа в лотерейный кошелек и (или) соответствующего текстового уведомления в лотерейном мобильном приложении;

      3) розыгрыша электронной лотереи посредством центра обработки лотерейной информации оператора лотереи.

      8. Выигравшему участнику выплата выигрыша осуществляется в соответствии с пунктами 46 и 47 настоящих Правил.

Глава 3. Порядок изготовления лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов

      9. Оператор лотереи осуществляет изготовление:

      1) лотерейных билетов;

      2) электронных лотерейных билетов.

      10. Изготовление электронного лотерейного билета осуществляется в центре обработки лотерейной информации.

      11. Лотерейные билеты содержат информацию, указанную в пункте 1 статьи 12 Закона.

      12. Электронные лотерейные билеты содержат информацию, указанную в пункте 1-1 статьи 12 Закона.

      13. Лотерейные билеты моментальной и тиражной лотерей имеют лицевую и обратную стороны.

      14. На лицевой стороне лотерейного билета моментальной лотереи содержится логотип оператора лотереи и информация о наименовании лотереи, цене лотерейного билета, совокупность символов (надписей, чисел, знаков, рисунков), соответствующих условиям проведения моментальной лотереи, под защитным слоем.

      На обратной стороне лотерейного билета моментальной лотереи содержится информация об условиях проведения моментальной лотереи, номерах телефонов и интернет-ресурсе оператора лотереи, а также отличительные знаки: серийный номер, порядковый номер, штриховые коды с переменой валидностью, непеременный штрих-код EAN.

      15. На лицевой стороне лотерейного билета тиражной лотереи содержится логотип оператора лотереи, наименование лотереи, совокупность символов (надписей, чисел, знаков, рисунков), соответствующих условиям проведения тиражной лотереи, дата розыгрыша тиража, цена лотерейного билета, дата и время реализации, а также уникальный номер лотерейного билета.

      На обратной стороне лотерейного билета тиражной лотереи указываются номера телефонов и интернет-ресурс оператора лотереи, а также рекомендации по предотвращению повреждения лотерейного билета.

      16. На электронных лотерейных билетах содержится информация о наименовании оператора лотереи, номере электронного лотерейного билета, цене электронного лотерейного билета, ссылке на доступ к расширенной информации о месте нахождения, номерах телефонов и интернет-ресурсе оператора лотереи, наименовании лотереи, номере или наименовании тиража, дате и месте проведения розыгрыша призового фонда, месте и сроках получения выигрыша, размере призового фонда.

      17. Информация, указанная в пункте 14 настоящих Правил, наносится чернилами на бумажную карточку с использованием методов флексографической печати.

      18. Лотерейный билет моментальной лотереи изготавливается с использованием картона и сочетания чернил с ультрафиолетовым и водяным покрытием.

      19. Лотерейные билеты для тиражной лотереи изготавливаются согласно техническим характеристикам термопринтера.

      20. Информация, указанная в пунктах 14, 15 и 16 настоящих Правил, содержащаяся на лотерейных билетах, электронных лотерейных билетах, оформляется на казахском и русском языках.

      21. Внешний дизайн лотерейного билета, электронного лотерейного билета разрабатывается оператором лотереи самостоятельно.

      22. Один лотерейный билет и (или) электронный лотерейный билет используется однократно для принятия участия в лотерее.

Глава 4. Порядок распространения (реализации) и учет лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов

      23. Оператор лотереи осуществляет распространение (реализацию) лотерейных билетов самостоятельно и (или) через распространителя (агента) лотереи.

      Распространение (реализация) лотерейных билетов осуществляется через:

      1) лотерейные терминалы;

      2) нестационарные торговые объекты;

      3) отделения почтовой связи Национального оператора почты;

      4) отделения оператора лотереи (лотерейный центр).

      24. Оператор лотереи осуществляет распространение (реализацию) электронных лотерейных билетов самостоятельно, через свой официальный интернет-ресурс и (или) лотерейное мобильное приложение.

      25. Распространение (реализация) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов, участвующих в розыгрыше призового фонда на момент проведения тиража, прекращается.

      26. Оператор лотереи и распространители (агенты) лотереи при выборе точек распространения лотерейных билетов и установки лотерейных терминалов руководствуются положениями пунктов 4 и 5 статьи 12-1 Закона.

      27. Учет лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов производится в центре обработки лотерейной информации оператора лотереи.

Глава 5. Порядок розыгрыша призового фонда

      28. Порядок проведения розыгрыша призового фонда, алгоритм определения выигрышей, правила формирования и розыгрыша суперприза (при наличии) определяются условиями проведения лотереи с учетом требований настоящей главы Правил.

      29. Оператор лотереи обеспечивает формирование призового фонда в размере не менее пятидесяти процентов от выручки от реализованных лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов конкретной лотереи либо за счет собственных средств.

      30. Розыгрыш призового фонда тиражной лотереи проводится единовременно между всеми участниками лотереи на момент проведения тиража.

      31. Розыгрыш призового фонда тиражной лотереи основывается на выявлении наличия выигрыша:

      1) генерирование случайных чисел (с использованием лотерейного оборудования);

      2) выбор лотерейного билета и (или) электронного лотерейного билета, в которых заложена совокупность символов (надписей, чисел, знаков, рисунков), позволяющая определить выигрыш.

      32. Розыгрыш призового фонда моментальной лотереи определяется способом выявления наличия выигрышного лотерейного билета, электронного лотерейного билета в момент проведения лотереи.

      33. Розыгрыш призового фонда тиражной лотереи определяется способом определения выигрышной лотерейной комбинации лотерейного билета, электронного лотерейного билета путем совпадения символов (надписей, чисел, знаков, рисунков) в лотерейных комбинациях с номерами выигрышных лотерейных комбинаций.

      34. Информирование о выигрыше по лотерейному билету, электронному лотерейному билету тиражной лотереи направляется участнику лотереи посредством короткого текстового сообщения по сетям оператора сотовой связи на мобильный телефон и (или) соответствующего текстового уведомления в лотерейном мобильном приложении.

      35. Призовой фонд тиражной лотереи разыгрывается полностью в рамках тиража, к которому он относится, за исключением тиражной лотереи, использующей в условиях проведения принцип накопительного формирования призового фонда в течение нескольких тиражей (суперприз).

      36. Средства суперприза используются для выплаты выигрышей по тиражу (тиражам), если размер выплат по тиражу (тиражам) превысит размер сформированного в нем (них) призового фонда.

      37. При прекращении проведения определенной тиражной лотереи, ее призовой фонд разыгрывается полностью, включая суперприз на дату прекращения определенного лотерейного тиража.

Глава 6. Порядок проведения экспертизы выигрышных лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов

      38. Экспертиза выигрышных лотерейных билетов проводится оператором лотереи в случае превышения размера выигрыша лотерейного билета 6-кратного размера месячного расчетного показателя.

      Экспертиза выигрышных электронных лотерейных билетов проводится оператором лотереи в случае превышения размера выигрыша 190-кратного размера месячного расчетного показателя.

      39. Срок предоставления участником лотереи лотерейного билета, электронного лотерейного билета для проведения экспертизы оператору лотереи составляет 6 (шесть) месяцев со дня завершения тиража, в котором участник лотереи принимал участие.

      40. Экспертиза выигрышных лотерейных билетов проводится оператором лотереи на предмет целостности и отсутствия признаков фальсификации, а именно:

      1) игровые поля (стираемые покрытия, формы воздействия на стираемые поля лотерейного билета);

      2) подчистки;

      3) подрисовки;

      4) надколы;

      5) сколы;

      6) следы нагрева.

      Оператор лотереи осуществляет экспертизу выигрышных электронных лотерейных билетов на предмет наличия факта изменения цифровых элементов защиты электронных лотерейных билетов, принадлежности электронного лотерейного билета участнику лотереи, который является непосредственным пользователем официального интернет-ресурса оператора лотереи и (или) лотерейного мобильного приложения.

      41. Срок проведения экспертизы лотерейного билета, электронного лотерейного билета составляет 2 (два) рабочих дня после поступления лотерейного билета на экспертизу оператору лотереи.

      Моментом поступления лотерейного билета, электронного лотерейного билета на экспертизу оператору лотереи является его фактическая передача участником лотереи оператору лотереи.

Глава 7. Порядок выплаты выигрышей участникам лотереи

      42. Выигрыши выплачиваются оператором лотереи или распространителем (агентом) лотерейных билетов, электронных лотерейных билетов согласно условиям каждой отдельно проведенной лотереи.

      43. Выигравший участник предоставляет оператору лотереи или распространителю (агент) лотерейных билетов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) выигрышный лотерейный билет.

      Выплата выигрышей осуществляется наличным и (или) безналичным расчетом в национальной валюте Республики Казахстан.

      44. Выплата выигрышей начинается не позднее чем в тридцатидневный срок после проведения соответствующего тиража и продолжается не менее чем шесть месяцев с момента опубликования результатов данного тиража (розыгрыша призового фонда). По истечении этого срока претензии по невостребованным выигрышам принимаются в порядке, предусмотренном условиями проведения лотереи.

      45. Выигрыши, не востребованные в установленный условиями проведения лотереи срок, хранятся оператором лотереи в течение трех лет с момента опубликования результатов соответствующего тиража (розыгрыша призового фонда), после чего зачисляются в доход бюджета государства в виде неналогового платежа.

      46. Выигравшему участнику выплата выигрыша до 6-кратного размера месячного расчетного показателя производится на банковскую карту или наличной оплатой в точках реализации билетов или посредством другой платежной системы, зарегистрированной на территории Республики Казахстан.

      47. Выигравший участник для получения выигрыша свыше 6-кратного размера месячного расчетного показателя обращается к оператору лотереи.

      48. Дата определения размера месячного расчетного показателя устанавливается на момент выплаты выигрыша участнику лотереи.

      49. Выигрыш свыше 6-кратного размера месячного расчетного показателя облагается индивидуальным подоходным налогом у источника выплаты.

      50. Оператор лотереи при приеме, учете, хранении и передаче информации посредством центра обработки лотерейной информации обеспечивает соблюдение законодательства Республики Казахстан по защите и нераспространению персональных данных, неразглашению коммерческой, налоговой и иной охраняемой законами Республики Казахстан тайны, а также законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма.