ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 07.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш (бұдан әрі-өтініш) беру арқылы жүзеге асырылады, оны құрылтайшы (құрылтайшылар) порталда толтырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Электрондық тіркеу жағдайында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі–ЗТ МДҚ) түсетін өтініш негізінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік қызметтер Заңына сәйкес көрсетілген қызметті алушының жеке басын биометрикалық сәйкестендіру де жүргізілуі мүмкін.".
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
мынадай редакциядағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік қызметтер Заңына сәйкес көрсетілген қызметті алушының жеке басын биометрикалық сәйкестендіру де жүргізілуі мүмкін.";
5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
3) Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген;
8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі өзгерген;
9) байланыс ақпараты өзгерген (телефон, электрондық пошта) кезде енгізіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Заңның 14-2-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының) болуы, сондай-ақ Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 4-1), 5) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайлар, өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындамай қалдыру үшін негіз болып табылады.";
3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында.
4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 7 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы
|
Л. Мерсалимова
|
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 811 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу туралы, сондай-ақ банктік шотты ашу мен жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы өтініш (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынасын орнатпай жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда)
1. Ұйымдық нысан: _________________________________________________
2. Ұйымдық-құқықтық нысан: _____________________________________
3. Ұйымдық-құқықтық нысансыз ұйымның атауын көрсетіңіз:
ҰҚН көрсетілмеген мемлекеттік тілдегі атауы____________________________
ҰҚН орыс тіліндегі көрсетілмеген атауы________________________________
ҰҚН көрсетілген ағылшын тіліндегі атауы:___________________________
мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы:_________________________________
орыс тіліндегі қысқаша атауы: ____________________
ҰҚН көрсетілген ағылшын тіліндегі қысқаша атауы: ___________
4. Басшы: ТАӘ/азаматтығы/нөмірі (бар болса сериясы), беру органы/жарамдылық мерзімі, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, соның ішінде ЖСН:______________
5. ЗТ уәкілетті органының басшыны тағайындау туралы шешімі ________
шешім нөмірі: ____________________ шешім күні:_____
6. Құрылтайшы-резиденттер туралы мәліметтер: Жеке тұлғаларға:
ЖСН/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), салым мөлшері ___жарғылық капиталдағы үлесі % ______
Заңды тұлғаларға: БСН __________________________, ұйымның атауы, салым мөлшері ______________________ жарғылық капиталдағы үлесі % _____
6.1. Құрылтайшы-резиденттер емес туралы мәліметтер:
Жеке тұлғаларға: ЖСН (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ТАӘ, азаматтығы, салым мөлшері _________
жарғылық капиталдағы үлесі % ______
Заңды тұлғаларға: БСН (егер бар болса), ұйымның шетелде тіркелген нөмері, ұйымның атауы, тіркеу (елі) юрисдикциясы, орналасқан жері, салым мөлшері ____________________ жарғылық капиталдағы үлесі % ______
7. Үлгілік жағы бойынша қызмет етеді: Иә ________ , Жоқ __________
8. Бенефициар(-лар) меншік иесі (-лері) туралы мәліметтер: азаматтығы,
ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН.
9. Заңды тұлғаның, филиал (өкілдіктің) мекен-жайы: __________________
Мекен-жайының типі:
Өзінің жылжымайтын мүліктің мекен-жайы___________________________
Арендаға алынған жылжымайтын мүліктің мекен-жайы ________________
Мекен-жайдың тірке коды_________________
Мекен-жай:_________________________________________________
Облыс ___________________________, қала, аудан, ауылды өңір, қаладағы
аудан:_______________________________________ ауыл, кент
мекен_____________________________ елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл):
________________________
жылжымайтын мүлік түрі: орынжай _____________, ғимарат ________________
сәйкестендіру деректері: үй нөмірі _________, корпус нөмірі _________,
блок нөмірі __________ пәтер __________________________________________
пошталық индекс:_________телефон (факс) нөмірі_____________
электрондық пошта нөмірі_______________________________
10. Тіркеуші орган (көрсетілген мекенжай бойынша автоматты түрде
толтырылады):______________________________________________________
11. Негізгі экономикалық қызмет түрінің коды: ________________________
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны: _______
(кемінде 1 адам)
13. ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу: Иә ______, Жоқ _________
14. Банктік шотты ашу және сақтандыру шартын жасасу.
15. Банкті таңдау (анықтамалықтан таңдау): ___________________________
16. Банк филиалын таңдау (анықтамалықтан таңдау): ___________________
17. Валютаны таңдау (анықтамалықтан таңдау): _______________________
18. Телефон нөмірі: _______________________________________________
19. Атқарушы орган туралы мәлімет:
Жеке __________, алқалы__атқарушы органның атауы ___________________________
20. Сақтандыру компанияны таңдау (анықтамалықтан таңдау): ________________
21. Жылдық еңбек қорын енгізу, теңгемен ____________________________
22. Сақтандыру мерзімінің басталуын және аяқталуын көрсету:
Сақтандырудың басталу күні________________________________________
Сақтандырудың аяқталу күні_______________________________________
23. Құжаттарды қосу: жарғының электрондық көшірмесі (егер бар болса).
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін______
Ескертуге:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
ТАӘ - тегі, аты, әкесініңаты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын, оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
|
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) заңды тұлға _______
2) филиал ________
3) өкілдік ________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы ____________________
___________________________________________________
3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә __________________________ 2) жоқ __________________________
4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мекенжайы
Мекенжайдың тіркеу коды: _________________
Пошталық индексі: ________
Облысы: _____________________________________
Қала, аудан: ___________________________________________________
Елді мекен, қаладағы аудан: ____________________
Ауыл, кент: ____________________________________________________
Елді мекеннің бөлігі (көше, даңғыл): _____________________
Үйдің нөмірі: ______ орынжай: __________________________________
Телефон нөмірі: _________________________
Электрондық пошта:______________
5. Басшының ТАӘ ________________________________________________
ЖСН___________________________________________________________
6. Құрылтайшылардың құрамы және саны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз, саны цифр түрінде):
1) заңды тұлға _______________ 2) жеке тұлға________________________
Заңды тұлғаның атауы ________________________________________________
БСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (шетелдік заңды тұлғалар үшін)
__________________________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Үлес сомасы (мың теңге) __________
Жеке тұлғаның, тегі, аты, әкесінің аты _____
ЖСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (шетелдік заңды тұлғалар үшін) _________________________________________
Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ Салым сомасы (мың теңге) _________
Егер құрылтайшылар саны біреуден асатын жағдайда олар туралы мәліметтер:
ТАӘ, ЖСН салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (жеке тұлға үшін), атауы, БСН, салықтық тіркеу нөмірінің аналогы не елдің коды (заңды тұлға үшін), сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы пайыз түріндегі және ақшалай үлестің жеке парақта өтінішке қоса тіркеледі.
7. Бенефициар(-лар) меншік иесі(-лері) туралы мәліметтер: ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, ЖСН (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе бенефициарлық меншік иесіне тиесілі орналастырылған акциялардың мөлшері
_________________________________________________
8. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз: ____________
9. ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз)
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
10. Жарғылық капиталдың мөлшері __________________________________
11. Филиал (өкілдік) құрушы заңды тұлға туралы мәліметтер
Заңды тұлға (резидент емес)
Атауы ____________________________________________________
БСН, (жоқ болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірінің аналогы немесе елді мекен коды көрсетіледі)______
12. Жұмыспен қамтылатын адамдардың күтілетін (шамамен) саны ___
13. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) орта кәсіпкерлік субъектісі _______________________________________
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі _________________________________________
14. Заңды тұлғаның құрылуына қайта ұйымдастыру негіз болды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) қайта құру ________________ 2) қосылу ____________________________
3) бөлініп шығу ______________ 4) бөліну ____________________________
15. Үлгі жарғы бойынша әрекет етеді:
1) иә_____________ 2) жоқ_______________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін_________
Өтінішке: _____________________________________________________
_____________________________________________________ қоса беріледі.
20____ жылғы "___" __________ өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы.
Ескертуге:
БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
ҚҚС - қосымша құн салығы
Бенефициарлық меншік иесі – бұл клиенттің-заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызын астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі, клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын, оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға.
|
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 8-қосымша |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін-мемлекеттік тіркеу.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу.
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу.
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу.
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
|
2
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу-Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу-Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру объектілері;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ ақпараттандырудың өзге де объектілері.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу - порталда, акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 жұмыс күн ішінде көрсетіледі.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу-коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Ұлттық тізілімдер Заңы) сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу шетелдік коммерциялық емес ұйымдар бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс, қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі келесі күні.
4. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
5. Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін 5 жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
6. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу Ұлттық тізілімдер туралы Заңға сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілген қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш - электронды (ішінара автоматтандырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу - Электронды (ішінара автоматтандырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу - Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде;
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу - Электронды (ішінара автоматтандырылған) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін /қағаз түрінде.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу- Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама не көрсетілетін қызметті берушінің электронды құжат түрінде электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу - Қағидаларға 10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді бұйрық.
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу –анықтама немесе осы осы тізімнің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді бұйрық.
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу - анықтама немесе осы осы тізімнің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді бұйрық.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу тегін;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу – ақылы;
3. Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін) тіркеу - ақылы;
4. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу – ақылы.
Коммерциялық емес ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметке ақы төлеу тіркеу алымы белгіленген.
Тіркеу алымының сомасы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі)" (бұдан әрі-Кодекс) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Коммерциялық ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның (бұдан әрі-Заң) 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1. Министрлік және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің/ Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсету шарттары: мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалады.
3. Портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар бөлінісінде құжаттар тізбесі, сондай-ақ қызметтердің ішкі түрлері:
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу.
Мемлекеттік корпорацияға шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі;
Шетелдік қатысуы бар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы-шетелдік-құрылтайшының паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық ұйымды Қазақстан Республикасында тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады;
2. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер ұсынылады: заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)тіркеу туралы өтініш;
өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Қағидалардың қосымшаларына сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы және банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым оқиғалардан (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) міндетті сақтандыруға өтініш (бұдан әрі – өтініш).
Мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
Сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетелдік қатысуы бар орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, Заңға сәйкес, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, онда:
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариалды түрде куәландырған қазақ және орыс тілдеріне аудармасымен басқа да жария етілген құжаттың көшірмесі;
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі қосымша беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Акционерлік қоғам: өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы; құрылтай жиналысының хаттамасы не жалғыз қатысушының шешімі; шағын және орта субъектілерге жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, түбіртек немесе мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын өзге құжат немесе Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі Мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
Сенім серіктестігі: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Толық серіктестік: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Өндірістік кооператив: құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі; жарғы; құрылтай шарты; тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Тұтыну кооперативі: жарғы; құрылтай шарты; құрылтай жиналысының шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат; тұтыну кооперативі азаматтар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, ЖСН және азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген осы кооператив мүшелерінің тізімін ұсынады және заңды тұлғалар үшін атаулары, орналасқан жері, банктік деректемелері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік кәсіпорын: жарғы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы шешімі; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік мекеме: мемлекеттік мекемені құру туралы шешім; ереже (жарғы); мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі: тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру туралы шешім; жарғы; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат; олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері және ЖСН көрсетілген осы кооперативтер мүшелерінің тізімі.
Мүліктің меншік иелері бірлестігі: жиналыс хаттамасы; үлгілік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асыратын мүлік иелерінің бірлестіктерін қоспағанда, мүлік меншік иелерінің бірлестігінің жарғысы; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Адвокаттар алқасы: адвокаттар алқасы мүшелерінің құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғы; уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Нотариаттық палата: нотариаттық палатаның жоғары басқару органы бекіткен жарғы; жоғары басқару органының жарғыны бекіту туралы шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Қор: жарғы; құрылтай шарты (құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде); уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімі;
алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Қоғамдық бірлестік: құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғы; съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференцияның, жиналыстың) хаттамасы;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі;
қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Саяси партияларды тіркеу кезінде:
1) тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның жарғысы мен бағдарламасы екі данада;
3) саяси партияның құрылтай съезінің (конференциясының) хаттамасы;
4) құрамында кемінде бес мың партия мүшесі болуға тиіс, барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және Астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін, олардың әрқайсысында кемінде екі жүз партия мүшесі бар тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты мекен-жайы көрсетілген партия мүшелерінің тізімдері.
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені туралы құжат.
Саяси партия құру үшін саяси партия құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес саяси партия құру ниеті туралы хабарлама ұсынады:
1) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және қағаз тасығыштарда саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының тізімі және Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз тасығыштарда ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжамды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастыру мен пайдаланудың болжамды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілетті ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер көрсетілетін ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасы ұсынылады.
Тіркеуші орган хабарламаны және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті адамына құжаттардың ұсынылғанын растайтын Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылғаны туралы растау береді.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі: жарғы; бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Аудиторлар палатасы: жарғы; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Діни бірлестік: діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни бірлестіктің жарғысы;
құрылтай жиналысының (съездің, конференцияның) хаттамасы;
Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде құрылатын діни бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі; діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;
діннің пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған сәйкес діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын баспа діни материалдары;
мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат; діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат.
Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктер құруға бастамашы болған әрбір жергілікті діни бірлестіктерге қатысушылардың тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері қосымша ұсынылады;
республика шегінен тыс жерде басқарушы орталығы бар діни бірлестік қосымша: қазақ және орыс тілдерінде нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен шетелдік орталық жарғысының көшірмесін ұсынады; діни орталықтың өз елінің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын тізілімнен үзінді көшірмені немесе басқа құжатты, Діни басқармалар (орталықтар) құрған рухани оқу орындарының, мешіттердің, монастырлардың және өзге де діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді; тіркеу үшін діни басқарудың уәкілетті органының (орталықтың) оларды құру туралы шешімі ұсынылады.
Мекеме: меншік иесінің мекеме құру туралы шешімі;
ереже (жарғы); құрылтай шарты немесе ұқсас келісім (меншік иелері (құрылтайшылар) саны біреуден көп болған кезде);
мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Бағалаушылар палатасы: жарғы; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Заң консультанттары палатасы: жарғы; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркелгені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Адвокаттық кеңсе: жарғы; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін: қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі): өтініш;
Өтінішке коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін қосымша: заңды тұлға бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқадағы филиал (өкілдік) туралы ереже, Жарғының (Ереженің) көшірмелері және заңды тұлғаның сенімхаты (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда), филиал (өкілдік) басшысына берілген.
Егер заңды тұлғаның басшысы филиалдың (өкілдіктің) басшысы болып табылса, онда тіркеуші органға сенімхат беру талап етілмейді.
Филиалды (өкілдікті) құру кезінде мемлекеттік кәсіпорын Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік) құруға келісімін растайтын құжатты қосымша ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) :
өтініш;
заңды тұлғаның органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереже; нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен заңды тұлғаның филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаты; нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның шешімі; сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірме немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да жария етілген құжат; қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмесі; шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін: өтініш; заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында (бұдан әрі - Кодекс) көзделген жағдайларда соттың шешімі; біріктіру, қосылу, қайта құру кезінде-өткізу актісі, бөлу, бөліп шығару кезінде-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелерді және өткізу актісін және бөлу балансын бекіту туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін көрсете отырып, бөлу балансы;
заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы кредиторлардың жазбаша хабарламасын растайтын құжат; коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Портал арқылы құжаттарды тапсыру кезінде.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) банктік шот ашумен және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу және банктік шот ашу туралы нысанды толтырады және қызметкерді жазатайым оқиғалардан (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) міндетті сақтандыруға Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспорттының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжат;
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін: жарғының (Ереженің) электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі.
Акционерлік қоғам үшін: өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғының электрондық көшірмесі;
құрылтай жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі не жалғыз қатысушының шешімі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу;
егер заңды тұлға тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және өз қызметін тиісті тауар нарығында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларға жататын болса, монополияға қарсы органның алдын ала келісімінің электрондық көшірмесі құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағын, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Сенім серіктестігі үшін: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Толық серіктестік үшін: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Өндірістік кооператив үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Тұтыну кооперативі үшін: жарғының электрондық көшірмесі; құрылтай шартының электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу; азаматтар үшін-тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН және тұрғылықты жері, заңды тұлғалар үшін – орналасқан жері, банктік деректемелері және БСН туралы мәліметтер көрсетілген осы кооператив мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік үшін:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін: жарғының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Мемлекеттік мекеме үшін: мемлекеттік мекемені құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі; Ереженің (жарғының) электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі үшін: жарғының электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу осы кооперативтер мүшелерінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), тұрғылықты жерін және ЖСН көрсете отырып, олардың тізімінің электрондық көшірмесі.
Адвокаттар алқасы үшін: адвокаттар алқасы мүшелерінің құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғының электрондық көшірмесі; уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Нотариаттық палата үшін: нотариаттық палатаның жоғары басқару органы бекіткен жарғының электрондық көшірмесі;
жарғыны бекіту туралы жоғары басқару органы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Қор үшін: жарғының электрондық көшірмесі; құрылтай шартының электрондық көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде);
уәкілетті органның жарғыны бекіту туралы шешімінің электрондық көшірмесі; алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Қоғамдық бірлестік үшін: құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғының электрондық көшірмесі;
съездің (конференцияның, жиналыстың)төрағасы мен хатшысы қол қойған жарғыны қабылдаған құрылтай съезі (конференция, жиналыс) хаттамасының электрондық көшірмесі;
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызметтік телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашысы азаматтар тізімінің электрондық көшірмесі; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Мүлік меншік иелерін біріктіру үшін тіркеу ақпараттандыру объектілерін және "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорын (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) электрондық түрде интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы жеке кәсіпкерлерді және (немесе)заңды тұлғаларды біріктіру үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шартының электрондық көшірмесі;
уәкілетті органның заңды тұлға құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Аудиторлар палатасы үшін: жарғының электрондық көшірмесі;
уәкілетті органның заңды тұлға құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Бағалаушылар палатасы үшін: жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлға құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Заң консультанттары палатасы үшін: жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлға құру туралы уәкілетті органның шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің"төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Адвокаттық кеңсе үшін: жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлға құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу.
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін: хабарлама; заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімінің электрондық көшірмесі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Кодекстің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімі беріледі;
біріктіру, қосу, қайта құру кезінде-өткізу актісінің электрондық көшірмесі, бөлу, бөліп шығару кезінде-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелерді және беру актісін және бөлу балансын бекіту туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін көрсете отырып, бөлу балансының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы кредиторлардың жазбаша хабарламасын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері жалдау шарты және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болып табылады.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылған жағдайда, жеке тұлғаның заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жай беру туралы нотариалды түрде куәландырылған келісімі ұсынылады. Акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Заңның 6-бабында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде Бизнес - сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі (бұдан әрі-Ұлттық тізілім) электрондық хабарлама арқылы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатының болуы туралы мәліметтерді алады.
Заңды тұлғаның қазақстандық филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу үшін: есептік тіркеу туралы өтінім беріледі;
коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері), сондай-ақ акционерлік қоғамдар үшін заңды тұлға бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесі, жарғының (ереженің) көшірмелері және филиал басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады (өкілдіктер).
Филиалды (өкілдікті) құру кезінде мемлекеттік кәсіпорын Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) филиал (өкілдік)құруға келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады; шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі): есептік тіркеу туралы хабарлама; заңды тұлғаның органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің электрондық көшірмесі; нотариалды түрде куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен заңды тұлғаның органы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі) қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен;
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да жария етілген құжаттың электрондық көшірмесі; қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының электрондық көшірмесі;
шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеу алымын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) төлегенін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
|
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу;
2.Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу;
3.Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін)тіркеу;
4.Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу.
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;
2) беру актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде;
3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса;
5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе, мыналарды қоспағанда сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестері) ;
6) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылса;
7) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болды деп тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса;
8) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190, 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238, 249, 365 баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;
9) егер мемлекеттік тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлғасы және (немесе) заңды тұлғасы), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық іс жүргізу жөніндегі борышкер болып табылатын адамды қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса мерзімдік төлемдерді өндіріп алу және үш айдан астам мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
10) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсыну;
11) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулыларының (тыйымдарының, қамауға алуларының) болуы;
12) ұсынылмаған: Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырылған аудармасымен шетелдік құрылтайшының паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмелері;
сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмесі немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын қазақ және орыс тілдеріне аудармасы нотариалды түрде куәландырылған басқа да жария етілген құжаттың көшірмелері";
13) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы; егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін үзіледі, алайда үзіліс мерзімі бір айдан аспайды;
Егер бір ай ішінде мерзімнің үзілуіне негіз болған мән-жайлар жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінен бас тартылады.
|
10
|
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік порольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
Бұйрыққа 4-қосымша |
|
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 5-қосымша |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
1. Атауын өзгерту.
2. Жарғылық капитал мөлшерін азайту.
3. Қатысушылар (құрылтайшылар) құрамының өзгеруі.
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
1. Атауын өзгерту - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
2. Жарғылық капиталдың мөлшерін азайту - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
3. Қатысушылар (құрылтайшылар) құрамының өзгеруі - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1. Мемлекеттік корпорацияға: Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік қайта тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, сондай-ақ заңды тұлғалардың қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Саяси партияларды мемлекеттік қайта тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуден шығаруды қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Порталда – үлгілік филиал және өкілдік болып табылмайтын жарғы негізінде жұмыс істейтін олардың филиалдардың (өкілдіктерінің) акционерлік қоғамдарын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік қайта тіркеу шетелдік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кеңсесі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуі:
1. Атауын өзгерту - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде;
2. Жарғылық капиталдың мөлшерін азайту - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде;
3. Қатысушылар (құрылтайшылар) құрамының өзгеруі - - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Қағидаларға 7 – қосымшаға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ Қағидаларға
8-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) не қағидалардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Порталда – "жеке кабинетке" берген кезде жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы жіберіледі.
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Коммерциялық емес ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін қайта тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) (бұдан әрі-Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Коммерциялық ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін Заңның 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
|
1. Министрлік және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдау мүмкіндігі бар.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1. Мемлекеттік корпорацияға:
1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - өтініш).
Қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Заңды тұлға үлесіне қатысатын мемлекет тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады;
электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның уәкілетті органының мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді-көшірме. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, онда құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді.
Егер қатысушылардың құрамына шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға кірген жағдайда, Заңының 6-1-бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша беріледі;
заңды тұлғалар, филиалдарға (өкілдіктерге):
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген электрондық нұсқада құрылтайшы құжат не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;
акционерлік қоғамдарға:
енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен нотариалды түрде куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінінің бір данасы.
Қазақстан Республикасының резидент емес қатысушыларының құрамына сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған басқа да жария етілген құжат енгізілген кезде;
Шетелдік тұлғаға қатысушылардың құрамына шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын паспорттың немесе басқа құжаттың электрондық көшірмесі енгізілген кезде, егер басшы, енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылса, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын;
коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат;
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
2. Порталда:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды құрылтайшы (құрылтайшылар)мемлекеттік қайта тіркеу үшін:
электрондық өтініш;
жарғылық капиталдың мөлшері азайтылған және баспа басылымдарында хабарланған кезде басылым туралы қиындының электрондық көшірмесі;
егер көрсетілетін қызметті алушы электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік алымды төлеу тәсілін таңдамаған жағдайда, түбіртектің/төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі;
орналасқан жері өзгерген кезде: жылжымайтын мүлікке меншік құқығы болған жағдайда;
Егер қатысушылардың құрамында шетелдік заңды тұлға болса, онда осы Заңның 6-шы бабының сегізінші бөлігінде көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.
"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖБМК) көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөміріне тіркелген, көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен мекенжай бойынша орналасқан бастапқы немесе кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы туралы ЖБМК ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық растау;
заңды тұлғадан үй-жайды жалға алған жағдайда: жалға алу шартының электрондық көшірмесі. Жеке тұлғадан үй-жайды жалға алған жағдайда: заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның нотариалды түрде куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі;
үй-жайды қосалқы жалдау жағдайында: жалдау мен қосалқы жалдаудың электрондық көшірмелері;
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қатысушыларының құрамына енгізілген кезде сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжаттың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасымен қоса электрондық көшірмесі;
шетелдік тұлға қатысушыларының құрамына шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың, егер басшы, енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылса, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасы бар электрондық көшірмесін енгізген кезде;
Егер қатысушылардың құрамында шетелдік немес шетелдік заңды тұлға болса, онда Заңының 6-1 бабының сегізінші бөлігіне сәйкес қосымша құжаттар беріледі.
қатысушылар тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын акционерлік қоғам немесе шаруашылық жүргізуші серіктестік қатысушылар құрамын өзгерткен кезде тіркеушінің мөрімен куәландырылған қатысушылар тізілімінің электрондық көшірмесі.
Электрондық өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылады. Егер көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы оның басшысы болып табылмаған жағдайда, онда өтініш басшымен келісіледі. Шаруашылық серіктестіктерді, Акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерді қоспағанда, заңды тұлға үшін электрондық өтініш "электрондық үкімет" порталында оның қатысушыларымен келісілуге тиіс.
Филиал (өкілдік) үшін – оның заңды тұлғасының басшысы.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда, шаруашылық серіктестіктерді қатысушылар құрамын өзгерту негізінде мемлекеттік қайта тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серіктестіктен шығатын қатысушының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартының электрондық көшірмесі ұсынылады. Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартының электрондық көшірмесі нотариаттық куәландырылуға жатады.
үлесі Мемлекеттің бар заңды тұлға үшін тізілім ұстаушының белгісі қойылған өтініштің электрондық көшірмесі ұсынылады;
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімнің электрондық көшірмесі не заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімінен үзінді, енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды түрде куәландырған жарғының (ереженің) электрондық көшірмесі не акционерлік қоғамның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, филиал (өкілдік) туралы ереже;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу; немесе коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын электрондық құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында жасалған тіркеу алымын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) төлегенін растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушң мен Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі;
2) тапсыру актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған жағдайларда жүзеге асырылады;
3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;
4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса;
5) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
6) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылса;
7) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кетті деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болды деп тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса;
8) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 216, 218, 218-1, 235-1, 237, 238, 249, 365-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болса;
9) егер мемлекеттік тіркеу кезінде заңды тұлғаның құрылтайшысы (жеке тұлғасы және (немесе) заңды тұлғасы), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын тұлғаны қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы;
10) егер мемлекеттік қайта тіркеу кезінде жаңа құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) және (немесе) үлесті иеліктен шығаратын адамдар мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан астам берешегі жоқ адамды қоспағанда, атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылса ;
11) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттар ұсынылған;
12) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, тыйым салуларының) болуы;
13) паспорттың немесе қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен бірге құрылтайшы-шетелдіктің жеке басын куәландыратын басқа құжатты, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмелерін; сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірменің немесе қазақ және орыс тілдеріне нотариалды түрде куәландырған аудармасымен шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын құрылтайшы-шетелдік заңды тұлғаны куәландыратын басқа жария құжат;
14) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
15) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу әрекеттері мерзімнің үзілуіне негіз болған, бірақ бір айдан аспайтын мән-жайлар жойылғанға дейін үзіледі.
Егер мерзімді үзуге негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, сарапшының (маманның) қорытындысын алуды қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерінен бас тартылады.
|
10
|
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", "8 800 080 7777" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрақты жеріне бара отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту қажет, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинет", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
Бұйрыққа 5-қосымша |
|
"Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтайқұжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
"Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда.
2. Жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайда.
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
|
2
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
|
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы;
2. Жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданғанда - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы.
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда;
Жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайда;
1) Мемлекеттік корпорация:
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ үлгілік болып табылмайтын жарғының негізінде қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күнінен кейін бес жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2) Порталда:
Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда;
заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті берген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Көрсетілген қызметті алушының көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу:
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда - электронды (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде;
2. Жарғыны (ережені) жаңа редакцияда қабылдау - электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
осы Тізбеге 1-2 қосымшаларға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не осы Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдай мен негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту.
Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ірі және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не бас тарту туралы жауап жолданады.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі
|
1. Министрлік және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалуы мүмкін.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияда:
Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме.
өзгерістер және толықтырулармен енгізілген электрондық нұсқадағы құрылтайшы құжат не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) заңды тұлғаның мерімен бекітілген құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер енгізілген өзгерістері және толықтырулары мен құрылтай құжаттарының екі данасын не саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінін ұсынады;
енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен нотариалды түрде куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтінінің бір данасы.
нақты орналасқан жерін (орналасқан жері өзгерген жағдайда) растайтын құжаттар.
Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.
Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырған келісімі қажет.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерге өзгерістер мен толықтырулар хабарлама тәртібі бойынша:
Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға орналасқан жерін өзгерту кезінде жылжымайтын мүлік иесінің келісімімен ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
филиалдың (өкілдіктің) (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамын өзгерту кезінде олардың тегі,аты, әкесінің аты (егер ол құжатта көрсетілген болса), күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефоны, жеке қолы көрсетілген коммерциялық емес ұйым құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі қосымша ұсынылады
"электрондық үкімет" порталында орналасқан жерін өзгерту кезінде:
1. Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2. нақты орналасқан жері (орналасқан жері өзгерген жағдайда) расталған құжаттың электрондық көшірмесі.
Орналасқан жері өзгеретін жағдайда, өкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беріледі.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі;
2. жеке басшы куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған анық емес құжаттарды және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) ұсыну;
3. сот орындаушылардың және құқық қорғау органдарының сот актілері мен қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімдерінің (үкімдерінің), сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты көрсетілетін қызметті алушының арнайы құқықтан айырылуына негіз болған сот шешімдерінің болуы негіз болып табылады;
4. көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
|
10
|
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
|
|
Бұйрыққа 6- қосымша |
|
"Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
"Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру;
2. Заңды тұлғалар тізілімінен үзінді (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен);
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Порталда рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 20 минут.
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электронды (толық автоматтандырылған)
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1. Министрлік және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерді, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
3. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы Электрондық құжат нысанында алуға сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда немесе бір реттік паролді пайдаланған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Жоқ
|
10
|
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда немесе бір реттік паролді пайдаланған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
|